Дәрістердің қысқаша мазмұны


Жоспар: МДҰ мен ата-аналар арасындағы қарым-қатынастағы қиындықтар. Дәрістің қысқаша мазмұны



жүктеу 0,95 Mb.
бет5/6
Дата14.11.2017
өлшемі0,95 Mb.
#418
1   2   3   4   5   6

Жоспар:

  1. МДҰ мен ата-аналар арасындағы қарым-қатынастағы қиындықтар.

Дәрістің қысқаша мазмұны:

Көптеген жылдар бойы мемлекет өндірістік және қоғамдық жұмыстарды алға қойып соның нәтижесінде ата-аналарды өз балаларының тәрбиесінен алшақтатқанмен қатар, өз балаларына деген жауапкершілікті алып, бала тәрбиесін қоғамға жүктеді. « Мен жұмыстамын, баланың тәрбиесімен айналысуға менде уақыт та, арнайы білім де жоқ », - бұл ойды бүгін де естуге болады.



  1. Материалды және жанға қатысты сұрақтардың арасындағы шешімі әлі табылмаған қайшылықтар, сонымен қатар отбасылық және өндірістік жауапкершіліктердің арасында әйелдер ананың беделін түсіреді, ал « әке болу, әлеуметтенудің маңызды институты ретінде құрып кетті».

  2. Тәрбиешіге деген сенім жоқ, ата-аналарға балабақшадағы тәрбиелеу мен оқыту ұнамайды, және балабақшадан соң балаларын гимназияларға, лицейлерге, авторлық мектептерге береді, соның өзінде балалар да, ата-аналар да ешқандай тілексіз балабақшаға барады.

  3. Балабақшалар әлі күнге жабық мекеме болып қалуда, ата-аналар нашар немесе мүлде тәрбиелеу, оқыту құрылымын түсінеді, сондықтан олар тәрбиешілерге кеңес беруге, көмектесуге қырлары жоқ. Бұл ата-аналар-сырттан бақылаушылар.

  4. Ата-аналардың кейбір бөлігін сырттан бақылау ролі ұнатпайды. Олар МДМ-нің дамуына үлес қосады, өз ұсынытарын,тілектерін, талаптарын алға тартады, нәтижесінде «әлеуметтік тапсырыс» құрады. Бірақ бұл жерде де проблеме пайда болады: Мұндай «әлеуметтік тапсырыс» музыка, би, шет тілдеріннен алшақ; ол көбіне сәнге жақын. Тәрбиеші шын мәніндегі әлеуметтік тапсырысты құруға көмек бере алады.

  5. Ата-аналар мен педагогтар өздерін бір ойлы әріптестерміз деп сезінбейді, көбіне олар әрқашан бір-бірін түсінбейтін оппоненттар.

Әдебиеттер :

1. Глебова С.В. Детский сад – семья: аспекты взаимодействия. – Воронеж, 2005

2. Зверева О.Л. Кротова Т.В. Общение педагога с родителями в ДОУ. – М., 2005

3. Козлова А.В., Дешеулина Р.П. Работа ДОУ с семьей. – М., 2004

4. Белая К.Ю. Методическая работа в ДОУ. – М., 2006
Тақырыбы: Ата-аналармен жұмыста анкетлеуді қолдану

Мақсаты: МДМ-дегі ата-аналар сауалнама өткізу туралы түсінік қалыптастыру. Ата-аналармен жұмыс істеудің ерекшеліктерін ашу.

Жоспары:


  1. Анкеталық әдіс түсінігі

  2. Анкеталық әдіс түрлері

  3. Ата-аналар жүргізілетін сауалнамалар

Дәрістің қысқаша жоспары:Анкеталық әдіс- қоғамдық тұрмыс пен әлеуметтік жағдайды зерттеудің нақтылы социологиялык эдісінін бірі. Анкеталық әдіс көпшіліктің белгілі бір мәселеге қатысын немесе пікірін анықтау үшін қолданылады.

Анкеталық әдістің екі түрі бар: 1) интервью-анкета (анкеталарды белгілі бір адам арқылы таратып, ондағы сұрақтарға жауап алу); 2) сырттай сұрастыру (сұраққа жауап берушілер анкеталарды интервью алушылардың қатысуынсыз толтырады).

Анкеталық қолдануда сұрақ қоюдың бірнеше түрі болады. 1) Дихотомиялық сұрақ (жауап берушілерден "ия", "солай", "жоқ", "олай емес" т.б. сөздердің астын сызу немесе тұсына белгі қою арқылы өзінің пікірін білдіру талап етіледі). 2) Жабық анкета (сұраққа беретін жауаптардың бірнеше нұсқалары тізіледі де, жауап беруші солардың бірін белгілеу арқылы өз пікірін білдіреді). 3) Ашық анкета (жауаптын мазмұнына ешбір шек қойылмайды) - неғұрлым мазмұнды, толық мәлімет алудын тиімді жолы.

Анкеталық әдіс қолданылғанда жауап берушілердің аты-жөніне ерекше мән беріледі. Егер бұл шарт дұрыс орындалса, зерттеуде қажетті мәліметтің алынуы қамтамасыз етіледі. Анкеталық әдіс арқылы жиналған мағлұматтарды талдау кезінде алынған мәліметтердіңобъективтік шындыққа сәйкестігіне көп мән беріледі. Сондықтан зерттеуге тиісті әлеуметтік топтардың бір типті болуын мұқият қадағалаған жөн. Ол үшін анкеталарды таратпастан бүрын зерттелетін объектінің (әлеуметтік топ, ұжым т.б.) белгілі бір қоғам құрамындағы алатын орнын анықтау қажет және сұрақтардың қисынды болуы, соңғы сұрақтар алдыңғы сұрақтармен ұштасып, объектінің мәнін тереңірек қамтуы тиіс.

Нақтылы социологиялық зерттеулерді жүргізгенде, анкеталарды қанша адамға тарату керек екендігі, зерттеудің мақсаты мен міндетіне қарай адамдарды сұрыптау, олардың білім дәрежесін, әлеуметтік күйін т.б. жағдайларын алдын ала анықтау, осыған байланысты анкеталар таратылатын адамдарды топтарға бөлу мәселелерін ғылыми тұрғыдан шешу қажет.

Анкеталық әдіс қолданылғанда,синтетик, (жинақтау),демограф, (халық құрамын зерттеу) әдістер қажетіне қарай пайдаланылады. Ғылыми зерттеу практикасында анкеталық әдіс дербес қолданылмайды. Бүл әдіс нақтылы социолог, зерттеулердің басқа әдістерімен тығыз байланысты болғандықтан, соларды бірге пайдаланудың нәтижесінде ғана объектінің жан-жақты зерттелуі қамтамасыз етіледі.

Анкеталық әдіс -психологияда адамның психикалык ерекшеліктерін зерттеуде пайдаланылатын әдістердің бірі. Мұнда кісі бұрын жазылып қойылған сұрақтарға жазбаша, кейде ауызекі жауап қайырады. Осы әдіспен әртүрлі таптың, ұжымның психикалық өзгешеліктері (талап, тілегі, қызығуы, талғамы т.б.) зерттеледі. Мысалы студенттердің қандай кітаптарды құмартып оқитындығын, олардың сүйікті жазушылары мен артистері кім екендігін т.б. осы тәріздес мәселелерді Анкеталық әдіспен анықтауға болады. Ондағы сұрақтар шұбалаңқы келмей, қысқа, түсінікті тұжырымдалып жалпы саны 5-8-ден аспауы тиіс.

Оқушылардың тәрбиелілігін және функционалдық сауаттылығын диагностикалау әдістері: бақылау; сауалнама жүргізу; тест өткізу; тәрбиеленушімен әңгіме; педагогтармен әңгіме; ата-аналармен әңгіме; қызмет нәтижелері мен өнімдерін талдау; социометриялық әдістер; аяқталмаған тезис; педагогикалық консилиум.

Мысалы, балалардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру мақсатында ата-аналардың осы мәселе бойынша сұраныстары мен қажеттіліктерін зерттеу үшін сауалнама жүргізіп, қойылған сұрақтар бойынша талдау жасауға болады:

1. Сіз заманауи білім берудегі маңызды міндеттердің бірі – функционалдық сауаттылықты қалыптастыру екенін білесіз бе?

2. Сіздің балаңыз қосымша білім беру мекемелеріне, музыка мектебіне, спорттық-сауықтыру мекемелеріне барады ма?

3. Сіздің балаңызды не қызықтырады? Оның қызығушылығы тұрақты ма?

4. Сіз балаңыздың ерекше қабілеттері бар деп ойлайсыз ба?

5. Сіз мектепте қосымша (ақылы) қандай қызмет алғыңыз келеді (екінші шетел тілін оқыту, пәндерді тереңдете оқыту, жаңа пәндерді (курсты) оқыту)?

6. Сіз білім беру процесін ұйымдастыру туралы қандай қосымша ақпарат алғыңыз келеді (мектеп әкімшілігінен, мұғалімнен, педагог-психологтан, әлеуметтік педагогтан, медицина қызметкерінен)?

Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру процесінде педагогтардың кәсіби қиындықтарын анықтау үшін сауалнама:

1. Сіз жаңа буын стандарттары туралы жеткілікті дәрежеде хабардарсыз ба?

2. Сіз оқытуда жүйелік-іс-әрекеттік тұрғыдан жүзеге асыру біліктерін пайдалана білесіз бе?

3. Сіз білім алушылардың өзіндік шығармашылық іс-әрекетін ұйымдастыру әдіснамасын меңгеруде қиналасыз ба?

4. Сіз басқа мұғалімдердің шығармашылық іс-әрекетін жинақтауға және пайдалануға қабілеттісіз бе?

5. Функционалдық сауаттылық деңгейін арттыру үшін Сізде өз кәсіби деңгейіңізді көтеру қажеттілігі бар ма?

6. Сіз педагогикалық қызметте стереотиптерден бас тартуға және вариативтілікті қолдануға қабілеттісіз бе?

7. Сіз оқыту әдістерін таңдауда және оқыту әдістерін, тәсілдері мен түрлерін үйлестіруде қиналасыз ба?

Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастырудағы мектеп және отбасының өзара іс-әрекеті түрлері туралы талдау жүргізуде қолдануға болатын сауалнамалар үлгісі А және Ә қосымшаларында берілген.



Әдебиеттер :

1. Глебова С.В. Детский сад – семья: аспекты взаимодействия. – Воронеж, 2005

2. Зверева О.Л. Кротова Т.В. Общение педагога с родителями в ДОУ. – М., 2005

3. Козлова А.В., Дешеулина Р.П. Работа ДОУ с семьей. – М., 2004

4. Белая К.Ю. Методическая работа в ДОУ. – М., 2006

Тақырыбы: Отбасылық клубтарды ұйымдастыру арқылы ата аналарды балабақшаның өміріне араластару.
Мақсаты: Бала тәрбиесіндегі балабақша мен отбасы ынтымақтастығын нығайту. Балалардың мінез - құлқы, бейімі, қызығушылығы, мүмкіндігін т. б. тереңірек зерттеу. Ата - ана, бала, тәрбиеші үштігі арасында өзара сенім мен сыйластық орнауына ықпал ету.

Заманымыздың белгілі жаңашыл ұстазы-Ш.Амонашвили «Воспитание детей нужно начинать с воспитания родителей» деген. Ол бұл ойға өзінің ұстаздық қызметінен жинақтау нәтижесінде келгені сөзсіз. Олай болса, тәрбие ісінде ата-ананың алар орны, беделі жоғары болуы керек.

Өйткені, отбасы - бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы. Сондықтан бала мектеп табалдырығын аттағанға дейінгі оның алғашқы ұстазы-ата-анасы және тәбиешісі.

Отбасындағы ата-анаға өздері өмірге әкелген баласы үшін қаншалықты жауапкершілік жүктелетіндігі елімізде заң жүзінде қарастырылған. Қазақстан республикасының 27-бабында «неке мен отбасы, ана мен әке және бала мемлекеттің қорғауында, балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу-ата-ананың табиғи құқығы әрі парызы» -деп көрсетілген.

Демек, баланы өмірге бейімдеуде мектеп, ұстаз және ата-ананың орны бөлек. Туындаған тәлім-тәрбиедегі жарасымдылық мектеп пен ата-ана, әлеуметтік орта бірлесіп жұмыс істеген жағдайда ғана үйлесімділік табады. Өйткені, баланың өмір сүруге құштарлығының оянуы өзін қоршаған ортасына ұстазға, ата-анаға, құрбы-құрдастарына, олардың күнделікті іс-әрекетіне, жүріс-тұрысына, сырт көрінісіне, сөйлеген сөзіне, әдептілік т.б. қасиеттеріне байланысты. Жан-Жак Руссо «Бала туғанда ақ қағаздай болып туады, оның үстіне шимайды қалай салсаң қағаз бетіне солай түседі, бала тәрбиесі де сол сияқты, өзің қалай тәрбиелесең, ол солай тәрбиеленеді» деген екен. Бұдан шығатын түйін, бала тәрбиесіне ең алдымен оның ата-анасының еңбекқорлығы, ұстамдылығы, ақыл-ойы, сана-сезімі, адамгершілігі әсер етпек.

Бала – ата-ананың ғана емес, ұлыс пен ұлттың ертеңгісі, келер тахқа аманат. Жас ұрпақты жан-жақты жетілген, ақыл- парасатты, ой-өрісі биік азамат етіп тәрбиелеу қоғамымыздың ең өзекті мәселесі.

Балабақша пен отбасының ынтымақтастығын жүзеге асыруда тәрбиеші негізгі рөл атқарады. Отбасымен жүргізілетін жұмыстарды қазіргі уақыт талабына сай етіп ұйымдастыру тәрбиешінің маңызды міндеттерінің бірі.

Жас ұрпақ тәрбиесі адамзаттың мәңгілік тақырыбы.Ұрпақ тәрбиесі қоғамнан тыс құбылыс емес, ол қоғамның заманның бағыт-бағдарымен,тыныс-тіршілігімен жүріп отырады.Ұлттық тәрбиенің негізі балаға ана тілімен ана сүтімен, бесік жырының әлдиімен беріледі.Ал балабақшада балаға әр бүлдіршіннің тілге, ілім, білімге деген жеке дара бейімділігімен қызығушылығын дамыта отырып,ойлау қабілеттері мен танымдық қабілеттіліктеріне қалыптастырады. Балабақша мен ата-ана ынтымақтастығы бірін-бірі қос өзеннің сағасындай толықтырады десек те болады.

Ата-ана сұранысымен талап-тілектерін қанағаттандыра отырып, біліммен тәрбиенің балаға берілген үрдісі жайында ата-анамен үнемі бірлескен ынтымақты негізінде жұмыс жасау керек.

 

Жас бала дегеніңіз ол-ұрығын жарып жаңа көктеп келе жатқан жас шыбық іспетті де,ал тәрбиеші болсажаңадан көктеп келе жатқан нәзік шыбықты күтуші бағбан іспетті.Бала тәрбиесі отбасынан басталып, балабақшадан жалғасын табады.Халықта «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады,ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың» деп бекер айтылмаған. Сондықтан бала бойынан жастайынан ізгілік, мейірімділік, қайырымдылық,яғни адамгершілік құнды қасиеттеді сіңіріп, өз-өзіне сенімділікте тәрбиелеуде отбасы мен балабақша шешуші ролъ атқарады.



Ұлтымыздың бүгіні де, болашағы да тәрбиелі ұрпаққа байланысты екендігі шындық,

Балабақшаның ата-аналармен жұмысын ұйымдастыру нысандары әртүрлі болуы мүмкін,Жұмыстың бұл нысандары мен әдістерінің барлығы педагогтық тұрғыдан негізделгендігі және ынтымақтастық пен өзара іс-әрекеттің біртұтас жүйесінде бірін-бірі толықтырып отыруы қажет.Барлық типтегі балабақшалардағы ата-аналармен жұмыстың кең тараған түрлері жиналыстар, конференциялар, біріккен шаралар, отбасылық кеш, сайыс тағы басқалар.

Балабақша мен ата-аналардың бүлдіршіндердің бойында елжандылық,Отансүйгіштік қасиеттерді қалыптастырудағы ынтымақтастығын нығайту мақсатында жүргізілетін жұмыстарды мен мына бағытта қойдым.

1.Әкімшілік-ұйымдастыру жұмыстары

2.Психологиялық педогогикалық кеңес беру жұмыстары

3.Ақпараттық әдістемелік жұмыс

4.Диогностикалық талдау

Әкімшілік ұйымдастыру жұмыстары балабақшаның және топ тәрбиешісінің, ата-аналар кеңестерінің іс-әрекетін ұйымдастыру ата-аналар қаулысын балабақшаның жұмысшы ұйымдарына тарту және іс-әрекетке бағыттау. Бұл балабақша өмірін жандандыра дамыта түсетіні анық, ол іс-шараларды тәрбиенің мына қырларынан көруге болады.

1.Салауатты өмір салтын қалыптастыру

2.Әкелер мектебі

3.Аналар мектебі

4.Әжелер мектебі

Өзімнің іс тәжірибеме бала тәрбиесіне әкелерді жұмылдыру.Оларды балабақша бағдарламасына тарту үлкен шығармашылық ізденісті талап етеді және көп жағдайда балабақшаның ішкі жұмыстарына әкелерді тарту қиындау. Осы мақсатты жүзеге асыру мақсатында әкелер клубының үйірмесінің жұмыс жоспарын құрдым.

Негізгі міндеттері.

1.Тәрбиешінің топ ата-аналарымен құрамын зерттеу.

2.Ата-анамен тұрақты байланысып отыру.

3.Әкелер клубының құрамын құру .

4.Ата-аналармен педогогиалық білім дәрежесі мен мәдіниетін үнемі арттырып отыру.

5.Үштік Одақ(бала,әке,ата).Тәрбиеші жұмысын жандандыру.

Атқарылатын қызметі.

Ата-аналарды топтағы оқу -тәрбие процесінің мазмұны мен әдістемесімен таныстыру. Отбасы тәрбиесі туралыы ата-анаға педагогикалық және психологиялық кеңес беру.

Психологиялық педагогикалық кеңес беру жұмысы.

Ата-аналардың педагогикалық және психологиялық білім жүйесін меңгеруіне, балалардың әлеуметтік ортадағы мінез- құлқын білуіне қарай ағартушылық көмек көрсету.

Олар:


*Лекциялар мен әңгімелер.

* Жеке кездесу.

*Психологиялық тест.

Ақпараттық әдістемелік жұмыс.

Ата-аналарға тәрбие мәселелері бойынша әдістемелік көмек беру. Ақпарат құралдарына балабақша өмірі, отбасы тәрбиесі мәселеріне байланысты мақалаларды жариялау, ата-аналар қауымына арналған ақпараттық және әдістемелік жарнамалар шығару.

1.Ата-аналарға арналған қабырға газетін шығару.

2.Маман дәрігерлермен кездесу.

3.Балалардың(ашық есік күні) сабақтарына қатысу.

Диагностикалық талдау жұмыстары.

Ата-аналармен өзара іс-әрекеттің ең қызықты әрі жауапты бағыты. Тәрбиеші өз тобының ата-аналармен жан жақты зерттеп, олардың педогогикалық білім дәрижелерін, отбасындағы қарым-қатынас деңгейін анықтау арқылы жыл бойы атқарылуға тиісті жұмысты тиімді жоспарлауға мүмкіншілік береді.

Диагностикалық зерттеулер:

*Топқа көмегі.

*Өз баласына ықпалы.

*Ата-аналарды топтау.

*Балабақшадағы оқу тәрбие процесіне көзқарасы.

Осы іске асырған жағдайда ата-аналармен балабақшадағы тәрбиеленушілердің арасындағы ынтымақтастық нығая түседі.

Бұқаралық мәдени жұмыс.

Ата-аналарды балабақша ішілік, топтың дәстүрлі іс-шараларына барынша көбіріек қатыстыруға бағытталу керек.Ата-ананы ынтымақтастық, серіктестікке шақыра отырып, балабақшадағы әртүрлі іс-шараларды ұйымдастыруда ата-аналарды тарту. Бұл шарада біздің балабақшда өз орнын тпаты деп есептеймін.Әр мерекелік ертеңгіліктерге ата-аналар көріністерді, образдарды балалармен бірге отырып, сақыналап көрсетеді. Мысалы ретінде «Наурыз» мерекесін тойлау кезінде, әжелер наурыз көже дайындап,балалармен, тәрбиешілермен мерекені тойлауы баларға үлкен әсер етті.Баланың бойында адамгершілік,елжандылық қасиеттерді қалыпқастыруда ата-анар мен ынтымақтастыққа өткізілетін жұмыс түрлерінен әкелер мектебі мен аналар мектебі жанұя мүшелерінің жетістіктерін мақтаныш етеді.

«Мен және менің жанұям» көрмесін,Респуплика күніне орай ата-аналардың қатысуымен өткізілген «Достық жәрменкесі», «Өнерлі отбасы» байқауы,әртүрлі спорттық жарыстар «Спортпен достасқаның,күшіңе күш ұқосқаның», «Әке шеше және мен» тағы басқа мерекелерді аиап айтуға болады. «Өнеге отбасымен балабақшадан» атты іс-шарадан ата-ана, бала, тәрбиеші арасындағы үштұғырлықты бекіту мақсатында өткізіліп, ата-ана мен балабақша ынтымақтастыған нығайта түстік.Көркейту—көгалдандыру айлығында әкелермен бірге «Әр сәбиге бір ағаш» атты акция өткізілді.

Ата-ана жұмысын бұлайша ұйымдастырудан біз қандай нәтиже алдық.

1.Ата-ана өзін мазалап жүрген сұрақтарына тәрбиішімен бірге жауап таба білді.

2.Жаттанды білім алу мен бірлесе оқудың айырмашылығын білді.

3.Психологиялық ерекшеліктерді,қабілеттері әртүрлі болатыны туралы білді.

4.Балабақшада педагогикалық сенім күшейді.

5.Тікелей балабақша жұмысына араласуы арқалы ата-ананың педагогикалық-психологиялық тақырыпқа қызығушылығы оянды.Ата-анармен жұмыстың балабақшада маңыздылығы неде?

6.Оқу тәрбие жұмысын ата-анамен бірлескен әрккетінің негізінде құрыды әлде де одан әрі дамыту.

7.Ата-ананың бала тәрбиесіндегі белсенділігін арттыру.

8.Ата-ананы бала психологиясының ерекшелігіне, көңіл-күйіне мен беруге бағыттау.

Балаларды тәрбиелей отырып, қазіргі ата-аналар,тәрбиешілер еліміздің болашақ тарихын, демек дүниенің тарихын естен шығрмау керек.

Пайдаланылған әдебиеттер:


  1. Козлова А.В., Дешеулина Р.П. Работа ДОУ с семьей. – М., 2004

  2. Белая К.Ю. Методическая работа в ДОУ. – М., 2006

  3. Давыдова О.И., Богославец Л.Г., Майер А.А. Работа с родителями в ДОУ. – М., 2005, стр. 76.

  4. Микляева Н.В. Создание условий эффективного взаимодействия с семьей. М.,2006

  5. Фалькович Т.А., Толстоухова Н.С., Обухова Л.А. Нетрадиционные формы работы с родителями. – М., 2005


Тақырып: Консультация – МДМ-дегі ата-аналармен жұмыстың бір формасы ретінде.

Мақсаты: Балабақшада ата- аналарға баланың жеке дамуына ерекшеліктері мен түрлі мәселелері бойынша сұрақтарын тыңдап консултация жүргізу, психолог мамандармен қарым-қатынас орнату және ата-анамен балабақша арасында байланыс орнату.

Кеңес беру әлеуметтік жұмыстардың маңызды әдісі мен технологиясы болып табылады.

Кеңес беру – бұл іс барысында маманның өтініш жасаған адамға пайда болған мәселелердің мәнін түсіндіріп және ұғындыратын, сондай-ақ оны шешу үшін қолдануға болатын түрлі амалдарды ұсынатын  әлеуметтік жұмыс түрі. Әлеуметтік міндеттерді шешудің технологиялық әдістері ретіндегі кеңес беру – бұл азаматтардың, жеке адамдардың, отбасылардың, топтардың, қауымның қажетті бір ақпаратты анықтау мақсатын және оны қамтамасыз етудегі көмек көрсетудің баламалы түрлерін нұсқаумен ақыл-кеңес беру арқылы әлеуметтік қызметте жиі пайдаланылатын шара.
ХХІ ғасырдың соңғы тоқсанында түрлі психикалық бұзылыстардың "отбасылық диагностикасы” мен "отбасылық емдеу” туралы оқу пайда болды. Ресейдегі әлемде алғаш отбасы терапиясын нағыз негізін салушы И.В.Маляревский болып есептеледі, ол 1882 жылы Санкт-Петербургте психикалық ауру балалар мен жасөспірімдер үшін дәрігерлік –тәрбиелік мекеменің қалаған, оның қызметкерлері психикалық аурулардың отбасындағы өзара қатынасты анықтау мен есі ауысқандардың сол немесе басқа көріністердің қалыптасуында дисгормониялық тәрбмелеудің роліне көп көңіл бөлген. Ауру балалардың туысқандары мен қазіргі отбасы терапиясының бейнесі болып таблатын "отбасылық тәрбиелеу” өткізіледі. Екінші әлемдік соғыс аяқталғаннан кейін 20 ғасырдың 40 жылдарынан бастап, отбасылық терапияға деген қажеттілік өсті. Қазіргі уақытта отбасы терапияда бірнеше бағыттарды бөледі: психодинамикалық, жүйелік және бағдарламалық, сонымен қатарэклетикалық. "Кішкентай Ганс” оқиғасынан Фрейд талдауынан туындаған психодинамикалық бағыт тарихи бірінші болды. Сол кезде психодинамикалық ыңғайдың негізгі белгілерін әсіресе отбасы мүшелерінің тарихи өткенін олардың ұғынбаған (жете түсінбеген) тілектерін, психологиялық мәселелері мен өзара проекцияларын талдап қисынға келді. Психотерапияның тапсырмалары (міндеттері) – инсайтқа жету, яғни өткен өмірдегі шешілмеген мәселелердің қазіргі уақытта отбасындағы өзара қатынасқа қалай әсер ететіндігін, мұндай бұзылған қарым-қатынастың контекстен невротикалық белгілер мен оның кейбір мүшелерінің өмірге бейімделуінің конструктивті емес тәсілдері қалай пайда болғандығын саналы меңгеру. 

Жеке отбасының негізгі қадамдары келесідей:

- психотерапевті отбасымен біріктіру;

- психотерапевтикалық сұранысты тұжырымдап айту;

- отбасылық қатынастарды реконструкциялау;

- психотерапияның аяқталуы мен бөлінуі.

Мара Сельвини Паллацоли түрлі жыныстағы терапевтер бригадасы отбасымен жұмыс істейтін, ал қалғандары олардың жұмыстарын бақылайтын бір жақты мөлдір айнаның артында жұмыс істейтін принципті ұстанған. Психотерапияның бірлігі бір үйде тұратын отбасы мүшелерінің барлық сессияға қатысуы болып табылады. Кездесулердің жиілігі айына бір рет, бар болғаны он ақ сессияға дейін. Оның әдісі қысқа және кенет болатын, ал кенет шешуші қозғалыспен отбасында өзгерістің туғызуы тырысатын. Пародоксальді тапсырма өте мұқият өңделіп, отбасындағы регидті ережелер мен аңыздарға қарсы тұратын оң барлық мүшелерін әрекеттер сериясына тартатын. 

Бағдарламалық отбасы терапиясы: Отбасы терапиясының бұл әдісі мәселені шешуге бағытталғандықтан "мәселені шешуші” "қысқа” деп аталады. Бұл бағыттың ең танымды тұрғалары – Джей Хейли, Гари Уитер, Клу Маданес. Өз жұмыстарында психотерапевтер отбасы мүшелерінің тұлғалық ерекшеліктерін шоғырлатпайды. Берілген ыңғай белгінің бөліктеріне үлкен көңіл бөлумен, ал отбасыға қызығушылықпен сипатталады. Бұл бағыт әйгілігін 1970 жылы ие болды. Бұл әдістің идеяларын көптеген өкілдері Милтон Эриксонның жұмыс тәжірибесінен алып пайдаланған. Оның тәжірибесіне екі ыңғай тән: әсер етудің жанама әдістерін қолдану және клиент ұсынғанның барлығын қабылдау. Бағдарламалық ыңғайдың мәні отбасындағы өзгеріс, бұзылыстың себебін түсінуден маңыздырақ болғандықтан мәселені шешуүшін бағдарламаларды өңдеу болып табылады. Бағдарламалық терапевтер мәселенің тұрақтылығын қамтамасыз ететін факторларды зерттейді. Көптеген бағдарламалық психотерапевтердің пікірінше қалыпты жұмыс істейтін отбасы – бұл белгілерден қашатын және өзгермелі жағдайлардың талабына сәйкес жұмыс істей алатын отбасы. Отбасы қылықтық психотерапия: Отбасы қылықтық психотерапия өзінің негізгі принципі ретінде қылықты салдармен біріктіруде көрінеді, осыдан қылықтың паттерні жағымды салдар туынданғанға дейінгі барлық жағдайдағы өзгерістерге қарсы тұрады. Бұл бағыттың өкілдерін қылықтардың жүйелілігінің талдауы қызықтырады.

Басқа бағыттар: Отбасылық коммуникативті терапия Пало Алто бағытынан бөлініп шықты. Оның жүргізуші өкілдері П. Вацианик,Д.Джексон және басқалары болып табылады. Отбасы коммуникативті терапия мақсаты коммуникация тәсілдерінің өзгеруі немесе интеракцияның жұмыс істейтін үлгілерін өзгеру мақсатымен саналы әрекеттер болып табылады. Алғашында бұл бағыттың өкілдері, мысалы, Вирджиния Сатир, жәй отбасындағы коммуникацияны жақсартуды мақсат етіп қойды, содан соң бұл идея блегіні қолдайтын коммуникацияның тәсілдерін өзгертуге дейін кішірейді. Отбасы коммуникация негізгі техникалар тобы келесілері болып табылады, отбасы мүшелерін анық коммуникацияның ережелеріне үйрету; отбасында коммуникацияны талдау және интерпретациялау; әртүрлі тәсілдер мен ережелердің көмегімен отбасындағы коммуникацияны манипулыциялау. Бұл психотерапияның түрлі жоғары тиімділіктегі әдіс ретінде дәлелдене алады. Тәжірибеге негізделген отбасы психотерапия бағытының өкілдерінің бірі ең танымалдары Карл Уйткейер және Огаст Напри. Бұл әдіс "тәжірибе” мен "сапалы мәнге” негізделген. 

Ерлі-зайыпты психотерапия: Ерлі зайыпты психотерапия отбасылық жұпқа бағытталған психотерапияның формасын атайды. Ол отбасылық жұпқа отбасылық қатығыстар мен дағдарысты жағдайларды бастан кешіруге, өзара қақтығыста үндестікке жетуге, қажеттіліктерді өзара қанағаттандыруды қамтамасыз етуге көмектеседі. Ол өз бетінше әдіс ретінде де, отбасы психотераипя кезеңі ретінде де жұмыс істей алады. Жұмыс ерлі-зайыптылармен немесе психотерапевтің қабылдауына келген серіктестің бірімен өткізіледі. Ерлі-зайыпты психотерапия мұндай вариантында психотерапевтпен күйеуі (әйеләнің) мәселелері емес, оның ерлі-зайыптылығы жөніндегі ойлары, сезімдері, уайымдары ғана талқыланады. Қазіргі уақытта ерлі-зайыпты психотерапияда динамикалық, қылықтық және гуманистік ыңғайлары ең кең тараған. Динамикалық ыңғайда ерлі-зайыптының қолайсыздықтың екі серіктестіктің ішкі қылық мотивация көзқарасымен қарастырылады. Тұлғалық қатынастардың динамикасы мен олардың психикалық процестердің динамикасымен байланысы қарастырылып отырады. 


жүктеу 0,95 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау