Бисер тоқу үйірмесінде қыз балаларға ұлттық тәрбие беру



жүктеу 41,13 Kb.
Дата05.02.2018
өлшемі41,13 Kb.
#8463

«Бисер тоқу» үйірмесінде қыз балаларға ұлттық тәрбие беру
Қай халықтың болмасын қолөнері оның тарихымен, әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерімен қатар өркендеп, дамиды. Сондықтан жас жеткіншектерді халқымыздың мазмұнға бай тәрбиесі негізінде өсіруге, ой -өрісін, жоғары эстетикалық тағылымын, биік адамгершілік тұлғасын қалыптастыруға әсерін тигізетін ұлттық қолөнерін дәріптеуге көп көңіл бөліну қажет.

«Өнер көзі халықта» дей келе, алдымен өнерді халықтан үйреніп көне мұрасын жанғыртып, ізденіп іске асыру перзенттік парызымыз деп түсіну керек. Осыған орай, қазіргі кездегі қоғамымыздың талабы - қолөнер дүниелерін топтастырып, жинақтап, жиелеп заман талабына сай түрлендіріп тұтыну.

Бүгінгі таңда жас ұрпақтың эстетикалық тәрбие ісіне ерекше мән беріліп отыр. Себебі, қазір жасөспірімдердің ой-өрісі тарылып, еш нәрсеге мән бермей, қызықпай, қылмыс жасауы көбейіп отыр. Шындығында, сұлулыққа жаны құмар жастардан қылмыскер адам шығуы мүмкін емес сияқты. «Бисер» үйірмесі сабағында іс жүзінде нақты жұмыс жүргізілетіндіктен, оны меңгерту үшін ерінбей еңбек ететіндей төзімді және жинақы болу керек. Ал бұл көп оқушының шамасы келе беретін қасиет емес. Сондықтан оқушының қызығушылығын арттырып, сабақта түрлендіріп өткізуге ұмтыламын. Біздің қазақ халқы «Қыз - үйдің құты» деп, ерте дәуірден-ақ қызды ес білгеннен бастап, әр түрлі өнерге баулып, ерекше тәрбиелеп өсіруі тарихта мәлім. Ең басты мақсат - қыз балалардың сабақ үстінде шет қалмауы, берілген тапсырманы сабақ барысында орындап отыруын қадағалаймын. Үйірме сабағында қыз балалардың икемділігі, түсті таңдауы, жинақылығы және ілтипаты, биязы болып, өз ойын дәл, дәйекті етіп, айқын көрсетуін талап етемін және осыған қол жеткізуде ізденемін. Қосымша әдебиеттерді сабақ барасында көп қолданамын.

Үйірме сабағында оқушының білімін көтерудің ең басты шарты оның үйірмеге деген қызығушылығын арттыру. Үйірмеге деген қызуғышылық болса ғана, бала оған көніл қойып үйреніп, тереңдетіп оқып шыңдалады. Менің бисер тоқып үйрету әдісім қыздарды өз бетімен жұмыс істеуге, өзіндік шешім қабылдауға тәрбиелеу және үйрету.

Сабақ барысында қыздарды бисер тоқытудағы мақсатым-хылқымыздың ежелден келе жатқан ұлттық өнерлерімен оқушыларды жеке таныстырып, үйрету. Сабақта пайдаланатын әдістерім оқушының көніл күйіне, ынтасына, қабілетіне қарай топпен, жеке оқушымен жұмыс жасау болып табылады.

Халық өнерін жаңғыртып, одан әрі дамыту бүгінгі кіннің көкейтесті мәселесі болып табылады. Оқушыларды өнерге баули отырып, композиция тәжірибесіне көңіл бөлген дұрыс. Оқушылармен моншақ тоқу сабағын өтер алдында, алдымен моншақтың шығу тарихымен, су моншақ түрлерімен, схемаларымен таныстыру қажет.

Су моншақты тоқу өнері - ертеден кеңінен таралып, танылып келе жатқан халық шығармаларының әшекей бұйымдар дайындаудың бір түрі. Су моншақпен жай суреттерден бастап өте күрделі түрлі түсті жұмыстар жасауға (тоқуға), алқа, тұмарша, шаш буғыш, сырға, білезік, белдік, сөмкелер де тоқуға болады. Қолдан жасалынатын су моншақтар Ресейде, шет елдерде өте жоғары бағаланады. Нақ осы кезде халық шығармашылығының осы түрі жаңа өрлеу үстінде, даму сатысында.

Су моншақпен тоқу өнері нәзіктікті, әдемілікті, шыдамдылықты және фантазия мен шеберлекті талап етеді. Схемамен жұмыс жасағанда есте сақтау қабілеті жоғары болып, түстерді айыра білу керек.

Барлық өнер сияқты су моншақпен тоқудың да тарихы бар. Су моншақтың шығу тарихы әйнектің пайда болуымен тікелей байланысты. Ең алғаш «Бисер» атауы Египет елімен байланысты. Оның атауы арабтың «Бусра» немесе «Бусер» деген сөзінен шыққан, мағынасы «Жалған маржан». Су моншақмен қазақтың ою-өрнектерін тұмарша, өңіржиек, алқа, бойтұмар, сондай-ақ алқа, шашбау тағы да басқа өте сәнді әшекейлер: сырғалар, мойынға тағатын алқалар (кулон, брошкалар, ожерейлер) жасауға болады.

Су моншақпен тоқу жұмысы жақсы жүру үшін құрал-саймандардың түгел болуы ғана емес, жұмыс орнын да ыңғайлап алу, әсіресе, ол жерде су моншақты қалай орналастыруды ойластыру қажет. Сонымен қатар, жұмыс жасайтын орын жарықпен жақсы қамтамасыз етілуі керек. Болмаса көзді ауыртып жиі шаршауға әкеліп соғады. Көзге демалыс беру үшін әр сағат сайын 10-15 минут үзіліс жасап отыру керек. Оқушылардың шағармашылығын ғылыми түрде ұйымдастыру ғылыми-техникалық талаптарға сай білім беру мен таным белсенділігін артыруды қажет етеді. Қазіргі сабақ проблеманы дамыту сабағы. Ол үшін озық тәжірибе керек.

Педагогикада озық тәжірибе ғылымға жақындаған практика деп аталады. Олай болса, озық тәжірибелі мұғалімге қазір дарынды оқушыны тәрбиелеу жан-жақты шеберлікті талап етеді.

Қазір оқушы- сұлулықпен сусындаған, алған білімдерін өмірде қолдана алатын, жан-жақты дамыған, логикалық ойы терең, ізденімпаз, терең қазыналы білімпаз.

Бисер үйірмесі сабағында алға койған мақсатым: «Бір нәрсеге, не өнерге талпыну үшін адамға табандылық қажет»

Қазіргі таңда оқушының ынтымақтастығын, білімділігін, зерделенген эстетикалық талғамын, табандылығын, төзімділігін қалыптастыруда жүйелі жұмыс жасауына бағыт беру талап етіледі.

Үйірме сабағының мақсаты - осы қыздардың бойындағы көркемдік талғамдары мен әсемдік атаулыға махаббатын ояту, өзін қоршаған ортаны эстетикалық тұрғыда қабылдай отырып, шығармашылық іс-әрекетке ықыласын арттыру. Оқушыға ой тастау-мақсатқа, ізденіске, әрекетке, нәтижеге жеткізеді.

Казақ халқы - талғампаз халық. Ұрпағына қалдырған бай мұрасы- тұнған өнеге. Қолөнер - халық өмірімен, тұрмысымен бірге жетіліп, біте қайнасып келе жатыр. Сан алуан түрлі қолөнер бұйымдары әсемдігі, өрнегі, тұрмысқа сән берумен адамдарға рухани ләззәт әкелген.



«Талантты ұл-қыз тарихи жұлдыз» дей келе, оқушыларға моншақ тоқу өнерін үйретудегі мақсатымыз - өнер арқылы тәрбиелеу, шығармашылық ойлау қабілеті дамыған, сұлулықты түсінетін, білімді жастарды қалыптастыру.
Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. «Шаңырақ» үй тұрмыс энциклопедиясы. Алматы, 1990.

  2. Қазақ өнері энциклопедиясы. Алматы, 2002.

  3. Қазақстан ұлттық энциклопедиясы. Алматы, 2002.

  4. Қазақ мақал-мәтелдері. Алматы, 2001.

  5. Сөз мәйегі. «Қазақ энциклопедиясы», 2007.

  6. «Мектептегі технология. Технология в школе» журналы.

жүктеу 41,13 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау