Дәрістердің қысқаша мазмұны
Тақырыбы:Педагогикалық ұжымның тиімді жұмыс жасауының бір жағдайы ретінде отбасы мен мектепке дейінгі мекемелердің өзара әрекеттесуі.1 сағат
Мақсаты: Ата- ана мен педогогтар арасындағы карым-катынастардың принциптері,міндеттері туралы елестетуді қалыптастыру.Тәрбиеленушілердің ата-аналарымен қатынасқа түсудің профессоналдық компитенттілігінің белгілерін шығару.
Жоспар:
Ата-аналармен педогогтардың қарым-қатынас орнатуының принциптері.
Ата-анамен жұмыс атқарудағы бала-бақшаның маңызды міндеттері
Тәрбиеленушілердің ата-аналарымен қарым-қатынастағы педагогтың профессионалдық компитенттілігі.
Отбасыға деген қатынастағы мектепке дейінгі жастағы балаларды тәрбиелейтін мекемелердің атқару және ұйымдастыру рөлі.
Дәрістің қысқаша мазмұны:
Қарым-қатынас әріптестердің өзара теңдігі ретінде өтіп жатыр. Ата-аналар мамандардың кеңестерін белсенді тыңдайды,ал өздері баламен үйде жұмыс істеудің жоспарын жасауға қатысады.Сенімді қарым-қатынастар орнату үшін қамтамасыз ету керек:
-Әр баланың даму ерекшелігіне байланысты нақты мәлімет беру
Ата-аналардың балалар тәрбиесіне қатысуға қызықтыру
Ата-аналардың эгоцентризмін бұзу
Ата-аналармен әріптестік қарым-қатыныс орнату
Отбасымен жұмыс жасауды ұйымдастырудың маңызды негіздері:
- ата-аналардың педагогикалық мәдениетін қалыптастыру
- тәрбие процессіне қатысатын ата-ана, отбасының басқа мүшелері, педагогтардың талаптарын біріктіру
- балалардың психикалық, физикалық, эмоционалдық жағынан дамуына мектепке дейінгі мекемелер мен үйде жағдай жасау
- балаларды тәрбиелеу сұрақтары бойынша ата-аналарға көмектесу
Тиімді өзара әрекеттесудің арқасында ата-аналар баларды оқыту мен тәрбиелеу жұмысына қатысады, олар келесі принциптерді ұстануы керек:
Ата-аналар балалардың тәрбиесі мен оқытуына байланысты шешім қабылдауға құқықтары бар және олар соған жауап береді
Отбасымен байланыс орнатылады
Ашық әрі достасастық қатынас пен өзара сыйластық қамтамасыз етіледі.
Қазіргі замандағы педагогикалық теорияда ата-анамен жұмыс жсасауда бала-бақшаның келесі маңызды міндеттері бар:
- отбасымен жеке жұмыс жасауды ұйымдастыру
- әртүрлі типтегі отбасылардың қиын, маңызды сұрақтарына мамандардың қатысуын тыс қалдырмау
Қазіргі замандағы мектепке дейінгі мекемелерде бала-бақша мен ата-аналардың бірігіп жұмыс жасауында маңызды жағдайлар бар:
Мәселелік семинар-тренингтер кезінде педагогтар мен ата-аналардың баларды тәрбиелеу мен оқыту туралы көзқарастарын біріктіру
Педагогтар мен ата-аналарды дәстүрлі және дәстүрлі емес әдістермен қарым-қатынас жасауға үйрету
Ұжымдық шығармашылық әрекеттердегі ата-ана мен балалардың жеке дара және шығармашылық қабілеттерін дамыту
Тәрбиеленушілердің ата-аналарымен қатынастағы педагогтың профессионалдық компетенттілігі
Профессиналдық компетенттіліктің құрамына келесі жеке дара қасиеттер мен ұстанымдар, білім, білік, дағдылар кіреді:
Жеке дара сапалар мен ұстанымдар (жеке даралық компонент)
Білім (мазмұнды компонент)
Біліктер мен дағдылар(әрекеттік компонент)
Коммуникативтілік біліктер мен дағдылар
Әдебиет:
Зверева О.Л. Кротова Т.В. МДМ педагогтың ата-анамен қарым-қатынасы- 2005
Денякина Л.М. МДМ-дегі басқару әрекетіне деген қатынасы М., 1997.
Дуброва В.П., Милошевич С.П. МДМ-де әдістемелік жұмыстарды ұйымдастыру. М., 1995.
Давыдова О.И., Богославец Л.Г., Майер А.А. МДМ-де ата-аналармен жұмыс. – М., 2005
Тақырыбы: МДМ-де ата-анамен жұмысты ұйымдастыру. 1 сағ.
Мақсаты: отбасымен жұмыс жасауды ұйымдастыру жұмысының бағыттары туралы ұғым қалыптастыру. Оның сәтті ұйымдастырылуына шолу жасау
Жоспар:
1.Оқыту ұйымдарының отбасымен жұмыс жасауының негізгі бағыттары
2. МДМ-ң отбасымен жұмыс жасауының системасы
3. Ата-анамен жұмысты сәтті ұйымдастыруға шолу
Дәрістің қысқаша мазмұны:
Оқыту ұйымдарының отбасымен жұмыс жасауының негізгі бағыттары
Отбасыларға мінездеме жасау.Отбасыларды зерттеу үшін диагностикалық жұмыстарды ұйымдастыру.Ата-аналарды психолого-педагогикалық жағынан білімдерін кеңейту жұмыстарын ұйымдастыру. Отбасылық тәрбиенің тәжірибесін қолдану.Отбасылық тәрбиелеуге халық педагогикасының дәстүрлерін енгізу. Отбасымен жұмысқа психолгты белсенді түрде енгізу.
Ата-анамен жұмысты ұйымдастыпрудың маңызды шолулары:
-Басқарманың қолдауы
-психолгтың тәрбиешілермен бірігіп жұмыс атқаруы
-ата-аналардың түрткісі
-мақсаттарға жету үшін ата-аналарды қатыстыру( жоспарлаау мен талқылыауды ұйымдастыру арқылы
-ата-аналармен жақсы байланыс және тиімді әрекеттесу
-әрекет еркіндігін қамтамасыз ететін жұмыстағы инновациялық климат.
Ата-анамен жұмысты тиімді ұйымдастыруға бөгет жасайтын факторларды айтып өтуге болады:
Тез әрі оңай сәттілікті тосу( киын сұрақтарға оңай жауап іздеу)
Топтық өара әрекеттесуінің тәжірибесінің жоқтығы
Педагог пен психологтан мүмкін емес өте жоғары қорытынды;
Дұрыс емес қалыптасқан топтар (атап айтқанда топта конфликтілік жақтардың болуы).
Ата-аналармен жұмыс жасаудағы тағы бір қиындық ата-аналар үлкен адамдар, олардың өз көзқарастары, стереотиптері бар. Мысалы:
- «мен онсыз да бәрін білемін» - жаңа тәжірибе алу мүмкіндігін терістеу,
- «сіз мені неге үйрете аласыз, менің сізден жасым үлкен» - жасының үлкендігін көрсету.
- «тәрбие-еркектің жұмысы емес» - жынысына,
- «сіз педагог не психологсыз, сіз айналысыңыз» - міндеттеу және т.б.
Ата-аналарға теориялық материалды көрсетуде қиындықтар кехздеседі. Ата-аналар консультацияға әртүрлі деңгейдегі профессионалдықпен, біліммен түрлі деңгейдегі жұмысқа деген қызығушылықпен келеді. Кейде теорияны жеткізуге жалпы платформаны жеткізуге уақыт жоқ. Теория тәжірибемен біріккен интеграцияда жақсы танылады. Практикалық жаттығулар арқылы ата-аналар теориялық материалды жақсы біріктіреді.
Қарым-қатынас психологиясында түсінбеушіліктің 4 деңгейі бар:
— фонематикалық барьер
семантикалық барьер
стилистикалық немесе синтаксистік барьер
логикалық барьер
Барьерлерді жеңу мүмкін: фонематикалықты — нақты дикциямен, орынды ым-ишара арқылы; семантикалықты — аудитория білімімен және оған таныс терминдер мен түсініктерді қолдану арқылы, жаңа сөздерді үйрету арқылы; стилистикалықты — оратордың мәліметті дұрыс қалыптастыру арқылы, стилистикалық бояуы бар сөздерді дұрыс қолдану. Әңгімелесудің басы мен аяғы жақсы есте сақталады, ортасына қарағанда. Мәліметтің өзі нақты ұйымдастырылған болу керек, ол үшін 1-ден, 2-ден деген сөздерді қолдануға болады; логикалық барьерді жеңу үшін тыңдаушылардың психологиялық бағытын білу керек: егер аудитория мәлімен тақырыбына онша қызықпаса оратор мәліметтің басында ең мықты аргумент айту керек. Жоғары қызығушылық танытқан адамдар үшін аргументациялық системаны қолданады.
Ата-аналардың наразылығы мынандай кездерде болады:
жұмыстың мақсатф түсіндірілмегенде;
Біріккен жұмысты жоспарлауда ата-аналар қатыспады. Ата-аналарға кез-келген өзгешеліктерді қолдау тән, егер олар дайындыққа қатысса. Біздің барлығымызға өз кеңестерімізге құлақ асу тән;
Ұжымның дәстүрлері жауапсыз қалады. Жұмыстың әдеттегі жағдайына қалыптасу керек, мысалы ата-аналар жиналысының мүмкіндіктері қолдану;
Өткізілетін жұмыс қосымша энергетикалық ресурстарды қажет етеді, кететін уақыттың көбеюімен қауіпті;
Бәрі онсыз да жақсы сияқты («бұның бәрін неге ойлап тапты?»);
Жұмысты ұйымдастырушы сенім мен құрметке ие емес. Өкінішке орай біз жиі жобаның өзіне емес, оның авторына қараймыз.
Әдебиет:
Козлова А.В., Дешеулина Р.П. Работа ДОУ с семьей. – М., 2004
Белая К.Ю. Методическая работа в ДОУ. – М., 2006
Давыдова О.И., Богославец Л.Г., Майер А.А. Работа с родителями в ДОУ. – М., 2005, стр. 76.
Микляева Н.В. Создание условий эффективного взаимодействия с семьей. М.,2006
Фалькович Т.А., Толстоухова Н.С., Обухова Л.А. Нетрадиционные формы работы с родителями. – М., 2005
Тақырыбы: МДМ мен отбасының өзара әрекетіне қазіргі заманғы қатынасы. 1 с
Мақсаты: отбасы мен МДМ-ның өзара әрекеті туралы ұғым қалыптастыру.
Жоспары:
1.балабақша мен отбасы қарым-қатынасының өзара әрекеті мен бірігіп жұмыс істеуі. 2.балабақшаның ашықтығы.
3. ата-анамен жұмысқа деген дифференциялдық қатынас;
4. МДМ мен ата-аналардың жұмыс жасауының мазмұны, ұйымдастырылуы және әдістемесі.
Отбасылық тәрбиенің приоритетін мойындау балабақша мен отбасының жаңа қатынасын талап етеді. Бұл қатынастардың жаңалығы «бірігіп жұмыс жасау», «өзара әрекеттесу» сияқты ұғымдармен анықталады.
Бірігіп жұмыс жасау – бұл тең дәрежеде қатынас жасау, мұнда ешкім бұйрық беріп бақылап, бағалай алмайды.
«Отбасы – МДМ» деген контекстегі бастысы – сәттіліктер, сәтсіздіктер, сенімсіздік, белгілі бір отбасындағы баланы тәрбиелеудегі қиындықтар. Педагогтар мен ата-аналардың қарым-қатынасының жаңа формаларына ену үшін балабақша ашық системамен жұмыс істеу керек. Шетелдермен отандық зерттеулерге қарағанда – МДМ-ның «ішке ашық», «сыртқа ашық» түрлерін түсіндіреді.
Бала-бақшаға «ішкі ашықтық» беру дегеніміз – педагогикалық процессті еркін, дифференционалды қылу, балалар, педагогтар, ата-аналар арасындағы қарым-қатынасты ізгілендіру. «бала-бақшадағы ішкі ашықтық» - бұл білім беру процессіне ата-аналарды қатыстыруАта-аналар, отбасы мүшелері МДМ-де балалардың өмірін түрлендіруге көп үлес қоса алады.Бұл әр отбасы жасай алатын эпизодтық іс-шара болуы мүмкін. Кейбір ата-аналар,отбасы мүшелері өткізілетін оқыту, денсаулық шараларына қатысады.Мысалы, үйірмелер ұйымдастырады, театрлық жұмыстарға қатысады.
Осылайша, МДМ жұмысына ата-аналардың қатысуынан барлық субъектілер ұтады. Ең бастысы балалар. Тек қана жаңаны біліп қоймайды, ең маңыздысы олар көп қызықты нәрсе білетін, қолы алтын ата-аналарын, апаларын, аталарын одан сайын жақсы көріп, құрметтейді. Педегогтар, өз кезегінде отбасыларды жақсы тануға, үйдегі тәрбиенің мықты және әлсіз жақтарын білуге мүмкіндік алады, үйренеді..
«Бала-бақшаның сыртқа ашықтығы» дегеніміз – бала-бақша микросоциумның , өз микроауданының әсерін қабылдауға дайындығы, территориясында орналасқан соционалдық институттармен яғни, жалпы орта мектеппен, музыкалық мектеппен, спорттық кешенмен, кітапханамен т.б. бірігіп жұмыс істеуге дайындығы.мысалы кітапхана көлемінде «кітап мерекесі» өтеді, оған бала-бақшаның ересек топтағы балалры қатысады, музыкалық мектептің оқушылары бала-бақшаға келіп концерт қояды, ата-аналар, балалар, қызметкерлер аудандық іс-шараларға қатысады.
Бала-бақша ашық деклорациялық системаға айналу үшін ата-аналар мен педегогтар психолгиялық сенімді қарым-қатынаста болу керек, ата-аналар педагогтың балаға деген қатынасы жақсы екендігіне сенімді болу керек. Сондықтан да педагог балаға мейірімді көзқараспен қарау керек; ол баланың дамуындағы жағымды жақтарын көруге тырысып, жақсы жақтарын дамытудың жолдарын қарастыру керек. Ашық бала-бақшаның жағдайында ата-аналар өздеріне ыңғайлы уақытта топқа келіп, баласын бақылап,баламен ойнауға мумкіндік алады.Педагогтар мұндай жоспарланбаған, еркін келулерді кейде ұнатпайды,өз жұмыстарын тексеру деп ойлап қалады. Бірақ ата-аналар бала-бақшаның өмірін бақылыай отырып,көптеген қиындықтарға (ойыншықтың аздығы, жуынатын бөлменің тарлығы т.б.) көз жеткізе отырып көмектесуге. Ұқсас мәселесі бар ата-аналар тобында өзара әрекеттесуді дифференционалдық қатынас дейміз.
Дифференционалдық қатынас ата-аналармен жұмысты ұйымдастыруда керек, - ол педагогикалық білім мен дағдыларды шыңдауға пайдалы. Ата-аналарға деген дифференционалдық қатынасты тәрбиешілер іске асыру үшін олар жалпыпедагогикалық, спецификалық жағдайларды жасауы керек:
- ата-аналар мен педагогтар арасындағы сенімді қарым-қатынас;
- ата-аналарға деген қатынаста такт, ізгілік, сыпайылық білдіру;
- әр отбасының өмір сүру жағдайларын, ата-анасының жасын, тәрбиелеу мәселелелеріне дайындығын ескеру ;
- ата-аналармен жұмыстың әртүрлі формаларының өзара байланысы
-ата-аналр мен балаларға бірдей әсер ету;
- ата-анамен жұмыс жасағанда белгілі бір бірізділікті, системаны сақтау
Дифференциация тестілеу, анкеталау түрінде отбасын зерттейтін белгілі бір бағдарламамен жұмыс істеулер і керек:
Отбасы құрылымы (қанша адам, жасы, білімі, мамандығы),
Отбасының психологиялық климаты (өзара жеке қарым-қатынас, сөйлесу стилі).
Бұл үшін педагог балалардың ата-аналарымен жек-дара әңгіме жүргізуі, әртүрлі әдістемелерді қолдануы керек.
Отбасылық өмірдің стилі мен фоны: отбасылық жағдайдың (жағымды, жағымсыз) қандай әсері бар екенін, отбасылық конфликті мәселелерінің себебі
3. Анасының, әкесінің отбасындағы әлеуметтік статусы, тәрбие процессіне қатысу деңгейі, баланы тәрбиелеуге деген ынтасы
4. Отбасының тәрбиелік климаты (мақсаттарды мойындау, үйдегі педагогикалық жүйенің болуы не болмауы)
Мақсаты: Ата-аналармен бірлесе отырып,баланың тұлғасын дамытуға бірыңғай білім беру кеңістігін қалыптастыруОтбасымен бірігіп балардың өмірін қорғау, денсаулығын сақтау үшін қолайлы жағдай жасау, баланың тұлғалық әрекетінің дамуы үшін отбасымен бірге эмоционалды жағдай туғызу, психологиялық жағынан кедергісіз жетілуін қамтамасыз ету. Отбасының тәрбиесін, әдептерін, дәстүрлерді сақтауын ескере отырып, балаларды әлеуметтік ортаға қарым-қатынас мәдениетімен таныстыруға ықпал жасау.
Қай заманда болмасын адамзат баласының алдында тұратын ұлы мақсат мұраттарының ең бастысы - өзінің өмірін, тәжірибесін жалғастыратын салауатты, саналы ұрпақ тәрбиелеу.Себебі, ұрпақ тәрбиесі келешегін берік ететін басты фактор болып саналады.
Адамзат қоғамы даму тарихында қалыптасқан тәрбие мен оқыту, теориясы және практикасын дамыту саласындағы маңызы мен тәрбиелік мүмкіндіктері жайлы Я.А.Коменский, К.Д. Ушинский, В.Г.Белинский, Н.К.Крупская, А.С.Макаренко, Н.Н.Хан, В.А.Сухомлинский,Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев,А.П.Сейтешов М.Ә.Құдайқұлов, А.А.Бейсенбаева, Қ.К.Жампейісова, Г.Т.Хайруллин, В.В.Трифоновтар маңызды педагогикалық ой пікірлер қалдырды.
Сондай-ақ халықтың қалыптасқан тәрбие тәжірибесін оқу-тәрбие үдерісінде пайдалану туралы Г.Н.Волков, Я.И.Ханбиков, М.Сейфуллаева, А.Ш.Гашимов, Т.Г.Тимошина, С.Қ.Қалиев, М.Х.Балтабаев, Қ.Б.Жарықбаев, Ә.Табылдиев, С.А.Ұзақбаева, К.К.Қожахметова, Ж.Ж.Наурызбай, Қ.Қ.Шалғынбаевалар өз еңбектерінде тұжырымдады.
Қоғамымыздың іргетасын нығайту үшін бүгінгі жас ұрпаққа үлгілі, өнегелі тәрбие беру – қазіргі білім беру және тәрбиелеудегі басты міндеттердің бірі.
Қазіргізамандажасұрпаққасапалыбілімменсаналытәрбиеберуәлеуметтікқұрылымныңеңмаңыздыміндеттерініңбірінеайналды. ҚазақстанРеспубликасының 2015 жылғадейінгібілімдідамытутұжырымдамасында «Мектепкедейінгітәрбиеүздіксізбілімберудіңалғашқысатысы. Олбаланыңжекебасерекшелігінескереотырыпдамытатынорталық» делінген.
Баланытәрбиелеу, дамытужәнебілімберумәселелеріндеотбасыменбалабақшаұжымыныңбірлескенөзаратығызбайланыстаболуы.
Балатәрбиесіанасүтіненбасталып, өмірбойықалыптасатынкүрделіқұбылыс. Тәрбиеніңеңалғашқынегізіотбасындақаланып, балабақшаменбайланысарқылыоданәріжалғасады.
«Жаста білген,басқа сіңген тәлімің,
өзің өлмей сүйегіңнен қала алмас», - деп классик жазушы айтқандай балалық шақтан бойына орныққан, ана сүтімен даритын, ұлттық сезім нышандары, сөз өнері оның болашақ шамшырағына айналып, рухани байлығын кеңейтеді.
Оны туған жерге, елге, халқына деген сүйіспеншілікке, патриоттыққа тәрбиелеу – аса жауапты міндеттердің бірі.
Педагог ғалымдардың тұжырымдарына сүйенсек тұлғаның қалыптасу нәтижелілігі ең алдымен отбасындағы өнегеге байланысты екенін білеміз.
Отбасылық тәрбиелеудің басымдылығын тану дегеніміз – отбасы мен мектеп жасына дейінгі мекеменің жаңа қарым – қатынасын талап етеді.Бұл қарым-қатынастың жаңашылдығы «ынтымақтастық» және «өзара қарым-қатынас» деген түсініктермен анықталады.
Мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу мен оқытудың мемлекеттік стандартында: ата-аналарды мектепке дейінгі ұйымдар мен мектепалды топтардың педагогикалық процеске тарту мақсатында мектепке дейінгі ұйымдар мен отбасының өзара іс-әрекетін қамтамасыз ету қажеттілігін ұсынады. Мектеп жасына дейінгі мекеменің отбасымен өзара қарым-қатынас барлық нысандары мен түрлерінің негізгі мақсаты балалар, ата-аналар, педагогтар арасында сенімділік қатынасты орнату, оларды бір командаға біріктіру, өздерінің проблемаларымен бөлісу және бірлесіп шешу қажеттілігіне тәрбиелеу.
Мектеп жасына дейінгі мекеме педагогтары мен ата-аналардың өзара сабақтастығы мен серіктестігін мынадай жұмыс бағытында іске асыруға болады:
- педагогикалық және психологиялық сауаттылықты жетілдіру;
- іс-әрекеттің түрлі формалары (ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттеріне қатысу, әртүрлі үйірмелер, клубтар) және қосымша қызмет көрсету;
- балалардың шығармашылық жоспарларын іске асыруға жағдай жасау;
- қалыптасу мен дамыту мәселелері бойынша тәжірибе алмасу;
- әлеуметтік дамытушы орта қалыптастыруға көмек көрсету;
Педагогикалық - психологиялық сауаттылыққа жетілдіру, яғни ата-аналарды педагогикалық үдеріске тарту арқылы бала тәрбиесінің мақсат, міндеттерінің түсінуіне, бала тәрбиесін ойдағыдай іске асыруына ықпал етеміз. Ата-ана баланың мүмкіндігін ескеру, сонымен қатар кідіріс те болдырмау керектігін түсінеді. Ата-аналардың педагогикалық мүмкіндіктерін анықтайтын жағдайлардың кешені өз деңгейінде болу қажет. Олар отбасының тұрмыстық жағдайы, құрылысы және отбасы мүшелерінің саны, психологиялық жағдайы, мәдени білім деңгейі, ата-ана өнегесі.
Ата-аналарды ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттеріне қатыстырудың маңызды нәтижесі ата-аналар өз балаларының оларға тән емес ортадағы қылығын, оның басқалармен қалай араласуын, білім деңгейін, құрдастарының оған деген қарым-қатынасын зерттей алады. Өз баласының дамуы басқалардан артта қалған жоқ па, балабақшада ол үйдегідей емес, өзін басқаша ұстауын еріксіз салыстырады. Жыл бойы жүргізілетін жұмыс жоспарын ата-аналармен бірлесе отырып жасаған тиімді. Себебі, ата-аналар заман талабына сай өзекті мәселерді, отбасы тәрбиесіне байланысты тақырыптарды өздері ұсына алады. Сонымен қатар ата-аналардың ұсыныс –тілектерімен санаса отырып ата-аналарға арналған әңгімелер мен лекциялар, кеңестер мен сұрақ-жауап кештері, тәрбие жұмысын алмасу жөніндегі конференциялар, ата-аналарды педагогикалық әдебиеттермен таныстыру әдіс-тәсілдері қарастырылады.
Балалардың шығармашылық қиялы мен қабілеттерін дұрыс бағытта дамыту үшін олардың жас ерекшеліктері мен нақты дара ерекшеліктерін ескере отырып қалыптастыру қажет.Балаларға арналған көркем шығармалар баланы шынайы болмысты нақты әрекетімен таныстыра отырып, оны көркемдеп баяндап баланың сөздік қорын молайтып,тілін байытамыз.Мектеп жасына дейінгі балалар бейнелеу өнерімен жалпы топтық ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерінен тыс уақыттарда шұғылдана алады. Барлық білім салалары бойынша іске асыруға болады.
Балалардың логикалық ойлау қабілеті, интелектуалдық дарындылығы, есте сақтау қабілеттері түрлі логикалық, сенсорлық ойындар арқылы баланың шығармашылық қабілеті дамып, ақыл-ой белсенділігі арта түседі. Шығармаларды, ертегілерді, әңгімелерді еске түсіріп сөйлеу шығармашылығын дамыта отырып, театрлық көрсетулер ұйымдастыруға болады. Ата-аналармен жүргізілген жиналыстарда балалардың жұмыстарынан көрме жасап қоямыз.
Қалыптасу мен дамыту мәселелері бойынша тәжірибе алмасу.
Ата-аналармен мейілінше кең тараған жұмыстардың бірі ол -ашық есік күні. Мектеп жасына дейінгі мекемемен, оның дәстүрлерімен, ережелерімен, тәрбиелеу - оқыту жұмыстарының ерекшеліктерімен таныстыруға, олармен қызықтыра білуге және қатысуға мүмкіндік береді. Ата-аналармен топтарға саяхат жасау, балабақша жұмысынан үзінді көрсету (ұжымдық жұмыстар, серуендеуге жинау т.с.с.) немесе әдіске ата-аналармен әңгімелеседі, олардың алған әсерлерін анықтайды, туындаған сұрақтарға жауап береді. Әңгімелерді жеке дара, ұжымдық түрінде өткіземіз. Бұл екі жағдай да, нақты міндет: нені анықтау қажеттігі, немен көмектесуге болатыны белгіленеді, ата-аналардың пікірлерін де тыңдаймыз.
Ата-аналар конференциясы.Конференцияның негізгі мақсаты – отбасылық тәрбиелеудің тәжірибесімен бөлісу. Ата-аналар алдын-ала мәлімдеме дайындайды, немесе оларды бірлесіп те дайындаймыз.Конференцияны мектеп жасына дейінгі мекеме балаларының, қызметкерлерінің, отбасы мүшелерінің бірлескен концертімен аяқтауға болады.
Әлеуметтік дамытушы орта қалыптастыруға көмек көрсету.
Мектеп жасына дейінгі балалардың жеке даралығын дамытуға отбасы мен мектеп жасына дейінгі мекеменің дәстүрлі емес өзара іс-әрекеті бірлігінің педагогикалық принципі негізінде жүзеге асыруда байқауға болады.Тәрбиешілердің, қоғамдық ұйымдардың және отбасының ұрпақты тәрбиелеуде бірлесіп қоян-қолтық жұмыс істеуін талап етеді.Егер де тәрбиелеу күштері қалыптаспаса және бір-біріне қарама-қайшы келсе, онда бала психикалық жүктемелерге тап болады.
Дамытушы ортаға:
• Демалыс аймағы;
• Интеллектуальдық - танымдық аймақ;
• Өз бетінше бейнелеу әрекетін жасау аймағы;
• Ойын аймағы.
Кеңестер.Әдетте кеңестер жүйесі құрастырылады, олар жеке дара немесе ата-аналар топтарымен жүргізіледі. Топтық кеңестерге бірдей проблемалы немесе тәрбиелеуде бірдей табыстары бар әр түрлі топтың ата-аналарын шақырамыз.Ата-аналардың белгілі білімдерді, әдістерді меңгеруі, проблемалық мәселелерді шешуге көмек көрсету кеңестердің басты мақсаты болып табылады.Кейбір жас ата-аналарға семинар - практикумдардың маңызы зор. Бұл нышан оқытудың әдістері мнн тәсілдері туралы айтуға, кітапты қалай оқу керектігін көрсетуге, иллюстрациялы суреттерді көруге, оқығаны туралы әңгімелеуге, жазуға қолын жаттықтыруға мүмкіндік береді.Ата-анамен балабақша арасындағы тығыз қарым-қатынас, бірлік, ынтымақ жарасым тапқан жағдайда оның бала тәрбиесіне тигізетін ықпалы да нәтижелі болмақ.
Біздің мақсатымыз ХХІ ғасыр талабына сай жаңашыл, шығармашыл, мәдениетті, жан-жақты сауатты жеке тұлға тәрбиелеу.
Әдебиеттер:
ЗвереваО. Л., Кротова Т. В. «Общение педагога с родителями в ДОУ. Методический аспект». М, 2005
СолодянкинаО. В. «Сотрудничество дошкольного учреждения с семьей.пособие для работников ДОУ». М. 2005
ДороноваТ. Н. «Взаимодействие дошкольного учреждения с родителями». М., 2002
Достарыңызбен бөлісу: |