ІҮ. Файл № 3 «ҚО үшін қажетті оқу материалдары»
Қашықтықтан оқытуға қажетті оқу материалдары ПОӘК күндізгі бөлімге арналған дәрістер курсының құрылымына сәйкес құрастырылады. Бір кредитті меңгеру үшін 10 дәріс сабақтары (тақырыбы) қарастырылады. Әрбір тақырып бойынша студенттерге өз бетімен оқып үйрену үшін игерілетін сұрақтар бойынша жинақталған оқу материалдары ұсынылуы тиісті.
Оқу материалдары болып саналады:
- авторлық оқу құралдары;
- авторлық лекциялар жинағы;
- толықтырылған дәрістер тезисі;
- пайдалануға ұсынылған оқу құралдарының фрагменттері, міндетті түрде типографиялық мәліметтер көрсетілуі керек (аты, авторы, пайдаланатын беттер т.б.);
- базалық болып саналатын оқу құралдарының фрагменттері, міндетті түрде типографиялық мәліметтер көрсетілуі керек (аты, авторы, пайдаланатын беттер т.б.).
ПӘН БОЙЫНША ДӘРІСТЕРДІҢ КОНСПЕКТІСІ.
№ 1 дәріс
Тақырып: Акварельдік техникасы
Дәрістің мазмұны:
Жұмыс техникасы – Акварельмен жұмыс істеу кезінде планшетті немесе қағаз тартылған стираторды дұрыс ұстау маңызды. Планшетті тігінен қоюға болмайды, өйткені бояу бұл қалпында ағып кетеді. Планшетті тым көлденең де қоюға болмайды, бұл жағдайда су қағаз бетінің әрбір жеріне жиналып, кепкенде бояу қатпарланып тұрады. Ең тиімдісі планшетті аздап жатқызып қойған. Мұндай қалпында қағаз бетінде бояу қатпарлары қалса да, оны таза қылқаламмен сүртіп алуға болады. Акварельдің жұмыс техникасын игеру үшін, алғашқы жаттғуларды бір түспен, мысалы, қара немесе қою қоңыр түспен орындауға болады. Кескіндеменің бұл түрін бір түсті немесе монохромды, не «гризайль» деп айтады.
Акварельмен жұмысты неден бастаған жөн ?
Көбінесе бір түсті немесе түрлі түсті акварельде қою жерлерінен бастайды. Бұл натураның жарық және көлеңке қатынасын бөліп көрсетуге, түрдің көлемін алғашқы этаптарда тереңірек сезінуге көмектеседі, сонымен қатар, бояу қабатының тазалық дәрежесін сақтауға септігін тигізеді, өйткені бояуды қабат – қабаттап салуға тура келеді. Бірақ та акварель тонның күшін әлсірету қателігін жібермейді, сондықтанда ең қою жерлерін бірден бар күшімен салмай, алдымен аздап ашық түстермен боялады.
«Дымқылдату» тәсілі де акварельде қолданылады. Бұл кезекте қағаз бетін алдымен сумен дымқылдатып алады. Мұнда қағаз астына қалыңдау дымқылдатылғанкартонды салу арқылы, бүкіл жұмыс барысында қағазды сулы қалпында ұстауға болады. Бұл тәсіл суретке өзгертулер, түзетулер енгізуге мүмкіндік береді. Соған қарамастан, бұл өте қиын тәсіл, өйткені барлық жұмыс барысы кезінде қағаздың бір қалыпты дымқылдығын сақтау мүмкін емес.
Гуашь Акварель сияқты, гуашь суға езіледі. «Гуашь» сөзі итальян «quazzo» сөзінен шығып, «дымқыл» деген мағынаны білдіреді. Сонымен бірге «гуашь» деп бояудың осы түрімен орындалған өнер туындыларын да атайды.
Бірақ өзінің ерекшеліктерімен акварельден өзгешеленіп тұрады. Оның ерекшелігі – мөлдірліктен айрылғандығында. Гуашьтың қандай да бір түсін таңдап алған соң, оған (белила) қосылады. Гуашь кепкен соң оның бетінде ақшылдау қабат түзіледі.
Гуашь техникасының қиындығысол, онымен жұмыс жасағанда, түс кепкен соң қандай болып шығатынын алдын ала білуге болмайды. Гуашь таза бетке жақсы жағылады. Басқа жағдайларда ол үгітіліп қалуы мүмкін.
Кейде гуашь техникасын акварельге де қолданады. Мұнда соңғысында БЕЛИЛА қосады. Бұл кезде акварель кескіндемесі гуашь кескіндемесіне ұқсап кетеді. Акварель мен БЕЛИЛА қосындысы гуашьқа қарағанда қоюырақ түс береді.
Адамның сезімдерінің ішінде көру қабілеті аса дамыған. Көру үшін басты шарт – жарық. Күн сәулесін ақ деп санау бейімдіге айналған, негізінде оның өте күрделі түстер құрамы бар, оны әйнек призмадан күн сәулесін өткізу арқылы байқауға болады. Осындай жолмен алынған спектрде бірқатар түстер тобын байқаумызға болады. Олар біртіндеп – біртіндеп біреуінен келесісіне өтіп отырады. Күннен басқа да жарық шығаратын денелерді атауға болады, мәселен, элекрт лампасы, керосин лампасының жанып тұрған пілтесі, майшам, сіріңке, т.с.с.Олар күннен өзге түс береді , және ондай спектрді зертегенде, күн сәулесі спектрінен басқа спектр түзеді.
Түрлі түсті заттармен бірге түссіз заттарды да көреміз, яғни қара, сұр, ақ оларды ахроматикалық (грекше “Achrmos”- түссіз) деп атау қалыптасқан, түрлі – түсті, хроматикалыққа қарама қарсы.
Таза ақ түс барлық күннен түскен сәулелерді бейнелейді. Таза қара түс күн сәулесін керісінше өзіне жұтып, сіңіріп алады. Сұр түс, ақ түске қарағанда ашықтылығымен ғана ерекшеленеді. Адамның көзі түстің ашығынан қоюына ауысудың 300-ін айыра алады.
Хроматикалық түстердің 3 қасиеті бар.Түстен түсті ажырататын белгіні түстік тон деп атаймыз. Бұл терминді суреттегі «тон» деп жарық дәрежесін атайды, ал түс енгізуінде түстік тон деп түстер айырмашылығын атайды.
Екінші қасиеті-қаныққандығы (кейде оны тазалық терминімен ауыстырады). Неғұрлым түс жақын болса, соғұрлым қаныққан болады. Қаныққандық деп, мысалы, қызыл мак, көкнәр, сары лимонды атаймыз.
Үшінші қасиеті-ашықтығы. Ашық түстерге қызыл, сарыны жатқызуға болады. Бұл үш қасиеті-тон, қаныққандығы, ашықтығы-барлық түстерде бар.
Натюрморт кескіндемесі
В.А Фаворский атап көрсеткендей натюрморт нұсқасын жасаған кезде заттарды көру керек және олардың бір-бірімен әңгімелескенін, бір-біріне деген қарым-қатынасының, әсерлерінің тереңдігі мен әуендік қатынасын түсініп отыруы керек.
Натюрморт кез-келген заттардың жиынтығы емес. Бір парақ қағазға кез-келен қолға түскен заттарды жинақтап салу- мазмұнды натюрморт орындалды деген сөз емес. Натураға деген белсенді авторлық қатынас, әдемілік, әсемдік сезімі әр-бір жұмыс этапында байқалу керек. Ол болмайынша оқу немесе шығармашылық қойылымды жақсы орындауға болмайды. Натюрмортқа жансыз заттардың тобы ретінде қарап, оларды механикалық түрде қағазға түсірмей, натурамен сәйкестігін ғана жеткізіп қоймай, әр-бір постановкадан идеялық мәнін, өмірдегі болмысын табу. Образды құрғанда заттардың әдемілігін, оларға тән қасиеттерін, кескінді-пластикалық және мағыналық байланысында қарастыру шарт.
Әр – бір заттың “тіршілік ету ортасы” болады. Басқа бір жағдайларға орналастырса, басқа заттармен үйлесе алмай, диссонанс құрап тұрады. Сондықтан заттарды орын-орынмен қойған жөн. Әр-бір зат басқа заттарды толықтырып, байытып, ортақ ойды жеткізіп, оның ерекшелігін көрсету қажет.
Натюрмортты бір-біріне ұқсас немесе біртекті заттардан жасау керек, мысалы кітап, гүл, т.с.с. Бұл автор ойының белсенді шығармашылығын, фантазиясын қажет етеді.
Абрис-бейнеленіп отырған фигураның контуры.
Адаптация-жарықтың белгілі
Ақ түс-цинковтік ақ, свинцовтік ақ, екі ақ түстің қосындысы креминцк түс.
Сары – ашық охра, алтын түс охра, сары охра, кадмий сары, неополитандік сары, үндісары, кадмий лимон, марс сары, алтын – сары лак.
Қызыл- КиноВарь, кадмий қызыл , краплак жарық, краплак қараңғы , ағылшын қызыл, Венециандық қызыл, капут-мортуум, қызыл жер пуццуол, киноВарь , ал қызыл.
Көк- Ультрамарин , кобальт көк, церулем, азиринтовтік лазурь, кобальт жарық ,кобальт көк қараңғы , индиго.
Жасыл-Изумруд жасыл, Поль Веронез, кобальт жасыл. Жасыл жер Веронистік , грузындік жасыл жер, армян жасыл жер, волконсконт, окись хрона , богемстік жасыл жер.
Қоңыр – Марс жарық қоңыр, копуг – моргуум , қоңыр жер, хотьковтік қоңыр жер, кудиновтік қоңыр жер, табиғи умбра, Ван Дик , табиғи сиена, кассельстік қоңыр жер, асфальт.
Қара-Виноградтық қара, Піл сүйегін күйдірілген.
Майлы бояудың небу жылдамдығы ондағы майдың мөлшерінен , пигменттің химялық құрамынан байланысты. Майлы бояу 15 ғасырдан бастап қолданыла бастады. Майлы бояу екі түрге бөлінеді «езілген ұсақ» бояу және «эскиздік » болып . Бірінші түрі ең жақсы майлы болып табылады. Екіншісі ол онша жауапты жұмыстарға арналмаған бояу.
Студенттер мынандай майлы бояудың түрлерімен жазған дұрыс болады.
Цинковті ақ – барлық бояудың түстерімен араласа береді. және жай кебеді. Бұл бояудың қасиеті түс іздеу үшін өте қолайлы.
Кадмий сары - өте жай кебетін бояу. Әртүрлі оттенок шығаруға болады.
Охра сары Қатты да тұрақты түсін өзгертпейтін бояу.
Кадмий қызыл- КиноВарьдың орнына қолдануға болады. Өте ашық түс және жеткілікті тұрақты.
Краплак қызыл-ашық пурпурдық түс. Мөлдір және басқа бояумен араластырғанда жеткілікті қатты. Жасыл түспен араластыруға болмайды қарайып кетеді.
Охра қызыл-Барлық түспен араластырғандада толық тұрақты. Ағылшын қызылда осындай.
Изумруд жасыл-Жасыл бояулардың ішіндегі ең жақсы ашық бояу, мөлдір және краплактеа басқа бояулар араластырғанда тұрақты . Жылдам кебеді.
Окись хрома-түс жағынан жасыл түс тәріздес бояуға жақсы араласады тұрақты.
Кобальт көк – ашық көк , сары кадмий бояуынан басқа, бояулармен тұрақты араласады.
Ультрамарин – ашық көкшіл бояу, барлық бояу түстерімен тұрақты араласады. Бірақ кейбірде жұмысымызда лай көмескі бұлдыр тұтынады. Бұндай жағдайды суретшілер «ультрамарин ауруы» деп атайды. Бұндай жағдайды лакпен немесе маймен жұмысымызды жапсақ, түс қалпына келеді.
Табиғи умбра- ашық – қоңыр бояу, барлық бояу түстерімен араласып , өзінің мөлдірлік қасиетін сақтайды.
Күйдірілген умбра-қараңғы қоңыр бояу, барлық бояу түсімен араласуы тұрақты. Марс қоңырдың орынын ауыстыра алады.
Күйдірілген смена-ашық қызыл қоңыр, барлық бояудың араласуына тұрақты.
Күйдірілген сүйек-қара түс, барлық бояумен араласып өз тұрақтылығын ұстады.
Дәріс
№ 1 дәріс
Тақырып: Бейнелеу өнерін оқытудың негіздері. Күнтізбелік-тақырыптық жоспар.
Дәрістің мазмұны: Бейнелеу өнерін оқытуды ұйымдастыру және сабақтың құрылысы.
Мақсат: Бейнелеу өнерін оқыту әдістемесі курсының мазмұнын ашу және он басқа да арнайы ғылымдармен байланысын тереңірек қарастыру.
Кілттік сөздер: әдістер, әдістеме, сабақ жоспары, күнтізбелік жоспар, тәрбие процесі.
Әдебиеттер: Кузин В.С. Основы обучения изобразительного искусства в школе.М; Просв. 1970
Кузин В.С. ИЗО и методики его преподавателя в начальных классах. М; Просв. 1984
Неменский Б.М. Мудрость красоты: книга для учителя; М; Просв.4981
№ 2 дәріс
Тақырып: Тақырыптық бейнелеу сабақтарының мазмұны мен оқыту әдістемесі.
Дәріс мазмұны: Тақырыптық бейнелеу сабақтарының мазмұны қоршаған орта өмір шындығы, әдеби шығармалар желісіне байланысты сюжеттер немесе белгілі бір берілген тақырып бойынша оқушылардың өз қиялдарынан құрастырып бейнелеген суреттерге негізделеді.
Мақсаты: Ежелгі Мысырдағы суретті оқыту әдістемесі: канондық ережелер.
Кілттік сөздер: тас, жарға сурет салу, канондық ережелер.
Әдебиеттер: Ростовцев Н.Н. История методов обучения рисования зарубежные и советских школах. М, Просв. 1980
Ростовцев Н.Н. Методика преподования ИЗО в школе. М, Просв. 1980
К.Д.Ушинский Балаларды тәрбиелеу және оқыту жөніндегі таңдамалы пікірлері. Алматы. 1961. 80б /.
№ 3 дәріс
Тақырып: Мүсіндеу сабақтарының мазмұны мен оқыту әдістемесі.
Дәріс мазмұны: Мүсіндеу сабақтарының мазмұны классикалық мүсін өнері, мүсіндеу құралдары және материалдарымен жұмыс істеу, әдіс-тәсілдерін меңгеру мен оқушылардың кеңістікте көлемді образдар жасау арқылы шығармашылық қабілеттерін дамытуға негізделеді.
Мақсаты: Көркемөнер термин сөздігімен жұмыс жасау
Кілттік сөздер: канондық бейнелеу әдістері, Греция Рим мемлекетіндегі сурет салу әдістері.
Әдебиеттер: Ибрагимов Ұ.Ш., Болатбаев Қ.К. Бейнелеу өнері . 1-5сыныпқа арналған жаңа буын оқулықтары.Алматы «Атамұра» 2000-2002ж.
Ивахнова Л.А. Профессиональная деятельность учителя ИЗО; Алматы; АГУ им.Абая 1982
Кузин В.С. и Кубишкина Э.И. Изобразительное искусство. Учебник 1-2 кл, 3-4кл, М; Драфа 1997
№ 4дәріс
Тақырып: Бейнелеу өнерін оқытудағы пәнаралық байланыс.
Дәріс мазмұны: Пән аралық байланыс білім беру жүйесіне енгізілген барлық пәндердің біртұтастық, қажеттілік деңгейін дәлелдейді. Бұл бейнелеу өнерінің басқа да пәндермен бірдей деңгейде оқытылу мәртебесін дәлелдейді, оқыту мен тәрбиедегі барлық пәндердің бірізділігін қамтамасыз етеді.
Мақсаты: А. Дюрердің гравюрлік шығармаларының біреуінің көшірмесін жасау. Леонардо да Винчи және А. Дюрердің адамды бейнелеудегі ережелеріне байланысты жұмыстарынан көшірме жасап суретін салу
Кілттік сөздер: графюра, гравюрлеу әдісі.
Бақылау сұрақтары:
Альберти, Ченино-Ченини, Леонардо до Винчи, Альбрехт Дюрер шығармашылықтары.
А. Дюрердің гравюрлік шығармалары.
Әдебиеттер: Ивахнова Л.А. Профессиональная деятельность учителя ИЗО; Алматы; АГУ им.Абая 1982
Кузин В.С. и Кубишкина Э.И. Изобразительное искусство. Учебник 1-2 кл, 3-4кл, М; Драфа 1997
Кузин В.С. Основы обучения изобразительного искусства в школе.М; Просв. 1970
№ 5 дәріс
Тақырып: Оқытудың ғылымилық принципі.
Дәріс мазмұны: Бейнелеу өнерінің ғылыми негіздері перспектива, түстану, жарық-көлеңке, анатомия т.б. ғылымдарға бағытталады.
ОЖСӨЖ-мазмұны: Оқытудың ғылымилық принципін талдау.
СӨЖ- мазмұны: Сабақ жоспарын құру.
Әдебиеттер: К.Д.Ушинский Балаларды тәрбиелеу және оқыту жөніндегі таңдамалы пікірлері. Алматы. 1961. 80б /.
Ростовцев Н.Н. История методов обучения рисования зарубежные и советских школах. М, Просв. 1980
Ростовцев Н.Н. Методика преподования ИЗО в школе. М, Просв. 1980
№ 6 дәріс
Тақырып: Саналылық пен белсенділік принципі
Дәріс мазмұны:
Жаңа сабақты түсіндіру кезінде жанама сұрақтар қою, жаңа мәселе туралы оқушылардың пікірін тыңдау, сұрақ-жауап т.б. әдіс-тәсілдер арқылы оқушылардың саналылығын , белсенділігін арттыруға болады.
ОЖСӨЖ- мазмұны: Ғылыми әдебиеттермен жұмыстану /№7-к.оқу залы/
СӨЖ- мазмұны: иллюстрациялық материалдармен танысу.
Әдебиеттер: Ростовцев Н.Н. Методика преподования ИЗО в школе. М, Просв. 1980
Ибрагимов Ұ.Ш., Болатбаев Қ.К. Бейнелеу өнері . 1-5сыныпқа арналған жаңа буын оқулықтары.Алматы «Атамұра» 2000-2002ж.
Ивахнова Л.А. Профессиональная деятельность учителя ИЗО; Алматы; АГУ им.Абая 1982
Кузин В.С. и Кубишкина Э.И. Изобразительное искусство. Учебник 1-2 кл, 3-4кл, М; Драфа 1997
№ 7 дәріс
Тақырып: Түсініктілік және сәйкестік принципі.
Дәріс мазмұны: Оқытудың түсініктілік принципі мұғалімнен жаңа материалдың күрделілік деңгейін және оны әр сыныпта меңгерілу мүмкінділігін білуді, сонымен қатар оқушылардың жас ерекшелігін жеке іскерлік және танымдылық қабілетін білуді талап етеді.
ОЖСӨЖ- мазмұны: Қажетті әдебиеттермен жұмыстану.
СӨЖ- мазмұны: Конспект дайындау.
Әдебиеттер: Ростовцев Н.Н. Методика преподования ИЗО в школе. М, Просв. 1980
Сокольникова Н.М. Изобразительное искусство и методика в начальных классах. М, 1999
Ростовцев Н.Н. История методов обучения рисования зарубежные и советских школах. М, Просв. 1980
Шорохов Е.В. Методика преподавателя композиции на уроках ИЗО; М, Просв. 1977
№ 8 дәріс
Тақырып: Ауызша әдіс.
Дәріс мазмұны: Ауызша әдіс – сабақтың қай кезеңінде болса да, сұрақ-жауап, әңгімелесу, пікірлесу, нұсқау беру тәсілдері құрайды. Бұл әдіс көбіне жаңа сабақ кезеңінде басым орын алады.
ОЖСӨЖ- мазмұны: сабақ жоспарын құру.
СӨЖ- мазмұны: Түсіндіру, әңгімелесу, сұрақ-жауап, пікірлесу.
Әдебиеттер: Байжігітов Б.К. Бейнелеу өнеріндегі философиялық мәселелер. Алматы; Ғалым, 1998
Беда Г.В. Основы изобразительной грамоты: рис.,жив.; М.; Просвещ.1981
Ростовцев Н.Н. Методика преподования ИЗО в школе. М, Просв. 1980
№ 9 дәріс
Тақырып: Практикалық әдіс.
Дәріс мазмұны: Практикалық әдіс теориялық білімді белгілі бір іс-әрекетте жүзеге асыру, меңгеру үшін қолданылады. Ол жаттығулар, нобайлар, эскиздер, сабақ тақырыбы бойынша суреттер орындау, көркем жобалау/дизайн/ жұмыстары болып табылады.
ОЖСӨЖ- мазмұны: Іскерлік дағдыларын қалыптастыру жаттығуларын орындау.
СӨЖ- мазмұны: бейнелеу өнерінің айқындаушы құрал-тәсілдерімен таныстыру.
Әдебиеттер: Ивахнова Л.А. Профессиональная деятельность учителя ИЗО; Алматы; АГУ им.Абая 1982
Кузин В.С. и Кубишкина Э.И. Изобразительное искусство. Учебник 1-2 кл, 3-4кл, М; Драфа 1997
Кузин В.С. Основы обучения изобразительного искусства в школе.М; Просв. 1970
К.Д.Ушинский Балаларды тәрбиелеу және оқыту жөніндегі таңдамалы пікірлері. Алматы. 1961. 80б /.
№ 10 дәріс
Тақырып: Проблемалық әдіс.
Дәріс мазмұны: Проблемалық әдіс – оқу-тәрбие процесінде оқушылардың алдына тақырыпқа байланысты дүниетанымдық, іс-әрекеттік проблемалық жағдайлар туғызу. Ол сабақ мазмұнына байланысты белгілі бір проблемалық сұрақтар, тапсырмалар, оқушылар сол проблеманы ғылыми, шығармашылық тұрғыдан ізденістер жасап, зерттеп, салыстырып, ойланып шешуге талаптанады.
ӨЖСӨЖ мазмұны: Сабақ жоспарларын құру.
СӨЖ мазмұны: Ғылыми әдебиеттермен жұмыстану /№7-к.оқу залы/
Әдебиеттер: Алехин А.Ю. Когда начинается художник – М; Просвещение 1993.
Арнхейм Р. Искусство и визуальное восприятие – М; Наука, 1974.
Бабанский Ю.К. Оптимизация учебно-воспитат.процесса. М; Прсвещ.1982
№ 11 дәріс
Тақырып: Зерттеу әдісі
Дәріс мазмұны: Зерттеу әдісі оқушылардың шығармашылық танымдық жұмыстарын ғылыми деңгейге жақындатуды көздейді. Оның негізгі жаңа проблемаларды шешу жолында оқушылардың ізденушілік, шығармашылық іс-әрекет тәсілдерін ұйымдастыру болып табылады.
ОЖСӨЖ- мазмұны Сабақ жоспарларын құру.
СӨЖ- мазмұны: Әдіс-тәсілдерді қолдану жолдары.
Әдебиеттер: Алехин А.Ю. Когда начинается художник – М; Просвещение 1993.
Арнхейм Р. Искусство и визуальное восприятие – М; Наука, 1974.
Бабанский Ю.К. Оптимизация учебно-воспитат.процесса. М; Прсвещ.1982
К.Д.Ушинский Балаларды тәрбиелеу және оқыту жөніндегі таңдамалы пікірлері. Алматы. 1961. 80б /.
№ 12 дәріс
Тақырып: Сыныптан тыс жұмыстар.
Дәріс мазмұны: Сыныптан тыс жұмыстар жүргізу барысында әңгімелесу, репродукциялар, диапозитивжәне диафильмдер арқылы дәріс беру, сурет және живопись, бейнелеу өнері үйірмесін ұйымдастыру, мұражайларға, сурет шеберханасына және көрме залдарына экскурсия жасау, плэнерлік қысқа уақыттық суреттер,факультативтік сабақтар өткізу сияқты шараларды қарастыруға болады.
ОЖСӨЖ- мазмұны: Әр тоқсанға арналған сыныптан тыс іс-шаралар жоспарын құрастыру.
СӨЖ- мазмұны: қойылым бойынша нұсқаға қарап сурет салу.
Әдебиеттер: Коменский Я.Н. Избранные педагогические сочинения-М, 1995,287с
Арнхейм Р. Искусство и визуальное восприятие – М; Наука, 1974.
Бабанский Ю.К. Оптимизация учебно-воспитат.процесса. М; Прсвещ.1982
№ 13 дәріс
Тақырып: Топсаяхат.
Дәріс мазмұны: Топсаяхат оқу бағдарламасынан бөлек суретшілер шығармаларына айқын анықтама бере отырып, өзіндік ерекшеліктерін, бейнелеу өнерінің түрлері мен жанрларын кең көлемде түсінуге жол ашады.
ОЖСӨЖ- мазмұны: Сабақ жоспарларын құру.
СӨЖ- мазмұны: Өз ойларын қағазға түсіру.
Әдебиеттер: К.Д.Ушинский Балаларды тәрбиелеу және оқыту жөніндегі таңдамалы пікірлері. Алматы. 1961. 80б /.
Сағимбаев Ә.Ә. Бастауыш сынып оқушыларының бейнелеу өнері арқылы шығармашылық іс-әрекетін қалыптастырудың педагогикалық шарттары.Алматы.2003. -145 бет.
№ 14 дәріс
Тақырып: Оқушылардың өз бетімен жұмысы.
Дәріс мазмұны: Бұл жұмысқа оқушы өз қалауымен ерікті түрде қатысады, онда оқушы бейнелеу өнері пәнінің мұғалімімен жоспар бойынша тапсырма алып, ол тапсырманы белгіленген
ОЖСӨЖ- мазмұны: Сыныптан тыс жұмыстардың жүргізілуі.
СӨЖ- мазмұны: Кітапханаларға барып, әдебиеттермен жұмыстану.
Әдебиеттер: Костин В.И. Юматов В.А. Язык изобразительного искусства. М.Знание. 1978г. 10с.
Пашаев А.А. Педагогика искусства и творческие способности. М. Знание 1981г 96с.
Сағимбаев Ә.Ә. Бастауыш сынып оқушыларының бейнелеу өнері арқылы шығармашылық іс-әрекетін қалыптастырудың педагогикалық шарттары.Алматы.2003. -145 бет.
№ 15 дәріс
Тақырып: Оқушылардың үлгерім есебі.
Дәріс мазмұны: Алдын ала есеп. Күнделікті есеп. Тоқсандық есеп. Қорытынды есеп.
ОЖСӨЖ- мазмұны: Тоқсандық баға шығаруды меңгеру.
СӨЖ- мазмұны: Кітапханаларда әдебиеттермен жұмыстану.
Әдебиеттер: Выготский В.С. Психология искусства. 2-е изд.,доп. М.Искусство 1968г 576с.
Зайцев А.С. Наука о цвете и живопись. М. Искусство. 1986г 158с.
Кардовский Д. П. Об искусстве. Воспоминания, статья, письма. М.АХ СССР. 1960г.340с.
Кибрин Е.А. Об Искусстве и художниках. М. АХ СССР. 1961г 311с.
Костин В.И. Юматов В.А. Язык изобразительного искусства. М.Знание. 1978г. 10с.
Әдебиеттер тізімі
[1] М.Б. Бисенгазиев, А.Ш. Хамитов «Кәсіпкерлік негіздері» Орал- 2002ж.
[2] Назарбаев Н. Ә. Қазақстан – 2030 – Алматы: “ЮРИСТ”, 2001.
[3] Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы. Қазақстан Республикасының заңы. – Алматы: ЮРИСТ, 2004 – 30 б.
[4] Коммерциялық емес ұйымдар туралы. Қазақстан Республикасының заңы. – Алматы: ЮРИСТ, 2002 – 21 б.
[5] Өмірзақов К. Кәсіпорынэкономикасы. Оқу құралы. Орал БҚМУ 2003г.
[6] Н.В. Минаев «Экономика и предпринимательство» М-1994г.
[7] В.М. Власова «Основы предпринимательской деятельности» М-1995г.
[8] Мейірбеков А. Қ., Әлімбетов Қ. Ә. Кәсіпорын экономиксы: Оқу құралы – Алматы: Экономика, 2003 – 252 бет.
[9] Жауап кершілігі шектеулі серіктестік. Қосымша жауапкершілігі бар серіктестік. Заң актілері жиынтығы. – Алматы: ЮРИСТ, 2002 – 12 б.
[10] Акционерлік қоғамдар туралы. ҚР заңы – Алматы: ЮРИСТ, 2003 – 54 б.
[11] Грузинов В., Грибов В. Экономика предприятия. Учебное пособие. Финансы и статистика. 1999г
[12] Жолдасбаева Г. Ө. Кәсіпорынэкономикасы: Оқу құралы – Алматы: Экономика 2002г. – 109 б.
CЕМИНАР (ПРАКТИКАЛЫҚ) САБАҚТАРДЫҢ ЖОСПАРЫ
Семинар 1.
Тақырып: Заттан қарап бейнелеу сабақтарының мазмұны мен оқыту әдістемесі.
Негізгі сұрақтар: Заттан қарап бейнелеу ереже заңдылықтарын үйрету
Әдістемелік нұсқау: Көрнекілік құралдары мен шағын баяндамасын қорғау.
Семинар 2.
Тақырып: Сәндік сурет және көркем құрастыру сабақтарының мазмұны мен оқыту әдістемесі.
Негізгі сұрақтары: Сәндік сурет және көркем құрастыру сабақтарының мазмұны қазақ халқының, басқа да халықтардың дәстүрлі тарихи өнерімен танысып, олардың көркем безендірілу технологиясын меңгеруге және әртүрлі көркем материалдар пайдаланып көркем құрастыру, безендіру, жапсырмалау, көркем бүктеу, дизайн жасау жұмыстарына негізделген.
Әдістемелік нұсқау: Көрнекілік құралдары мен шағын баяндамасын қорғау.
Семинар 3.
Тақырып: Өнер туралы әңгіме сабақтарының мазмұны мен оқыту әдістемесі.
Негізгі сұрақтары: Өнер туралы әңгіме сабақтарында оқушылар суретшілердің өз туындыларын жасауда тақырып мазмұнының тереңдігіне, эмоционалдық әсеріне, көркемдік шешіміне жету жолдарын танып түсінеді
Әдістемелік нұсқау: Пікірлесу. Жазған шағын баяндамасын қорғау.
Семинар 4.
Тақырып: Мектепте бейнелеу өнерін оқыту әдістемесінің негізгі дидактикалық принциптері.
Негізгі сұрақтары:
Бейнелеу өнерін оқытуда педагогика ғылымы зерттеп, көрсетіп берген дидактикалық принциптерді басшылыққа ала отырып ұйымдастыру үлкен нәтиже береді, оқыту мен тәрбие процесін ғылыми тұрғыда жүйелендіреді.
Әдістемелік нұсқау: Тақырып бойынша әңгімелесу. Қазіргі мектептегі оқу-тәрбие процесінің жүргізілуне мысалдар келтіру.
Семинар 5.
Тақырып: Көрнекілік принципі
Негізгі сұрақтары:
Бұл әдіс оқушылардың құбылысты, оқиғаны, мәселені, оны шешу жолдарын көріп сезініп қабылдауына, түсінуіне, есінде сақтауында, заттардың құрылысын, қасиеттерін өз беттерімен зерттеп тауына мүмкіндік жасайды.
Әдістемелік нұсқау: Оқытушының берген тапсырмасындағы ғылыми негіздерге талдау жасау.
Семинар 6.
Тақырып: Жүйелілік және бірізділік принципі
Негізгі сұрақтары:
Жаңа сабақтың материалын өткен сабақпен байланыстырып, бірізділікпен оқыту оқушының білімін тереңдетеді. Оқыту процесіндегі ең басты болып саналатын осы жүйелілік пен бірізділік принципі қаншалықты үздіксіз байланыста жүрсе, соғұрлым жұмыс нәтижелі болады.
Әдістемелік нұсқау: Бейнелеу өнерінің тарихи даму жолдарын, мәнін түсіндіріп бағалай білуге үйрету.
Семинар 7.
Тақырып: Бейнелеу өнерін оқыту әдістері
Негізгі сұрақтары: Оқыту әдіс-тәсілдері мұғалім мен оқушылардың арасындағы оқу-тәрбие жұмыстарын нәтижелі етіп ұйымдастыру іс-әрекетінің тәсілдері. Мұғалім әдіс-тәсілдер арқылы оқылатын сабақтың мазмұнын, мақсат-міндеттерін айқындайды.
Әдістемелік нұсқау: Типтік оқу бағдарламаларымен танысу, сұрақтар қою.
Семинар 8.
Тақырып: Көрнекілік әдісі
Негізгі сұрақтары:Бұл әдіс оқушылардың құбылысты, оқиғаны, мәселені, оны шешу жолдарын көріп сезініп қабылдауына, түсінуіне, есінде сақтауында, заттардың құрылысын, қасиеттерін өз беттерімен зерттеп тауына мүмкіндік жасайды.
Әдістемелік нұсқау: көркемсурет бөлімдерінің тақырыптық жоспарымен танысу, пікірлесу.
Семинар 9.
Тақырып Репродуктивті әдіс
Негізгі сұрақтары:
ол белгілі бір берілген білімді немесе мұғалімнің тапсырмасы бойынша іс-әрекеттің тәсілін қайталау, еске түсіру болып табылады. Репродуктивті әдіс өткен білімді, іс-әрекетті үнемі қайталап еске түсіре отырып жаңа білімді, іс-әрекетті жүйелі бірізділікпен қабылдауды көздейді.
Әдістемелік нұсқау: Студенттер жазықтықта бейнелеудің түрлі әдістерімен жұмыстанады.
Семинар 10.
Тақырып: Ішінара ізденіс немесе эвристикалық әдіс
Негізгі сұрақтары:
Эвр.әдіс оқу-тәрбие процесінде оқушылардың алдына қойылған проблемаларды бірте-бірте өз беттерімен шешу үшін алдын-ала зерттеу жолдарын ұйымдастыруды үйретеді.
Әдістемелік нұсқау: Қолданбалы қызметтің ерекшеліктерін қарастырады.
Семинар 11.
Тақырып: Шағын комплектілі мектептердегі бейнелеу өнерін оқытуды ұйымдастыру.
Негізгі сұрақтары:
Шағын комплектілі мектеп – ол оқушы саны аз, қатарлас сыныптары жоқ, кейбір сыныптар мүлдем жоқ мектептер.
Әдістемелік нұсқау: Флористика әдісімен құрғақ, кептірілген өсімдіктердің жаырақша-күлтелерімен композиция құрастырып, жапсырмалайды.
Семинар 12.
Тақырып: Үйірме жұмысы
Негізгі сұрақтары:
Бейнелеу өнері үйірмесінің сабақ жоспары жазбасы.
Әдістемелік нұсқау: Мүсін түрлерімен таныса отырып, тақырып бойынша ермексазбен жұмыстанады.
Семинар 13.
Тақырып: әңгіме.
Негізгі сұрақтары:
Сыныптан тыс әңгіме барысы, сабақ кезінде қызығушылық танытқан сұрақ бойынша терең түсінік беру немесе тақырыпты оқу сағатын толық қамти алмаған жағдайда жүргізіледі.
Әдістемелік нұсқау: Мектепте сурет салу түрлерін қалай жүргізуге болады? Осы бағытта қандай қызықты бағыт беруге болады?
Семинар 14.
Тақырып: Бағалау.
Негізгі сұрақтары:
Бейнелеу өнері пәні бойынша жұмыстарды бағалау принциптері.
Әдістемелік нұсқау: Сабақ тақырыбы бойынша студенттердің барлығы жеке-жеке тапсырмалар орындайды. Шығарма орындап болғаннан кейін оқытушы сұрақтар қойып, жетістіктері мен кемшіліктерін айтады.
Семинар 15.
Тақырып: Үй тапсырмасын түсіндіру.
Негізгі сұрақтары:
Үй тапсырмасын тексеру уақытын белгілеу
Әдістемелік нұсқау: Сабақ тақырыбы бойынша студенттердің барлығы жеке-жеке тапсырма орындайды. Шығарма орындап болғаннан кейін, жұмыстың мазмұнына, ерекшелігіне орай сұрақтар қойылады.
ПӘНДІ МЕҢГЕРУ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ
Теориялық білімді меңгеру бойынша методикалық нұсқау
СОӨЖ жұмыстарына әдістемелік нұсқау.
Минидоклад: бұл жұмыс жеке тапсырма бойынша беріледі 1-3 бет
колемінде жазылады және қорғалады.
Миниреферат: бұл жұмыс жеке тапсырма бойынша беріледі 3-5 бет
колемінде жазылады және жазба түрінде тапсырылады.
Мақала: бұл жұмыс жеке тапсырма бойынша беріледі 1-3 бет колемінде
жазылады және қорғалады.
Кредит сағат: 1
ӨЖСӨЖ тақырыбы: Студенттерді жаңа буын оқулықтарымен және де қосымша әдістемелік әдебиеттермен таныстырып өту.
Мақсаты: Білім берудің жаңа сапалық деңгейін көтеру.
Сұрақтар: 1. Бейнелеу өнерін оқытудың әдіс-тәсілдері.
2. Жас ұрпаққа бейнелеу өнері арқылы тәлім-тәрбие беру.
Әдістемелік нұсқау: Берілген тақырып бойынша шағын баяндама және конспект дайындау.
Әдебиеттер: Кузин В.С. Основы обучения изобразительного искусства в школе.М; Просв. 1970
Кузин В.С. ИЗО и методики его преподавателя в начальных классах. М; Просв. 1984
Неменский Б.М. Мудрость красоты: книга для учителя; М; Просв.4981
Кредит сағат: 2
ӨЖСӨЖ тақырыбы: Семинар сабақтарына дайындалу және материалдарды конспектілеу. Өз беттерімен кітапханаларға бару. Иллюстрациялық материалдармен танысу.
Мақсаты: Дәріс тақырыбына қатысты материалдарын конспектілеу
Әдістемелік нұсқау: Берілген тақырып бойынша шағын баяндама және конспект дайындау.
Әдебиеттер: Арнхейм Р. Искусство и визуальное восприятие – М; Наука, 1974.
Сагимбаев А.А. Педагогические условия формирования творческой деятельности учащихся начальных классов посредством изоб-ного искусства. 2003.- 148 стр
Ростовцев Н.Н. История методов обучения рисования зарубежные и советских школах. М, Просв. 1980
Ростовцев Н.Н. Методика преподования ИЗО в школе. М, Просв. 1980
Кредит сағат: 3
ӨСӨЖ мазмұны: Ежелгі Мысырдағы суретті оқыту әдістемесі: канондық ережелер.
Сұрақтар: канондық ережелер.
Әдістемелік нұсқау: Берілген тақырып бойынша шағын баяндама және конспект дайындау.
Әдебиеттер:
Ростовцев Н.Н. История методов обучения рисования зарубежные и советских школах. М, Просв. 1980
Ростовцев Н.Н. Методика преподования ИЗО в школе. М, Просв. 1980
К.Д.Ушинский Балаларды тәрбиелеу және оқыту жөніндегі таңдамалы пікірлері. Алматы. 1961. 80б /.
Кредит сағат: 4
ӨСӨЖ мазмұны: Тақырыпқа қатысты иллюстрациялық материалдар жинақтау
Сұрақтар: Иллюстрациялық материалдармен танысу.
Әдістемелік нұсқау: Берілген тақырып бойынша шағын баяндама және конспект дайындау.
Әдебиет: Ростовцев Н.Н. История методов обучения рисования зарубежные и советских школах. М, Просв. 1980
Ростовцев Н.Н. Методика преподования ИЗО в школе. М, Просв. 1980
Кузин В.С. Основы обучения изобразительного искусства в школе.М; Просв. 1970
Кредит сағат: 5
ӨСӨЖ мазмұны Көркемөнер термин сөздігімен жұмыс жасау.
Әдістемелік нұсқау: Берілген тақырып бойынша шағын баяндама және конспект дайындау.
Сұрақтар: канондық бейнелеу әдістері жөнінде мәлімет беру.
Әдебиеттер: Ибрагимов Ұ.Ш., Болатбаев Қ.К. Бейнелеу өнері . 1-5сыныпқа арналған жаңа буын оқулықтары.Алматы «Атамұра» 2000-2002ж.
Ивахнова Л.А. Профессиональная деятельность учителя ИЗО; Алматы; АГУ им.Абая 1982
Кузин В.С. и Кубишкина Э.И. Изобразительное искусство. Учебник 1-2 кл, 3-4кл, М; Драфа 1997
Кредит сағат: 6
ӨСӨЖ мазмұны: Н.Н.Ростовцевтың, В.С.Кузиннің, Н.М.Сокольникованың және Ұ.Ш.Ибрагимов, Қ.К.Болатбаевтың әдістемелеріне талдау жасау.
Сұрақтар: Тақырыпқа қатысты иллюстрациялық материалдар жинақтау және альбомдар құрастыру.
Әдістемелік нұсқау: Берілген тақырып бойынша шағын баяндама және конспект дайындау.
Әдебиеттер:
Байжігітов Б.К. Бейненің тұрақты нақыштарына философиялық қатынас.Алматы.1998. -228 бет.
Самуратова Т.К. Қазақ қолданбалы өнері негізінде болашақ мұғалімдердің эстетикалық тәрбие беруге даярлығын қалыптастыру.
Кредит сағат: 7
ӨСӨЖ мазмұны : А. Дюрердің гравюрлік шығармаларының біреуінің көшірмесін жасау. Леонардо да Винчи және А. Дюрердің адамды бейнелеудегі ережелеріне байланысты жұмыстарынан көшірме жасап суретін салу.
Сұрақтар Кітапханаларға барып өз беттерінше иллюстрациялық материалдармен танысу.
Әдістемелік нұсқау: Берілген тақырып бойынша шағын баяндама және конспект дайындау.
Әдебиеттер:Ивахнова Л.А. Профессиональная деятельность учителя ИЗО; Алматы; АГУ им.Абая 1982
Кузин В.С. и Кубишкина Э.И. Изобразительное искусство. Учебник 1-2 кл, 3-4кл, М; Драфа 1997
Кузин В.С. Основы обучения изобразительного искусства в школе.М; Просв. 1970
Кредит сағат: 8
ӨСӨЖ мазмұны Леонардо да Винчидің «Мадонна» атты шығармасының типологиялық ерекшеліктеріне байланысты конспект жасау.
Сұрақтар: Микеланджело, Рафаэль фрескаларының композициялық схемаларын сызу және суретін салу. Тақырып бойынша семинар сабақтарына дайындалу және материалдар конспектілеу.
Әдістемелік нұсқау: Берілген тақырып бойынша шағын баяндама және конспект дайындау.
Әдебиеттер: Бабанский Ю.К. Оптимизация учебно-воспитат.процесса. М; Просвещ.1982
Барщ А.О. Рисунок в средней художественной школе. М; Искусство 1957
Ивахнова Л.А. Профессиональная деятельность учителя ИЗО; Алматы; АГУ им.Абая 1982
Кузин В.С. и Кубишкина Э.И. Изобразительное искусство. Учебник 1-2 кл, 3-4кл, М; Драфа 1997
Кредит сағат: 9
ӨСӨЖ мазмұны Прейслер И.Д., Гиппиус Г.А., Сапожников А.П., Чистяков П.П. әдістемелік әдебиеттерін негізге ала отырып қолдану.
Сұрақтар: Ортағасырлық Батыс Еуропа және Орыс өнерінің ұқсастары мен ерекшеліктері
Әдістемелік нұсқау: Берілген тақырып бойынша шағын баяндама және конспект дайындау.
Әдебиеттер: К.Д.Ушинский Балаларды тәрбиелеу және оқыту жөніндегі таңдамалы пікірлері. Алматы. 1961. 80б /.
Ростовцев Н.Н. История методов обучения рисования зарубежные и советских школах. М, Просв. 1980
Ростовцев Н.Н. Методика преподования ИЗО в школе. М, Просв. 1980
Кредит сағат: 10
ӨСӨЖ мазмұны: Ғылыми әдебиеттермен жұмыстану /№7-к.оқу залы/
Сұрақтар: Бейнелеу өнері әдістемесі бойынша ғылыми деректерге шолу жасау (ғылыми әдебиеттер, монографиялар, диссертациялар)
Әдістемелік нұсқау: Берілген тақырып бойынша шағын баяндама және конспект дайындау.
Әдебиеттер: Ибрагимов Ұ.Ш., Болатбаев Қ.К. Бейнелеу өнері. 1-5сыныпқа арналған жаңа буын оқулықтары.Алматы «Атамұра» 2000-2002ж
Ростовцев Н.Н. История методов обучения рисования зарубежные и советских школах. М, Просв. 1980
Кредит сағат: 11
ӨСӨЖ мазмұны: Педагогикалық шығармашылық ізденістері, педагогика-психологиялық қызметтің жұмысын бекіту
Сұрақтар: мектепке кадрлар таңдау мен жұмысқа орналастыру мәселесін бақылау, өндірістік және әлеуметтік қордың жұмсалу бағыты.
Әдістемелік нұсқау: Берілген тақырып бойынша шағын баяндама және конспект дайындау.
Әдебиеттер : Ростовцев Н.Н. Методика преподования ИЗО в школе. М, Просв. 1980
Ибрагимов Ұ.Ш., Болатбаев Қ.К. Бейнелеу өнері . 1-5сыныпқа арналған жаңа буын оқулықтары.Алматы «Атамұра» 2000-2002ж.
Ивахнова Л.А. Профессиональная деятельность учителя ИЗО; Алматы; АГУ им.Абая 1982
Кредит сағат: 12
ӨСӨЖ мазмұны: Каллиграфиялық жазу.Тушпен, гуаш бояуымен жазу.
Сұрақтар: Бейнелеу өнерінің тарихи даму жолдарын, мәнін түсіндіріп бағалай білуге үйрету.
Оларды белгілі бір мақсатқа /көркемөнерге/ бағыттап үйретіп, олардың көркем творчествалық қабілетін дамыту арқылы кәсіби білім беру.
Әдістемелік нұсқау: Берілген тақырып бойынша шағын баяндама және конспект дайындау.
Әдебиеттер: Неменский Б.М. Мудрость красоты: книга для учителя; М; Просв.4981
Программа по ИЗО 5-6кл. Изд. РГИ и «Рауан», 1999
Ростовцев Н.Н. Академический рисунок; М,1984
Шорохов Е.В. Методика преподавателя композиции на уроках ИЗО; М, Просв. 1977
Кредит сағат: 13
ӨСӨЖ мазмұны: Қажетті әдебиеттермен жұмыстану.
Сұрақтар: Бейнелеу өнерін оқытуда теориялық білім беру әр жанрмен терең таныстыру, нақтылы бейнелеуге жаттықтыру.
Әдістемелік нұсқау: Берілген тақырып бойынша шағын баяндама және конспект дайындау.
Әдебиеттер: Сокольникова Н.М. Изобразительное искусство и методика в начальных классах. М, 1999
Ростовцев Н.Н. История методов обучения рисования зарубежные и советских школах. М, Просв. 1980
Шорохов Е.В. Методика преподавателя композиции на уроках ИЗО; М, Просв. 1977
Кредит сағат: 14
ӨСӨЖ мазмұны: Бағдарлама мәдениет пен өнер саласындағы жетістіктер мен тұрмыстық дәстүрге сай ерекшеліктерді қамтиды.
Сұрақтар: Типтік оқу бағдарламаларымен жұмыстану.
Әдістемелік нұсқау: Берілген тақырып бойынша шағын баяндама және конспект дайындау.
Әдебиеттер: Ростовцев Н.Н. История методов обучения рисования зарубежные и советских школах. М, Просв. 1980
Шорохов Е.В. Методика преподавателя композиции на уроках ИЗО; М, Просв. 1977
К.Д.Ушинский Балаларды тәрбиелеу және оқыту жөніндегі таңдамалы пікірлері. Алматы. 1961. 80б /.
Кредит сағат: 15
ӨСӨЖ мазмұны: Оқушылардың шығармашылық қиялын ұштау.
Сұрақтар: Мектепте оқушылардың жас ерекшеліктеріне орай қойылым қою ережелері.
Әдістемелік нұсқау: Берілген тақырып бойынша шағын баяндама және конспект дайындау.
Әдебиеттер: Байжігітов Б.К. Бейнелеу өнеріндегі философиялық мәселелер. Алматы; Ғалым, 1998
Беда Г.В. Основы изобразительной грамоты: рис.,жив.; М.; Просвещ.1981
Ростовцев Н.Н. Методика преподования ИЗО в школе. М, Просв. 1980
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Алехин А.Ю. Когда начинается художник – М; Просвещение 1993.
Арнхейм Р. Искусство и визуальное восприятие – М; Наука, 1974.
Бабанский Ю.К. Оптимизация учебно-воспитат.процесса. М; Прсвещ.1982
Барщ А.О. Рисунок в средней художественной школе. М; Искусство 1957
Байжігітов Б.К. Бейнелеу өнеріндегі философиялық мәселелер. Алматы; Ғалым, 1998
Беда Г.В. Основы изобразительной грамоты: рис.,жив.; М.; Просвещ.1981
Ибрагимов Ұ.Ш., Болатбаев Қ.К. Бейнелеу өнері . 1-5сыныпқа арналған жаңа буын оқулықтары.Алматы «Атамұра» 2000-2002ж.
Ивахнова Л.А. Профессиональная деятельность учителя ИЗО; Алматы; АГУ им.Абая 1982
Кузин В.С. и Кубишкина Э.И. Изобразительное искусство. Учебник 1-2 кл, 3-4кл, М; Драфа 1997
Кузин В.С. Основы обучения изобразительного искусства в школе.М; Просв. 1970
Кузин В.С. ИЗО и методики его преподавателя в начальных классах. М; Просв. 1984
Неменский Б.М. Мудрость красоты: книга для учителя; М; Просв.4981
Программа по ИЗО 5-6кл. Изд. РГИ и «Рауан», 1999
Ростовцев Н.Н. Академический рисунок; М,1984
Ростовцев Н.Н. История методов обучения рисования зарубежные и советских школах. М, Просв. 1980
Ростовцев Н.Н. Методика преподования ИЗО в школе. М, Просв. 1980
Сокольникова Н.М. Изобразительное искусство и методика в начальных классах. М, 1999
Шорохов Е.В. Методика преподавателя композиции на уроках ИЗО; М, Просв. 1977
19.Байжігітов Б.К. Бейненің тұрақты нақыштарына философиялық қатынас.Алматы.1998. -228 бет.
20.Самуратова Т.К. Қазақ қолданбалы өнері негізінде болашақ мұғалімдердің эстетикалық тәрбие беруге даярлығын қалыптастыру.
21.Сағимбаев Ә.Ә. Бастауыш сынып оқушыларының бейнелеу өнері арқылы шығармашылық іс-әрекетін қалыптастырудың педагогикалық шарттары.Алматы.2003. -145 бет.
22.Байжігітов Б.К. Қазақ өнерінің эстетикалық табиғаты./Қазақ дәстүрлі творчествасы мен бейнелеу өнері негізінде/. Алматы.1996.
23.Сагимбаев А.А. Педагогические условия формирования творческой деятельности учащихся начальных классов посредством изоб-ного искусства. 2003.- 148 стр
24.К.Д.Ушинский Балаларды тәрбиелеу және оқыту жөніндегі таңдамалы пікірлері. Алматы. 1961. 80б /.
25.Коменский Я.Н. Избранные педагогические сочинения-М, 1995,287с
25.Волков Н.Н. Композиция в живописи.М .Искусство. 1977г 263с.
26.Волков Н.Н. Восприятие картины. 2-е изд., доп. М. Просвешение 1976г 32с.
27.Выготский В.С. Психология искусства. 2-е изд.,доп. М.Искусство 1968г 576с.
28.Зайцев А.С. Наука о цвете и живопись. М. Искусство. 1986г 158с.
29.Кардовский Д. П. Об искусстве. Воспоминания, статья, письма. М.АХ СССР. 1960г.340с.
12.Кибрин Е.А. Об Искусстве и художниках. М. АХ СССР. 1961г 311с.
30.Костин В.И. Юматов В.А. Язык изобразительного искусства. М.Знание. 1978г. 10с.
31.Пашаев А.А. Педагогика искусства и творческие способности. М. Знание 1981г 96с.
32.Непомнящий В.М. Смирнов Г.Б. Практическое применение перспективы в станковой картине. М. Просвешение 1978г 119с.
33. Никулина О.Р. Природа глазами художника. М. Советский Художник. 1982г 175с.
Достарыңызбен бөлісу: |