- «Елімнің-көк байрағы!»
- (ІІ-сәбилер, «Айналайын» тобы, ұйымдастырылған ашық оқу іс-әрекеті)
- Білім беру саласы: Таным. Қатынас.
- Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Қоршаған ортамен таныстыру.
- Тақырыбы: «Елімнің-көк байрағы!»
- Мақсаты: Қазақстан Республикасының рәміздерімен таныстыру. Туған жерін, елін сүюге, құрметтеуге, Отан сүйгіштікке тәрбиелеу.
- Көрнекіліктер: Оқу іс-әрекетінің презентациясы. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың портреті, оқу іс-әрекетіне орай топ ішін безендіру (түрлі түсті шарлар, жалаушалар).
- Билингвальді компонент: Отан-Родина, елбасы-президент, ту-флаг т.б
- Сөздік жұмыс: Отан-отбасынан басталады.
- Әдіс-тәсілдері: Көрсету, түсіндіру, сұрақ жауап, саяхат.
- Қажетті құрал-жабдықтар: Қазақстан бұрышы көрнекіліктері.
Сәлем сөздің анасы - Табиғатым тамаша,
- Көз тоймайды қараса.
- Табиғатты аялап,
- Жүрейікші жараса.
- Армысың, алтын Күн!
- Армысың, көк Аспан!
- Армысың, Жер ана!
- Армысыңдар, қымбатты достарым!
Жүректен жүрекке жылы лебіздер - Қазақстан Республикасының Гимн орындау.
- Жыл ерекшеліктерін сұрау.
- Біздің Отанымыз, еліміз, жеріміз қалай аталады?
- Біз қандай мемлекетте тұрамыз?
- Ұлтымыз кім?
- Біздің ұлттық тіліміз қандай?
- Біз қай тілде сөйлейміз?
- Қандай өзге тілдерді білесіңдер?
- Біздің мемлекетіміз қалай аталады?
- Сендер қандай ауылда тұрасыңдар?
- Отан деген сөзді қалай түсінесіңдер?
- Отан-менің үйім, елім, жерім.
- Отан-тауымыз, табиғатымыз.
- Отан-отбасымыз, мемлекетіміз.
- Іңкәр:
- Барша халық таныған,
- Біздің үміт, тілекті.
- Шырқалғанда гимні,
- Шаттық кернер жүректі.
- Ерсін:
- Отан-деген атамекен,
- Отан- деген туған жер.
- Отан-ана,
- Отан-үлкен,
- Қазақстан туған ел!
- 1 желтоқсан 1991 жылы Қазақстан республикасының Президенті болып Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды.
- Айнымайды аспаннан,
- Біздің тудың бояуы.
- Оны халық қашанда,
- Биікке іліп қояды.
- Алтын күн аспаны
- Алтын дән даласы
- Ерліктің дастаны
- Еліме қарашы
- Ежелден ер деген
- Даңқымыз шықты ғой
- Намысын бермеген
- Қазағым мықты ғой
- Қайырмасы: Менің елім, менің елім
- Гүлің болып егілемін
- Жырың болып төгілемін елім
- Туған жерім менің Қазақстаным
- Ұрпаққа жол ашқан
- Кең байтақ жерім бар
- Бірлігі жарасқан
- Тәуелсіз елім бар
- Қарсы алған уақытты
- Мәңгілік досындай
- Біздің ел бақытты
- Біздің ел осындай
- Қазақстан Республикасының Туы
- Қазақстан Республикасының Елтаңбасы
- Қазақстан Республикасының Гимні
- Қазақстан Республикасының рәміздерін ата?
- Қазақстан Республикасының Елтаңбасы
- Қазақстан Республикасының Туы
- Тудың авторы: Суретші Шәкен Ниязбеков
- Көк байрақтың бетінде,
- Қыран бүркіт қанатты.
- Сол қырандай еркіндеп,
- Бала өседі талантты.
- Өлеңде не туралы айтылған?
- Тудың түсі қандай?
- Тудың ортасында не бейнеленген?
- Күннің астында нені көріп тұрмыз?
- Тудың сол жағында қандай ою бейнеленген?
- М.Әлімбаев «Қазақстан байрағы».
- Фариза:
- Аспан түстес көгілдір,
- Тікбұрышты матадан.
- Ортасында төгіп тұр,
- Күн жаяды шапағын.
- Еламан:
- Астында оның қалықтаған,
- Қыран құстың бейнесі.
- Азат елдің шалқыған,
- Көңілі деп білерсің.
- К.Айару:
- Сол жағында матаның,
- Сары түстес ою бар.
- Мұратындай атамның,
- Әсем өрнек ол ұлттың.
- Бақтықожа:
- Есте белгі ұрандар,
- Сары алтындай сақтаған,
- Күн шұғыла қыранды,
- Алтын түске қаптаған.
- Саяхат: «Менің елім-Қазақстан».
- Еліміз қалай аталады?
- Елімізді басқарып отырған елбасымыз кім?
- Ұлтымыз кім?
- Мемлекеттік тіліміз қандай тіл?
- Рәміздерді ескі түсірейік?
- Туда нелер бейнеленген екен?
- Ән «Көк тудың желбірегені»
Қош, сау болыңыздар!
Достарыңызбен бөлісу: |