Microsoft Word Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі. docx



жүктеу 0,81 Mb.
Pdf просмотр
бет1/9
Дата10.11.2018
өлшемі0,81 Mb.
#18888
түріКоллективный договор
  1   2   3   4   5   6   7   8   9


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

 

Министерство образования и науки Республики Казахстан

 

 

Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті

 

Казахский национальный технический университет имени 

К.И.Сатпаева

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2012-2014 жылдарға арналған 

ҰЖЫМДЫҚ КЕЛІСІМ

-ШАРТ 

 

КОЛЛЕКТИВНЫЙ ДОГОВОР



 

на

 2012-2014 гг. 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

Алматы

, 2012 ж. 

 

 



 

 


  2 

1. ЖАЛПЫ  ЕРЕЖЕ 

 

1.1. 



Ұжымдық 

келісім-шарт 

Қазақстан 

Республикасының 

Еңбек 

кодексімен,  “Білім  туралы”,  «Кәсіптік  одақтар  туралы»,  «Әлеуметтік 



серіктестік туралы» заңдарымен сәйкес жасалған. 

1.2.  Ұжымдық  келісім-шарт  –  жұмыс  берушімен  және  Қ.И.Сәтбаев 

атындағы  Қазақ  ұлттық  техникалық  университетінің  (ҚазҰТУ)  еңбек 

ұжымдары  арасындағы  әлеуметтік-еңбек  қатынастарын  реттейтін  ішкі 

нормативтік құқықтық акті. 

1.3.  Ұжымдық  келісім-шарт  Қ.И.Сәтбаев  атындағы  Қазақ  ұлттық 

техникалық  университеті  (бұдан  әрі  -  Университет)  қызметкерлерінің 

құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін кепілдік құжаты болып табылады. 

1.4.  Университет  Әкімшілігі  кәсіподақ  ұйымдарын  мойындайды  және 

оның  атынан  кәсіподақ  комитеті  еңбек  қатынастарын  реттеу  мәселелері 

бойынша келіссөз жүргізудегі еңбек ұжымдарының дара және өкілетті өкілі. 

Қазақ  ұлттық  техникалық  университетінің  еңбек  ұжымының  негізінде 

профессорлық-оқытушылар  құрамы,  оқу-көмекші,  әкімшілік-басқару  және 

қызмет  көрсету  құрамдары,  ізденуші-стажерлар,  ғылыми  қызметкерлер 

қалыптасады.  

1.5.  Ұжымдық  келісім-шартты  бекіту  кезінде  тараптардан  ректор  атынан 

Университет  жұмыс  берушісі  және  кәсіподақ  ұйымы  атынан  еңбек  ұжымы 

жүргізеді. 

1.6.  Ұжымдық  келісім-шарт  жобасы  міндетті  түрде  Университеттің 

бөлімдерінде  талқыланады  және  түскен  ескертулер  мен  ұсыныстарды  ескере 

отырып, келісілген комиссиямен толықтырылып жасалады. 

1.7.  Тараптар  келіскен  жағдайда  ұжымдық  келісім-шарт  кемінде  екі 

данадан жасалады және әкімшілік атынан ректор, Университет ұжымы атынан 

кәсіподақ комитетінің төрағасы қол қояды. 

1.8.  Ұжымдық  келісім-шарт  шарттары  Университет  еңбек  ұжымдарының 

барлық мүшелеріне таратылады.  

1.9.  Ұжымдық  келісім-шарт  қол  қойылған  күннен  бастап  күшіне  енеді 

және жаңа Ұжымдық келісім-шартты бекіткенге дейін үш жыл ішінде күшінде 

болады. 

1.10.  Университет  Әкімшілігі  және  кәсіподақ  комитеті  қызметкерлерге 

ұжымдық  келісім-шарт  мәтінін  қол  қойылған  күннен  бастап  бір  айлық  мерзім 

ішінде жеткізуі тиіс. 

1.11.  Ұжымдық  келісім-шартқа  өзгертулер  мен  толықтырулар  енгізу  оны 

бекіткен уақыттағы тәртіп бойынша жүзеге асады. 

Келісім-шарт  күші  біржақты  тәртіпте  тоқтатылуы  мүмкін  емес.  Келісім-

шартқа отырған тараптар Ғылыми кеңес пен Университеттің Еңбек ұжымының 

мәжілістерінде оның орындалуы туралы үнемі есеп береді. 

1.12.  Ұжымдық  келісім-шарт  қабылданған  күннен  бастап  бір  ай  мерзімде 

мониторинг 

үшін 


еңбек 

жөніндегі 

өкілетті 

органдардың 

аймақтақ 

бөлімшелеріне таныстырылады.  

1.13.  Қызметкерлер  кәсіподақ  комитетінің  төрағасы  дауысты  шешу 

құқығымен  Университет  Ғылыми  кеңесі  мен  ректоратының  мүшесі  болып 




  3 

табылады. 



2. ТАРАПТАРДЫҢ  МІНДЕТТЕРІ: 

 

 

2.1. Университет  Әкімшілігінің  (жұмыс берушінің)  міндеттері:  

2.1.1.  Еңбек  туралы  заңнаманы,  жеке  еңбек  және  ұжымдық  келісім-

шарттардың талаптарын сақтауға; 

2.1.2.  Қызметкерді  жұмысқа  қабылдаған  кезде  еңбек  және  демалыс 

режімімен,  жұмыс  мерзімімен,  төленетін  еңбекақысымен,  белгіленген 

жеңілдіктерімен,  Ұжымдық  келісім-шартпен,  Университет  Жарғысымен  және 

Еңбек  тәртібі  ережесімен,  еңбек  шарты  жағдайымен,  сонымен  қатар                       

өз 


бөлімшелерінде 

– 

лауазымдық 



нұсқаулықтарымен 

таныстыруға                       

(қол қойдырып);  

2.1.3.  Университет  қызметкерлерімен  кем  дегенде  жылына  бір  рет 

ректормен, проректорлармен, институт директорларымен кездесу өткізуге; 

2.1.4.  Нормативтік  құжаттарға  сәйкес  Университет  қызметкерлерінің 

әрқайсысының 

құқықтары 

мен 

міндеттерін 



реттейтін 

лауазымдық 

нұсқаулықтарын жасауға және оларды қол қойдырып таныстыруға; 

2.1.5.  Қызметкерлердің  еңбек  міндеттерін  атқару  кезінде  денсаулықтары 

мен өмірлеріне нұқсан келтіретін зияндылықтардан сақтандыруға; 

2.1.6  Қазақстан  Республикасының  нормативтік-құқықтық  кесімдерінде 

қарастырылған  шарттар  мен  тәртіптері  бойынша  қызметкердің  шығындарын 

өтеуге; 


2.1.7.  Егер  жұмыстың  қызметкер  өмірі  мен  денсаулығына  қауіптілігі 

ұзаққа созылатындай болса жұмысты тоқтата тұруға; 

2.1.8.  Қызметкерге  еңбектің  зиянды  және  қауіпті  жағдайларын,  сондай-ақ 

ауруға шалдығуы мүмкіндігін ескертуге;  

2.1.9.  Еңбек  қызметін  растайтын  және  оларды  зейнетақымен  қамтамасыз 

етуге қаражаттар аударымы туралы құжаттарды мұрағатқа тапсыруға;  

2.1.10.  Кәсіподақ  ұйымын  Университеттің  бір  жылдық  жоспары  мен 

міндеттері  туралы,  олардың  орындалуы  және  шамамен  енгізілетін  өзгерістері 

туралы хабарлар беруге;  

2.1.11. Өз қызметінде ұжым мүшелерінің мүдделеріне тиісті ректорат және 

Ғылыми  кеңес  шешімдері  туралы  жариялылықпен  қамтамасыз  ету,  ректор 

бұйрықтарымен және басқа да құжаттармен таныстыруға; 

Еңбек  ұжымына  қатысты  қабылданған  құжаттарды  Университет  сайтына 

орналастыруға.  

2.1.12.  Кәсіподақ  комитетіне  Университет  ұжымының  мүшелеріне 

қатысты  Қазақстан  Республикасының    “Қазақстан  Республикасындағы  Еңбек 

кодексі”,  “Тұрғын  үй  қатынастары  туралы”,  “Қауіпсіздік  және  еңбек  қорғау 

туралы”  Заңдарын  және  басқа  да  заңнамалық  кесімдерді  сақтауға    қоғамдық 

бақылау  жасауды  жүзеге  асыруға  мүмкіндік  беру  мен  анықталған 

жөнсіздіктерді жоюға. 

Осы жұмыстардың нәтижелерін университет сайтына орналастыруға. 

2.1.13.  Кәсіподақ  комитетімен  бірге  немесе  келісе  отырып  келесі 

мәселелер бойынша шешімдер қабылдау: 



жүктеу 0,81 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау