204
туындап отырғандығын дәлелдейді. Белгілі педагог К.Д. Ушинскийдің «Баланы жан-жақты
етіп тәрбиелеу үшін оны жан-жақты білу керек» деген көрегендігі тәрбие процесінде ата-
ананың орнын тағы да ерекшелейді. Атап айтар болсақ, дәстүрлі ата-аналар жиналыстарымен
бірге түрлі семинарлар, ашық есік күндері, психологиялық тренингтер, топсеруендер, ойын
сауық кештері және басқа да шаралар ұйымдастырып отырылуы тиіс. Ата-аналарға
балалардың мектепке дейінгі ұйымда үйренген білімдік дағдыларын үйде баласымен қайталап
үшін « не артық», «өз орнын тап», «сөзге не қосылған?» ойындарын жүргізуге болады.
Мысалы : «Сөзге не қосылған?» ойынын бос уақытта баласымен былай ойнатады: тігін-
тігінші, ән- әнші, дәрі- дәрігер. Бұл ойында ойлану, есте сақтауға дағдыландырамыз. Сондай
–ақ , ата-аналармен жүргізілетін әңгіме- кеңес,ойын- сауық тақырыптары саналуан. Мектепке
дейінгі ұйым қызметкерлерімен, басқа ата-аналармен, басқа ата-аналармен кездесіп, пікірлесіп
отыру қажет. Ата-аналар тәрбиешінің басты көмекшісі деуге болады.
Қазақтың «Баланың бас ұстазы ата- ана», «Балапан ұяда не көрсе ұшқанда соны іледі»
деген қанатты сөздер бар, отбасында әдемі таным, түсінік қалай қалыптасса, өскенде сол
қасиет бойынан табылады. «Болса тәртіп бала өседі сомдалып, қатал ұста бос жүресін
сандалып» деп Жүсіп Баласағұн айтқандай, есі кіріп, тілі шыға бастасымен- ақ баланы шектен
тыс шолжаңдатпай, байсалды, ұғымпаз, тілалғыш етіп баулыған жөн.
Ата — ана жауапкершілігі бәрінен биік болмақ. Сондықтан ата — ана басты талапты
өздеріне қойғандары жөн. баланың тәрбие алуына қоғамнан өз орнын табуына жағдай
жасауына әрбір ата – ана педагогикалық әдіс — тәсілдерге сүйенгені дұрыс. Ата - ана
бірінші педагог болып табылады. Осыған сәйкес мектепке дейінгі мекеменің отбасымен
жұмыс жасаудағы ұстанымы өзгеруі керек. Балабақшалар балаға тәрбие беріп қана қоймай,
ата-аналарға тәрбие жөнінде кеңестер де беріп отыруы қажет. Ал ата-аналар «балаларды оқыту
мен тәрбиелеуде білім беру ұйымдарына жәрдем көрсетуге» міндетті.
Өсіп келе жатқан ұрпақты тәрбиелеуде бұрыннан қалыптасқан екі бағыт бары белгілі:
отбасылық және қоғамдық. Қазіргі кезде отбасы тәрбиесін тіпті жоғары дәрежелі балабақша
мен мектеп алмастыра алмайды деген пікірлер жиі айтылып жүр. Қосылуға болады. Дегенмен,
мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының негізінде
«балаларды тәрбиелеу, оқыту, дамыту және сауықтыру тұтастығы принциптерін ескере
отырып, мектепке дейінгі және бастауыш білім берудің сабақтастығы мен үздіксіздігін
қамтамасыз етуге» білім беру ұйымдары да борышты.
Атқарылатын істер жүйелі жүру үшін алдымен ата-аналар арасында сауалнама
жүргізіліп, мекемеміздің даму деңгейі, отбасымен жұмыс мазмұны анықталады. Әрі қарай
білімдік қызмет көрсетуде ата-аналардың қажеттілігін зерттеу, ата-ананың педагогикалық
және құқықтық мәдениетін көтеру мақсатында ағарту шаралары жалғасады.
Қолданылған әдебиеттер:
1. Қазақтың тәлімдік ой-пікір антологиясы: Бірінші том \ Ред.алқасы Шаяхметов Ш.Ш. т.б.
Құраст. Қ.Жарықбаев, С.Қалиев.-Алматы, Рауан, 1994-320 бет.
2. Қазақ энциклопедиясы, 2 том
3. Биекенов К., Садырова М. Әлеуметтанудың түсіндірме сөздігі. — Алматы: Сөздік-Словарь,
2007. — 344 бет
4. Қазақстан Республикасының «Неке және отбасы туралы» Заңы, 1998 жылғы 17 желтоқсан
N 321-I . Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1998 ж., N 23, 62-бап 2 тармағы
5. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы. Астана, Ақорда, 2007 жылғы шілденің
27-сі. № 319-ІІІ ҚРЗ, 49-бап-2 тармағы
6. «Бала мен балабақша» журналы №4 2007. Балабақшадағы бала тәрбиесі. Г. Мұқажанова.
7. «Бала тәрбиесі» журналы. №9 2007. Балаңызбен қарым қатынасыңыз дұрыс па ? К.
Бакеева.
8. ҚР МЖМБС 1,001-2009
205
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ОҚУ ІС - ӘРЕКЕТІНДЕГІ
ОЙЫННЫҢ МАҢЫЗЫ
Жамангарина М.А., Ильяшова Б.Ф.
Қарағанды «Болашақ» маңызды білім беру колледжі
«Ойын – бала үшін өмірлік тәжірибе»
(М. Жұмабаев)
«Қазіргі жас буын, бүлдіршіндер – мемлекетіміздің мығым тірегі» - деп Елбасы Н. Ә.
Назарбаев атап көрсеткендей, жас өспірімдердің жан - жақты даму негіздері – мектепке дейінгі
мекемеден бастау алады.
Қазіргі уақытта балаларды оқытуға арналған әдістемелер соның ішінде ойын
технологиясы кеңінен пайдалану үстінде. Яғни, ойындарды игеру балаларды жан - жақты
болуына зор ықпалын тигізеді. Балалардың оқу іс - әрекетін арттыру үшін ойын элементтерін
тиімді пайдалану керек. Ойын арқылы бала қоғамдық тәжірибені меңгереді, сондықтан әр
сабақ барысында қандай ойын түрлерін қолдануға болатынын сабақтың мазмұнына,
мақсатына, жас ерекшелігіне сәйкес таңдалуы керек екендігі назарға алынғаны дұрыс. Яғни,
бала тілін дамыту барысында ойын элементтерін қолдана отырып, құзіреттілік тапсырмалар
арқылы балалардың өздігінен дамуға, жетілуге қабілетті тұлғаны қалыптастыруға арналған
бірден - бір таптырмас технология. Ұлы педагог А. С. Макаренко ойынға үлкен мән бере
отырып, өзі басқарған мекемелерінде ойынды тәрбиеленушілер өміріне міндетті түрде енгізіп
отырады. Ойын баланың өмірін қызыққа, қуанышқа бөлеуін қамтамасыз ету үшін ол
балалардың ойынға деген сүйіспеншілігі мен қызығушылығын тәрбиелейді – деп
қарастырады.Ойынның технологиялық негізгі ерекшелігі – балалар үн - түнсіз ойнамайды.
Тіпті жалғыз болғанның өзінде де сөйлесіп жүреді. Ойын барысында сөйлесу қарым -
қатынасы үлкен рөл атқарады. Сөйлесе жүріп, балалар пікірлесіп, әсер алысып, ойынның түпкі
ниеті мен мазмұнын анықтайды. Ойынның негізгі құрылымдық элементтері мыналар:
ойынның өзінен туатын және балалар жасайтын немесе тәрбиешілер ұсынатын ойын ережесі.
Ойынның түпкі ниеті – бұл балалардың нені және қалай ойнайтынының жалпы
анықтамасы. Мысалы: сюжетті – рөлдік ойындар «Почта», «Дәріхана», «Дүкен», «Аурухана»,
«Кітапхана», «Отбасы», «Балалар бақшасы» болып ойнайды. Сол сияқты ойындарда топта жас
ерекшелігіне сай жүргізіледі: ойын балаларға сабақта да, серуенде де өте қажет, тіпті бала жай
демалып отырғанның өзінде де ойын үстінде болады. Өмірдегі түсінігі еліктеуі, бақылауы осы
ойын үстінде көрініс табады. Көбінесе бұл ойындар күннің 2 жартысында ойнатылады.
Ойын дегеніміз - жас ерекшелікке қарамайтын, адамның көңіл - күйін көтеретін,
ойландыратын үрдіс. Ойын - төзімділікті, алғырттықты, тапқырлықты, ұқыптылықты,
ізденімпаздықты, іскерлікті, дүниетаным өрісінің көлемділігінің, көп білуді, сондай - ақ, басқа
да толып жатқан сапалылық қасиеттердің қалыптастыруға үлкен мүмкіндігі бар
педагогикалық, тиімді әдістерінің бipi.
В. А. Сухомолинскийдің сөзімен айтар болсақ, «Ойынсыз ақыл ойдың қалыпты дамуы
жоқ» және болуы да мүмкін емес. Ойын дүниеге қарай ашылған үлкен жарық терезе іспетті,
ол арқылы баланың рухани сезімі жасампаз өмірімен ұштасып, өзін қоршаған дүние туралы
түсінік алады. Ойын дегеніміз – ұшқын, білімге құмарлық пен еліктеудің маздап жанар оты.
Психологиялық тұрғыдан алып қарағанда мектепке дейінгі балалар белсенді және өте
қозғалмалы болып келеді. Бұл жастағы балалар өздерін еркін ұстап, ойынға аса қызығумен
қатысады, өзінің айналасындағы нәрселерді көріп, соны бейнелеуді ұнатады. Рөлдік
ойындарды табысты және қарқынды жүргізе біледі. Сөйлеу әрекетінде қозғаушы күш - ырғақ.
Сөйлеу ырғағын құру тәрбиешілердің рөлдік ойындарды ұйымдастырудағы ең қиын іс -