210
Бүгінгі күнгі отбасында тәрбиеленіп жатқан балалар өзгешелігі – олар дарынды да
алғыр. Тіпті жаңа туған балалардың өзінен ерекшелік байқауға болады. Бұрын балаларда
туыла сала көз тоқтату ерекшелігі байқалмайтын. Қазіргі балалардың көпшілігі, туыла
салысымен көз тоқтатып қарайды, тіпті дыбысты естиді. Бұрын балалар үш айлығында
күлетін болса, қазір екі айлығында күледі. Осындай құбылыстарды байқасақ та байыпты,
сабақтасты мән бере бермейміз.
Бүгінгі күні ғалымдарды қызықтырып жүрген мәселе «Индиго балалар» ұғымының
мәні. Бұл туралы ғалымдар: Индиго балалар - жаңа заманның символы іспеттес. «Индиго» -
қанық көк түс деген ұғымды береді. Жаңа санадағы осы балалардың денесінен бөлінген күш
пен шашылған сәуле (аура) осындай көк түсті. Сондықтан «индиго балалар» деп аталады.
Бұл балалар көпшілігі ақыл-ой, дарын мен талант иелері. Көптеген зерттеушілердің пікіріне
сүйенсек, қазір 12-14 жасқа дейінгі балалардың 90%-ы Индиго тобына жататын балалар.
Қазіргі психология үшін әдеттен тыс құбылыс саналып келген бұл балалар бір атаумен
аталғанымен, іс-әрекеттері мен мінез-құлқының сипаттамалары алуан түрлі. Олар мынадай:
- өзінің басқалардан ерекше екендігіне күмәнданбайды;
- таңдауын айтуға ұялмайды және өз әрекетін түсіндіріп жатпайды;
- әдеттегі көпке ортақ талаптарды орындағысы келмейді, шыдамы жетпейді (кезекте
тұру т.б.);
- оның шығармашылығына қатты қысым жасай бастасаңыз әрекетінен жаңылыса
бастайды;
- өзінің басқаша мүмкіндігінің бар екендігін біледі және соған сенеді;
- 3-4 жастағы балаға компьютермен жұмыс істеу сәті түссе, оны меңгеріп кетеді;
- үлкендер тарапынан жиі көңіл бөлінбесе тұйықталып қалады;
- тәртіп бұзғандығы үшін айыптаулар мен ескертпелерге көңіл аудармайды.
Индиго балалардың - гуманистер, концептуалистер, суретшілер, барлық жағынан
ерекше өмір сүрушілер деп аталатын төрт түрі белгілі. Міне, осындай балалармен
жүргізілетін жұмыстар да, әдіс-тәсілдер де бүгінде ерекше, әрі жаңаша болуға тиіс. Олай
болса, мұғалімдер осындай балалармен тәрбие жұмысын жүргізуге қаншалықты дайын? Ата-
аналар туралы тіпті айтудың қажеті жоқ.
Енді осындай ерекше балалармен жұмыс істеу мен тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру,
ата-аналарға қандай да бір кеңес беру оңай емес.
3-тенденция. Отбасы тәрбиесіндегі баланың субъектілік рөлі. Бүгінде қазақ
балаларының психологиясы мен мінез-құлқында, жүріс-тұрысында өзгерістер пайда бола
бастады. Ұлттық болмысымызға тән ұяңдық, үлкеннің алдын кеспеу, тіл алғыштық және т.б.
қасиеттерді қолдай отырып, бүгінгі нарықтық қатынас тұсындағы қарым-қатынаста қажетті
көпшілдік, белсенділік, өз пікірі мен көзқарасын дәлелдеуге талпынушылық, алға
ұмтылушылық және т.б. ұнамды қасиеттерді балалар бойында қалыптастыру қоғам
талаптарына айналып отыр. Әрбір отбасы баланың жан-жақты дамып жетілуі үшін тәрбие
институттарының бар мүмкіндіктерін қолдануда.
4-тенденция. Мектеп пен отбасының ынтымақтастығы тенденциясы Бүгінде отбасы
мектеппен ынтымақтаса әрекет етуге өте ынталы болып отыр. Ата-аналар балалары жоғары
сапалы білім алып, жан-жақты дамуы үшін ең таңдаулы мектептерге, тіпті жоғары ақылы
мектептерге оқытуға беруде. Оқушылардың ұлттық тәрбие алуымен қоса әлемдік тәрбие
жетістіктерін пайдалануы үлкен сұранысқа ие болып отыр. Отбасының даму тенденциялары
бүгінгі нарықтық қатынас ықпалынан туындап отырғандығы белгілі. Осы тенденциялар
оқушыларды қоғам талаптарына сай қалыптастыру мен әлеуметтендіру міндеттерін шешуде
басшылыққа алатын бірнеше қағидаларды айқындауға мүмкіндік береді. Я.А. Коменский
отбасын тәрбиенің белгілі бір мақсатқа бағытталған және ұйымдастырылған сатысы деп
санады. Мұндағы жұмыстың мазмұны ананың белгілі бір деңгейдегі білімділігін талап
етумен қатар тәрбиелеу мен оқытудың қарапайым әдіс-тәсілдерінен хабардар болуына
байланысты. Сондықтан отбасы тәрбиесі «Ана мектебі» жүйесіне енді. Осыған сәйкес
211
отбасында баланы тәрбиелеуді педагогикалық жағынан қамтамасыз ету жолдары
қарастырылды.
Отбасы тәрбиесінің мәселелері кеңес педагогтары А.С. Макаренко, А.В.Сухомлинский,
Н.К. Крупская және т.б. педагогтар еңбектерінде кеңінен орын алған. А.С. Макаренко
отбасындағы тәрбиенің негізі еңбекте екенін айта келіп, балаларды отбасы өміріне
қатыстыру ерте кезден ойын әрекетінде, соңынан еңбекке ұласу арқылы басталуы керек
дейді.
Оның «Ата-аналар кітабы», «Тәрбиенің жаңа жолдары», «Балаларды тәрбиелеу туралы
лекциялар» және т.б. еңбектері ата-аналарға отбасы тәрбиесінде кеңес беруге арналған. Ата-
аналардың бүгінгі міндеттері бала тәрбиесі екенін кеңес педагогтарының бірі - В. А.
Сухомлинский былай түсіндіреді: «Егер сіз жер бетінде өзіңізден кейін із қалдыруды
армандасаныз-көрнекті жазушы немесе ғалым т.с.с. болу міндетті емес. Жақсы бала
тәрбиелеп-ақ, өзіңізге қоғамнан берік орын қалдыра аласыз», - деп ата-ананың қоғамдағы ең
бірінші міндеті бала тәрбиелеу екенін ескертеді. Олай болуын қоғамның өзі талап етіп
отырғанын айта келіп: «Адам - дүниедегі барлық бағалының ішіндегі ең жоғары бағалысы.
Біздің әрқайсысымыз, құрметті әке мен ана, мынаны түсінуіміз керек: тәрбие көрмеген шала
сауатты, надан адам бүлінген двигательдермен аспанға көтерілген самолетпен бірдей - өзі де
күйрейді, жұртқа да өлім әкеледі", - деді.
В.А. Сухомлинский: «Рухани қозғау дегеніміз бұл - «мәпелеу», өйткені балғын
шағында мәпелеу көрмеген бала жеткіншек кезі мен жаңа есейе бастаған уақытында дөрекі,
тас бауыр болып кетеді, мұндай жағдайлардың бой көрсету себебі ата-аналардың билікті
дұрыс қолдана білмеуінен», - деп түсіндіреді. Ол ата-аналарға: «Баланың жақсы болғысы
келетін тілегін қастерлеңіз, ол қылығын адам жанының аса бір нәзік рухани қозғалысы
ретінде аялаңыз, билігіңізді шектен тыс қолдана көрмеңіз, ата-ана билігінің парасаттылығын
рахымсыз, есерсоқтыққа ауыстырып алмаңыз», - деп кеңес береді. Қазақ ағартушылары да
отбасы тәрбиесін назардан тыс қалдырған емес. Оның ішінде Абай Құнанбаевтың
поэтикалық шығармалары педагогикалық көзқарасымен бөліп алғысыз байланыста.
Абай өмірдің мәні дүниеде, байлық пен мансапта емес, мәдениет пен әдептілікте, білім
мен ғылымда екенін түсіндіре келіп: «Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар,
мінез деген нәрселермен озады. Одан басқа нәрселермен оздым ғой демектің бәрі де –
ақымақтық», - деп адамның ең негізгі артықшылығы тәрбиесінде екенін айтады (18-сөзі).
Абай сол тәрбиені беруші, баланың өсіп жетілуінің бәрі отбасына, өскен ортасына,
көргендері мен байқағандарының салдары екенін, сондықтан бала жақсы тәрбие алу үшін
оның ортасын, оған әсер етуші ықпалдардың жағымды болуын 19-сөзінде дәріптейді.
Қазақтың аты әлемге әйгілі жазушысы, қоғам қайраткері, зерттеуші М. О. Әуезов те отбасы
тәрбиесі мәселелерін кеңінен қарасгырған. Оның шығармаларында көптеген педагогикалық
проблемалар кеңінен орын алған. Қазіргі халық педагогикасын орынды қолдану мәселесін
шешуде ұлы жазушының шығармалары таусылмас қайнар бұлақ болып табылады. Көптеген
шығармаларында отбасы тәрбиесінің сан алуан ерекшеліктері әдеби көрсетілгенімен, мәні
ғылыми түрде талданған. Соның ішінде отбасылық өмір салтын көрсетіп, ондағы ер кісі мен
әйел, ата-ана мен балалары арасындағы қарым-қатынасты, ер кісі мен әйелдің үйдегі орнын,
рөлін, тұрмыс салтының ерекшелігін суреттеп бейнелеген. М.Әуезов «Адамдық негізі - әйел»
деп аталатын мақаласында адам баласының даму тарихына көз тастай отырып, о бастан
тіршілік көзі де, ұрпақ жалғасы да әйелден басталатынын айтады. Ер жағы қара басынан
басқаға қарамай жүргенде, балаларын баулып, асырап, үйлік ұжымның басын құраған әйел
екенін, алғашқы қауымнан бүгінге дейінгі әйел бейнесін суреттейді. М. Әуезов баланың
дамып, болашақта өз қоғамының талаптарына лайықты жақсы азамат болып жетілуінде оның
өскен ортасы мен отбасы ахуалының ықпалы ерекше екенін айтады. «Біздің ой буынымыз
қатпай тұрған бала күнімізде ең әуелі елжіреп сүйетін кісіміз, ол біздің анамыз», - деп әкеміз
қандай ғалым болсын, адамшылығына ірге болатын құлықты бәрібір анадан алатынымызды
айтады. Отбасы тәрбиесінде ананың орнының ерекше маңыздылығын түсіндіре келіп, М.
Әуезов тәрбие түзелу үшін, ең алдымен сол тәрбиені қалыптастыратын аналар жағдайының
Достарыңызбен бөлісу: |