Дәрістер тезистері 1 – дәріс


Әлемнiң қазiргi заманғы ғылыми физикалық бейнесi



жүктеу 99,17 Kb.
бет37/38
Дата10.02.2022
өлшемі99,17 Kb.
#37425
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   38
Дәріс тезистері

Әлемнiң қазiргi заманғы ғылыми физикалық бейнесi нақты физикалық теориялардың – механика мен термодинамиканың, электродинамика мен салыстырмалылық теориясының, кванттық механика мен космологияның және т.б. маңызды жетiстiктерiн жалпылаудың нәтижесi болып табылады. Онда материалдық объектiлердiң – қазiргi кездегi зерттеу құралдарының көмегiмен зерделеуге болатын микро-және макроскопиялық денелердiң, ғарыштық денелер мен жүйелердiң, яғни микроәлемнiң, макроәлемнiң, мегаәлемнiң физикалық қасиеттерi мен қозғалыс заңдары өз бейнелерiн тапқан.

15 - дәріс
Тақырыбы: Өткенді қайталау, қорытындылау

Мақсаты: Өткен тақырыптарды қорытындылау, қайталау, білімді бекіту.

Жоспары: Әңгімелесу, тапсырмаларды тексеру, өткенді қорытындылау және жалпылау.

Пәнаралық байланыстар проблемасы педагогтарды ерте кезден-ақ қызықтырған болатын. Ян Амос Коменский грамматика мен философияны, философия мен әдебиетті, Джон Локк – тарих пен географияны өзара байланыстыра оқытуды қолдады. Ресейде пәнаралық байланыстардың маңызын В.Ф.Одоевский, К.Д.Ушинский және т.б. педагогтар негіздеді.

Қазіргі кезде оқыту үдерісіндегі пәнаралық байланыстардың қаншалықты маңызды екенін дәлелдеп жатудың қажеті де жоқ.

Ғылым дамуының қазіргі кезеңі ғылымдардың бір-біріне өзара кірігуімен сипатталады.

Оқу пәндері арасындағы байланыстар, ең алдымен, жеке ғылымдар арасындағы объективті бар байланыстардың және ғылымдардың техникамен, адамдардың практикалық қызметімен байланысының бейнесі болып табылады, олар зерделенетін пәннің болашақ өмірдегі ролін анықтайды.

Пәнаралық байланыстар бүгінгі таңдағы ғылым мен қоғам өмірінде болып жатқан интеграциялық процестердің нақты көрінісі болып табылады. Бұл байланыстар оқушылардың танымдық қызметтің жалпылама сипатын игеруінде елеулі ерекшелікке ие болатын практикалық және ғылыми-теориялық дайындығын көтеруде маңызды роль атқарады.

Пәнаралық байланыстарды жүзеге асыру оқушылардың табиғат құбылыстары мен олардың арасындағы өзара байланыс туралы біртұтас көзқарасын қалыптастыруға көмектеседі және сондықтан да білімді неғұрлым практикалық маңызды әрі қолданымды етеді; бұл оқушыларға бір пәндерден алған білімдері мен біліктерін басқа пәндерді зерделеу кезінде пайдалануға жәрдемдеседі, оларды түлектердің сабақтағы, сабақтан тыс кездердегі, сондай-ақ болашақтағы өндірістік, ғылыми және қоғамдық өмірдегі жеке мәселелерді қарастыру кезіндегі нақты жағдаяттарға қолдануына мүмкіндік береді.

Пәнаралық байланыстарды қазіргі ғылыми танымға тән қасиеттердің бірін құрайтын ғылымаралық байланыстардың оқыту үдерісінде бейнеленуі ретінде қарастыру керек.

Ғылымаралық өзара байланыс түрлерінің көптігіне қарамастан, оларды келесі неғұрлым жалпы үш бағытқа бөлуге болады:

1. Әртүрлі ғылымдардың бір ғана объектіні кешенді зерделеуі.

2. Бір ғылымның әдістерін басқа ғылымдардағы әртүрлі объектілерді зерделеу үшін пайдалану.

3. Әртүрлі ғылымдардың түрлі объектілерді зерделеу үшін бір ғана теориялар мен заңдарды қолдануы.

Оқытудың ең маңызды мiндеттерiнiң бiрi – оқушылардың ғылыми дүниетанымын, материалистiк көзқарасын, табиғат құбылыстарын дұрыс түсiндiре бiлу бiлiктiлiгiн қалыптастыру болып табылады.

Оқушылардың материя қозғалысының әртүрлі формаларының өзара байланысын бейнелейтін нақты дүние жайлы білімдерінің жалпы жүйесін қалыптастыру – пәнаралық байланыстардың негізгі білімдік функцияларының бірі. Біртұтас ғылыми дүниетанымды қалыптастыру міндетті түрде пәнаралық байланыстарды ескеруді талап етеді.

Оқу пәнi мазмұнына логика-генетикалық талдау жасағанда, әдетте, ондағы бiлiмнiң: фактiлер, ұғымдар, заңдар және теориялардан тұратын төрт құрылымдық элементтерiн ажыратады. Ал дүниенiң физикалық бейнесiн физикадан алынатын ғылыми бiлiмдердiң жүйесi құрайтынын ескерсек, дүниетанымның қалыптасу тiзбектiлiгiн 1-сызбадағыдай жүйелеуге болады.

1-сызба:


Физиканың жеке тақырыптарын өткенде басқа пәндердің тірек білімдерін пайдалану диалектика-материалистік дүниетанымды, табиғат құбылыстары мен олардың арасындағы өзара байланыс туралы біртұтас көзқарасты қалыптастырудың маңызды құралы болып табылады.


жүктеу 99,17 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   38




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау