Ғылыми жоба жазбаларын жүргізу жолдары Әсемгүл Арыстанқызы Апсалямова



жүктеу 71,3 Kb.
Дата14.11.2017
өлшемі71,3 Kb.
#400

Ғылыми жоба жазбаларын жүргізу жолдары

Әсемгүл Арыстанқызы Апсалямова

20 лицей-мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі


Еліміздің тәуелсіздік алып, өз алдына шаңырақ көтеруі экономиканың, оқу-білімнің, мәдениеттің, әдебиеттің, өнер-білімнің, т.б. салалардың өсіп- өркендеуіне жол ашты. Жас ұрпақтың бойындағы қабілетін көру, дамыту, оны одан әрі жетілдіру бағыт сілтеу - бүгінгі күні өзекті мәселесі. Қашанда болсын, ілгерілеуге апаратын алғы шарт – сапалы білімге келіп тірелері шартты құбылыс. Мемлекетіміздің болашағы жас ұрпақтың бойындағы ізденгіштік қасиеттерін дамыту, одан әрі жетілдіру, ғылыми шығармашылыққа бағыт сілтеу өзекті міндет. Сол үшін балалардың қабілетін дарындылығына зер салу, дарындыларды тани білу қоғам дамуына, келешек өмірге дарынды балалардың қоғамға тигізер пайдасын білу қажетті.

Осы бағытта Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев 1996 жылы 24 мамырда дарынды балаларға арналған мектептерді қолдау және дамыту туралы өкімін жариялап, сол жылдың 16 қыркүйегінде аталмыш өкімді жүзеге асыру туралы үкіметтің қаулысы шықты [1].

Көптеген танымал ғалымдардың пікірінше ел басының өкімін жүзеге асыруда таптырмайтын құралдардың бірі – мектеп оқушыларының шығармашылық қабілетін арттыру. Бұл аталған шараны кешенді әрі жүйелі түрде орындағанда әр оқушының бойындағы дарындылық қабілеттерінің айқын көрінісін көруге және оны дағдылауға мүмкіндік туады.

Шығармашылық қабілеттің оқушы бойында қалыптасуы оның сана-сезімін дамытады, толғандырады, шабыт береді. Жалпы қазақ халқы – дарынды халық. Оның ән-жыры, өлең-күйі, айтысы, мақал-мәтелдері сезімді буырқантып, күш жігер беретін нағыз шығармашылықтың яғни, дарындылықтың бастауы.

Жалпы дарындылықты зерттеу - әлемдік деңгейде көптеген ғалымдардың күн тәртібінен түспеген мәселе. Жиырмасыншы ғасырдың басында Г. Айзенк, М. Карне, Р.С. Немов, М.Б. Теплов сияқты белгілі психологтар бастаған зерттеулерді бүгінде Қазақстандық ғалымдар Қ. Жарықбаев, Ә. Алдамұратов, Ү.Б. Жексенбаева, Ә.О. Алмабаев т.б. жалғастыруда. Психолог Ә. Алдамұратов «Дарындылық – адамның белгілі бір іске деген айырықша қабілеттілігі, өмірдің қандай да бір саласында өзін ерекше қырынан көрсетуі», деген анықтама берген.

Қазақстанда дарынды балалардың қабілетін дамыту бағытында мектептер бұрыннан бар. Жаутіков атындағы арнаулы физика-математикалық мектебі, К.Байсейітова және А.Жұбанов атындағы музыкалық мектептер, Қазақ Мемлекеттік көркем академиясы жанындағы көркем өнер мектебі және т.б. жас талант өкілдеріне арналған үйірмелер т.б. айтуымызға болады.

Дарындылардың көбінесе байқаулардан, олимпиадалардан табылатыны көпшілікке белгілі және есімізде.

Қазіргі заман ағымы бұл жұмысты жүйелендіруді және тереңдетуді талап етуде. Былтырғы жылдан бастап «Дарын» орталығы Ақтөбе, Шымкент, Павлодар, Өскемен қалаларында құрылды. Сонымен бірге Өскемен қаласында Республикалық эксперименталды «Арина» алаңы жұмыс істеуде. Ал Атырау қаласында дарынды балаларға арналған мектеп-интернат ашылды.

Ғылыми жоба жазу да бүгінгі таңда еліміздің болашаққа зор үміт артуынан туындайды. Қазір мектеп оқушыларына ғылыми жоба жазуға жетекшілік ету, кеңес беру жұмыстары қалай атқарылуда, тақырып таңдауда т.б. қандай қиындықтар туындауда деген мәселелерді талқылау баяндама барысында көтерілген міндет болды.

Қазақ тілі мен әдебиетіне байланысты ғылыми жұмыстар жазуда мектеп оқушыларына көбінесе ауқымды тақырып берілгендіктен қиындықтарға кездесіп жатады. Мысалы «С.Торайғыров шығармаларының тілі» деген тақырыпта жазылған ғылыми жұмыс оқушы үшін өте күрделі, докторлық диссертация тақырыбы сияқты. Оқушы мен жетекшісі ғылыми жоба жазар алдында тақырып таңдау жұмыстарын атқаруы тиіс. Бұрын зерттелеген, ғылыми тұрғыдан жан-жақты зерделенген тақырыпты алудың қанша қажеттігі бар. Сондықтан оқушының жас ерекшелігіне сәйкес, оқушыны қызықтыратын тақырыптар алынуы тиіс. Оқушының жас ерекшелігіне сәйкес алынбаған дегенге мысал келтірсек, орыс тілді мектептің 5-сынып оқушысы (қазақша әзер түсінетін оқушы) «Орхон-Енисей ескерткіштерінің тілі» деген тақырыпта ғылыми жобасын жазыпты. Тарихи грамматикаға байланысты еңбектерді, сонау 1889 жылдары шыққан еңбектерді де қарастырған көрінеді. Осыдан байқағанымыздай ғылыми жобаға шынайылылық та қажет.

Тақырыптың тым ауқымды болуы да жұмыстың мақсат-міндеттерін шешуде қиындық туғызады, ой шашыраңқылығына апарады.

Мысалы, І.Жансүгіров шығармашылығына байланысты қандай тақырыптарды алуға болады.



1.«І.Жансүгіров шығармаларының тілінің лексика-грамматикалық сипаты»;

2 «Жансүгіров поэзиясындағы жалпыхалықтық әдеби тілге тән дыбыстық гармония»;

3. «Ақын туындыларында халықтық ауызекі сөйлеу тілі көрінісі, жалпыхалықтық және авторлық тұрақты тіркестердің жұмсалу барысы»;

4. І.Жансүгіров поэзиясындағы көнерген сөздер мен этнографизмдердің стильдік мақсатта қолданылуы;

5. Жалпыхалықтық және авторлық қолданыстағы кейбір морфологиялық тұлғалардың мен қос сөздердің стильдік табиғаты;

6. І.Жансүгіров шығармашылығындағы халықтық және авторлық айшықтар;

7.Жансүгіров шығармаларында кездесетін троп түрлерінің қызметі;

8. Ақынның поэтикалық сөз қолданыстары: кейіптеу, символ,

гиперболалық қолданыстар;

9. Ақынның халықтық шығармаларға тән аллегориялық қалыппен жырлау

үрдісі т.б.

Бұл бір ғана ақын туындыларын зерттеуге арналған нақтылық бар, оқушы жас ерекшелігіне сай алынған тақырыптар.

Тақырып таңдалынды. Ендігі жұмыс ғылыми әдебиеттерді іріктеу, жоспар құру. Жоспар құруда да кемшіліктер кездеседі. Мысалы жоғарыдағы тақырыптардың бірін алатын болсақ, оқушылардың көпшілігі бірінші бөлімде ақын не жазушының өмірбаянына екі-үш бетті арнайды. Сондықтан бұрын зерттелеген, көпшілік қауымға жақсы таныс қаламгердің өмірбаянына ұзағынан тоқталу артықтық. Бірден алынған тақырыпқа байланысты ғылыми тұжырымдарға сүйене отырып, алынған мақсатты шешкен дұрыс. Айталық «Шәкәрім шығармаларындағы метафоралар» деген тақырыпты жазу үшін, ақын өмірбаянына тоқталмай-ақ, бірден метафоралардың табиғатын ашу, ғалымдар анықтамасына сүйене отырып, талдау жасау маңызды болмақ.

Ғылыми жобаларда міндетті түрде ғылыми өзектілігі, ғылыми жаңалығы, ғылыми нысаны және мақсат-міндеттері белгіленуі тиіс. Ол алдымен оқушыға өзектілік дегенің не екенің түсіндіру керек. «Мұндай тақырып қарастырылды ма, тіл білімінде маңызы бар ма?» деген сұрақтарға жауап беріп алу керек. Мысалы: Сюсько: «... славянская зоонимия до недавнего времени вообще остовалась за пределами научного анализа... Незаслуженно оставаясь в тени, зоонимика не только не сложилась еще как раздел ономастики, но, по сути дела, принадлежащеий ей фактический материал как следует даже не собирался»[3],-деп тіл білімінде зоонимдердің зерттелмей жатқандығын, ономастиканың сыры ашыла қоймаған, саралауды, жинақтауды қажет ететіндігін ашып айтады.

Бұл қазақ тіл білімінде зоонимдер зерттеуді қажет ететін ономастиканың бір саласы екендігін танытады. Зоонимдердің атаулары, типтері, тақырыптық және сөзжасамдық сипаты, фразеологизмдер, мақал-мәтел құрамында жұмсалуы, аталымдардың тілдік сипаты зерттеу нысанына алынуы тиіс мәселе. Мен «Зоонимдер табиғаты» 9 сынып оқушысына жетекшілік жасадым. Қазақ тілінің түсіндірмелі сөздігі, түрлі зоология кітаптарын қарыстырып, картотеканы жинастырдық.Мынадай мәселелерді ескере отырып, ғылыми жобаның өзектілігі жазылады.

Ғылыми жобаларда көрнекіліктер пайдаланады. Көрнекліктерді таңдаған кезде де қателіктер кездесіп жатады. Көрнекілік - бұл жұмыстағы ең маңызды, мазмұнды мәселелерді көрсететін құрал. Көрнекілік тақырыптағы қандай да бір нақты ойды білдіру қажет. Мысалы, Зоонимдер табиғаты тақырыбына келетін болсақ, Сабауқұйрық - құйрығы ұзын кеміргіш тышқан (ҚТТС); Тараққұйрық - кеміргіштер тобына жататын егінге зиянды, ұзын құйрық сарышұнақ (ҚТТС); Қылқұйрық - түсі қара жолақты келген сарғыш қоңыр, құйрық қауырсыны үшкір шіл тектес дала құсы (ҚТТС) »[4]. Осы аталымдарда мақсат - фреймдер “шөп”, “өсімдік”,саршұнақ”, “тышқан”, “құс” ал негіз- фреймдер “теңге”, “жылан”, “сабау”, “тарақ”, “қыл” бірліктері деп танылады. “Жапырақ”, “тамыр”, “құйрық” мақсат- фреймдегі “сыртқы пішін” ақпараттары болғандықтан ұқсастық негіз- фреймдерді мақсат- фрейм “сыртқы пішін” ұяшығына ауыстырады. Сөздердің ішкі мағыналық құрылымын “жапырағы теңгеге ұқсас”, “тамыры жыланға ұқсас”, “құйрығы сабауға ұқсас” деп сипаттауға болады. Осы жолмен қазақ тілінде зоонимдер, яғни жан-жануар, құс-жәндіктер атаулары жасалатыны байқалады. Зоонимдердің жасылымына нақты мысалдарды бердік.

Көнекіліктерде жиі жіберілетін қателерге келсек, «Шәкәрім шығармаларындағы метафоралар» тақырыбына ғылыми жоба жазған оқушы Шәкәрімнің портретін, шежіресі, өмірбаянын жазып қояды. Бұл қате. Шәкәрім өлеңдердегі ерекшелік болып табылатын авторлық метафорларға көрнекіліктер берілуі тиіс.

Жұмыстың соңында міндетті пайдаланған әдебиеттер тізімі болады. Пайдаланған әдебиеттер осы жұмысқа қатысты мәселелер бұған дейін де қарастырылғандығын көрсету мақсатын көздейді. Пайдаланған әдебиеттер тізімін рәсімдеген кезде де қателер кездеседі. Авторефераттардың, диссертациялардың атаулары, авторларын рәсімдеуде қиындықтар болады. Нақты беттер, сілтемелер көрсетілмейді. Мұндай қателіктерді әрдайым ескеріп, ғылыми жоба нәтижиелі болу үшін болдырмау қажет.

Кейде ғылыми жобаларда [46], [95] – деген әдебиет көрсеткіштері беріледі. Ал жұмыс соңында оқушы пайдаланған 10 ғылыми әдебиеттер ұсынылған. Демек, бұл көрсеткіш оқушының дайын дипломдық, магистрлік диссертациядан көшіргендігінен туған кемшілік. Ғылыми еңбектерде сілтеме жасаған өте орынды. Бірақ тұтас көшіріп алу бұл оқушыға қандай тәрбие береді. Ғылыми жоба бірнеше ғалымдар еңбегінің көшірмесі деген көзқарас қалыптасуы мүмкін деген сөз.

Қорытылай келсе,оқушыны қызықтыра отырып зерттеу жұмысын бірге талқылап, үнемі кеңес беру-ғылыми жобаның маңызын арттырады, демекпіз.


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

  1. Жарықпаев Қ, Қалиев С. «Қазақ тәлім- тәрбиесі»., Санат 1995 ж., 345- б

  2. К. Р. Білім беру туралы заңы А., 1992 ж.

  3. Сюсько Антропонимия тобольских и тюменских татар середины XVIII – XIX вв. Монография.- Тюмень, 2005 ж.




  1. Қазақ тілінің түсіндірмелі сөздігі, Алматы, 1 996 ж.

жүктеу 71,3 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау