Дәстүрлі аймақтық ғылыми-әдістемелік конференция материалдары



жүктеу 5,63 Mb.
Pdf просмотр
бет153/176
Дата20.01.2018
өлшемі5,63 Mb.
#7677
1   ...   149   150   151   152   153   154   155   156   ...   176

308 
 
алуларына көмектесуі тиіс. Бұл мәселеге байланысты мынадай сұрақ туындайды: оқушыларға 
лайықты білім алу үшін қалай көмектесуге болады?  
Қойылған  сұраққа  жауап  іздеу  дүниетану  сабағында  жаңа  технологияның 
пайдаланудың  қамтамасыз  етуді  кездөйтін  педагогикалық  процестің  ғылыми  негіздеріне 
байланысты. 
Педагогикалық  процесс  екі  жақты  екендігі  белгілі:  оқушы  әрекетінің  нәтижесі 
мұғалімнің  әрекетінің  нәтижелеріне  тәуелді  немесе  керісінше.  «Табыс»  (жетістік) 
түсіндірмелі сөздіктерде оң нәтиже ретінде анықталады. Мұғалімдер  мен  бастауыш  мектеп 
оқушылары  әрекеттеріндегі  оң  нәтижелерге  жету  мәселесін  зерттеу  көрсеткендей, 
педагогикалық  процесс  субьектісінін  табысты  әрекеті  шарттарының  бірі  болып  - 
интерактивті оқытуды қолдану табылады. 
Жаңа  педагогикалық  технологиялар  өріс  алуына  орай  оқыту  үрдісіне  «интерактивті 
оқыту», «интерактивті оқыту әдістері» ұғымдары жиі қолданылатың болды. Бұл ұғымдардың 
ортақ  түбірі  «интер»  ағылшын  тілінің  «бірлескен  әрекет»  деген  сөздерінен  енген.  
«Интерактивті  оқыту» өзара әрекеттесуге негізделіп құрылған белсенді оқыту деп анықтауға 
болады, ал  «Интерактивті оқыту  әдістерінің»  ұғымының мәні  оқушылардың өзара белсенді 
байланыста болып, мұғалімдермен бірлесіп отырып жұмыс жасау, оқу-танымдық нәтижелерге 
жету. Интерактивті оқыту әдістерінің дәстүрлі әдістерден артықшылығы, оқушыларды енжар 
тыңдаушы  емес,  белсенді,  өз  бетімен  білім  ізденуші,  табиғат,  қоғам  заңдарын  өздігімен 
ұғынуға мүмкіндік тудыруда. 
Л.С.Выготский,  А.Н.Леонтьев,  Л.В.Занков  және  т.б.  ғалымдардың  зерттеулері 
оқытудағы  қарама-қайшылықтарды  тек  дамыта  оқытудың  көмегімен  ғана  жоюға 
болатының дәлелдеді [4,5]. 
Интерактивті  оқыту  осындай  дидактикалық  әрекеттің  бір  түрі  бола  отырып, 
педагогикалық  процестің  субьектері  ортасындағы  белсенді  өзара  әрекетін  болжайды. 
Педагогикалық  процесс  субъектілеріне  Оқушылардың  ортасы  келесі  әрекеттестік 
сипаттарымен ерекшеленді: 
•  топтың  және  индивидтің  табысына  ықпал  етуші  педагогикалық  процеске 
оқушылардың қолайлы қарым- қатынасы; 
•  оқу барысындағы психологиялық қолайлы жағдайлар; 
•  білімді  өздігімен  ізденуді,  мониторинг  пен  өзіндік  рефлексияны  қамтамасыз  ететін 
жағдайлар; 
•  оқушылардың белсенді өзара әрекет арқылы талданатын, тексерілетін, дәлелденетін, 
практиқада қолдануға дайындалатың жеткілікті деңгейдегі толық және дұрыс ақпаратты алуы. 
Қазіргі  таңда  мектеп  алдына  қойылатың  талаптар  оқушылардың  мектеп 
бағдарламасының мазмұның жан-жақты меңгерген, кұзіреттілік деңгейі жоғары, адамгершілігі 
мол  тұлға  ретінде  қалыптастыруға  бағытталады.  Ендеше,  бастауыш  мектептегі 
педагогикалық  процесс  жаңа  оқыту  технологияларына  ие  болып,  мұғалімларды  сол 
технологиялардағы  тиімді  әдіс-тәсілдерді  қолдана  отырып  оқыту  қажет.  Ол  үшін  әр  түрлі 
оқыту  технологияларының  мәнін  ашып,  теориялық  және  практикалық  маңыздылығын 
анықтап,  қолданудың  шарттарын  айқындау  қажет.  Олай  болса,  интерактивті  әдістерді 
бастауыш  мектепте  қолданудың  мүмкіндіктерін  қарастырып,  олардың  тиімділігін  іс-
тәжірибемен ұштастыру керек. [2,3]. 
Жалпы  интерактивті  әдістерді  қолдану  сабақтарында  мұғалімнің  орындайтың 
қызметтерінің түрлері ерекше: 
-  ұйымдастырушы; 
-  бағыт беруші; 
-  зерттеуші; 
-  бақылаушы, бағыттаушы; 
-  дамытушы; 
-  жобалаушы; 
-  тәрбиеші; 


309 
 
-  бағалаушы. 
Мұғалімнің  бұл  функциялары  педагогикалық  процеске  оқушыларды  өздігімен  білім 
іздеуге,  сұрақ  қоюға,  талдауға,  пікірталасқа  қатысу  с.с.  т.б.  әрекеттерін  орындауға 
бағыттайды. 
Интерактивті оқытудың басты қағидалары: 
•  өзара оқыту, өзара әрекет, өзара көмек; 
•  оқушылар бір—бірімен тәжірибе алмасатың және білімімен бөлісетін психологиялық 
жағымды ахуал; 
•  өзара тексеру, өзара бағалау; 
•  терең ойлауды дамыту көмегімен білімді өздігімен іздену; 
•  өзін-өзі ұйымдастыру, өзін-өзі бағалау, өзін-өзі бақылау. 
Интерактивті  оқытудың  мұғалім  төмендегі  көрсетілген  ережелерді  естен  шығармауы 
тиіс: 
1. Оқу әрекетіне оқушылардың түгел қатыстыру, танымға барлығын түгел жұмылдыру. 
2. Оқушылар  өздерін  еркін  сезіну  үшін  қолайлы  психологиялық  ахуал  тудыру, 
сабақтағы қандай да болсын жетістіктерін мадактап отыру. 
3. Әрбір  оқушының  пікірін  мұқият  тыңдап,  көзқарасын  білдіруге,  дәлелдеп  жауап 
беруге мүмкіндік жасау. 
4. Сыныпта  оқушыларға  топ  құруға,  орындарын  ауыстыруға,  «сергектік»  сәттерді 
өткізуге, ыңғайлы қозғалуға жағдай жасалыну керек. 
5. Оқушылардың  топтарға  бөлініп  жұмыс  істеу  барысында,  мұғалім  әр  топтың 
қызметіне арнайы көңіл бөліп, жұмыс мазмұның есепке алуы тиіс. 
6. Оқушылардың  жекеше,  жұптағы,  топтағы  жұмыстарына  әділетті,  объективті  түрде 
баға беру керек. 
7. Оқушыларды  дамытудың,  жеке  тұлға  ретінде  қалыптастырудың  маңызды  факторы 
олардың  білімі  мен  дағдыларының  дәрежесі  ғана  емес,  сонымен  бірге  олардың  бойындағы 
адамгершілік т.б. қасиеттерді тәрбиелеу. 
Аталған  қағидалар  мен  ережелер  әрекетке  жетекші  болып  табылады,  педагогикалық 
процесс субъектілерің оң нәтижелер алуға, яғни табысты әрекетке бағыттайды. 
Жаңа  оқыту  технологияларында  қарым-қатынас  мәдениеттілігі  мәселесі  маңызды 
орын  алуда.  Табысты  іс-әрекетке  жету  үшін  психологиялық  факторларды  есепке  алу  керек. 
Психолог  зерттеушілерінін  пікірінше,  іс-әрекет  табыстылығы  төмендегідей  көрсеткіштермен 
анықталады: 
-  денсаулығының мықты болуы; 
-  көтеріңкі көңіл - күйі; 
-  оқу материалдарын қабылдай білуі; 
-  есте сақтау қабілеті; 
-  жағымды көңіл күй әсері; 
-  елестету қабілеті; 
-  болжамдар жасай білуі; 
-  қарым - қатынас мәдениеттілігі. 
Ғалымдар  қандай  да  іс-әрекет  түрлерін  орындауда  оқушыларға  табыстылыққа 
ұмтылуды басшылыққа алу керектігін ұсынады. 
Оқушылардың  «Сұрақ  -  жауап»  әдісін  өздігімен  қолдану  үшін  оларға  сұрақ  қоюды 
арнайы  үйреткен  жөн.  Өзіндік  жұмыстарда  сұрақ  қою  әдісін  дұрыс  қолдану  табысты 
әрекетке жетелейді. 
Сұрақ қою талаптары: 
1) сұрақ нақты, дәл қойылуы; 
2) сұрақ сөйлемнің дұрыс құрылуы; 
3) сұрақ сөйлемі анық, сөздері түсінікті болуы; 
4) сұрақтардың бірізділікпен қойылуы; 
5) сұрақта жауаптың болмауы. 


жүктеу 5,63 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   149   150   151   152   153   154   155   156   ...   176




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау