«6B05107-Микробиология» мамандығының «Бейорганикалық және органикалық химия» пәнінен студентің семинар жұмыстарының тапсырмалары
Семинар 2 ТАҚЫРЫП: Бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластары арасындағы генетикалық байланыс.
МАҚСАТЫ: Бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластары туралы мәліметтерді қорытындылау: оксидтер, негіздер, қышқылдар және тұздар. Олардың классификациясын және химиялық қасиеттерін қарастыру. Бейорганикалық қосылыстардың кластары арасындағы байланысты көрсету.
ТАҚЫРЫПТЫҢ НЕГІЗГІ СҰРАҚТАРЫ:
Оксидтер: негіздік, қышқылдық және екідайлы.
Оксидтердің химиялық қасиеттері.
Негіздер: суда еритін (сілтілер), суда ерімейтін және екідайлы.
Негіздердің химиялық қасиеттері.
Қышқылдардың аталуы, тұздардың аталуы және формуласы.
Қышқылдардың жіктелуі: негізділігі бойынша, құрамындағы оттек бойынша.
Қышқылдардың химиялық қасиеттері.
Тұздар: орта, қышқыл, негіздік, қос, аралас, кешенді.
Тұздардың химиялық қасиеттері.
Қышқылды-негіздік әрекеттесу – бейтараптану реакциясы.
Бейорганикалық гидроксидтердің жіктелуі.
Гидроксидтердің оксидтерге сәйкес келуі.
Бейорганикалық қосылыстардың генетикалық қатары.
ӨЗІН-ӨЗІ ТЕКСЕРУГЕ АРНАЛҒАН СҰРАҚТАР МЕН ЕСЕПТЕР:
Келесі көрсетілген қосылыстар қандай класқа (немесе кластарға) жатады: Na2O, CO2, CuO, SO3, Fe2O3? Концентрлі күкірт қышқылы олардың қайсысымен әрекеттеседі? Реакция теңдеуін жазыңыз.
Егер сілтілерді (NaOH, KOH)тығыз жабылмаған ыдыста сақтаса, онда ол ауадағы көмірқышқыл газымен біртіндеп әрекеттесуі салдарынан өзгеріс пайда болады. Өзгерістің реакция теңдеуін жазыңыз.
Төменде бес заттың құрылымдық формуласы берілген. Бұл заттар қосылыстардың қандай класына жатады? (а) және (в) заттары арасындағы, (а) және (ә) заттары арасындағы, (а) және (г) заттары арасындағы реакция теңдеулерін жазыңыз.
Келесі заттарды қыздыру кезінде жүзеге асатын реакция теңдеулерін жазыңыз:
а) Ca(OH)2, ә) H3PO4, б) Ca3(PO4)2.
5. Алюминий сульфатының Al2(SO4)3 құрылымдық формуласын салыңыз.
6. Екі тұздың ерітінділерінің арасындағы реакция нәтижесінде күміс хлоридінің тұнбасы түзілді, ал ерітіндіде тек калий нитраты қалды. Қандай тұздардың ерітінділері арасында реакция жүрді?
7. Төменде берілген екі реакция теңдеулерінің біреуін ғана жалғастыруға болады. Қайсысын? Қандай зат түзіледі?
Ni + MgCl2 =
Mg + NiCl2 =
8.Төменде берілген екі реакцияның біреуі ғана жүреді? Қайсысы? Реакция теңдеуін жазыңыз.
FeCl3 + NaOH =
NaCl + KOH =
9.Келесі айналуларды қалай жүзеге асыруға болады:
Ca → Ca(OH)2 →CaCO3 →CaO → CaSO4 →CaCl2 → Ca ?
10. Келесі айналуларды қалай жүзеге асыруға болады:
Фосфор фосфор (V) хлориді хлорсутек мырыш хлориді күміс хлориді?
11. Келесі реакция теңдеулерін аяқтаңыз, теңестіріңіз және өнімдерді атаңыз:
H2S + Pb(NO3)2 =
Cu + HNO3 (конц.)=
CuSO4 + Zn =
Na2CO3 + HCl =
Негiзгi әдебиеттер:
Бірімжанов Б.А. Жалпы химия.-Алматы, ЖШС РПБК «Дәуір», 2011.-752 б
Бейсембаева Л.К., Ниязбаева А.И., Пономаренко О.И. Бейорганикалық химия. –Алматы: Қазақ университет» 2016. –165 с.
Омаров Т.Т., Танашева М.Р. Бейорганикалық химия, Алматы, 2006, 642б.
Нұрахметов Н.Н. Бейорганикалық химияның теориялық негіздері, Алматы, 2010. 321 б.
Ахметов Н.С. Общая и неорганическая химия. -М.; Высш.школа, 2004, 640 с.
http://www.xumuk.ru/nekrasov.
Қосымша әдебиеттер:
Пономаренко О.И., Бейсембаева Л.К., Ламеко М.А. Неорганическая химия. –Алматы: Қазақ университеті, 2016. – 210 с.
Глинка Н.Л. Задачи и упражнения по общей химии. Л.:, “ Химия”, 2001
Достарыңызбен бөлісу: |