Сабақ тақырыбы: Кіріспе. Логистика жағдайындағы көлік



жүктеу 16,94 Kb.
Дата17.01.2022
өлшемі16,94 Kb.
#32983
түріСабақ
лекция -1


Сабақ тақырыбы: Кіріспе. Логистика жағдайындағы көлік

Жоспар:


  1. Логистика туралы түсінік

  2. Логистиканың мақсаты

  3. Логистикалық жүйелер мен орталықтарды қалыптастыру

  4. Логистиканың түрлері

Логистика – бұл көне тарихы бар атау, ол ежелгі өркениет орталығы Грекияда пайда болған. Логистика түсінігі тікелей грек тілінен аударғанда «ойлау, есептеу өнері» деген ұғымды береді. Әйгілі грек математигі Архимедтің айтуынша біздің дәуірімізге дейінгі ІV ғасырда Афинада 10 логист болған екен. Олардың міндеттері есептеулерді жетік меңгерудің арқасында мемлекеттің қалыпты істеуіне қажетті қаражаттарды анықтау және сол қаражаттарға мемлекеттік бақылау жүргізу болған екен.

Логистика – қойылған мақсаттарға жету үшін микро-, мезо- немесе макроэкономикалық жүйелерді анықтауда мәліметтік және қаржылық ағымдармен байланысты қызмет көрсету ағымдарын, материалдық ағымдарды басқару мен тиімдету ғылымы.

Логистиканың мақсаты болып еңбектік және материалдық ресурстардың өз шығынына дәл уақытында жүктерді жеткізу табылады. Осы жағдайларды орындау үшін материалды ағымдарды жеделдетіп, магистральды көлікте өнеркәсіп пен оның шетіндегі объектілерде жүктерді араластырудың қажетті маршруттарын жоспарлауды, қоймалаудың тиімді жүйесін жүргізуді, тасымалдауды контейнерлеу мен пакеттеу, жүк бірліктерін, орам мен ыдысты рационализациялауда іс - шараларының кешенін жүзеге асырады.

Экономикада логистиканың кең қолданылуы ХХ ғасырдың 60-70-ші жылдарына сәйкес келеді, мұнда логистика деп шаруашылық жүргізудің ғылыми-практикалық бағыты, яғни өндіріс пен айналым аясындағы материалдық және олармен байланысты ақпараттық, қаржылық ағымдарды тиімді басқару жүйесі ретінде түсіндіріледі. Сонымен қатар, экономикада логистиканың кеңінен қолданылуы байланыс технологиялары саласындағы жетістіктермен де байланысты. Шикізат, бөлшектер мен дайын өнімдердің қозғалысының барлық сатыларын іштей бақылау мүмкіндігі материалдық ағымдарды басқарудың дәстүрлі үлгісіндегі жіберілетін үлкен шығындарды айқын байқауға мүмкіндік береді.

Жалпы логистиканы экономика саласында қолданылуы өндіріс тиімділігін арттыруға бағыттайды. Себебі, логистиканы қолдану өндіріс және айналым салаларында төменгідей мүмкіндіктерге жетелейді:

-материалдық ағымдар қозғалысының бүкіл жолындағы қорларды төмендетуге;

-логистикалық тізбек бойындағы тауарлар қозғалысының уақытын қысқартуға;

-тасымалдау шығындарын төмендетуге;

-қол еңбегінің шығындарын және жүк операцияларының (оталарының) сәйкес шығындарын қысқартуға.

Логистиканың осы мүмкіндіктерінің көлік саласындағы маңызы да ерекше. Көлік – адаммен жүкті таситын материалдық өндіріс саласы. Қоғамдық өндіріс құрылымында көлік материалдық қызмет өндіру аясына жатады.

Материалдық ағымның шикізаттың алғашқы кезінен бастап соңғы тұтынушыға дейінгі аралығында орындалатын логистикалық операциялардың көп бөлігі түрлі көлік құралын қолдану арқылы жүргізіледі. Бұл операцияларды (оталарды) орындауға кететін шығындар логистикаға кететін жалпы шығындардың 50 пайызға дейінгі шамасын құрайды екен.

Сонымен қатар, қазіргі таңда көлік өндірістік және сауда үдерістеріне үйлесімді түрде енуде. Сондықтан да, көліктің құрамдасы ретінде логистика оның көптеген мәселесін шешуге қатысады. Сонымен бірге логистиканың өз бетінше қызмет ететін тасымалдау саласы да бар, ондағы қатысушылар арасындағы көп аспектілі үйлесімділік материалдық ағым қозғалысының өндірістік-қойма учаскелерімен тікелей байланыссыз қарастырылады.

Көлік логистикасының міндетіне тасымалдау үдерісінің тікелей қатысушыларының іс-әрекетінің келісімділігін күшейтетін мәселелерді шешу жатады. Мұндай мәселелерді шешу өзектілігі тасымалдау жұмысының кең аспектіде қолданылуынан туындайды.

Мысалы, жаппай пайдалану көлігінің қызметінде, көлік салааралық немесе аймақаралық байланыстарды қалыптастырғанда және т.б. Сондықтан, көлік логистикасының негізгі міндеттеріне төменгілерді жатқызуға болады:

-көлік жүйесін құру, соның ішінде көлік коридорларын және көлік тізбектерін құру.

Мұндағы көлік коридоры (дәлізі) дегеніміз бұл ұлттық немесе халықаралық көлік жүйесінің бір бөлігі, ол жеке географиялық аудандар арасындағы жүк тасымалдарын қамтамасыз етеді.

Осы тұста тиімді көліктік-логистикалық орталықтарды қалыптастыру негізінде аймақтық ерекшеліктерді ескеру ұсынылады. Мысалы, тиімді жұмыс істейтін орталықтар келесідей қалаларда құрылады. Солтүстік аймақта – Астана, Қарағанды және Павлодар қалаларында; Оңтүстік-Шығыста – Алматы, Шымкент қаласында және Достық бекетінде; Батыста – Ақтау, Ақтөбе және Атырау қаласында. Бұл орталықтардың құрылуы осы қалалардағы көліктің экономиканың басқа да салаларымен байланыстарының дамуын қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, көліктік-логистикалық орталықтар қалалар үшін қазіргі заманғы терминалды технологияларының дамуына жағымды жағдай жасаса, клиенттер үшін – қазіргі халықаралық сапа талаптарына сәйкес келетін көліктік-экспедициялық, қоймалық, кедендік және сервистік қызметтердің кешенін ұсынады.

Қазіргі уақытта логистиканың көптеген түрлері есептеледі. Оның кейбіреулері мыналар:



      • көліктік логистика (оның ішінде теміржол көліктік логистикасы);

      • қоймалық логистика (қоймалау логистикасы);

      • мәліметтік логистика;

      • коммерциялық логистика;

      • маркетингтік логистика;

      • сату логистикасы;

      • өндіріс логистикасы;

      • өнеркәсіптік логистикасы;

      • бөлу логистикасы.

жүктеу 16,94 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау