8
аналитикалық дағдысын дамыту, өзгені тыңдау мен баламалы көзқарасты
түсіну қабілеті, таңдамалы баламаны есепке ала отырып, жалпылама шешімді
шығару шеберлігі, өзінің әрекетін жоспарлау мен олардан шығатын
салдарлардың алдын-алу сияқты оқытудың жалпы мақсаттарын ұстанады.
Кейс-стади әдісінің маңызды ерекшелігі, ол оқытудың әртүрлі әдістерімен
тиімді үйлесуінде болып табылады.
Кейс-стади әдісінің негізгі ерекшеліктеріне:
- тәжірибелік жағдайларды зерттеу;
- болған жағдайларды баяндау;
- оқушылардың мәселемен танысып, оны шешудің жолдарын іздеу
жатады.
Кейс стади әдісінің идеяларына жатады:
- бұл әдісте білім алатын пәндер бойынша қойылатын сұрақтардың
бірнеше жауаптары болуы мүмкін;
- оқушылардың
шығармашылықпен
айналысу
шеберліктерін
қалыптастыруға негізделеді;
- әдісті қолдану барысында алған білімдері мен жұмыс жасау барысында
қалыптасқан дағдылары, әдістің нәтижесі болып есептеленеді.
Кейс мұғалімнің әрекетінің айнасы іспеттес болып табылады. Оның
зияткерлік өнім ретінде көздері болады.
- кейстің бірінші бұлағы - өмір болып табылады, яғни өзінің
көптүрлілігімен қоғамдық өмір сюжеттің, мәселенің және кейстің деректі
базасы ретінде қатысады.
- екінші бұлағы білім болып табылады. Ол кейс-әдістің білім беру мен
тәрбиедегі басқа әдістермен кіріктірілген әдіс болып қарастырылады және
білім беру мен тәрбиенің мақсаты мен міндеттерін айқындайды.
- ғылым-кейстің үшінші бұлағы болып табылады. Ол екі түйінді
әдістемені қарастырады, яғни аналитикалық әрекет пен жүйелік тәсілмен
анықталады.
Сонымен бірге көптеген басқа да ғылыми әдістермен кіріктірілген. Кейсті
құрау кезінде осы жоғарыда айтылып кеткен, үш негізгі бұлақтардың
қатынасы әртүрлі болуы мүмкін. Нақты тәжірибеде кейстерді құрастырған
кезде бір көздің басым болуы байқалады. Сондықтан мұндай кейстердің
негізіне негізгі көздердің әсер ету дәрежесіне байланысты жіктелуі байқалады.
Сондай кейстерге тәжірибелік кейсті жатқызуға болады. тәжірибелік кейстер
нақты өмірлік жағдаяттардан құрастырылады. Ал үйретуші кейстердің негізін
білім беру міндеттері құраса, ғылыми-зерттеу кейстері зерттеу әрекетін жүзеге
асыруға бағытталған. Кейстерге арналған барлық ақпарат көздері адамның іс-
әрекетінің өнімі болып табылады. Кейстер үш бағытта уақытша, сюжеттік
және түсіндірме құрылымындағы кейстер түрінде құрылуы мүмкін. Кейс
әдісін қолдану барысында мұғалімнің іс-әрекеті екі кезеңнен тұрады [4].
1.3 Кейс – стади әдісі интерактивті әдістің бір түрі
Кейс –стади әдісі интерактивті әдістің бір түрі ретінде оқушылар үшін өте
9
тиімді әдіс болып саналады. Бұл әдістің көмегімен оқушылар өз беттерінше
теорияны меңгере отырып, тәжірибелік дағдыларға да үйренеді, сонымен
қатар өз ойын жүзеге асыру мүмкіндігіне де ие болады. Оқушы ситуацияға
талдау жасау арқылы болашақ маман ретінде қалыптасып, сабақты қызығып
оқуға тырысады.
Кейс – стади әдісі-оқытушының креативті ойлауын дамытып, сабақтың
мазмұнын ерекше құруға шығармашылық мүмкіндігін кеңейтуге жағдай
жасайды.
Аталған әдістер арқылы өскелең ұрпақта келесі өмірлік дағдыларды:
креативтілік, белсенділік, әлеуметтілік жауапкершілік, ой-өрісінің кендігі,
жоғары кәсіби деңгейлі сауаттылык, танымдық әрекетке қызығушылығының
басымдығын қалыптастыруға болады.
CASE-терді құрудың келесі негізгі сатылары белгіленген: мақсаттарды
анықтау, әр түрлі жағдайларға критерилерді тағайындау, қажет ақпарат
көздерін белгілеу, CASE – тегі алғашқы материалдарды дайындау, сараптама
жасау, oны қолдану бойынша әдістемелік материалдар дайындау. Оқу
процесіндегі кейстермен жұмыс жасау технологиясы келесі сатылардан
тұрады:
1) кейс материалдарын зерттеушілердің жеке өзіндік жұмысы (мәселені
сәйкестендіру, негізгі баламаларды тұжырымдау, ұсынылған әрекетті немесе
шешімді ұсыну);
2) негізгі мәселені енгізуге және оны шешуге байланысты шағын
топтармен жұмыс.
3) жалпы дискуссиядағы (оқу тобы шегінде) шағын топтардың
тұсаукесерлері және тәжірибе нәтижелері.
Кейс-стади әдісі интерактивті әдістің бір түрі ретінде оқушылар үшін өте
тиімді әдіс болып саналады. Бұл әдістің көмегімен оқушылар өз беттерінше
теорияны меңгере отырып, практикалық дағдыларға да үйренеді, сонымен
қатар өз ойын жүзеге асыру мүмкіндігіне де ие болады. Оқушы ситуацияға
талдау жасау арқылы болашақ маман ретінде қалыптасып, сабақты қызығып
оқуға тырысады.
Кейс стади әдісі - оқытушының креативті ойлауын дамытып, сабақтың
мазмұнын ерекше құруға шығармашылық мүмкіндігін кеңейтуге жағдай
жасайды.
Кейс – технология - оқытушы-тьюторлардың дәстүрлі және қашықтықтан
консультацияларды үйымдастыру кезінде мәтіндік, аудиовизуальды және
мультимедиалық оқу-әдістемелік материалдарды жинау және оларды
пайдаланушылардың өз бетінше меңгеруі үшін жіберуге негізделген [5].
Кейс технологиясы (ағылшынның сasе—портфель) оқытуда жасалынған
әдістемелік материалдармен іске асырылады.
Case-study (кейс-стади) – функционалдық сауаттылықты қалыптастыру
құралы. Кейс стади әдісі - оқытушының креативті ойлауын дамытып, сабақтың
мазмұнын ерекше құруға, шығармашылық мүмкіндігін кеңейтуге жағдай
жасайды. Белгілі жағдайды талдау – нақты немесе ойдан шығарылған
жағдайды терең және бөлшектеп талдау.