Дипломдық ЖҰмыс тақырыбы : Қойдың хламидиоз ауруының диагностикасы мен алдын алу шаралары Беттер саны



жүктеу 237,5 Kb.
бет2/3
Дата19.11.2018
өлшемі237,5 Kb.
#21338
түріДиплом
1   2   3

Су моншасында 37-38 ºС 30 минут


Оң нәтиже - 4, 3, 2, крестке бағалануы керек.

Күмәнді эритроциттердің гемолизі 1:10 сұйылтуда 1-4 крестке дейін тоқтауы.

Теріс -1:5, 1:10 сұйылтуларда эритроциттердің толық гемолизге ұшырауы.

Бақылау пробиркаларында бақылау антигені бар және жоқ қан сарысуларындағы эритроциттер толық гемолизге түсуі керек.


3- кесте

Қозыларды хламидиозға КҰБР- сы арқылы

зерттеудің нәтижелері.




Малдың

Номері


Қан сарысуын сұйылту дәрежесі

1:5

1:10

1:20

1.

+ + + +

+ + +

+ +

2

+ +

_

_

3.

+ +

+

_

4

+ + +

+ +

+

5

+ + + +

+ +

+

6

+ +

_

_

7

+ +

+

_

8

+ +

_

_

9

+ +

+

_

10

+ +

_

_

3-кестенің нәтижесі бойынша қозыларға алдын-ала болжап қойылған диагноз серологиялық зерттеулер арқылы дәлелденді .Барлық қозылардың қан сарысуы КҰБР-да хламидилық антигенмен оң нәтиже көрсетті. Қан сарысуының 1:5 сұйытылған дәрежесінде комплемент байлайтын антиденелердің титрі жоғары емес. Жеті қозыда 1:5 , үшеуінде 1:10 , ал біреуінде 1:20 хламидияларға қарсы пайда болатын антиденелердің титрі байқалды.

Аға шопан Қ. Талдыбаевтың отарында 52 қой іш тастады , жеті қой өлі қозы туды . КҰБР – сымен тексеру үшін 8 іш тастаған қойдан қан алынды. Қойылған реакцияда барлығы оң нәтиже көрсетті. Реакцияның нәтижесі 4-ші кестеде көрсетілген.




Малдың

Номері




Қан сарысуын сұйылту дәрежелері

1:5

1:10

1:20

1

+ + + +

+ + + +

+ + + +

2

+ + + +

+ + + +

+ + +

3

+ + + +

+ + + +

+ + +

4

+ + + +

+ + + +

+ + + +

5

+ + + +

+ + + +

+ + + +

6

+ + + +

+ + + +

+ + +

7

+ + + +

+ + + +

+ +

8

+ + + +

+ +

+
4-кесте
Іш тастаған қойлардың қан сарысуын КҰБР-да тексеру нәтижесі

Реакция нәтижесінде комплемент байлайтын антиденелердің титрі жоғары болды. 6 қойда қан сарысуын сұйылтқанда (1:5, 1:20 ) гемолиздің тоқтауы 4 крестпен бағаланды.

Аға шопан Ж. Алтаевтың отарында 65 бас саулық іш тастады. Осылардан 10 мал тексерілді. Олардың екеуі ғана серопозитивті болды. КҰБР- да комплемент байлаушы антиденелердің титрі 1:10 сұйылту дәрежесінде төмен болды , гемолиздің тежелуі 2 крестпен бағаланды.

Аға шопан О. Усенбаевтың отарында 160 саулық іш тастады , 23-інің қан сарысуы тексеріді. КҰБР- да 14 малдың қан сарысуы оң нәтиже көрсетті.

Реакцияның нәтижесі 5-ші кестеде келтірілген.
5- кесте

О.Усенбаевтың отарындағы іш тастаған қойлардың қан сарысуын КҰБР-да тексеру нәтижесі


Мал


Саны

Саулықтардың

номері

Қан сарысуын сұйылту дәрежесі


1:5

1:10

1:20


1

30

+ + + +

+ + + +

+ + + +

2

31

+ + + +

+ + + +

+ + + +

3

32

+ + + +

+ + + +

+

4

33

+ + + +

+ + + +

+ + +

5

34

+ + ++

+ + + +

+ + + +

6

35

+ + + +

+ + + +

+ + + +

7

36

+ +

+

-

8

37

+ + + +

+ + + +

+ +

9

38

+ + + +

+ + + +

+ + +

10

39

+ + + +

+ + + +

+ + + +

11

40

+ + + +

+ + + +

+ + + +

12

45

+ + + +

+ + + +

+ + +

13

48

+ + + +

+ + + +

+ +

14

50

+ + + +

+ + + +

+ + +

ПАТОМОРФОЛОГИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕРДІҢ НӘТИЖЕЛЕРІ

«Алматы» ауыл шаруашылық өндірістік кооперативіндегі іш тастаған қойлардың 6 түсігін сойғанда төмендегідей өзгерістер байқалды:

1-ші түсікте ерекше , арнайы өзгерістер болған жоқ. Тек, қана , тері асты клетчаткасында қан үймелеулер бар, көкірек және құрсақ қуысында қанды- серозды экссудаттың жиналуы байқалды.

2-ші түсікті сойғанда тері асты және бұлшық ет ұлпаларында қан үймелеулер, құрсақ қуысында қанды эксудат жиналған, плацента қалыңдаған, ісінген, плацентаның котиледоны ұлғайған, түсі қызыл-қоңыр. Талағы 1,5 есе ұлғайған , өкпеде қабыну ошақтары бар.

3-ші түсікті сойғанда төлдің төл қабығы ісінген, өкпеде қабыну ошақтары бар, көкірек және құрсақ қуыстарында эксудат жиналған.

4-ші түсікті сойғанда, плацента ісінген және қан үймелеген. Котиледон ұлғайған , қоңыр- қызыл түсті , некроз ошақтары көрінеді , көптеген котиледондар біршама өліеттенген .

5-ші , 6-шы түсікті сойғанда төл қабығы ісінген және қабықтанған, жергілікті қан үймелеулер бар, өкпелері зақымданған, пневмония ошақтары бар, көкірек қуысында транссудат жиналған. Бауыр мен талақ біршама ұлғайған , бауырда некроз ошақтары бар.

Сойылған түсіктерден патологиялық материалдар алынып Қазақ Ұлттық Аграрлық университетінің микробиология, вирусология және иммунология кафедрасының зертханасында тексерілді.


ХЛАМИДИЛЕРДІ ПАТМАТЕРИАЛДАН БӨЛІП АЛУ ҮШІН ТАУЫҚ ЭМБРИОНЫН ЗАҚЫМДАУ .

Хламидиозды зерттеуге арналған материал ретінде түсік тасталған төлдер, олардың паренхиматозды органдары және плацента алынады. Зерттеуге қажетті материал төлдеу науқаны кезеңінде жиналды, ол үшін тығыны бар стерильді банкілер пайдаланылды. Банкідегі материал физиологиялық ерітіндіде (NaCl) ерітілген стрептомицинмен өңделген, оның қатынасы 500 ә.б./мл құрады . Алғашқы материалдан стерильді жағдайда ет-пептонды сорпадағы (ЕПС) 10 %-дық суспензиялар дайындалды , рН -7,2-7,4 . Содан соң суспензияларды ЕПС, ет-пептонды агар (ЕПА) қоректік орталарына өсіру арқылы стерильділікке тексердік . Хламидилерді анықтау үшін тексерілген алғашқы материал 6-7 күндік тауық эмбриондарына жұқтырылды . Тәжірибеге 10 тауық эмбрионы алынды.



Тауық эмбриондарын зақымдау: Эмбриондар сары уыз қапшығы арқылы материалдың 10 %-дық суспензиясымен зақымдалды және термостатта инкубацияланды. Термостат күніне 2 рет 10-15 минуттай желдетілді. Эмбриондарды жұқтыру алдында күңгірт бөлмеде тексерілді (овоскопияланды) және эмбрионның ауа қуысы мен көзінің аралығындағы шекарасы белгіленді. Қан тамырлары мен тұқымының қозғалғыштығы айқын байқалатын эмбриондар пайдаланылды.

Жұмыртқа қабының ауа қуысының беткейіне стерильді ине енгізіліп , шприц арқылы 0,2-0,3 мл хламидилері бар материал жіберілді . Ол материал алдын ала қоректік орталарға өсіру арқылы бактериологиялық микрофлораның бар-жоқтығына тексерілді. 4-см-лік инъекциялық ине жұмыртқаның продольді өсіне горизонтальды алынып, жоғарғы тұсынан 2-3 см тереңдікке енгізілді. Жұмыртқа қабының ине енгізген орны стерильді парафинмен желімделді. Жұқтырылғаннан соң, эмбриондардың доғал жақтары жоғарға қаратылып, штативтерге орналастырылды, сөйтіп термостатта инкубацияланды. Эмбриондар тұқымның тіршілік қабілеттілігіне күнделікті тексерілді және алғашқы екі тәулікте жарақаттан өлімге ұшыраған 3 эмбрионды тәжірибеден алып тастадық. Тірі қалған 7 тауық эмбрионын 10 тәуліктен соң тоңазытқышқа салып , өлтірдік. Содан кейін сойып зерттедік. Өлген тауық эмбрионын сою үшін ауа қуысының маңайындағы жұмыртқа қабығын спиртпен өңдедік және стерильді қайшымен кестік. Содан соң, хорионаллантойстық қабат пен сары уызды ажыраттық. Сары уыз қапшығы пинцет көмегімен стерильді ыдысқа салынды. Хламидилердің қарапайым денешіктерін анықтау үшін, сары уыз қапшығының кішкене бөлікшесінен жұғындылар дайындалды. Ыдыстағы сары уыздан сары уыз қабығын ажырату үшін , оны бірнеше рет дистильденген сумен шайдық, содан соң стерильді пинцетпен жаю арқылы 1:10 қатынасындағы ЕПС-дағы суспензияны дайындадық (рН-7,2-7,4).

Сонымен, бір мезгілде тәжірибеде сойылған тауық эмбриондарының және түсік тастаған мүшелерінен жұғындылар дайындалып, микроскопиялық зерттелді.

Препараттарды Стемптің жетілдірілген әдісі және Романовский-Гимза әдісі бойынша боядық.

Тәжірибенің нәтижесінде микроскоп арқылы хлмидилердің денешіктері табылды, диагноз серологиялық жолмен дәлелденді.
ҚОЙ ХЛАМИДИОЗЫНЫҢ ДИАГНОСТИКАСЫ

Қой хламидиозының клиникалық белгілері мен паталогоанатомиялық өзгерістері осы инфекцияға ғана тән емес. Көптеген түсіктер , плаценталар және өмір сүре алмайтын қозылардың тууы тек хламидиялық түсікті болжауға негіз береді. Сондықтан балауды аурудың клиникалық белгілерін , эпизоотологиялық жағдайын ескеріп , паталогоанатомиялық өзгерістерді тексеріп және зертханалық зерттеулердің нәтижелерін қосып барып қана қояды. Хламидиоздық іш тастау ауруының диагнозы мына зертханалық зерттеулер арқылы қойылады :



1. Қынап ағындыларында , төл қабығында , котиледондарда , хориондарда және түсіктің мүшелерінде хламидилердің элементарлы денешіктерін микроскоппен көру және табу.

2. Іш тастаған саулықтардың қан сарысуын КҰБР-да тексергенде арнайы антиденелердің белгілі титрда (1:10-1532) болуы.

3. Тауық эмбрионында қоздырушыны бөліп алу , олардың морфологиялық және тинкториялдық қасиеттерін Стемп әдісі бойынша бояу арқылы тексеру.
Көптеген авторлар балаудың микроскопиялық әдісі тез , ыңғайлы , тура деп есептейді.

Осы балау арқылы котиледондардың , хориондардың , паренхиматозды мүшелердің , асқазанның , көкірек қуысындағы экссудаттың , түсіктердің зақымдалған бөліктерінен дайындалған жұғындылардан хламидиялардың элементарлы денешіктерін табуға болады.

Зерттеуге бағалы материал ретінде - түсік тастаған және қалыпты туған қойлардың жатыр мойнынан стерильді түрде алынған патматериал болып табылады.

Хламидияларды патологиялық материалдардан жақсы бөліп алу үшін , бірнеше методикалық талаптарды сақтау керек :



  1. Диагностикалық материалдарды уақтылы және талаптарға сәйкес жеткізу.

  2. Зарарсыздандыруға және тауық эмбрионына зақымдауға дейін оны дұрыс сақтау.

Бұл кезде тексерілетін материалдарды микроб флорасынан толық тазарту қиынға соғады. Хламидиозды бөліп алу үшін қолданылатын тауық эмбриондарын микоплазмоз бен орнитоздан таза шаруашылықтардан алу керек. Зақымдау материалы ретінде бактериялардан тазаланған төл қабығы , котиледондар , түсіктердің ағзалары, сонымен бірге түсік тастаған қойлардың жатыр мойнынан алынған экссудаттың суспензиялары пайдаланылады

Бірінші пассажда тауық эмбриондары 10-12 –ші күні өле бастайды. Келесі пассаждарда бұл мерзімдер 3-4 күнге қысқартылады.

Дамып келе жатқан эмбриондардың сары уыз қабығында элементарлы денелердің болуынан өлген эмбриондардан дайындалған жұғындыларды Стемп әдісімен бояп , микроскоппен зерттеу арқылы көреді.

Оң нәтиже берген жағдайда көлемі 350-400 нм, кокки тәрізді, ашық қызыл түске боялған және клетканың сыртында орналасқан элементарлы денешіктерді табуға болады.

Егер тексерілген материалмен зақымдалған эмбриондар тірі қалса, онда оларды 8-ші күні тоңатқышта 40 С-та 18-24 сағ ұстау арқылы өлтіреді де, сары уыздың 10% -ті суспензиясын «соқыр» пасажға пайдаланады. Егер үш пассаждан кейін эмбрион тірі қалса микроскопиялық зерттеулердің нәтижесі теріс болады, яғни, тексерілген материалда хламиди жоқ.

Сонымен қатар, эмбриондардың өлуін жұқтырған қоздырушыға байланысты емес екенін байқауға болады. Себебі, эмбриондардың хламидилерден өлу мерзімі жиі микоплазмоздан өлу мерзіміне сәйкес келеді.

ДИФЕРЕНЦИЯЛДЫ ДИАГНОЗ. Қойларда жалпы түсік тастау хламидиоз кезінде емес, сонымен бірге бруцеллез, сальмоноллез, вибриоз, токсоплазмоз, КУ-риккетсиоз, листериоз, лептоспирозда байқалады. Сонымен бірге түсіктер саңырауқұлақтар шақыратын әртүрлі ауруларда да болады. Қойларда іш тастауды инфекциялық агенттер дара және бірігіп шақырады.

Бруцеллез кезінде хламидилық түсіктерден айырмашылығы қысыр қалу жоғары болады және шуы жиі түспей қалады , метрит, эндометрит дамиды. Қойларда бруцеллез бен хламидиялық түсіктер бір кезде дамуы мүмкін . Қойларда бруцеллезді серологиялық және бактериологиялық зерттеулердің негізінде анықтайды.

Сальмонеллездің хламидиозды түсіктен ерекшелігі улы-іріңді процесс дамиды, кілегей қабықтары көгереді , ісінеді , кейде оларда нүктелі қанталаулар болады. Ауру ауыр түрде өтеді , танаудан көбікті сұйық ағады, кілегейлі- іріңді іш өтеді. Бұл кезде ауыр токсикоз болып, мал түсік тастағаннан кейін 3-5 –ші күні өледі. Сальмонеллезді түсіктерде төлдің мацерациясы , плацентада некрозды өзгерістер және элементарлы денелер болмайды. Бактериологиялық зерттеу кезінде S.abortusovis таза өсіндісін бөліп алады . Бұл кезде ауру тұрақты болмайды . Кейде бір отарда хламидиозды және сальмонеллезды инфекцияны кездестіруге болады . Сальмонеллез кезінде қойлардың өлім көрсеткіші әртүрлі : бір жағдайда тек бірен-сараң мал өлсе , кейде 60-80 % -ке жетеді.

Қой вибриозы да түсік тастаумен, әлсіз , өмір сүре алмайтын қозылардың тууымен сипатталады . Осы инфекция кезінде қойдың іш тастауы 70-пайызға жетеді. Бұл аурудың ерекшелігі іш тастағаннан кейін жатырдан қара-қоңыр түсті , құрамында қоздырушысы бар ағынды ағады. Вибриоздан хламидилық іш тастауды бактериологиялық , серологиялық , микорскопиялық зерттеулер арқылы ажыратады . Екі ауру бірге өтуі мүмкін.

Лептоспироз кезінде де қой түсік тастайды. Қой лептоспирозы жіті өтетін септикалық ауру. Негізгі белгілері - кілегей қабығының сарғаюы , гематоурия , гемоглобинурия, қозылардың өлім-жітімі 40-100 %-ке жетеді. Ауру малдың зәрінде лептоспирлердің және қанында агглютининнің болуы балау қоюды жеңілдетеді.

Қой түсігін бактериялармен бірге қарапайымдылар мен риккетсиялар шақырады. Қоздырушылар іш тастаған қойлардың плацентасы мен сүтінен бөлінеді . Бұл ауруда бронхопневмония дамиды . Қойдың риккетциозды түсігіне балауды микроскопиялық , аллергиялық зерттеулердің нәтижесінде қояды .

Сонымен бірге , қой түсігінің этиологиялық факторы Toxoplasma gondi болуы мүмкін. Бұл кезде түсік мөлшері - 50% .-ға жетеді

ЕМДЕУ. Қойдың хламидиялық іш тастауының қоздырушысы сульфаниламид және антибиотиктерге сезімтал болғандықтан, оларды қолдану арқылы іш тастауды азайтуға болады. Соған қарамастан , қойдың хламидилық түсігін осы антибиотиктермен емдеу – керекті нәтижеге жеткізбейді және көп мал отарларын антибиотиктермен емдеу экономикалық тиімсіз. Антибиотиктерді алдын-алу мақсатында, ұрықтандыру алдында саулықтарға егу әлдеқайда тиімді. Тетрациклинді, окситетрациклинді, реверинді және басқада тетрациклин қатарындағы антибиотиктерді еккенде жақсы нәтижеге жетуге болады.

Біз «Алматы» ауыл шаруашылық өндірістік кооперативінде хламидиоз салдарынан пневмония, полиартрит, конъюктивит белгілері бар 110 қозыны емдедік . Полиартрит белгісі бар (топай , тұсамыс) буынына хлортетрациклин ектік. Препараты күніне 2-рет 5 күн қатарынан 0,3 г/ кг мөлшерінде ектік .

Конъюктивиттің белгілері бар 5 қозыға тетрациклин майын күніне 2 рет 7күн қатарынан жақтық. Пневмония деп балау қойылған қозыларға хлортетрациклинді бұлшық етіне , сан аумағына күніне 2 рет 1 апта бойы тетрациклинді 0,3 г/кг мөлшерде ектік.

Емдеудің нәтижесінде ауырған қозыларды аман алып қалдық . Саулықтарға хламидиоздың алдын алу үшін жеммен араластырып 0,3 г/кг фуразолидонды 3 күн берілді.
ХЛАМИДИОЗДЫҢ АЛДЫН - АЛУ ЖӘНЕ ҚАРСЫ

КҮРЕС ШАРАЛАРЫ

Қойдың хламидиялық түсігінің алдын-алу үшін келесі ветеринариялық-санитариялық талаптарды орындау керек :


  1. Басқа жерден келген малды аурудан таза шаруашылықта сақман

кезінде қой түсік тастамаса немесе уақытынан бұрын қоздамаса және әртүрлі серологиялық зерттеулер арқылы жасырын

хламидий тасымалдаушылығы жоқ екенін анықтаған жағдайда ғана қабылдайды.



  1. Сақманды оқшауланған қораларда өткізеді , барлық ветеринариялық-санитариялық ережелерді сақтау керек . Аурудан таза емес шаруашылықтардағы қойлардың қанын жиі тексеріп тұру керек.

  2. Түсік тастаған , уақытынан бұрын туған немесе жыныс мүшелері зақымданған малдарды уақтылы бөліп отыру керек . Мұндай қойларды уақытында оқшаулап , зарарсыздандырып емдеп , содан кейін сою керек .

  3. Ауру немесе күдікті малды клинико-серологиялық зерттеулермен бірге ветеринариялық-санитариялық зарарсыздандыру керек, яғни, таза емес шаруашылықтағы барлық малдардың терісін зарарсыздандыру керек , жайылымдарды арасына 10-15 күн салып ауыстыру керек

  4. Қошқарларды уақтылы зерттеу керек , қойларды қолдан ұрықтандыру керек және қой фермаларында уақтылы дезинфекция жүргізу керек.


3.4 ХЛАМИДИОЗҒА ҚАРСЫ ЖҮРГІЗІЛГЕН ШАРАЛАРДЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТИІМДІЛІГІН ЕСЕПТЕУ

«Алматы» ауыл шаруашылық өндірістік кооперативінде зерттелген 3 отарда 1920 бас қой , 1607 бас қозы болды.

Әрбір қозыны емдеу үшін 1 млн. ә.б. тетрациклинді 7 күн қатарынан енгіздік. Тетрациклиннің бір флаконында 1 млн. ә.б.. Тетрациклиннің бағасы - 20тенге.

3 отар боынша ауру қозы саны 110 бас. Экономикалық тиімділікті есептеу үшін мына формула қолданылады :



  • Т1 =А х К а х Кш – Вш .

Мұндағы :

Т1 – экономикалық тиімділік

А – ауырған мал саны

Ка – ауру коэффициенті

Кш – ауру малдың шығын коэффициенті

Вш – ветеринариялық шығын

  • Т1 = 1607 х 0,38 х 500 – 15400 =305000- 15400=289600 теңге.

Сонымен, хламидиозбен ауру қозыларды емдеудің экономикалық тиімділігі 289600 теңге болды. Ал ветеринариялық шығынның қайтымы төменгі формуламен есептелінеді:

  • ОВ==18,8 теңге.

Яғни, қой хламидиозын емдеудің экономикалық тиімділігі жұмсалған 1 теңгеге 18,8 теңгені құрайды.

жүктеу 237,5 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау