Клуб мүшелері салауатты өмір салтын насихаттауға өз үлестерін қосты. 3аҚМҚ-9 тобы студенттерімен салауатты өмір салтын насихаттауға арналған колледжаралық денсаулық күніне қатысты. Клуб мүшелері денсаулық күніне арналған шараға түгел қатысып, белсенділік танытты. Студенттер арқан тартыс және ядро итеру ойындарына белсене араласты. Арқан тартыс ойынынан жүлделі ІІІ орынды иеленді.
«Дарын» клубы мүшелері 3аҚМҚ-9 тобы студенттері ұйымдастырған кафедра оқытушыларын ұстаздар мерекесімен құтықтау, мұғалім мамандығы мәртебесін ұлықтау, студентерге кәсіби бағдар беру мақсатында «Ұстаз-ұлағатты есім» тақырыбындағы тәрбиелік шараға қатысты. Шараға кафедра оқытушылары С.Е.Тампекова,А.Ж.Темрешева, Б.Б.Құрманғалиева, А.А.Жолдасова, Б.М.Кәрімова және 3асҚМҚ, 2пҚМҚ тобы студенттері қатысты. «Ұстазым» әнін шырқау арқылы шара шымылдығы ашылды. Студенттер мұғалімдер мрекесіне арналған арнау өлеңдерді мәнерлеп оқыды. М.Әуезовтің жазушылығымен қоса ұстаздық қыры шәкірті З.Қабдоловтың «Менің Әуезовім» атты шығармасы арқылы әңгімеленді. Ардагер ұстаздар Қ.Бітібаева, Ө.Құрмаш туралы да бейнебаян арқылы өнегелі өмір жолдары баяндалды. Студенттер Ф.Таупен, А.Мұхамбетқалиева М.Әуезовтың ұстаздық еңбегіне арналған презентацияны қорғап, студенттерге сұрақтар қойып жауаптар алды. «Гүл шоғы», «Ақиқат па, жалған ба?» ойындары арқылы кері байланыс жүзеге асырылды. Шараны оқытушы А.Ж.Темрешева қорытындылады.
Қадыр Мырза Әли атындағы мәдениет және өнер орталығы алаңында БҚО Қазақстан халқы Ассамблеясының «Рухани жаңғыру» жобасы шеңберінде жастарды патриотизмге баулу, халықтар достығын паш ету мақсатында ұйымдастырылған қазақтың «Дәстүр» мәдени-көпшілік шарасында «Достық үйі» және «Дарын» клубының мүшелері жастарға арналған «Бастаңғы» салты көрсетіліп, оның шығу тарихы туралы сахналық қойылым ретінде көрсетулеріне үлес қосты. Қойылымды халықтар ассамблеясы мүшелері және қала қонақтары тамашалады.
Қазақстанның Халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, ақиық ақын Ж.Молдағалиевтің поэзиясына арналған «Артында өшпейтұғын сөз қалдырған» атты дәстүрлі облыстық «Жұбан оқулары» байқауына «Дарын» клубының белсенді мүшесі 3пҚМҚ тобы студенті М.Мажитова қатысып, үздік өнер көрсеткені үшін марапатталды.
Қазақ поэзиясында өзіндік ерекше орны бар ақын, өлең сөз бен көсем сөзді тең ұстаған, қарымды қаламгер, журналист ,"Жайық ұстазы" газетінің редакторы, ақын Ақмаржан Таубаеваның дүниеден өткеніне жыл толуына орай "Алыстап кеткен бір бейне" атты еске алу кеші өтті. Кешке қонақ болып ақынның өнер жолындағы досы, БҚМУ-дың оқытушысы А.Ә.Ниязғалиева, інісі Қ.Таубаев, бала-келіні Әнасыл мен Айнұр қатысты. Кеш басында Ақзия Әділқызы өз естеліктерімен бөлісті. Кеште ақынның жастайынан жырға ғашық екенін, қазақ қызына тән болмысын көрсететін «Өлең», «Өзіңе ғашықпын, өлең», «Жайығым саған келем мен», «Жыр жазатын әйел болып қаламын» атты өлеңдерін «Дарын» клубы мүшелері Ж.Орынбасаров, М.Муратова, М.Мажитова, Г.Даумовалар оқыды. Фариза апасы секілді Ақмаржан да жанын тербеткен тәтті мұңлы, сырлы сезімді өзіндік үнмен жырға қосқан «Күндер-ай көктем» , «Жаныма жақын бір мекен» А.Мұхатова, А.Мәулетова өлеңдерін оқыса, қат-қабат тірліктегі тілшінің сан-салалы еңбегінің мәнін ақын «Тілші тірегі», «Аты шулы Ордаға барып келдім» А. Әйтенова Ә. Әубекерова оқыған өлеңдерінде жыр еткен. Ақынның ата-анасы, бауырлары, бауыр еті баласына, ұстазы мен құрбыларына арнап «Шығы мөлдір таң көрдім» (М.Сапенова), «Бір құрбыма» (А.Аманбаева), «Менің байлығым» (Н.Хибатовалар) оқыған өлеңдері әркімнің ойын тап басып айтқандай. Сонымен қатар ақынның алдын көрген 3-курс студенті А.Дәулетованың ұстазына арнап шығарған "Жайықтың ақ маржаны" атты өлеңі кімнің болсын жүрегін толқытпай қоймады. Ақынның інісі Қайыржан Бақытұлы мен баласы Әнасыл сөз алып, Ақмаржан Бақытқызының жайлы мінезді, жылы жүректі жан болғандығын сөз етті. Еліне, жұртына өлшеусіз еңбек етіп, бауырға да басқаға да қамқор, қыз болып келіп өмірге, аға жүгін арқалап өмірден өткен қаламгердің өмір жолы мен өнер жолына кафедра меңгерушісі Қ.Ү.Жақыпова тоқталып, ақынның туған күнінде жыр кешін ұйымдастыру дәстүрге айналанатынын жеткізді.
Қарағанды қаласында өткен Қаздауысты Қазбек бидің 350 жылдық мерейтойына арналған «Бабалар сөзі –ақылдың көзі» атты республикалық мәнерлеп оқу сайысында «Дарын» клубы мүшесі,4 аКШО тобы студенті А.Қайырғалиев жүлделі 2-орын алды.
«Дарын»клубы мүшелері қаламыздағы жастар шығармашылық орталығында ұйымдастырылған жергілікті ақындар мен сазгерлердің шығармаларын жастарға насихаттау, жас ұрпақтың патриоттық сезімдерін ояту, рухани әлемдерін байыту мақсатында жергілікті жас әнші Тарас Жауынбаевтың «Сүйемін туған елімді» атты ән кешіне қатысты. Кеш иесі композитор Ә.Еспавтың «Маржан қыз» әнін және жергілікті ақындар М.Баймолда, Б.Шерменде , Ж.Мусиналардың сөзіне жазылған әндерді нақышына келтіре орындады. Кеш қонақтары Е.Айтымбетов,Р.Баекеев, И.Жантурин, Ж.Хасановалар және КТК «Назар аудар» өнер көрсетті. Шара соңында әнші Ішкі істер департаменті хоры сүйемелдеуімен «Жастарға аманат» әнін шырқады. Ән кеші өте әсерлі өтті.
Ж.Молдағалиев атындағы әмбебап кітапхана қызметкерлері ұйымдастырған жазушы, ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан ҒА академигі Қ.Жұмалиевтің 110 жылдығына орай өткізілген «Зерделі ғалым, көрнекті қоғам қайраткері, зергер жазушы» атты конференцияға «Дарын» клубы мүшелері қатысты. Жиында батысқазақстандық ғалымдар, филология ғылымдарының кандидаттары А.Мамыров «Қ.Жұмалиев-көрнекті әдебиеттанушы», Қ.Аронов «Қ.Жұмалиев- махамбеттанушы» деген тақырыпта ой өрбітті.Ардагер ұстаз М.Жолдықайырова өз естелігімен бөліссе, Т.Әліпқали, А.Боранқұлдар Қ.Жұмалиевтің тұлғалық, қайраткерлік және ұстаздық қырларын аша түсті. Қатысушылар назарына «Көркем ой, көрікті тұлға иесі-қазақтың Қажымы» атты кітап көрмесі ұсынылды.
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті туралы толық мәлімет бере отырып, студенттердің өз Отанын, туған жерін құрметтеуге тәрбиелеу, ұлттық патриотизмді қалыптастыру мақсатында филология кафедрасында ұйымдастырылған1-желтоқсан Тұңғыш Президент күніне орай «Елін сүйген Елбасы» тақырыбында өткізілген тәрбиелік шараға клуб мүшелері де қатысты.
Шара интелектуалды ойын формасында ұйымдастырылып, 3-кезеңнен тұрып, 3 топ қатыстырылды. «Тұлғани тани біл» атты 1-кезеңде Елбасы тұлғасын тануға байланысты ұяшықтарда жасырылған сұрақтарға жауап берді. Көрермендердің арасынан Елбасыға арналған Т.Молдағалиев, Н.Айтұлы, Ш.Сариев, Ұ.Есдәулеттің және жекелеген студенттердің арнау өлеңдері оқылса, 2-кезеңде «Елбасы еңбектері» кезеңінде топтар «Ғасырлар тоғысында», «Тарих толқынында», «Тәуелсіздік белестері» Елбасы еңбектеріне презентация жасап, сұрақ-жауап әдісі арқылы кері байланыс жасалды. 3-кезеңде Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын талдауда әр топ тапсырмалар таңдады. 1-топ мақала бойынша постер қорғаса, 2-топ ойтолғау жазды, 3-топ тақырып бойынша бейнеүзікті жалғастырды. Шара соңында әр топ Елбасының қанатты сөздері бойынша өз ойларын білдіріп, бүгінгі тәрбие сағатынан алған әсерлерімен бөлісті. Шараны филология кафедрасы меңгерушісі Қ.Ү.Жақыпова қорытындылап, қатысушы топтарға алғысын білдірді.
Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында Биылғы жылы 90 жылдығы тойланған, ұлт үшін өмірінің соңына шейін қалтқысыз қызмет етіп, ұлтымыздың жаңғыруына үлес қосқан ұлыларымызды ұлықтау мақсатында филология кафедрасында ҚМҚ, ҚМБ топтары арасында «Ұлттың адал ұлдары» атты әдеби-тағылымдық шара өтті. Әдеби тағылымдық шара 3 кезеңнен тұрды: 1. филология ғылымының докторлары Рахманқұл Бердібаев, Зейнолла Қабдолов, Тұрсынбек Кәкішев, Серік Қирабаев туралы танымдық шара; 2. «Жайықтың Жайсаңы» тақырыбында өлкетанушы ғалым Жайсаң Ақбаймен кездесу; 3. ф.ғ.д, профессор, ғалым-ұстаз, фольклорист Мәтжан Тілеужановтың ғылыми-әдеби шығармашылығына арналған «Ұрпаққа аманат» тақырыбындағы кеш. 4аҚМБ тобы студенттері әдебиеттанушы ғалым, фольклор зерттеушісі, сыншы, Қазақстан Ұлттық Ғылым академиясының академигі, филология ғылымының докторы, профессор, Қазақстанға еңбегі сіңген ғылым қайраткері Рахманқұл Бердібаевтың тағдырымен «Дара жол» бағдарламасы негізінде таныстырды. Ғалымның «Роман және Заман», «Гүлістан бұлбұлдары» еңбектері талданды. 3пҚМҚ тобыжазушы, әдебиет зерттеушісі, ұстаз, филология ғылымының докторы, профессор, Қазақстан Ұлттық Ғылым академиясының академигі, Қазақстанның Халық жазушысы, Қазақ және Қырғыз Республикаларының еңбек сіңірген ғылым қайраткер Зейнолла Қабдоловтың шығармашылығымен «Сыр сұхбат» бағдарламасы негізінде таныстырды. Ғалымның «Сөз өнері», «Қазақ әдебиеті» еңбектері талданды. 2пҚМҚ тобы ғалым Тұрсынбек Кәкішевтің шығармашылығын, «Садақ» журналының тарихымен таныстырса, 2аҚМБ тобы Серік Қирабаевтң өмірін, 6 томдық еңбегін талдап баяндады.
Оқытушы Б.М.Кәрімованың ұйымдастыруымен «Жайықтың ұлы - Жайсаң» атты өлкетанушы ғалым Жайсаң Ақбайдың туғанына 90 жыл толуына арналған кездесу кеші «Жайықты қалайша мен жай сағынам, Жүрегін жерлестерім жайса ағынан?Күреңдей көкіректе күмбірлетіп, Жыр мініп қайтам талай Жайсаңынан» деген ақын өлеңімен басталып, Жайсаң Досболатұлына қош келдіңіз деп ілтипат көрсетілді. Шара мақсаты: Елбасы өз Жолдауында «Туған жерге туың тік!» деп өз туған жеріңді қадірлеуге шақырса, Отанды сүю- өз өлкеңді танудан басталады.
Клуб мүшелері «Жанша», «Алшын От-Ана», «Мағишат», «Сырым елі», «Жұбан» еңбектеріне жеке тоқталды. Жайсаң Досболатұлының ел үшін атқарған еңбегі ескерусіз қалған жоқ. Ғалымның еңбегінің ескерілгені өзі үшін де, ұлықтаған елі үшін зор мерей.
1пҚМҚ тобы студенті А.Аманбаева арнау өлеңін оқыды. Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында ұлтымыздың ардақтыларын ұлықтау ісі әрі қарай М.Тілеужанұлына арналған шарамен жалғасты.
Ғылым мен өнердің ордасынан шеттеу жүрсе де, ұлтының әдебиетін қаузаған, тағылымын терген, зергерлік бұйымдарын жинақтаған, тұңғыш республикада Этнопедагогика және фольклор атты кабинет ашқан, ұрпағы қояр ескерткішті өзі сомдаған бірегей тұлға, көп қырлы тұлғаны кеңірек таныстыру мақсатында кафедрада «Ұрпаққа аманат» тақырыбындағы өлкемізге танымал фольклорист-ғалым М.М.Тілеужановтың туғанына 90 жыл толуына орай әдеби-танымдық кеш өтті. Кешке клуб мүшелері қатысты. Шара 4 формат әдісімен жүргізілді.
1-3- курс студенттері, кафедра оқытушылары және БҚМУ-дың доценті А.А.Ниязғалиева мен туысы Қаламқас Саламатқызы қатысты. Әдеби-танымдық кешті филология кафедрасының жетекшісі Қ.Ү.Жақыпова жүргізді.
Бірінші формат бойынша 3аҚМҚ тобының студенттері Қ.Мұхтар мен Е.Орынова 1950 жылдан бастап М.Өтемісұлы атындағы педагогикалық институтындағы елеулі еңбегі жайлы баяндап, ұстаздық болмысын танытты. Форматтың екінші бөлігін құрау үшін М.М.Тілеужанов жинақтаған «Қобыланды батыр» жырынан үзіндіні клуб мүшелеріФ.Таупен, А.Төремуханбетова, А.Утарбаева, З. Мамутова және«Беташар» өлеңі нұсқаларын Ж.Орынбасар, М.Ахметқалиев, М.Қанатов мәнерлеп жатқа оқыды.Ұстаздың ғалымдық қырын ашу мақсатында «Халық тағылымы», «Астарлы әзіл», «Ел әдебиеті» еңбектері туралы студенттер А.Нұғманова, Р.Хамидуллина, Ф.Таупен баяндады. Хоббиі және «Шахматшы Шамшиден» кітабы жөнінде И.Абай, Г.Туеш, А.Оралова, Д.Бақсықова әңгімелеп, немересі Нұрбек Ерболатұлының «Жайық ұстазы» газетіне жарияланған «Шахматы помагали ему жить» мақаласынан тағылымды үзінділерді Ж.Умарова мен Б.Санақова әсерлі оқыды. Кеш соңында ғалымның туысы Қаламқас Саламатқызы әкелік қамқорлығы жөнінде, шәкірттері А.А.Ниязғалиева үлкен жүректі тұлға екендігін еске алса, А.Ж.Темрешева ұстаздың тұлғалық ерекшелігі туралы сыр шертті. «Зерде клубының жетекшісі» Қ.Ү.Жақыпова рухани ұстазы Ғ.Мүсірепов айтқандай, болашақ ұрпақтың ХХІ ғасырға апаратын тарту-таралғысы болмақ қазақтың ғасыр-ғасырға жеткен ұлағатын алғашқы болып хатқа түсіріп, ұлықтау мен жеткізуді парызы санаған ұлт ұстазы еді деп қорытындылады.
«Дарын» клубы мүшелері 1п ҚМҚ тобы студенттері желтоқсан айы бойы қаламыздағы өтіп жатқан бірнеше шараларға көрермен болып қатысты. Соның бірі Достық үйінде өткен журналистика саласындағы облыстық «Шаңырақ» шығармашылық фестивалі. Фестивальде журналистика саласына өз үлестерін қосқан тілшілер марапатталды. Олар: Айгүл Лукашенко, Жанна Балыкова, Светлана Каткова, Мұнайдар Баймолда, Гүлсезім Баяшова, Динара Кендірбаева. Шарада ән айтылып, бишілер шара көркін қыздырды. «Хабар» арнасының редакторы бөлімінің меңгерушісі мен «Қазақстан» телеарнасының жүргізушісі Қымбат Досжан және Нартай Аралбайұлы тілшілерге құттықтауларын видеоролик арқылы жолдады. Кеш «Атамекен» әнімен аяқталып, жүргізушілер келген қонақтарға алғыстарын білдірді.
Ж.Молдағалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында студенттерге қолайлы сайттар жөнінде мәлімет беру мақсатында «Оқу үрдісіндегі ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» тақырыбында Ақпарат күні өткізілді. Шараға клуб мүшелері қатысты. Сонымен қатар, Ж.Молдағалиев кітапханасының zkolib.kz сайтынан кітаптардың электронды түрлерін жүктей алуға болатындығы айтылды. Шараға қатысқан 1п ҚМҚ, 3пҚМҚ тобы студенттері республикалық кітапханаларының Sabag.kz, Bilimsite.kz, Balalaralemi.kz, Kaznu.kz, Zkolib.kz. электронды адрестері туралы мол мағлұмат алды.Жоспар бойынша жұмыс жалғастырылады.
Достарыңызбен бөлісу: |