Кәдімгі қара топырақ – бұл аймақтың ең құнарлы, егістік үшін толық жыртылған бөлігін алып жатыр. Оның қарашірік қабатының қалыңдығы 45-85 сатиметрге жетеді, 7-9 пайыз мөлшерінде қарашірік бар , топырақ құрылымы да дәнді түйіршікті, карбонат тұздары 40-50 сантиметрден басталады. Бұл топырақ қоректік заттарға бай. Орта есеппен қара топырақтың жырту қабатының бір гектарында 130-160 тонна қарашірік, 8-10 тонна азот қоры бар. Бұл топырақ жалпы және жылжымалы калийге аса бай, ал фосфордың жалпы қоры біршама мол болғанымен, сіңімді түрі аз, сондықтан оған фосфор тыңайтқыштарын тиімді пайдаланудың маңызы орасан зор.
Достарыңызбен бөлісу: |