Көміртегі тізбегінің құрлымына сәйкес жіктеу
Органикалық қосылыстардың функционалдық топтар арқылы жіктеу кең тараған.
Органикалық қосылыстардың негізгі химиялық қасиеттерін сипаттайтын, қандай класқа жататынын анықтайтын атом немесе атомдар топтарын функционалды топтар деп атайды.
Органикалық қосылыстардың кластары
Функционалдық топ
|
Функционалдық топтың аталуы
|
Кластың аты
|
Кластың жалпы формуласы
|
- Ғ, - СІ, - Вr, - J (HaI)
|
Галогендер
|
Галогентуындылар
|
R – HaI
|
- OH
|
Гидроксил
|
Спирттер, фенолдар
|
R – OH
|
- OR
|
Алкоксил
|
Жай эфирлер
|
R – OR
|
- SH
|
Тиол
|
Тиолдар, тиоспирттер, меркаптандар
|
R – SH
|
- SR
|
Алкилтиол
|
Тиоэфирлер, (сульфидтер)
|
R – SR
|
- SO3H
|
Сульфон
|
Сульфоқышқылдар
|
R – SO3H
|
- NH2, = NH, =N-
|
Амин
|
Аминдер
|
R – NH2, R2 – NH, R3N
|
- NO2
|
Нитро
|
Нитроқосылыстар
|
R – NO2
|
- C N
|
Циан
|
Нитрилдер
|
R – C N
|
= C = O
|
Карбонил (оксо)
|
Альдегидтер, кетондар
|
R – CHO,
R – CO - R
|
- COOH
|
Карбоксил
|
Карбон қышқылдары
|
R – COOH
|
- COOR
|
Алкоксикарбонил
|
Күрделі эфирлер
|
R – COOR
|
- CONH2
|
Карбоксамид
|
Амидтер
|
R – CONH2
|
Функционалдық топтардың саны мен біртектілігі бойынша органикалық қосылыстар монофункционалдыққа полифункционалдыққа және гетерофункционалдыққа бөлінеді.
Монофункционалдық қосылыста бір функционалдық топ болады, полифункционалдықта – бірдей екі не одан көп, ал гетерофункционалдықта - әртүрлі бірнеше топ болады:
С2Н5ОН СН2 – NН2 СООН
СН2 – NН2 ОН
Монофункцио- Полифункцио- Гетерофункцио-
налдық қосылыс налдық қосылыс налдық қосылыс
Гомология
Бір класс ішіндегі заттардың құрылысы, физикалық және химиялық қасиеттері ұқсас болады. Ал оларды бір – бірінен ажыратып тұратын – СН2 – тобының кез келген саны болуы мүмкін. Заттардың мұндай қатарын г о м о л о г т ы қ қатар, ал бұл қатардағы заттарды бір – бірінен айырып тұратын – СН2 – тобын г о м о л о г а й ы р ы м ы деп атайды. Ал заттар арасында болатын мұндай құбылысты г о м о л о г и я қ ұ б ы л ы с ы деп атайды.
Әр кластың өзінің гомологтық қатары бар, алайда, гомолог айырымы барлығында да – СН2 – болып қала береді.
Гомология туралы алғаш пікір айтқан Я. Шиль (1842 ж.) болатын. Ол молекулалық құрамы біртіндеп күрделенетін спирттерді қайнатқанда, олардың қатар тұрған екеуінің бір – бірінен қайнау температуралары 180 – 200С болып алшақтанатынын байқаған. Осыдан бір жыл өткен соң Ж. Дюма май қышқылдарының біртіндеп күрделенетін тізімін жасау үстінде, бұл қышқылдардың тізімде қатар тұрған екеуінің бір – бірінен айырмашылығы – СН2 – тобы болып келетіндігін анықтаған және сол – СН2 – тобының қышқылдар молекуласындағы санының өсуіне байланысты құрылған май қышқылдарының қатарында жалпылама физикалық және химиялық қасиеттердің бар екендігін көрсетті. Осы сияқты ғылыми және тәжірибелік жұмыстар нәтижесінде органикалық заттардың барлық кластарының өз алдына ұқсастық қатарларының барлығын көрсетіп берді. Сөйтіп, заттар аралықтарындағы ұқсастықтар туралы ұғым жалпы заңдылық деп түсініліп, ғалымдар бұл мәселені өз жұмыстарында арқау ете бастады.
«Гомология» деген ұғымды органикалық химияға ең алғаш енгізген Шарль Жерар. Ол бұл ұғымды өзінің органикалық заттарды гомологтық, изологтық және гетерологтық қатарлары арқылы кластарға бөлу жүйесін құру үстінде өте кеңінен пайдаланды. Ондай қатарлардың мысалдары Ш. Жерардың айтуы бойынша мыналар еді:
Гомологтық қатар дегеніміз біртұтас ұғым. Себебі бұл қатардағы заттар бір – бірімен қасиеттерінің ұқсастығы, молекулалық құрамдарының жақындығы арқылы біртұтас тізбек құрады. Олардың барлығына лайық келетін жалпы формула болады. Алайда, осы гомологтық қатарындағы әрбір заттың тек өзіне ғана тән ерекше физикалық және химиялық қасиеттерінің де болатындығын ескеру қажет.
Оны №5 - таблицадан және одан арғы жерде көрсетілетін мысалдар арқылы анық көруге болады.
Достарыңызбен бөлісу: |