3
«Мектепке дейінгі білім берудің заманауи жүйесі: тәжірибесі, қазіргі жағдайы, мәселелері
және даму бағыттары» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары,
Қарағанды маңызды білім беру «Болашақ» колледжі, Қарағанды 2014ж, 760 б.
Материалы Международной научно-практической конференции «Современная система
дошкольного образования: опыт, состояние, проблемы и векторы развития», Карагандинский
колледж актуального образования «Болашақ», г.Караганды - 2014г, стр. 760
ISBN 978–601–273–270–2
Жинаққа «Мектепке дейінгі білім берудің заманауи жүйесі: тәжірибесі, қазіргі жағдайы,
мәселелері және даму бағыттары» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға
қатысушылардың мақалалары енгізілген. Мақалалар білім берудің жаһандану мен ұлттық
кеңістіктегі мәселелеріне арналған. Жинақ материалдары білім берудің барлық деңгейдегі
қызметкерлер, педагогтар, ғалымдар, жас ізденушілердің назарына ұсынылған.
Редакция алқасы ұсынылған ғылыми мақалалардың мазмұнына жауап бермейді.
В настоящем сборнике размещены статьи участников
Международной научно-
практической конференции «Современная система дошкольного образования: опыт,
состояние, проблемы и векторы развития». Статьи посвящены проблемам современного
образования в глобальном и национальном контекстах. Материалы сборника представляют
интерес для работников всех уровней образования, педагогов, ученых, начинающих
исследователей.
Редакционная коллегия не несет ответственности за содержание представленных
научных статей.
Алқа мүшелері/Редакционная коллегия:
Мамраева Г.Б., директор ККАО «Болашак», кандидат экономических наук
Капанова И.Х, Тендікова А.Б., Әшен А.А., Ильяшова Б.Ф., Заверина Е.В., Тасбулатова М.А.,
Тусупбаева А.К., Жексенова Б.О., Казангапова С.О., Мусина Г.Г., Жамангарина М.А.,
Абильдина Б.К.
ISBN 978–601–273–270–2
4
ДИДАКТИКАЛЫҚ ОЙЫН – КӨРУ ҚАБІЛЕТІ БҰЗЫЛҒАН БАЛАЛАРДЫҢ
СЕНСОРЛЫҚ ТӘРБИЕНІҢ НӘТИЖЕЛІ ҚҰРАЛЫ
А.К.Абенова., Д.Е.Жакупова.
КМҚК «Ертөстік» балабақшасы
Адамзат баласы өмірінде маңыздылығы жөнінен ерекше, ғажайып кезеннің бірі –
мектепке дейінгі кезең. Осы кезенде баланың танымдық қабілеті қалыптасып, айналадағы
дүниені, әлемдегі заттық және әлеуметтік жүйені ұғынады. Мектеп жасына дейінгі
балалардың қоршаған ортаны тануы белгілердің әр түрлігінің және заттардың қасиеттер
арасында хабардар болу тәсілдеріне үйренетін белсенді қызметті болжайды. Қазіргі таңда көру
қабілеті бұзылған балалардың саны күннен күнге артып жатқаны белгілі, бұл балалардың
әлеуметтік-тұрмыстық бейімдеу, кеңістікті бағдарлау, көру арқылы қабылдау қабілеттерінің
маңыздылығы зор. Бала дүниені сезім мүшелерінің көмегімен танып біледі, ал таным оның
өмір тәжірибесіндегі таңдауларымен, ақпараттар туғызған эмоциялық сезімдермен тығыз
байланысты. Көзді – «жан дүниенің айнасы» дейді. Жалпы бала қоршаған ортаның 80
пайызының көз арқылы қабылдайды. Көру қабілетінің бұзылуы алғашқы ақаулық түрі болып
келіп, баланың танымдық дамуының қалыптасуына кемістіктің туындауына әкеп соғады.
Ойын-балалардың негізгі іс-әрекеті ретінде психологиялық, педагогикалық маңызы зор
қызметтер атқарады. Ойын баланың даму құралы, таным көзі, тәрбиелік дамытушылық мәнге
ие бола отырып, адамның жеке тұлға ретінде қалыптасуына ықпал етеді. Ойынның тәрбиелік
маңызын жоғары бағалай келіп, А.С.Макаренко былай деп жазды: «Бала өмірінде ойынның
маңызы зор, ересек адам үшін еңбектің, қызметтің қандай манызы болса, нақ сондай маңызы
бар. Бала ойында қандай болса, өскен соң жұмыста да сондай болады». Сондықтан келешек
қайраткерді тәрбиелеу ең алдымен ойыннан басталады.
Ойын –баланың өмір танымының алғашқы қадамы. Ойынның басты ерекшелігі баланың
ойлау қабілетін жетілдіру болып табылады. Ойын – балалардың негізгі іс әрекетінің бір түрі.
Ойын барысында балалардың жеке басының қаситеттері қалыптасады. Мектеп жасына дейінгі
балалардың көргендерін, байқағандарын, айналасынан естігендерін ойын кезінде
қолданатының байқау қиын емес. Балалар ойын барысында айналадағы болмысты бейнелейді.
Ойын барысында балалар дүниені тани бастайды, өзінің күш жігерін жұмсап, сезімін білдіруге
мүмкіндік алады, достарымен араласуға үйренеді.
Мектеп жасына дейінгі балалардың қоршаған ортаны тануы белгілердің әр түрлігінің
және заттардың қасиеттері арасында хабардар болу тәсілдеріне үйренетін белсенді қызметті
болжайды. Көру қабілеті бұзылған балалардың сенсорлық тәрбиенің нәтижелі құралдарының
бірі – негізгі іс-әрекетінің бір түрі балаларды тану тәсілдеріне оқыту болып табылатын
дидактикалық ойын. Дидактикалық ойындарды көру қабілеті бұзылған балалардың сенсорлық
даму процессіне әсер етуіне байланысты екі топқа бөлуге болады ( Л.И.Плаксина):
1. көру қабілеті бұзылған балалардың сенсорлық сфера және сенсорлық қызметтің
дамуына арналған дидактикалық ойындар;
2. логикалық ойындар, олардың мақсаты – сенушілік тәжірибені мағыналық жүйеге
келтіруі.
Бірінші топ ойындары балалардың айырып тану іскерліктері, салыстыру, заттық әлемін
белгілеу, мінездемелі белгілерді атауды дамытады.
Ойындардың екінші тобында балалар заттарды жалпы және айырмалық белгілері
бойынша топтастыруға және жүйеге келтіруге үйренеді. Топтастыру кезінде балалар заттар
аралық жалпылықты қондырады, жұптар құрайды, заттарды сенсорлық белгілері және кеңдік
мінездемелерге байланысты топтарын құрастырады. Жүйеге келтіруге байланысты ойындарда
балалар заттардың ара қатынасын айқын белгімен ғана белгілейді: бір түсті, бір мөлшерлі және
т.б.