Дипломдық жұмыста кейс әдісінің білім беру саласында маңызды



жүктеу 2,11 Mb.
Pdf просмотр
бет7/10
Дата27.12.2019
өлшемі2,11 Mb.
#25083
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

19 

 

Айналмайтын  түйістіру  бірікпелі  құбырлардың  тігістерін  орындау 



төменгі 4-суретте тәртіппен жүргізіледі. 

 

 



  

4 Сурет. Айналмайтын түйістіру бірікпелі құбырлардың тігістерін 

орындау тәртібі 

 

 



20 

 

3 Әдістемелік бөлім  



3

.1  Кәсіби  білім  алушылардың  ауызша  сөйлеу  дағдыларын 

қалыптастыруда, кейс амал-тәсілін қолдану 

 

 

Кейс амал-тәсілінде басты назар студенттердің ұсынылған рөльді немесе 

қиялдық  (алдын-ала  құрастырылған)  жағдаяттарды  талдауы  және  осы 

жағдаятқа өзіндік баға беруі, өзінің ой-пікірін нақты әрі толық айтып беруі т. 

б.  шәкірттің  жеке  тұлғалық  қабілеттерін  жетілдіруге  аударылады.  Демек, 

техникалық  колледж  білім  алушыларының  ауызша  сөйлеу  дағдыларын 

қалыптастыруда,  кейс-стади  амал-тәсілін  қолдану    -  қазіргі  білім  беру 

талабына  студенттің  сабаққа  деген  қызығушылығын  туғызатын  жеке 

педагогиканың жаңа инновациялық жүйесі.   

Кейс амал-тәсілдерін пайдалануда мына мәселелер:   

1)  техникалық колледж білім алушыларының  ауызша сөйлеу дағдысын 

жетілдіруге алдын-ала дайындалған мәтіндер не тапсырмалар беру;   

2)  микротоптардың  басшыларымен  өздерінің  ойларын  бөлісу,бірге 

талдау, шебердің студеттер түсінбегенде микросабақтар өту;  

3)  студенттердің бірнеше микротоптарға бөлінуі;   

4)  әрбір топтың өзінің басшысы болуы;   

5)  оқытушы  бағыт-бағдар  беруші,  бақылаушы  рөлінде  ойнауым 

ескеріледі.  

Кейстік  амал-тәсілде  жағдаяттарға  байланысты  мынадай  бес  түрлі 

пікірсайыс ұйымдастырылды:   

1) оқытушы студентке қарсы сұрақ береді

2) мұғалім-студенттен өзінің тапсырма жайлы болжамын сұрайды;  

3) оқытушы-студенттік рольдік ойындар да қолданылады;  

4) өндірістік шебер өзінің тапсырма жайлы болжамын сұрайды;  

5) оқушы-оқушы пікірталасады.   

Кейс  бірыңғай  ақпараттық  кешен  болғандықтан,  ол  үш  түрлі  бөлімнен 

тұрады:   

1) кейс дайындау бөлімі;   

2) нақты жағдаяттар бөлімі;   

3) кейске кіретін қосымша тапсырмалар.  

Техникалық  колледж  білім  алушыларының  ауызша  сөйлеу  дағдыларын 

қалыптастыруда кейс мынадай кезеңдер бойынша дайындалды.   

1-кезең.  Техникалық  колледж  білім  алушыларының  ауызша  сөйлеу 

дағдыларын қалыптастырудың мақсатын айқындау.   

2-кезең. Кейсті түзуге материалдар жинау. Топтағы студенттер саны және 

олардың электр доғалы пісіру пәнінен білім деңгейлері мен сөздік қорының 

көрсеткіші;   

3-кезең.  Студенттердің  ауызша  сөйлеу  дағдыларын  қалыптастыруға 

арналған тапсырмаларды жинақтау;   

4-кезең. Сабақтың қай кезеңінде кіргізуге болатынын болжау;   

5-кезең. Оқушылардың күтілетін нәтижені болжау;   



21 

 

6-кезең. Нәтижеге қол жеткізу үшін кейсте кемшіліктерді жою.   



7-кезең.  Техникалық  колледж  білім  алушыларының  ауызша  сөйлеу 

дағдыларын  қалыптастыруға  арналған  тапсырмаларды  қазақ  тілі  сабағына 

енгізу.   

Кейс амал-тәсілдері қолданылған сабақтарда топты төрт адамнан тұратын 

микротоптарға бөлдік. Олар:  

1.  Сарапшы  –  әрбір  топтың  өзінің  сарапшысы  болады.  Сарапшының 

міндет  микротоптарға  қатысып  отырған  студенттердің  жауаптарын 

қорытындылау.  Керек  болса,  микросабақтар  өту.  Оқушылар  жауаптарының 

дұрыстығы не бұрыстығы сарапшыға тексертеді.  

2. Жол сілтеуші – бұл-тапсырманы басқалардан ерте шығаратын, әдетте 

жақсы  оқитын  студент.  Ол  оқушылар  жауап  таба  алмай  жатқанда,  дұрыс 

жолды айтады.  

3.  Баяндаушы  –  бұл  тапсырмада  берілген  мәтін  не  жағдаяттарға  еніп, 

басқа студенттерге түсіндіреді. Өзі істеп тұрған образдың жүрісін, қимылын, 

айнытпай салу арқылы дұрыс жолды сілтейді. Мысалы, дәнекерлеуші жайлы 

жұмбақ жасырылғанда, дәнекерлеушінің келбетін салу керек.  

4.  Қарсы  сұрақ  қоюшы  –  бір  студент  басқа  техникалық  колледж  білім 

алушыларының айтқан пікірлеріне келіспей әдейі сұрақ қояды. Бұл сұрақтарға 

басқа оқушылар жауап берулері қажет. Бұл оларды өз пікірлерін басқа біреуге 

дәлелдеуге үйретеді. Кейс сабақтарында берілетін тапсырмалар оқушыларды 

қызықтыруға,  олардың  диалогттік  және  монологтік  сөйлеу  дағдыларын 

жетілдіруге, 

ауызша 

сөйлеу 


дағдыларын 

қалыптастыруға 

бағытталды.Техникалық  колледж  білім  алушыларға  тәрбиелік  мағынасы 

жоғары  техникалық  педагогика  элементтері  бар  термин  сөздер,  голссарий 

үйретілді.  

Кейс технологиясының дәстүрлі оқытудан басты айырмашылығы мұнда 

техникалық колледж білім алушылары – өздігінен ізденетін, алдарында тұрған 

проблеманы  шешетін  субъект.  Оқытушы  сабақта  тек  бағыт-бағдар  беруші 

қызметін атқарады. Кейс технологиясында оқушылар санына қарай бірнеше 

микротоптарға  бөлінеді.  Әрбір  топ  проблеманы  шешуде  өзінің  пікірін 

дәлелдейді. 

Кейс  әдісін  қолдану  оқытудың  даяр  білімді  оқушыға  жеткізумен  ғана 

шектелмейді. Бұл әдіс ең алдымен зерттеу әдісі ретінде белсенді қолданылады. 

Сонымен қатар, кейс әдісі оқу, білім жинақтау және ізденіс мазмұнын біріктіру 

арқылы  oқытушының  кәсіптік  құзыреттілігін  жоғарылатудың  нақты 

тәсілдерінің бірі болып табылады. Бұл әдістің тиімді бір жағы оның басқа оқу 

әдістерімен оңай  ұштаса алатындығында.  

 

 



3.2 Кейс-стади арқылы сабақты  ұйымдастыру сатылары 

 

Кейс-стади арқылы жүзеге асатын сабаққа даярланудың және оны жүзеге 

асырудың  кезеңдері  бар.  Соларды  нақтылау  бұл  әдісті  пайдаланудың 

тиімділігін арттырады. Олар төмендегідей.  




жүктеу 2,11 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау