Елін сүйген Елі сүйген Елбасы» атты кураторлық сағатта Елбасының бақытты дәуренінен сыр шертер «Балалық шағымның аспаны» фильмінен үзінді көрсетіліп, елбасының өмір жолы, жетістіктері, мансабы туралы кең көлемде ақпарат берілді. Елбасымыздың «...Тәуелсіздік – ата-бабаларымыздың жүздеген жылдармен өлшенетін арман-аңсарының жүзеге асқан ақиқаты», «Өз тарихын сыйламаған халық өзін де сыйламайды», «Елдің бетінде, желдің өтінде жүрген адамға сынақ көп», «Менің атам да, анам да – қазақ. Қазақпын деп айтуға ешқашан намыстанған кезім жоқ. Намыстанбаймын да. Қайта маған тіл, діл, өмір, тіршілік сыйлаған Туған халқыма бар есті тірлігімде қарыздар болып өтуге бармын. Ұлттың ұлы болмай тұрып адамзаттың перзенті болу мүмкін бе? Мүмкін емес», «Құдай қазаққа қырын қарамаған: пейіліне сай етіп ұланғайыр жер берген, астын-үсін толтырып кен берген, мейірбан ақ көңіл, адал ел берген, жаны үшін малын, ары үшін жанын садаға ететін ер берген», «Сөз бостандығы шексіз емес. Ол – табындыратын ғана емес, Талқандайтын да қуатты күш» т.б қанатты сөздеріне тоқталып, мәні талданы. Елбасының «Жан шуағы» атты жыр жинағындағы халқына арнаған өлеңін Файзолла Інжумаржан нақышына келтіре оқып берді.
3п КШМ топ студенттері (топ жетекшісі А.А.Батырханова) қаламыздағы А.С.Пушкин атындағы мұражайда тұңғыш президентіміз Н.Ә.Назарбаев күніне арналған тәрбиелік шара өткізді. Шара басында мұражай меңгерушісі Какима Оқасқызы Эльмуханова студенттерді құттықтап, ризашылық білдіріп, жылы тілектер айтты.
Тәрбие сағатта Қ.Сариннің «Тәуелсіздік» өлеңі мәнерлеп оқылып, «Өзбек» биі биленіп, Қазақстан композиторлардың әндері шырқалып, Президент туралы бейнеролик көрсетіліп, өмірбаяны мен шығармашылығы туралы мағлұматтар берілді.
Шара соңында мұражай қызметкері студенттерді экспонаттермен таныстырып, А.С.Пушкин түрған үйдің тарихын әнгімелеп берді. Студенттердің аталмыш тәрбиелік шарадан үлкен әсер алып, патриоттық, мәдени танымдары кеңейді.
Ағылшын тілі кафедрасының оқытушысы А.Т.Даулеткалиева жетекшілік ететін 2сКШФТ-9 тобында Тұңғыш Президент күні мерекесінің мәнін ашу, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы, туып-өскен, оқып білім алған, қызмет еткен жерлері туралы мағлұмат беру, Елбасындай Отанын, халқын сүюге, нағыз азамат, шынайы патриот болуға тәрбиелеу, Елбасына деген сүйіспеншілік, құрмет сезімін қалыптастыру мақсатында «Елін сүйген, Елі сүйген Елбасы» атты тәрбие сағатын ұйымдастырды.
Жатақхана кітапханасында ҚР тұңғыш Президенті күніне орай Елбасының өмір жолынан үлгі ала отырып Отанын, халқын сүюге, ержүректілікке, азаматтыққа, патриоттық сезімге тәрбиелеп, ұлтжандылық қасиеттерін, ойлау қабілеттерін дамыту, сөйлеу мәдениетін, жан-жақты ой-өрісін жетілдіру,ой ұшқырлығын, оқуға деген ынтасын арттыру, шығармашылыққа баулу мақсатындажатақхана тұрғындарымен «Менің тұңғыш президентім»тақырыбында тәрбие сағатына қатыстым.
Кеш барысында Елбасының өмір жолы, еңбек жолы туралы мәліметтер беріліп, Елбасының еңбектері «Ғасырлар тоғысында»,«Сындарлы он жыл», «Тарих толқынында» кітаптарына шолу жасалып, Елбасының әлемдік аренадағы ролі туралы мағлұматтар берілді. ҚР тұңғыш Президенті күніне орай бейнефильм көрсетілді.
Кеште 2б КШК топ студенті Едігенов Нұрлан, 3б КШО топ студенті Қалқаманова Жұлдызай, 4с КШО-9 топ студенті Файзулла Інжумаржан Тұңғыш Президент күніне арналған өз туындыларымен көрермендерді тәнті етті. Көрермендер мол мағлұматтар алып, зор ықыласпен қабылдады.
«Жас саясаткер» клубының жоспарына сәйкес, студенттердің Елбасының өмір жолы, ерекше қадір-қасиеті, тұлғалық тұғыры, ерен еңбегі туралы түсінік беру, өмірі мен еңбегін үлгі тұту, елжандылыққа, отансүйгіштікке, азаматтыққа баулу; ел болашағын ойлайтын, халқы үшін қызмет ететін, ұлттық сана-сезімі жоғары, саяси-құқықтық мәдениеті қалыптасқан тұлға тәрбиелеу; көпшілік ортада еркін сөйлеу, өз ойларын ашық айта алу дағдысын, болашаққа деген оң көзқарасын қалыптастыру мақсатында "Тәуелсіздік нұры - тұңғыш Елбасы" атты мерекелік кеш өтті. Мерекелік кешке қоғамтану-жаратылыстану кафедра оқытушылары, 1п КДО, 1а РДО, 1а РШО, 2п КШК, 3п КШК, 3п МК, 1с КШФТ топтары қатысып, Елбасының балалық шағы, еңбек жолы туралы бейнефильм, слайдтар көрсетіліп, баяндалды. Клуб мүшелері Н.Ә.Назарбаевтың өмірінің кезеңдеріне тоқталып, толық ақпарат берді. Шарадан алған ақпараттарынан топқа бөлініп викторина жүргізілді, викторина қорытындысында 1а РДО студенттері сұрақтарға толық жауап беріп, жеңімпаз атанды. 1а РШО топ студенті Шаужан Асылгүл "Нұраға" әнін, 1п КДО студенті Куанова Нұргүл «Цвети земля моя» әнін орындады. 1п КШК топ студенті Мамут Зафура "Тәуелсіздік" атты өлеңін оқылып, фильм арқылы клуб мүшелері Елбасы туралы ақпаратты жан-жақты қамтыды. Студенттер Президенттің қойған талаптарын орындауға, елге адал қызмет етуге уәде беріп, «Жаса Қазақстан» әнімен мерекелік кешті қорытындылады.
Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының арасында ҚР Тәуелсіздік күніне арналған «РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ - БОЛАШАҚТЫҢ КЕПІЛІ» атты облыстық фестивалінің жабылу салтанатына колледжіміздің «Сувенир» сырнайшылар ансамблі (жетекшісі Валерий Кожевников), Музыка кафедрасы студенттерінен құрылған хор (дирижеры Армангуль Батырханова, концертмейстері Жанат Шналиев) және концертке 4а КШО тобының студенті Қайырғалиев Ақниет жүргізушілік етті.
ҚР Тәуелсіздіктің 26 жылдығына арналған қоғамдық пәндер және жаратылыстану кафедрасының ұйымдастыруымен «Рухани жаңғыру – болашаққа бастар жол» тарихи-танымдық кеш өтті. Кеш барысында дүниені дүр сілкіндерген Желтоқсан оқиғасынан көрініс қойылып, «Жас саясаткер» үйірмесінің мүшелері тәуелсіздік жылдары туралы өлеңдерін оқып, музыка мамандығының студенттері әсем ән, тағылымды билерімен көрерменді тәнті етті. Кеш соңында сөз алған директордың м.а Ш.Сағатқызы ұжымды айтулы мерекемен құттықтап, шығармашылық табыс тіледі.
ҚР Тәуелсіздіктің 26 жылдығына арналған жатақхана тұрғындары арасында өткен «Жасай бер, жаса, Тәуелсіз елім!» қабатаралық патриоттық сайысқа қатыстым. Сайыста
Достарыңызбен бөлісу: |