Дәстүрлі аймақтық ғылыми-әдістемелік конференция материалдары



жүктеу 5,63 Mb.
Pdf просмотр
бет145/176
Дата20.01.2018
өлшемі5,63 Mb.
#7677
1   ...   141   142   143   144   145   146   147   148   ...   176

291 
 
-құрастырушылық  қабілет  (оқушылармен  жұмыс  жүргізу  түрлерін,  әдіс-тәсілдерін, 
сабақтың құрылымын,т.б., құра білуі). 
-ұйымдастырушылық 
қабілет 
(өз 
қызметін,оқушылар 
қызметін,ата-аналар 
қызметін,жалпы оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру біліктілігі); 
-танымдық қабілет(өзін және өзгені тани білу, жетістікті,кемшілікті көре білу,т.б.). 
Педагогикалық 
шеберлік 
музыка 
мұғалімінің 
өз 
жұмысының 
сапалық 
көрсеткішіне,педагогикалық  қызмет  нәтижелерін  зерттеу  және  оған  жету  жолдарын  танып 
білу біліктілігінен басталады [1,2 б]. 
Музыка  сабағында  қарапайым  музыкалық  аспаптарды  (даңғыра,  дабыл,  асатаяқ, 
тұяқтас,  шаңқобыз,  ксилофон,  металлофон,  румба,  маракас,  ұшбұрыш  және  т.б.)  қолдану, 
балалардың  сол  сабаққа  деген  ынтасын,  сүйіспеншілігін,  белсенділігін,  жауапкершілігін 
арттырады,  олардың  музыкалық  қабілетін  дамытуға,  шығармашылық  дербестігін 
қалыптастыруға  ықпалын  тигізеді.  Шығармашылық  әрекет  кезінде  музыканы  сергек 
қабылдау, бірігіп   орындау   (ансамбль) сезімі және дағдысы дамиды. 
Балалар  үшін  сабақта  қолданылатын  музыкалық  аспаптар  көлемі,  салмағы  жағынан 
ыңғайлы,  құрылысы  қарапайым,  әрі  мықты  болуы  керек.  Аспаптарды  ойнаудан  бұрын 
мұғалім  оқушыларға  олардың  құрылысы,  шығу  тарихы,  дыбыстық  бояуы  (тембрі)  туралы 
біраз  мағлұматтар  бере  отырып,  оны  сабақта  пайдаланудың  тиімділігін,  мақсатын  және 
қолдану тәсілдерін әңгімелейді. 
Аспапта  ойнау  кезінде  балалардың  тұрып  ойнау,  немесе  отырып  ойнау  қалпын 
қадағалау  қажет.  Аспаптарды  меңгерудің  ең  алғашқы  қадамы  ретінде  балалардың  ырғақ 
сезімін  дамытатын  қарапайым  жаттығулар  жасаған  тиімді.  Әр  музыкалық  аспаптың 
сипатына  сай  оның  ырғақтық  өрнектерді  келтіру  ерекшеліктерін  ескеру  керек.  Мұғалім 
сабақта  орындалатын  жаттығудың  балалардың  меңгеруіне  жеңіл  әрі  түсінікті  болуын 
қадағалайды. 
Сынып  балалардың  барлығының  белсенді  жұмыс  атқаруына  арналған  жаттығу 
ретінде  халық  күйі  „Келіншекке”  жүгінуге  болады.  Мұғалім  күйді  домбырада  ойнаса, 
оқушылар  асатаяқта,  тайтұяқта,  шаңқобызда  күй  желісіне  қосылады    [2.27б.].  Сыныптағы 
ұлдар  тобы  домбырада  тарту  қимылдарын  жасаса,  қыздар  тобы  би  қимылдарын  өрнектеп, 
шығарманың  көркемдігін  одан  әрі  жетілдіреді.  Мұндай  тәсіл  балаларды  шығармашылық 
белсенділігін баулиды.  
Сабақ  өткен  сайын  балалардың  аспапаты  меңгеруі  шыңдала  түседі.  Бірақ,  мұғалім 
балалармен  жұмыс  кезінде  олардың  әрқайсысының  музыкалық  қабілетін  ескергені  жөн. 
Кейде  бір  оқушы  сабақ  сайын  бір  ғана  аспапта  ойнайды.  Ол  дұрыс.  Себебі,  оқушы  сол 
аспапта  ойнаған  сайын  оның  қыр-сырын  терең  түсініп,  техникалық  ойнау  шеберлігінің 
тереңдете түседі.  
Балаларды  ксилофонды,  металлофонда  ойнау  да  өте  қызықтырады.  Д.Ботбаевтың 
„Жаңбыр  шақыру”  әнінің  кіріспесіне  ксилофонды  пайдалану  жаңбырдың  тамшылауын  өте 
дәл,  анық  бейнелейді,  такт  өткен  сайын  жаңбыр  тамшысы  жиілеп,  қалың    жаңбырға,  яғни 
хорға ұласып кетеді [3,20 б]. 
Халық әні „Бір бала” орындалғанда, сүйемел ретінде металлофонды және маракасты 
ғана  қолдануға  болады.  Себебі,  әннің  сипаты,  екпіні  мын  ырғақтың  ерекшеліктері 
метоллофонның  таза,  жинақы  да  көмкеріңкі  дыбысын  қолданғанда  ғана  ашыла  түседі  деп 
ойлаймыз.  
Музыка сабағында ойынның түрлері өткізуге болады, әсіресе І сынып оқушылары тек 
ойын арқылы, тіпті қиын музыканы меңгеріпте кете алады  
Музыка пәні мұғалімі үшін бірнеше кезеңнен тұратын ұзақ оқыту процесінде мынадай 
міндет  қойылады:  оқушылардың  музыка  өнеріне  қызығушылығын  ояту,  дамыту,  олардың 
музыканы қабылдау қабілетін  
дамытуды  жүйелі  түрде  ұйымдастыру  және  халықтық  мұра  –  орындаушылықты 
насихаттау. 


292 
 
Музыка  мұғалімінің  қызметі  –  ұйымдастырушылық,  танымдық,  эмоционалдық  т.  б. 
біршене бағытта жүргізіледі. 
Ұйымдастырушылық  бағыт  -  мұғалімнің  оқыту,  тәрбиелеу  процесін  жоспарлау  және 
ұйымдастыруға  құрылады.  Бұл  оқу  материалын  іріктеу,  оқу  және  тәрбие  жұмыстарының 
түрлі  формаларын,  сабақ  жүргізу  барысын  ұйымдастыру  т.  б.    Бұл  үшін  мұғалім  мынадай 
заңдылықтарды білуге тиіс: 
а) мектептегі музыкалық қызметті ұйымдастырудың негізгі  формаларын; 
ә) музыка бағдарламасының мазмұнын, оның идеялық-теориялық негізін, 
дидактикалық принциптері мен әдістерін; 
б) музыкалық шығарманың көркемдік және тәрбиелік мәнін; 
в) оқушылардың жас ерекшеліктерін білуге; 
г)  оқыту-тәрбиелеу  процесін  ұйымдастырудың  ормалары  мен  дістерін  әр  сынып 
деңгейіне байланысты таңдай білуге; 
Танымдық  бағыт  мұғалімнің,  оқушылардың  ой-қызметін  басқаруына  байланысты 
құралады. Бұл үшін мұғалім: 
а) ғылыми-теориялық, әдіснамалық және психологиялық- педагогикалық негіздерін 
білуге; 
ә) білім мен дағдының дидактикалық принциптерінің қалыптасуын қадағалауға; 
б)  танымдық  процестердің  мүмкіншіліктерін  және  ақыл-ой  қызметін  бірте-бірте 
жетілдіру арқылы басқаруға; 
в) оқытуды анық психологиялық түсініктемелер арқылы құра білуге; 
г) пәнаралық байланысты қолдана отырып жүйелі білім беруге; 
ғ)  өткен  метериал  мен  өтілетін  материалды  байланыстыра  отырып  логикалық 
шешімдер жасауға, 
д) сабақта оқушының  шығармашылық қабілетін, музыкалық білімді алуға өз еркімен 
ұмтылысын тәбиелеуге, 
Эмоционалдық  бағыт  –  мұғалімнің  музыка  өнеріне  деген  көзқара-  сына  және  оның  
оқушылардың әсемдікті сезіну қабілетін қалыптастыруы- на байланысты анықталады. 
Бұл үшін музыка мұғалімі мынаны ескеру қажет:  
а)  мектептегі музыкалық тәрбие жұмысының қоғамдық тәрбиедегі рөлін; 
ә) эмоционалдық тәрбиенің жеке адамның жан-жақты қалыптасуындағы маңызын; 
б)  музыка өнерінің адамға тигізер әсер ерекшеліктерін. 
Сонымен  қатар  музыка  маманы  бала  бойында    музыка  эмоционалдық  көзқарасты 
тәрбиелеуге,  эстетикалық  талғамды  және  музыкалық  форманың  ең  жетілген  түрлері  мен 
идеялық – образдық мазмұнының бірлігі арқылы қалыптастыруға міндетті және музыка өнері 
арқылы  патриотизм,  интернационализм  сезімін  тәрбиелеуге,  музыкалық  материалды  толық 
игеру үшін сабақ барысында эмоционалдық қалыпты сақтауға, оқушылардың музыка өнерін 
терең  ұғынуы  ұшін  эстетикалық  толғаныс  әлемін  байыту,  кеңейту  үшін  жұмыс  жасауға 
міндетті. 
Ізденушілік  бағыт  -  мұғалімнің  оқу  процесін  жетілдіру  арқылы  және 
профессионалдық шеберлігін көтеруі арқылы көрінеді. 
Бұл  мұғалімнің  өзінің  музыкалық-педагогикалық  қызметін  талдаумен  және  озат 
педагогтар тәжірибесін, жаңа әдістерді педагогикалық қызметке енгізуімен ұштастырылады. 
Мұғалім ғылыми зерттеулердің теориялық негізін және зерттеу жұмысын өткізу 
әдістемесін  білуге  тиіс.  Сонымен  қатар  педагогикалық  кәсіби  шеберлігіне  мына 
талаптар қойылады
а) оқу процесін бақылауға және талдауға; 
ә) педагогикалық фактілерді бір жүйеге келтіруге; 
б)  кез-келген  педагогикалық  ситуацияға  музыкалық  білімін,            педагогикалық 
біліктілігін қолдана білуге; 
в)  музыка  сабағының  құрылымына  жаңа  формалар,  әдістер  қолдану  жолында  үнемі 
ізденіс үстінде болу;  


жүктеу 5,63 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   141   142   143   144   145   146   147   148   ...   176




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау