Дәрістердің қысқаша мазмұны


Отбасылық кеңес  беру: Отбасылық кеңес беру



жүктеу 0,95 Mb.
бет6/6
Дата14.11.2017
өлшемі0,95 Mb.
#418
1   2   3   4   5   6

Отбасылық кеңес  беру: Отбасылық кеңес беру – бұл отбасылық терапияның бір түрі, оның өзіндік терапевтикалық қатысудың ерекшелейтін белгілері мен шектері бар. Отбасылық кеңес беру, отабасылық терапиямен бірге параллельді дамып, бір –бірін өзара байытты. Отбасылық кеңес берудің алдында тұрған мақсаты – отбасындағы әрекеттестікті өзгерту мен жеке тұлғалық өсу мүмкіндігін қамтамасыз етуүшін отбасы мүшелерінің мәселелерін зерттеу болып табылады. Отбасы кеңес беру мен отбасы терапиясы немен өзгешеленеді? Біріншіден, отбасы кеңес беру аурудың тұжырымдамасын қабылдайды. Екіншіден, отбасындағы ролдік әрекеттестік жағдай мен аспектісін талдауға екпін қояды. Үшіншіден, ол кеңес беру субъектілерінің жекелік ресурстарын іздеу мен жағдайды шешудің тәсілдерін талқылауға көмек беруге шақырылған. Отбасы кеңес берудің басты теоретикалық тұжырымдар санының ішіне когнитивті – қылықтық терапия, рационалды-эмоционалды терапия және басқа келтіріледі. Мұнымен оның арсеналында бар әдістер мен тәсілдердің түрлілігі қамтамасыз етілген. Отбасы кеңес берудің негізгі принциптері мен ережелері келесі бөлімдерге келеді. Байланысты орнату және кеңес берушінің клиентке қосылуы. Оптималды қатынасқа мүмкіндік туғызатын конструктивті арақашықтықты сақтаудың көмегімен, сонымен қатар кеңес берушімен кеңес алушының мимикалары мен тыныс алуларын синхронизация тәсілдерін, өзінің отбасылық мәселелері жайында хабарлаушының басым репрезативті жүйесін бейнелейтін сөздік формасн кеңес берушінің қолдауымен қол жетеді. Мета-модельдеу (НЛП) және терапевтикалық метафорлар тәсілдерін қолдану мен клиенттің мәселелері туралы ақпаратты жинау. 

Бұл мақсатқа жету үшін кеңес беруші мынадай нақтылайтын сұрақтарды қоя алады: "мынадай нәтижеге қол жеткізе аласыз ба?”, "сіз нені қалайсыз?”, " ол жайында жоқ деген жағымсыз , бөлшексіз, яғни жағымды нәтижені суреттейтін сөздермен айтуға тырысыңызшы”. Психотерапевтикалық келісім шартты талқылау отбасына кеңес берудің маңызды міндеттерінің міндеті болып табылады. Бұл кезеңде клиент пен оның кеңес берушісінің арасындағы жауапкершілік қалай бөлінетіндігін талқылау жүргізіледі. Мысалы: отбасы кеңес беру қауіпсіздік жағдайларына, клиенттің мәселелерін шешуге жету технологиясына кеңес беруші жауап береді. өз кезегінде клиент өзі белсенділігі, өзінің ролдік қылығын өзгерту тілегінде шынайылығын және т.б. үшін жауапты болады. Бұл фазаны сәтті өткеннен кейін қатысушылар жұмыстың ұзақтығы (3-6 сағат) бір сеансты өткізу ұзақтығымен терапевтикалық кездесулердің кезеңдігі (мысалы, алғашында аптасында 1 рет, кейіннен 2-3 аптада бір рет) жайында келіседі. Соңында төлем ақы шарттары мен келісім шарт жағдайларын екі жақ бұзу санкциялары талқыланады. Кейіннен клиенттің мәселесін нақтылау, сонымен қатар жалпы отбасының және оның мүшесінің әрқайсысының ресурстары анықталады. Бұған мынандай сұрақтар қойылуға мүмкіндігін туғызады: "сіз бұрын қиындықтармен қалай күрестіңіз?”, "сізге онда не көмектесті?”, " сіз қандай жағдайларды мықты болдыңыз?” ,” сіз өз күшіңізді қалай қолдандыңыз?”. Кеңес берушінің өзінің қылығы мұнда клиентке кеңес беру процедурасының қауіпсіздігі мен сәттілігіндегі үмітін нығайту керек: "Сіздің тілегіңіз өзгерісті, сіздің бұрынғы тәжірибеңізді, белсенділік пен шынайылықты кеңес берушінің сізбен бірге қызмет істеуге тілектестігімен бірігу, оның профессионалды қасиеттері мен жұмыс тәжірибесі жұмыстың сәттілігінің кепілдігі болады”. Кеңес берудің қатысушылар мен құлықтың қалыптасқан стереотиптерінің жағымды және жағымсыз жақтары талқыланады. Мысалы, мына сақтардың көмегімен: " сіздің пікіріңізше, құралған жағдайда ең жағымсызы не? Ал бұл жағдайларда ең жағымдысы не?” құлықтың жаңа шаблондарын бірігіп іздеу жүзеге асады. Кеңес беруші келесі сұрақтарды ұсыналы: " Сіз мәселені шешу үшін әлі не істеген жоқсыз?” , "сіз үшін маңызды адамдар ұқсас жағдайда өздерін қалай ұстайды? Сіз солай істей алар ма едіңіз?”  немесе  "сізге осындай істі істеуге не көмектеседі?” кеңес беруші визуализация тәсілдерін қолдана алады: клиенттер транста болып, туындайтын кенестетикалық сезімдерді белгілеп жаңа жағдайларың бейнесін құрайды. 

"Экологиялық тексеру”. Кеңес беруші отбасылық мүшелеріне ұқсас жағдайда 5-10 жылдан кейін өзін елестетіп, өзінің күйін зерттеуді ұсынады. Отбасы кеңес берудің соңында жақындап, кеңес беруші нәтижелерді "қауіпсіздігі” бойынша күш сала бастайды. Кейде клиенттерге жаңа қылық шаблонын меңгеруде сенімділік алуға көмектесетін әрекеттерді қажет етумен байлаысты. Олар кеңес берушіден алынған нәтижелерді талқылау үшін үй тапсырмасы мен бірнеше уақыт өткеннен кейін қайта кеңес алуға шақыру ала алады.  Қазіргі уақытта отбасы кеңес беру Ресей аймағы даласындағы кең тараған психотерапевтикалық көмектің түрі болып табылады. Мұндай процедура жағдайлар қатарында қажетті болған, мысалы, әдебиеттерде "пародаксальді тапсырмалардың” көмегімен Джей Хейли қалай істегені жайында суреттеледі, оны нақты орындау теріс нәтижеге алып келеді, өзінің сезімдерін көрсету жайында кеңес беру өткізілген жас ерлі-зайыптылар өздерінің "эмоционалды әсер беруді тексеру үшін” күніне бір сағат ұрысу  ұсынылған. Хейли саналы түрде ешкім өзіне кесірін тигізе алмайтынын біліп, адами табиғатын осылайша ескерген. Ерлі-зайыпты тапсырманы орындауға тырысып, оны тастап кетті, оларда бір-бірін бағалау тілегі күшейіп, "ақымақ кеңес беруші” кеңесінен бас тартып, осылайша "бөліну” болды.

Соңында сәтті отбасылық өмірге қажетті іскерлікер мен дағдылар отбасы мүшелерінде жеткіліксіз екендігі анықталады; отбасы психотерапия барысында бұл жетпейтін дағдылар түрлі психотерапивтикалық техникалар, арнайы жаттығулар мен тренировкалардың көмегімен қалыптасады. Олардың жалпы принципі отбасы мүшесінің алдында нақты міндет тұрады, мысалы, ол қалыптастыруы керек, іскерлік пен дағды түрінде, және тапсырманы орындай алған, алмағаны жайында сынауға болатын критерий айтылады. Отбасылық психоаналитикалық  терапия: Психоаналитикалық отбасының терапияның қатысушыларының тұрғасының (қазіргі шындық негізінде) бұрынғы бейсаналы қатынастар негізінде емес, толыққанды сау тұлғалар ретінде әрекеттесуге дайын болатындай етіп өзгеруі болып табылады. Психоаналитиктер бақылау мен тыңдауды таңдап, бос талқылауды кенет сұрақтармен тоқтатады.Отбасы жүйелі психотерапия: Қазіргі уақытта жүйелі бағытталу ең кең ұсынылған перспективті, экономикалық мақсатқа бағытталған және терапевтикалық тиімді отбасы терапия бағыты болып есептеледі. Жүйелі отбасы психотерапиясында отбасы құрылған байланыстарды сақтау мен эволюцияға талпынатын бүтіндік жүйе ретінде қарастырылады. Отбасының пайда болуы дамудың заңдылықты дағдарысынан өтеді (некеге тұру, ата-ана отбасынан айырылуы, жүктілік бланың туылуы, баланың мектепке дейінгі / мектеп мекемелеріне түсуі, олардың мектепті бітіруі және өзінің өмір жолын таңдауы, ата-аналардан ажырау, ата – анасының зейнетақыға шығуы және т.б.) әсіресе осы тіршілігінің бөлігінде отбасы бұрынғы тәсілдер мен жаңа мәселелерді шешуге қабілетсіз болғандықтан өздерінің бейімделуіне реакцияларын күрделендіру қажеттілігінің алдында тұрады. 

Жанұяны зерттеушінің құрған кеңесі немесе болжамы жанұялық теориялық моделінен ғана емес, ондағы қалыптасқан жанұяның имплицитті моделіне де байланысты. Бұл психотерапияның тиімділігі бұл мақсаттар мен интерпритациялар клиенттер үшін қаншалықты қалыпты болып саналады соған байланысты. Бірақта вербальді деңгейде біз өзіндік мақсаттың, стереотиптің, клиенттің тұлға екендігінде деген сыйластықтың жоқтығын, сонымен қоса өмірлік тәжірибесі бар, өз мақсаты мен құндылықтарын әрқашанда ұғына бермейтін тірі одан болып қала береді. Жанұяны қатаң ғылым объектісі ретінде қарастыратын әлеуметтанушылардың өздері де "жанұялық өмірдегі тұлғалық тәжірибе сыналушылардың шынайы еместігі мен өз өзін қоғауы жанұялық қарым-қатынасты зерттеуге құлшыныс білдіруге кедергі жасайды " деп айта кетеді. 

Психолог – кеңесінің жұмысы жемісті болу үшін әрбір жанұядағы жанұялық теорияны ондағы бағытты, жұмыс техникасын өзінше жорамалдап қоймай жанұяның өзіндік концепциясын ұғынып, өзі жұмыс істейтін жанұяда қандай мәдениеттің басымырақ екенін түсінуі қажет. Жанұяға еніп кеткен мәдениет екінші бір тері сияқты: біз онда дағдылы түрде өсеміз де оның бар екендігін байқамай да қаламыз. Дегенменде оның біздің мінез-құлқымызға әсері көп екеніне таң қалмауға да болады.  


Пайдаланылған әдебиеттер :

1. Малкина-Пых Г. Семейная терапия. Изд-во ЭКСМО, 2006.

2.Эриксон Э. Детство и общество/ Пер. с англ.-СПб.:Речь,2000.-416с.

3. Асмолов А.Г. Психология личности.- М.: Изд-во Моск.ун-та,1990.-367б.



4. Ковалев  С.В. Психология современной семьи. -М., 1999. 

5. Домбровский А., Велента Т. Кризис семьи // Семейная психология и семейная терапия. 2005.№3.
жүктеу 0,95 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау