Дәрістер Дәріс 1 Тақырыбы: Кіріспе



жүктеу 291 Kb.
бет24/28
Дата03.02.2022
өлшемі291 Kb.
#35269
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28
1-8 Дәрістер АГРОХИМИЯ

Сор және сортаң топырақ өздерінің атына сәйкес тұзды болып келеді, онша құнарлы емес, қарашірік мөлшері де аз, әрі оның қабаты жұқа, өсімдіктер үшін қоректік заттары шамалы. Тұздардың көптігі сонша олар кейде жер бетіне шығып қар сияқты ағарып жатады.

Сор және сортаң топырақтарда сиректеу ғана қара жусан және сортаң шөптер өседі. Сор және сортаң топырақтарды пайдалану өте күрделі мелиорациялық жұмыстарды жүзеге асыруды талап ететіндіктен қымбатқа түседі. Мұндай аймақтарды егіншілік пен мал жайылымы үшін игеру бүгінгі таңдағы міндет емес, өйткені ауыл шаруашылығы үшін көп қаржы жұмсап игерілуге тиісті бұдан да басқа құнарлылау жерлер бар. Қара, қара қоңыр және қоңыр топырақ өңірлерде кездесетін орташа мөлшерде кебірленген топырақтарды, терең бағаналы кебірді толық мелиорациялау жұмысы тиімдірек болып табылады.

Құба топырақ территориясынан оңтүстікке қарай үлкен алқапты сұр топырақ аймағы алып жатады. Сұр топырақтың түсі өзінің атына сай сұрғылттау болып келеді, бұл негізінен топырақ құрайтын аналық тау жынысының түсіне байланысты. Сұр топырақ түрлерінде 0,7-1,5 пайыз мөлшерінде гумус болады, оның қарашірік қабатының қалыңдығы 10-12 сантиметрден аспайды. Бұл топырақтың механикалық құрамы көбіне орташа және ауыр саздақты болып келеді. Республика жерінде бұл топырақтың алып жатқан аймағының ені кейбір аудандарда 70-90 км шамасында болса, батыстан шығысқа қарай оның ұзындығы 1200-1400 километрге дейін созылып жатыр. Бұл жерлерде жылына небәрі 140-160 мм жауын-шашын түседі. Тек кейбір тау бөктеріне өте жақын орналасқан қоңырлау сұр топырақ таралған жерлерде ғана ауа райының құрғақшылығы едәуір бәсеңдеу, ылғал да көбірек түседі. Сұр топырақ құрайтын аналық тау жынысыкарбонатты және майда саздақ балшықтардан тұратындықтан, олар көбіне карбонатты болып келеді.

Сұр топырақтың агрохимиялық жағынан өзгешелігі- олар калий қоректік затына аса бай келеді, өйткені топырақ құрайтын аналық тау жынысының құрамында калий заттары аса көп, ал азот заттары өте аз болады. Сондықтан бұл жерлерде егіншілікпен айналысқанда неғұрлым азот тыңайтқыштарын көбірек пайдалану керек. Бұл топырақ фосформен орташа қамтамасыз етілген. Сұр топырақта қарашірік мөлшері аз және азот заттары кем болғандықтан, әсіресе егіншілік үшін органикалық тыңайтқыштарды пайдаланудың да маңызы зор.

Шөл және шөлейт аймақтардан оңтүстікке қарай тау жоталарының беткейлері және жазық далалар кездеседі, бұл жерлерде қара, қоңыр және ашық қоңыр топырақ кездеседі. Бұл топырақтар да жоғарыда біз айтып өткен ашық далалық аймақтардың өздеріне сәйкес топырақтарына ұқсас болып келеді.

Тау беткейлерінде топырақтың жазық жерлердегіге қарағанда ерекшелігі- олар біршама құнарлырақ, қарашірігі мол, гумус қабаты қалың, топырақ қабаттары көбіне тұзсыз. Оның негізгі себебі мынада. Бұл жерлерде ылғал мол түседі, ыдырау процестері де бірқалыпты жүреді, соның арқасында топырақ қарашірігі және оның тұздары біраз тереңдікке дейін кетеді.

Тау бөктерлерінің қара және кара қоңыр топырақтарының гумус қабатының қалыңдығы 40-70 сатиметрге дейін жетеді, оның қарашірік мөлшері 6-12 пайыз болады. Ылғал әсерінен топырақ тұздары да оның өте төменгі қабаттарына шайылып кетеді.

Мұндай топырақ республиканың оңтүстік аудандарында (Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл; Алматы облыстарында жиі кездеседі және олар суармалы жерлерде өсірілетін негізгі дақылдар (қант қызылшасы, темекі, мақта, күнбағыс, картоп және овощ дақылдары) үшін кең пайдаланылады.

Тау бөктерлерінің жоғарыда біз айтып өткен топырақтары түзілген территориялары көбіне көлбейлі- таулы болып келетіндіктен, егіншілік үшін, шағын-шағын тегіс жерлер ғана пайдаланылады, ал көпшілік территория шабындық және мал жайылымдық болып табылады.

Біз жоғарыда республика жерінің топырақ аймақтары, онда түзілген топырақтардың табиғи-климат жағдайларға байланысты өзгеруі, агрономиялық-агрохимиялық қасиеттері туралы сөз қозғадық. Топырақ құрауда табиғи- климат және өсімдік жағдайының да үлкен мәні бар екендігін көрдік.




жүктеу 291 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау