1 – дәріс. Органикалық химия пәні.
Дәрістің жоспары:
1. Органикалық қосылыстардың жіктелуі
2. Гомология
3. Изомерия
4. Изомерия және гомология ұғымдарын қалыптастыру
Дәрістің мақсаты: Органикалық қосылыстардың жіктелуін қарастыру.
Дәрістің мазмұны:
Органикалық қосылыстардың жіктелуі
Органикалық қосылыстарды бөліп оқудың ғылыми үлкен маңызы бар. Олай дейтініміз: 1) мыңдаған әртүрлі органикалық заттардың басын біріктіріп, олардың молекулалық құрылысындағы физикалық және химиялық қасиеттеріндегі ұқсастықтарды біріктіріп қарастыруға мүмкіндік береді;
2) осының негізінде жалпылама ғылыми тұжырымдар, теориялар жасауға, ғылыми болжаулар тудыруға себеп етеді;
3) жалпы молекулалық формулаларын және барлығына ортақ сапалық реакцияларын жазып көрсетуге мүмкіндік береді.
Бүгінде органикалық заттарды жіктеудің бірнеше түрі бар:
органикалық заттардың барлығының құрамында негізгі элемент болып келетін көміртегі тізбегінің құрылымына қарап бөлу;
молекуладағы көміртегі және сутегінен басқа кездесетін элементтерге байланысты бөлу – сапалық құрамына қарап бөлу;
атомдар арасындағы химиялық байланыстарға қарап бөлу;
функционалдық топтарына қарап, заттарды кластарға бөлу.
Органикалық заттарды көміртегінің тізбегінің құрлымына қарай, кластарға бөлмей тұрып, әуелі олардың барлығын үлкен екі топқа:
а) құрылымында тұйық тізбегі жоқ а ц и к л д і (алифатты) және
ә) құрылымында тұйық тізбегі бар ц и к л д і о р г а н и к а л ы қ қосылыстар, деп біріктіреді.
Ациклді заттардың молекуласын құрастырып тұратын көміртегі атомдары кеңістікте бір түзудің бойында, немесе алуан түрлі тармақталып орналасуы мүмкін. Алайда, олар бір – бірімен ешуақытта тұйық тізбек түзбейді. Мысалы, мына төмендегілер сияқты тізбектер болуы мүмкін:
а) С С С С С С
в) — С ═ С — С — С —
Бұл көрсетілген мысалдардан мынадай қорытынды келіп шығады: - ациклді органикалық заттарды екі топқа бөлуге болады. Олар: 1) қаныққан қосылыстар (а) – қаныққан көмірсутектері;
қанықпаған қосылыстар (в) - қанықпаған көмірсутектер.
Циклді органикалық заттар екі топқа бөлінеді:
карбоциклді заттар;
гетероциклді заттар.
Карбоциклді заттардың өзі тағы екіге:
а) а л и ц и к л д і қ о с ы л ы с т а р және
ә) а р о м а т т ы қ о с ы л ы с т а р (а р е н д е р) – деп бөлінеді.
Алициклді қосылыстардың молекулалық құрылысында циклдар (көміртегі атомдарының тұйық тізбегі) болғанымен, олардың физикалық және химиялық қасиеттері алифатты заттардың қасиеттеріне өте ұқсас.
Алициклді қосылыстардың өзі қаныққан, қанықпаған болып бөлінеді.
Мысалы: қаныққан алициклдер
СН2
немесе циклопропан
Н2С СН2
СН2 СН2
немесе циклобутан
Н2С СН2
СН2
СН2 СН2
немесе циклогексан
СН2 СН2
СН2
Қанықпаған алициклдер
СН2 СН
немесе циклобутен
СН2 СН
СН СН
немесе циклобутадиен
СН СН
Арен циклді заттардың қасиеттері ациклді заттардың физикалық және химиялық қасиеттеріне мүлдем ұқсамайды. Олардың тек өздеріне тән қасиеттері болады. Ол қасиеттер тек арен циклінің (бензол сақинасының) қасиеттеріне байланысты.
СН
СН СН
немесе немесе
СН СН
СН б е н з о л
Г е т е р о ц и к л д і қ о с ы л ы с т а р д ы ң молекулалық құрылысында циклді құруға көміртегі атомдарымен қоса басқа элемент атомдары да қатысады. Ондай атомдарды г е т е р о а т о м д а р деп атайды. Олардың ішінде органикалық заттардың көбінде кездесетін азот, оттегі, күкірт, фосфор, бор, кремний, германий, қалайы және т.б.
Осы аталған гетероатомдардың көміртегі атомымен қосылып, тізбек түзе (тұйық немесе тұйық емес) беретін органикалық заттарының көптігі сондай, тіпті олардың басын біріктіріп органикалық химияның жеке салалары ретінде оқып игеруге тура келіп отыр.
Гетероциклді заттардың да, карбоциклділердегі сияқты циклдері алуан түрлі болады және олар жекелеп те, бір – біріне қабысып (конденсирленіп) та кездеседі.
Мысалы:
Соныменен органикалық қосылыстарды молекуладағы көміртегі тізбегінің құрлымына қарай үш класқа бөледі. Олар:
1. Алифатты (ациклді)
2. Карбоциклді қосылыстар;
3. Гетероциклді қосылыстар.
Достарыңызбен бөлісу: |