Құзыреттiлiк. Бала төрт жасында әлеуметтiк құзыреттiлiктiң белгiлi деңгейiне жетедi: басқа адамға қызығушылығын бiлдiредi, оған сенедi, үлкендермен және құрдастарымен өзара қарым-қатынас жасауға тырысады. Басқа адамдармен байланыс орнату үшiн қатынасудың тiлдiк және тiлдiк емес (көзқарастар, ым, ишара, мәнерлi қылықтар мен қозғалыстар) тәсiлдерiн қолданады. Өзiнiң қай жынысқа жататынын түсiнедi («Мен ұлмын», «Мен қызбын»).
Бiлiктiлiк құзыреттiлiгi баланың қоршаған әлемдi танып-бiлу мақсатында әртүрлi сұрақтар қойып, белсендi қызығушылық танытуынан көрiнедi. Ол әртүрлi тұрмыстық заттар мен ойыншықтарды ерекшелiктерiне (түсi, пiшiнi, көлемi, фактурасы, құрылымы), қызметiне қарай қолданып, байқайды. Сонымен қатар ауызша сипаттай алады (үлкен, әдемi, дөңгелек, т.б.).
Ана тiлiн меңгеру негiзгi грамматикалық санаттар мен сөйлеу тiлiн меңгеруiмен сипатталады.
Екiншi тiлдi меңгеру. Мектепке дейiнгi кiшi жастағы бала екiншi тiлдiң неге керек екендiгiн түсiнбейдi. Сондықтан оны меңгерудi алдына саналы түрде мақсат етiп қоймайды. Ол балалардың өзге тiлдi адамдармен қарым-қатынас жасау барысында қалыптасады.
Екiншi тiлдi меңгеру үдерiсi баланың үлкендермен және басқа балалармен қарым-қатынасындағы тұлғалық, танымдық, ойын iс-әрекетi қажеттiлiктерiн қанағаттандыру барысында құрылады. Осы мақсаттағы қарым-қатынас баланың тiлдiк ортаға тiкелей қатысуымен жүргiзiлуi керек. Бiрлескен iс-әрекет қуану, үлкендермен, құрдастарымен ынтымақтасу, олармен қарым-қатынасына қанағаттану негiзiнде қалыптасады.
Дене қызметiн дамытудағы 3-4 жастағы балалардың құзiреттiлiгi олардың өмiрлiк маңызды қозғалыс түрлерiн (жүру, жүгiру, өрмелеу), қарапайым гигиеналық және өз-өзiне қызмет көрсету дағдыларын меңгеруiмен анықталады.
Эмоционалдылығы. Балада үлкендермен эмоционалдық қарым-қатынас жасау қажеттiлiгi жоғары болады. Өзiнiң түрлi көңiл күйi мен сезiмiн (қуаныш, ренiш, қорқыныш, таңқалу, рақаттану, т.б.) ашық көрсетедi.
Бастамашылық баланың тiршiлiк әрекетiнiң барлық салаларында: қарым-қатынаста (үлкендерге бастамашылық қарым-қатынас: сұрақтар қою, өтiнiш жасау, т.б.), заттық-тәжiрибелiк әрекет (заттар мен материалдар: бояу, қағаз, ермексаз, конструкторлармен эксперимент жасау арқылы байқап көру), өз бетiнше құрастырған сюжеттi-бейнелеу ойындарында көрiнедi. Осы әрекеттер арқылы баланың шығармашылық қабiлетi дамиды.
Дербестiк — 3-4 жастағы балалардың маңызды ерекшелiгi («Мен өзiм», «Қолымнан келедi»). Олар барлық iс-әрекет түрлерiнде үлкендерге елiктеп, оларды қайталайды (өзi тамақтанады, киiнедi), мақсатты бiр iс-әрекетке қызығушылықпен кiрiседi (ыдыс жуады, кiр жуады, дүкеннен сатып алады және т.б.).
Үлкендер баланың белсендiлiгiн қолдап, ынталандырып отырумен қатар, әр кезде қауiпсiздiк ережелерiн сақтауы керек. Өйткенi бала айтылған ескертулердi ескере бермейдi, сондықтан үлкендер қауiптi жағдайлардың алдын алу шараларын ұмытпағаны жөн (зақым келтiретiн, жаралайтын, сынатын немесе кесетiн заттарды алып қою, шкафтардың есiктерiн жабу және т.с.с.).
Балалық баланың негізгі ӛмірлік мұқтаждарын (биологиялық, рухани, материалдық) қамтамасыз етуде ересектердің қатысу дәрежесімен; баланың ортаның жағымсыз әсеріне қарсы тұра алу мүмкіндіктер деңгейімен (ӛз бетімен немесе үлкендердің кӛмегімен) анықталады. Балалық кезеңдерінің педагогикалық сипаттамасы.
Мектепке дейінгі балалық. Бала негізгі ӛмірлік мұқтаждарын қамтамасыз етуде ересектердің кӛмегін қажет етеді, оның ортаның жағымсыз әсеріне қарсы тұра алу мүмкіндіктер деңгейі ӛте тӛмен.
Кіші мектептегі балалық. Баланың биологиялық, эмоционалдық, материалдық мұқтаждарын қанағаттандыруда отбасының ролі сақталады, бірақ әлеуметтік-танымдық мұқтаждарын мектеп қанағаттандырады. Ортаның жағымсыз әсеріне қарсы тұра алу қабілеті балада аздап ӛсті. Негізгі қорғау қызметтері отбасы мен мектепке жүктеледі.
Жеткіншектік балалық. Баланың биологиялық, эмоционалдық, материалдық мұқтаждарын қанағаттандыруда отбасының ролі белгілі бір мӛлшерде сақталады, әлеуметтік-танымдық мұқтаждарын қанағаттандыруда мектептің, құрбы-құрдастарының ролі жоғарлай түсті. Балада микро-, макроортаның жағымсыз әсеріне қарсы тұра алу қабілеті біршама ӛсті. Құқықтық жауапкершілігі қалыптаса бастады. Ересектердің, тәрбиелеуші ұжымның қорғау қызметі біршама тӛмендейді. Осы кезде, еркін қарым-қатынаста туындаған жағымсыз жаңдайдың ықпалы балада жоғары эмоционалдық қабылдауды қалыптастырады.
Үлкен балалық. Эмоционалдық, материалдық мұқтаждарын қанағаттандыруда отбасының ролі белгілі бір мӛлшерде сақталады. Оқушының әлеуметтік, танымдық мұқтаждарын қанағаттандыруда, оның ӛз білімін жетілдіру, ӛзін-ӛзі тәрбиелеуді ұштастыра білетін мұғалімдер маңызды роль атқарады. Кейбіреуі материалдық мұқтаждарын ӛз бетінше қанағаттандыруы мүмкін. Толық құқықтыққа ие (үйленуден басқа). Ересектер сияқты микро-, макроортаның жағымсыз әсеріне қарсы тұра алу қабілеті жоғарлады. Енді ересектер болашаққа әлеуметтік-кәсіби бағыт-бағдар беру қызметінмен айнасады.
«Жас ерекшелігі педагогикасы» оқу курсының құрлысы және мазмұны: баланың даму кездеріне байланысты психодене дамуының ерекшеліктері, психологиялық даму доминантары, іс-әрекеттің негізгі түрлері, негізгі педагогикалық ой, педагогикалық іс-әрекет технологиясы.
Психодене дамуының ерекшеліктері тұлғаның биологиялық жағынан қалыптасуын сипаттайды. Бұнда баланың дене сапасының, дара-психологиялық қасиеттерінің дамуына байланысты әртүлі іс-әрекетке қатысу мүмкіндіктері, оның қарым-қатынас, шығармашылық, мінез-құлқының әлеуметтік нормалар мен ережелерді сақтау, топтың, ұжымның шын мүшесі бола білу мүмкіндіктері туралы сӛз болады.
Психологияның ең негізгі міндеті «тұлғаның ішкі әлемін тану» деген қағиданы ескерсек, оның мәдениетпен және тарихпен тығыз байланысты екенін айтып кеткен жөн болар. Әлеуметтік дамыған тұлғаны тек қоғамда қабылданған нормаларды ұстанумен ғана емес, сонымен қоса белгілі бір топтарға, ұжымдық және қоғамдық құндылықтарға бағытталғанымен ерек-шеленеді. К. Юнг бойынша осы жас дағдарыс кезеңі. Шынайы өмірдің талаптарына жасөспірім бейімінің сай келмеуі орын алады.1920-шы жылы психолог Л.С. Выготскийдің айтуы бойынша жасөспірім кезеңіне қатысты психологияда біршама жалпы теория қарастырылған. Бұл теориялар қазіргі заманда мәнді болып келеді. Кең түрде жасөспірім кезеңін 3 негізгі тұрғыда қарастыруға болады.1) Биогенетикалық биологиялық процес негізінде және дамудың басқа да процестері қарастырды.2) Социогенетикалық тұрғы тұл-ғаның өмір барысында алдына қойған мақсаты мен әлеуметтік процестеріне басты зейін аударуын бекітеді.3) Психологенетикалық — өзіндік даму негізіндегі психика процестерінің қызметтерін негіз етіп қою.Биологиялық теорияның өнімі американ психологы Ст. Холл ол даму психологиясының басты заңы (рекапитуляция заңы) деп қарастырды. Мұнда индивидуалды даму, финогендік басты сатысының қайталануы болып табылады.Биогенетикалық концепциясының неміс өкілдері “Конституционная психология” Э. Кречмер әртүрлі биологиялық фактор негізінде, тұлға типолониясының басты проблемасын жасады. Адамның физиологиясы мен дамуының арасында ерекше байланыс бар деді. Пайдаланған әдебиеттер:
1. Белкин А.С. Основы возрастной педагогики. - М.: Издательский центр
«Академия», 2000. - 192 с.
2. Н.Айғабылов. Бастауыш класс оқушыларының ақыл - ой әрекеті белсенділігін арттыру. Алматы, «Мектеп». – 1985, 20б.
3. А.В.Петровский. Педагогикалық және жас ерекшелігі психологиясы. Алматы, «Мектеп». – 1987. 125б.
4. Поливанова К.Н. Психологическое содержание подросткового возраста
// Вопросы психологии, 1996. № 1 стр. 20-23.
5. Н.С.Ахтаева, А.І.Әбдіғапбарова, З.Н.Бекбаева. Әлеуметтік психология –
Алматы «Қазақ университеті», 2007.
6. Кон И.С. Психология юношеского возраста – М., 1979.
7. Драгунова Т.В. Подросток М., 1976.
8. М.М.Мұқанов. Жас және педагогикалық психология. Алматы, «КазПИ
баспасы». -1980. 29б.
Тақырыбы:Ата-аналарды психологиялық-педагогикалық сауаттандырудың имперактивті әдістері
Мақсаты: Өскелең ұрпақтың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруды тәрбиелеу процесінде отбасы мен мектептің ынтымақтастығы
Ата-аналардың функционалдық сауаттылығы
Отбасымен жүргізілетін жұмыстың дербес түрі
Функционалдық сауаттылығын қалыптастырудағы іс- әрекеттің негізгі басым бағыттары
Дәрістің қысқаша мазмұны:
Өскелең ұрпақтың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруды тәрбиелеу процесінде отбасы мен мектептің ынтымақтастығына үлкен рөл бөлінеді. Отбасы мектепке оқушылардың іс әрекетін ұйымдастыруында «Білім туралы» Заңды ойдағыдай жүзеге асыруына көмек көрсетеді. Алайда ата-аналардың педагогика негіздерін нашар білуі қазіргі кезеңде әлеуметтік тәрбиелеу мен мектепке бейімдеу ісіне кедергі келтіріп отыр. Сондықтан дәл қазір отбасы мен мектептің өзара әрекетін нығайту, бала тәрбиесіндегі әкелер мен аналардың жауапкершіліктерін арттыру қажет. Және бұл шараны мектеп ұйымдастыруы тиіс. Осыған орай бұл істі ұйымдастыруда мектеп мұғалімі, психологы, әлеуметтік педагог жұмысының маңызы артады, көптеген маңызды мәселелер мен сұрақтардың шешімі осыған байланысты.
Тікелей балалармен жұмыс жасайтын әлеуметтік педагог, өзінің кәсіби қызметіне орай, отбасын нығайту ісіне өзіндік үлесін қосуы керек. Мектепте отбасы мен сынып жетекшісінің бірлескен жұмысын ұйымдастыра отыра, ол соңғы нәтижеге – әр баланың барынша тұлға ретінде дамуын қамтамасыз етуге ұмтылады. Әлеуметтік педагог бүгінгі күні отбасын тұлғаның балалық шағындағы даму жағдаятын анықтайтын әлеуметтік орта ретінде қарастырады. Сонымен қатар, әлеуметтік педагог қазіргі кезеңде қандай да бір проблеманың мәнін белгілеуде, жөнсіздіктің себебін анықтауда қиындықтар көреді.
Сынып жетекшісі деген арнайы мамандық болмағандықтан, сыныпқа жетекшілік жасау міндетін оқу жүктемесі бар пән мұғалімдері атқарады, ал, кейбіреуі жарым-жартылай орындайтыны да жасырын емес. Сол себепті, әлеуметтік педагог мұғалім, отбасы мен баланың өзара әрекетін ұйымдастыру бойынша білім беру мекемелерінде ата аналардың тәрбие процесіндегі белсенділігін арттыруда қажет өзекті формалары мен әдістерін ашуда олармен жұмыс жүргізеді.
Сынып жетекшісінің міндеті − ата-аналарға көмектесу. Ата-аналар кез-келген сұрақтың жауабын білетін, өз тәрбиеленушілерін жақсы көретін, яғни мектеп оларға екінші үй болатындай барлық мүмкіндікті жасауға дайын сынып жетекшісін көргісі келеді.
Сынып жетекшісінің негізгі міндеттерінің бірі – отбасы мен мектепті біріктіруге күш салу, сыныптың оқу-тәрбие жұмысының міндеттерін шешу үшін олардың іс-әрекетін үйлестіру отбасы мен мектептің тығыз ынтымақтасу жолдарын анықтау, «отбасы-мектеп» бірыңғай тәрбие кеңістігін қалыптастыру болып табылады.
Ал ата-аналар – отбасында бала тәрбиесіне қажет қолайлы жағдай тудыру және отбасылық тәрбиеде қателікке жол бермеу үшін белгілі бір психологиялық-педагогикалық білімдерді, педагогикалық іс-әрекеттің практикалық дағдылары мен біліктерін толық көлемде меңгеру бойынша жұмыс жүргізеді.
Қойылған мақсатқа орай, оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру бойынша мектеп және отбасының өзара әрекеттесу формасын анықтау міндетін шешу қажет.
Отбасымен, оқушылардың ата-аналарымен байланыс орнату – барлығының бастауы. Отбасына «ену» қажет қана емес, сонымен қатар, ата-аналардың барлық арман-тілегінің басты шарты – өз баласының тәлімгері бойынан ең алдымен, өзіндегі қымбатты сеніп тапсыруға болатын Адамды көргісі келетіні.
Педагогтардың ата-аналармен қатынасындағы қағидалар:
– ақыл үйретпей, кеңес беру керек. Бірлескен іс-әрекеттер туралы бірге ойласу, кеңесу;
– ата-аналармен қарым-қатынас жасай отыра, олар бізге қажет, біздің одақтасымыз, олардың көмегі мен кеңесіне мұқтаж екенімізді көрсету;
– ата-аналық сүйіспеншілік пен құрметке үндеу;
– балаларды сипаттай отыра, ең алдымен бала туралы жақсыны ғана айту қажет;
– ата-аналардың тұлғасына, олардың еңбектегі жетістіктеріне жоғары құрмет көрсету;
– ынтымақтастық, ортақ шығармашылық.
Мамандар баланың функционалдық сауаттылығын қалыптастырудағы отбасымен іс-әрекеттің барлық түрлерін пайдалануды ұсынады. Педагогтар ата-аналарға іс-әрекеттің бірдей түрлерін күштеп ұсынбастан, негізінен, ата-аналарды шыдамдылықпен мектеп және сынып жұмыстарына қатыстыра отыра, олардың қажеттіліктеріне, сұраныстарына, отбасылық тәрбиенің ерекшеліктеріне бағдарлануы қажет. Отбасымен жұмыстың негізгі түрлері – дербес және топтық жұмыстар.
Отбасымен жүргізілетін жұмыстың дербес түрі.
Жұмыс жоспарына оқушылардың отбасына бару, ата-аналармен жүргізілетін жеке әңгімелер, оқушыларды дамытудың келешегі мен құралдарын бірге анықтау, педагогикалық консультациялар, дербес тапсырмалар кіргізіледі.
Ата-аналармен жүргізілетін дербес жұмыс отбасы мүшелерінің әрқайсымен тікелей қатынас орнатуға, бала тұлғасы дамуына ықпал ететін жолды іздестіруде үлкен түсіністікке қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Отбасымен жұмыстың топтық түрі.
Өзара іс-әрекеттің топтық түрін қолдана отыра, ата-аналардың жекелеген топтарын келесі белгілері бойынша саралауға болады:
ата-аналар активі (сыныптың, мектептің);
мүдделері бойынша ұйым жұмыстарының жетекшілері-ұйымдастырушылары (үйірме, секция жетекшілері);
мектепте, немесе сыныпта қандай да бір мәселені әзірлейтін және шешетін ата-аналар;
бала тәрбиесінде ұқсас проблемалары бар ата-аналар;
қыз (ұл) балалар тәрбиелеп отырған ата-аналар;
жалғыз (көп) бала тәрбиелеуші ата-аналар;
дамуы мен мінез-құлқында ауытқушылығы бар баланың ата-аналары.
Жақсы отбасы көрсеткішінің бірі – ондағы қолайлы ахуал болып табылады. Дегенмен, Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының жоғары сынып оқушылары арасында «Біз өз балаларымызды білеміз бе?» тақырыбында жүргізген сауалнама нәтижелері қуантарлық емес. «Отбасында біз күн сайын отбасылық өмір мәселесі, мектептегі істеріміз, күнделікті оқиғалар туралы ой бөлісеміз бе?» деген сауалға респонтенттердің 62% «иә» десе, 38% «жоқ» деп жауап берген. «Каникул кезінде отбасымен бірге демаламыз ба?» сауалына жоғары сынып оқушыларының 18% – «иә» десе, қалған 82% – «жоқ» деген және т.б.
Мектептің отбасымен өзара іс-әрекет формалары оқушылардың функционалдық сауаттылығын, бала мен ата-ана арасындағы қарым-қатынасты нығайту мен сауықтыру үшін қажет іс-әрекеттің оңтайлы түрлері мен әдістерін қалыптастыруда белгілі қызмет атқарады.
Бұл үшін отбасында бала тұлғасының қалыптасуына және дамуына кері әсер ететін әлеуметтік-педагогикалық және психологиялық проблемаларды диагностикалау және анықтау қажет.
Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастырудағы іс- әрекеттің негізгі басым бағыттары: отбасына практикалық көмек және педагогикалық қолдау көрсету; ата-аналарды отбасы тәрбиесі мәселесі бойынша оқыту, бала тәрбиесіндегі оң тәжірибемен таныстыру; отбасындағы сәтсіздіктің себептерін, отбасындағы балаға деген қарым-қатынасты зерттеу; қамқоршы, қабылдайтын отбасыларын және т.б. құру бойынша ақпарат тарату, көмек көрсету.
Бұл үшін қажет:
Тиімді технологиялар: балалар мен ата-аналардың тұтынушылық- құндылық аясы туралы деректер банкін құру, топтық кеңестер жүйесі, мақсатты конференциялар, іскерлік ойындар, баспасөз-конференциялары, бейнежазбалар талдауы, отбасыішілік қатынасты ұйымдастыру.
Ерекше жағдайлар мен ерекшеліктер: ата-аналардың, мектепке дейінгі мекемелерінің тәрбиешілері, әлеуметтік педагогтары, практикалық психологтары, мектеп және басқа оқу орындары педагогтарының, қоғамдық-мемлекеттік мекемелері мен социум қызметінің күшін біріктіру. Аса маңызды мәселе – мектеп және отбасы тәрбиесін, білім алушылар тәрбиелілігін және функционалдық сауаттылығын диагностикалау. Бұл мәселелер бойынша диагностика бірнеше қызмет атқарады:
белгілеуші (ақпараттық);
болжамдаушы (мектеп-отбасы өзара әрекеттесуінің дамуын болжау);
құндылыққа-бағдарланған (бағалаушы);
дамытушы (тәрбиелік).
Диагностика нәтижелеріне дұрыс талдау жасау маңызды. Оларды белгілеу формаларына: кестелер, диаграммалар құрастыру; сипаттамалар құрастыру; диагностикалық карталар, күнделіктер жүргізу жатады.
Еліміздің білім беру ұйымдарында өскелең ұрпақтың сауаттылығын қалыптастырудағы мектеп және отбасы өзара іс-әрекеттерінің тиімді де нәтижелі сан қырлы түрлері қолданылады.Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастырудағы мектептің отбасымен өзара іс-әрекеттерінің түрлері:
Ата-аналар жиналысы. Бірлескен әрекеттерді, педагогикалық көзқарастарды келісу, проблемалар туралы бірін бірі хабардар ету, қол жеткізген нәтижелерді талдау.
Педагогикалық практикум. Шынайы тәрбие жағдаяттары арқылы ата-аналар мен педагогтардың тәжірибелерін пайымдау, тәрбие әрекетіндегі олардың білім, біліктерін келісу.
Отбасыларына бару. «Отбасы» рейдін ұйымдастыру. Баланы және ата-ананы отбасы жағдайында зерттеу, отбасы ахуалымен танысу. Қажет болған жағдайда құзыретті мекемелерге ақпарат жеткізу (ата-аналар комитетіне, құқық бұзушылықтың алдын алу кеңесіне, кәмелетке толмағандар істері жөніндегі комиссиясына, немесе инспекциясына).
Психологиялық-педагогикалық кеңестер. Отбасыларға проблемалық жағдаяттан шығар жол іздеуде көмек көрсету, ата-аналардың психологиялық мәдениетін көтеру, жауапкершілігін арттыру және оның әлемді шығармашылықпен меңгеруге даярлығын қалыптастыру. «Сенім телефоны» қызметі. Телефон арқылы шұғыл, кәсіби, құпия көмек. Абоненттерге дағдарыс жағдайынан шығуы үшін шығармашылық, тұлғалық, рухани және дене бітімі жағынан дамытудағы көмек.
Психологиялық-педагогикалық консилиум. Бала дамуы, оның мінез-құлқын түзету проблемаларын шешу бағдарламасын әзірлеуде ұсыныстар, көзқарастар мен іс-әрекеттерді келісу мақсатында бала тұлғасының ерекшеліктерін бірлесе отырып талқылау.
Баспасөз конференциясы. «Сұрақ-жауап» түріндегі қатынас, ата-аналар және педагогтардың психологпен, әлеуметтік педагогпен, құқық қорғау және әділет органдары өкілдерімен кездесуі.
Дөңгелек үстел. Өзара түсіністікке, бір немесе бірнеше проблема бойынша педагогикалық келісімге қол жеткізу (қатынастың дискуссиялық түрі).
Тәжірибе алмасу. Нақты тәрбие мәселесін талқылау.
Клубтың отырысы. Психологиялық-педагогикалық ағарту, ата-аналардың демалысын ұйымдастыру.
Педагогикалық ринг. Педагогтар мен ата-аналардың зияткерлік, педагогикалық шеберлігі мен білігін көтеру.
Ата-аналар лекторийлері. Ата-аналардың психологиялық- педагогикалық, функционалдық, құқықтық және т.б. сауатын көтеру.
Ата-аналар хабаршысы. Мектеп оқушыларының даму, оқу, отбасы тәрбиесі мәселелерін баяндау.
Ашық есік күні. Танысу, тәжірибе алмасу, ата-аналарды мектептегі оқу- тәрбие процесіне қатыстыру.
Кіші педагогикалық кеңес. Мектептің өзекті мәселелерін шешу ісіне ата-аналар жұртшылығын тарту.
Ата-аналар комитеті. Ата-аналарды мектептің оқу-тәрбие, мәдени-көпшілік және шаруашылық жұмыстарын ұйымдастыру проблемасын шешуге қатыстыру.
Мектеп кеңесі. Жұртшылықтың, ата-ана, педагогтік және білім алушылар ұжымдарының мектепті басқару, мектептің тиімді жұмыс жасауы мен дамуы үшін қажет көмек көрсету, оқушыларды оқыту мен тәрбиелеуде мемлекет және қоғам қойған маңызды талаптарды жүзеге асыру ісіне қатысуы.
Бірлескен мәдени-көпшілік шаралар. Бірлескен мәдени демалыс ұйымдастыру, саяхат–ойын, мектептік туристік слет және т.б. өткізу.
Ата-аналар конференциясымен толық оқу жылына сайланған білім беру ұйымының педагогикалық кеңесі, ата-аналар комитеті және әкелер кеңесімен өзара іс-әрекет жұмыстың ерекше де басты түрі болып табылады.
Ата-аналар активі – бұл педагогтардың тірегі, өзара дұрыс іс-әрекетте олардың ойының жолбасшысы болады.
Жұмыстың топтық түрінен біз ең тиімдісі деп ата-аналар жиналысын атай аламыз. Әр ата-аналар жиналысы мұқият дайындалады, ол қызықты да, ата-аналардың белсенді қатысуы жағдайында өтуі үшін арнайы «сценарий» әзірленеді.
Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастырудағы мектептің отбасымен өзара іс-әрекеттерінің жоғарыда аталған түрлері:
– отбасылардың бала тәрбиелеудегі мүмкіндіктерін анықтауға;
педагогтық ұжым мен ата-аналардың өзара іс-әрекетінің міндеттерін анықтауға;
ата-аналардың педагогикалық көзқарастарын түзуге;
ата-аналардың педагогикалық оқытуын ұйымдастыруға;
оқушылардың ата-аналарын оқыту-тәрбиелеу процесіне қатыстыруға;
мектептегі өзін-өзі басқару органдарының жұмысына оқушылардың ата-аналарын қатыстыруға;
оқушылардың сапалы білімін қамтамасыз етуде, балалардың саналы түрде кәсіп таңдауында кәсіби мүддемен даярлығын дамытуда, адамгершілік және мәдени мінез-құлқын, салауатты өмір салты қажеттілігін тәрбиелеуде, мектеп оқушыларын отбасылық өмірге дайындауда педагогтар мен ата- аналардың бірдей көзқарасын қалыптастыруда;
оқушыларды тәрбиелеу процесінде, біртұтас педагогикалық көзқарас негізінде мектеп және отбасының өзара іс-әрекетін ұйымдастыруда педагогтар мен ата-аналардың шынайы ынтымақтастығын құруға көмектеседі.
Еліміздің көптеген мектептерінде тәрбиенің әлеуметтік институты ретінде отбасымен өзара әрекеттесудің формалары және әдістерінің жүйесі қалыптасқан. Тақырыптық ата-аналар жиналысы, ата-аналар комитетінің мәжілістері, ата-аналар университеттері, ата-аналармен мақсатты кездесулер, «Сенім телефоны» қызметінің жұмысы, ата-аналар үшін психологиялық-педагогикалық кеңестер олардың психологиялық-педагогикалық, функционалдық және құқықтық сауаттылығын арттырады.
Әдебиеттер :
1. Глебова С.В. Детский сад – семья: аспекты взаимодействия. – Воронеж, 2005
2. Зверева О.Л. Кротова Т.В. Общение педагога с родителями в ДОУ. – М., 2005
3. Козлова А.В., Дешеулина Р.П. Работа ДОУ с семьей. – М., 2004
4. Белая К.Ю. Методическая работа в ДОУ. – М., 2006
Тақырыбы: МДҰ мен ата-аналар арасындағы қарым-қатынастағы қиындықтар.
Мақсаты: Балабақшадағы ата-аналармен қарым-қатынас қиындықтарын таба білу
Достарыңызбен бөлісу: |