Сынытан тыс кәсіби бағдар беру ашық сынып сабағы 9-11 сынып оқушылары



жүктеу 63,45 Kb.
Дата10.02.2018
өлшемі63,45 Kb.
#9170
түріСабақ


Қызылорда облысы, Арал қаласы

2 Облыстық арнайы санаториялық мектеп-интернатының тәрбиешісі: Бекбосынова Күлмарам Әбілдақызы



Тақырыбы: «Мамандық таңдаудың маңыздылығы»

(Сынытан тыс кәсіби бағдар беру ашық сынып сабағы

9-11 сынып оқушылары)
Бекбосынова Күлмараш -10 сынып тәрбиешісі
Мақсаты: Оқушыларға манмандық таңдау мүмкіндіктері мен бағыт-бағдарын беру. Мамандақ әлемінде өзін-өзі тани білуіне дүниетанымын кеңейту және қоғам алдындағы үлкен жауапкершілігін қалыптастыру.

Көрнекілігі: мамандық туралы нақыл сөздер, суреттер, плакат, маркер.

Ресурстар: интерактивті тақта

Сабақ барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі

Сынып жетекшісі:

Құрметті қонақтар,ұстаздар, оқушылар. Бүгінгі «Мамандык таңдаудың маңыздылығы» атты сабағымызға қош кедіңіздер!

Осы тақырып аясында өз ақыл-кеңесімен, тың пікірлерін ортаға салуға келген қонақтарымызбен таныс болыңыздар.

1. Ә. Келжанова –Арал аудандық Индустриалды-көпсалалы техникалық колледжінің тігін ісі оқытушысы

2 Р. Жаймақова – жеке кәсіпкер, «Бурда» ЖШС тігін цехының басшысы

3. Ә. Бижанов – аудандық тубекулезге қарсы күрес диспансерінің фтизиатр -дәрігері

4.Қ.Дәулетова- мектеп-интернат директоры

5. Д.Жұбанов-оқу-ісінің меңгерушісі

6. Н.Құсайынова-бейіндік ісі жөніндегі орынбасары

7. Ұ.Құлтаева-мектеп психологі

1.Кіріспе. Мамандық таңдау – адамның жас шағында қабылдайтын ең маңызды шешімдердің бірі. Қуанышы да, ауырпалығы да мол үлкен өмірге енді аяқ басқалы тұрған жас жеткіншектің алдында көптеген мамандықтың, оқу орнының ішінен өзіңе лайықты біреуін таңдау міндеті тұрады.

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан өздерің сияқты жас мемлекет, сондықтан біздің болашағымыз да жастар» - деп тегіннен-тегін айтқан жоқ.

Елбасының жастарға қояр талабы – білікті, кәсіби маман болу.

Таңдайтын мамандығың өзіңе, қоғамға қажетті, әрі қолыңнан келетін, көңіліңнен шығатын жұмыс болуы керек. Жүрегі қаламаған мамандық иелері көп қиындыққа кездеседі. Әр адам өз қабілетіне, икемділігіне қарай мамандық таңдауы тиіс. Мамандық таңдау мәселесі, әсіресе біздің қоғамымыздың нарықтық қатынасқа көшіп отырған жағдайда өте күрделі мәселе. Сондықтан бүгін осы тақырып жөнінде кеңірек тоқталамыз.



Негізгі бөлім.

2. Оқушылардың пікірі. Диалог. Мамандық таңдау дегеніміз не?

- Біздің болашағымыз – біздің мамандығымыз.

- Адамдардың болашаққа апаратын жолы.

- Адамдардың алдағы уақытқа қойған мақсаттарының бірі.

- Мамандыққа бейімделіп адамдар жұмыс жасайды

- Мамандық сөзі ол жұмыспен сипатталады


Мамандық – кәсіп ,сүйікті іс,шығармашылық, қызығушылық, еңбек көзі.

Мамандық дегеніміз – адамдардың белгілі-бір кәсіпке бейімделуі. «Кәсіп таңдау-тек болашаққа үңілу емес, ол өзіңнің жан-дүниеңе үңілу...»


Мамандық таңдау ұстанымдары

1. Оқушылардың өз жеке басының ерекшеліктерін тануы

2. Өзінің жүрегіне үңіліп, бейімділігін бағамдауы

3. Ұнататын кәсіптердің арасынан біреуін таңдау

4.Қалаған мамандығыңның мазмұнына көңіл аудару

5. Таңдаған мамандығың өзіңнің денсаулығыңа сәйкес болу керек


Қазіргі заманғы жоғары білімі бар маманға қандай талаптар қойылады?

  • Компьютерді білу

  • Бірнеше тілді, ағылшын тілін білу

  • Тез шешім қабылдап, бастамашылық жасау

  • Үнемі білім алуға, қайта оқуға бейімділік, белсенділік, әлеуметтік жауапкершілік

  • Жоғары ой – өріс, терең білімділік, кәсіби сауаттылық керек.


3. Мамандық әлемі туралы ақпарат.

Мамандықты 5 топқа бөледі. Олардың белгілері еңбекпен негізделеді.

Мемлекеттің басты қуаты – адам. Олар: адам – адам, адам – белгілік жүйесі, адам – табиғат, адам – техника, адам – шығармашылық бейне.

Адам – адам: мұнда мамандық иесі үшін еңбек нышаны болып басқа адам табылады, ал қызмет сипаттамасы – басқа адамдарға әсер ету, адамдармен жұмыс істеу. Мұндай мамандықтарға мұғалім, дәрігер, журналист, сатушы, заңгер, банкирлер жатады.

Адам – белгілік жүйесі: бұл типті таңдаған адамдар абстрактілі ұғымдармен жұмыс жасауды білуі керек және ой – өрісі өте кең болуы керек. Бұл бухгалтер, оқымыстылар, ЭЕМ операторлары, зертханалар мен ғылыми орталық жұмысшылары, аудармашы.

Адам – табиғат: бұл тип мамандары өлі және тірі табиғат процестері мен құбылыстарымен жұмыс жасайды. Олар мал дәрігері, агроном, гидролог, механизатор, тракторист, эколог.

Адам – техника: бұл типке техникалық құрылғылармен жұмыс жасайтын ұшқыштар, матростар, электромонтерлер, слесар жатады.

Адам – шығармашылық бейне: бұл типке өнер мен көркем өнерге бейім, талантты адамдар жатады. Олар архитекторлар, дизайнерлер, суретшілер, әнші, актерлер, әдеби қызметкерлер.


Ісім оңсын десеңіз,

Сол істің маманы болыңыз.

Даңқым шықсын десеңіз,

Көпшіліктің адамы болыңыз.

Әл-Фараби

4. Постермен топтық жұмыс. Дәйек сөздерді талдау, мазмұнын ашу.

«Білім – бақыттың жібермейтін қазығы, білімсіз бақ әлдекімнің азығы...» М. Әуезов

«Мамандықты дұрыс таңдау – ол өмір жолының сәттілігінің негізі» Э. Ф. Зеер

«Күшіне сенген адам ғана мақсатына жете алады» Н.Ә. Назарбаев


5. Қазіргі заманғы табысты мамандықтар. Қосымша деректер.

Әлемде 50 мыңға жуық мамандықтар бар екен және жыл сайын оған 500 - ге тарта жаңа түрі қосылып отырады екен. Олардың ішінен өзімізге қажеттісін қалай таңдауға болады. Біз олардың қаншасы туралы білеміз?



Виртуалды ұстаз – бұл мамандық иегерлері қазіргі уақытта да кездеседі. Келешекте біздің түсінігіміздегі университеттер, мектептер жоғалып, оның орнына виртуалды яғни, компьютермен жұмыс істеу.

Витражист – көрмедегі және дүкендердегі заттарды тартымды етіп орналастыра білетін мамандар. Олар сөрелердің және олардың бөлшектерінің дизайнын жасап, көрме кешендерін әрлендіреді.

Декоратор – түрлі мекемелерді, ғимараттардың ішін әсемдеуші. Театр түсірімдеріне арнайы сурет, графика. Сәулет туындыларын таңдап, техникалар жарықтандыру құрылғыларын орнатушылар. Бүгінгі біздің театрларымыздың сахналары әлі ескі үлгімен жасалған. Ал шетелдік таетрлардың барлығы заманға сай көркемделуі арнайы мамандардың араласуымен жүзеге асады.

Менеджер - жан-жақты сауатты болып, ішкі және сыртқы рынокты жақсы білуі керек. Ол үшін рынокқа қандай тауар қажет, көпшілік сұранымына сәйкес қандай өнімдер керек, қай жерде қандай тауарлар өтімді, тауарлар мен өнімді сатып алушы клиенттердің мүмкіндігі мен қаржы жағдайы қандай деген мәселелерді анықтап отырады.

«Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға шомылып, қырдан аса алмайсың» - деп Б. Момышұлы атамыз айтқандай оқу оқып, білім алып еңбектенбесе , ойға шомылып, маман иесі болып ешкімде мақсатына жете алмайды.



6. «Өз жұлдызыңды жақ»

(Сынып бойынша презентация, жоба құрастырып, таңдаған мамандықтарының мақсатын, мазмұнын , қырлары мен өмірлік сырлары жөнінде айтып шығу)


7. Қонақтарға сұрақтар.

1. Өз мамандығыңның шебері болу үшін адам өзін – өзі қалай дайындауы керек? Әрқайыссыңыз өз мамаңдықтарыныз жөнінде айтып өтсеңіз.

2. Мамандық таңдауда ең бастысы қабілет пе, дарын ба, әлде мамандықтың қоғамдағы беделі ме?

3. Еңбек нарығындағы бақталастық туралы не білесіз? Сіздің мамандығыңыз нарық заманындағы бақталастыққа төтеп бере ала ма?



4. Сіздердің мамандықтарыңыз жүрек қалауымен таңдалды ма?
8.Қорытынды.

«Мамандықты дұрыс таңдау – ол өмір сәттілігінің негізі» дегендей еліміздің өркендеп, гүлденуіне үлес қосатын мықты маман иесі болыңыздар.
жүктеу 63,45 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау