202
Болашақ қоғамымыздың тағдыры да бала тәрбиесіне тікелей байланысты. Қоғамды дамытушы
да, ілгері апарушы да осы жас жеткіншектер. Тәрбиенің сан қилы дағдыларын бала бойына
дарытатын алғашқы білім баспалдағы – балабақша, жол сілтеп, жетелеп, үйретуші —
тәрбиеші. Балабақшадағы тәрбие – қазақи ұлттық сана, ұлттық психология қалыптасқан
парасатты, адамгершілік қадір – қасиеті мол, физикалық және моральдық жоғары белсенді
жеке адамды қалыптастырып шығару процесі болып табылады. Тәрбиелеу мен білім берудің
әрекеті практикалық процесс үстінде қалыптастырылады. Тәрбиелеу мен оқытудың міндеттері
баланың осы іс-әрекет түрлерін қалыптастыру және оны белгілі бір мақсатқа бағыттап
отыруды көздейді. Ойнау, еңбек ету, және білім алу барысында ақыл-ой, адамгшершілік,
физикалық және көркем тәрбие, даму процесі қатар жүреді. Бала осы кезде белгілі дәрежеде
білім алады, іскерлікке үйренеді, өзін қоршаған ортамен қарым-қатынас жасауға, қоғамдық
өмірдің әдет дағыларын игеруге бейімделеді.Іс-әрекеттің тап осы түрлерін ғана дамыту
арқылы тәрбиелеу білім беру міндеттерін шешуге, бала дамуын дұрыс жолмен бағыттап
отыруға мүмкіндік туады. Жақсы ойнап, еңбек ете білетін әрі оқуға қабілетті баланы ересек
адамдар мен балалар қоғамында өмір сүруге қажетті қасиеттерді толық игерген тәрбиелі бала
деп аталуы мүмкін. [7] Жоғарыда аталып өткен іс-әрекеттің әрқайсысы бала дамуына өзіндік,
өзіне тән үлесін қосады. Мысалы, тәрбиенің ең маңызды міндеті саналатын ақыл-ой
тәрбиесінің өзі бала ойының: еңбегін және балалардың оқуын үнемі бағыттап отыру арқылы
жүзеге асатыны бізге балаларды тәрбиелеу тәжірибесінен таныс. Адамгершілікке тәрбиелеу
міндеттері жөнінде де осыны айтуға болады. Бала өзін-өзі көрсете білсе, ендеше ойын, оқу
еңбекте адамгершілікке тәрбиеленеді деген сөз. Өйткені, мұнда олардың өзара ересек
адамдармен қарым-қатынасы қалыптасады. Іс-әрекеттің әрбір түрінде осылайша өзара
ұштасып жататын педагогикалық мүмкіндіктерді ескере отырып, мектепке дейінгі ұйымдарда
балалардың тіршілік әрекеттерін, тәрбиелік мақсатқа сай ұйымдастыра аламыз. Ойын, еңбек,
оқу арқылы біз балаларға белгілі бір тұрғыдан ықпал жасай аламыз. Бірақ біз іс-әрекеттер
ойын, еңбек, оқыту өзара ұштасқан жағдайда ғана баланың жеке басын дамытуда толық
нәтижеге жете аламыз. Балабақшаның негізгі міндеті – баланың жеке басының бастапқы
қалыптасуын қамтамасыз ету. Бұл жас баланың ақыл-ойының дамуы мен даярлығы үшін
қолайлы кезең. Осы кезеңде бала оқу мен тәрбиені қалыптастыруға, өз қызметін білуге, тілдік
қатынастың қарапайым тәжірибесінде өзін-өзі таныта білуге, мінез-құлық мәдениетіне, жеке
гигиеналық және салауатты өмір салтының негіздеріне бағдарланады.
Еліміздің ертеңгі болашағы жас ұрпақты азаматық пен имандылыққа баулу – тәрбиенің
басты міндеттерінің бірі. Сонымен қатар ата-аналар мен мектепке дейінгі ұйымдар ұлттық
тәрбиеге де мән бергендері жөн. Бұл саладағы күш – жігер алдымен бүлдіршіндерді отандыққа
тәрбиелеуге бағытталады. «Отан» деген ұғым балаға дүние есігін ашқан үйі , ата-анасы,
ағайын туыстары, туған жері, кең – байтақ гүлжазира даласы, тау – тасы, өзен – көлі, сылдырап
аққан мөлдір бұлағы бейнесінде қабылданып, ең қасиетті де құдіретті алтын бесігі ретінде
үйретуге тиіспіз.
Жас ұрпақты кішкентайынан салт-дәстүрлер рухында баулу, құлағына сіңіру әдет-
дағдысына айналдыру – парызды іс. Қазақ сөз өнерін қатты құрметтеген халық: «Жақсы сөз –
жарым ырыс», «Жақсы сөз жан семіртер. Сонымен қатар балаға «сіз», «рақмет», «кешіріңіз»,
«өтінемін» деген сияқты сыпайылықты білдіретін сөздерді үлкендерге айтып жүруге үйрету,
оған дағдыландыру ата-аналар мен тәрбиешілердің міндеті. [1]
Халқымыздың дәстүрінде қол алысып амандасуға ерекше көңіл бөлген, жас баланы сәби
кезінен үлкендермен қол алысып амандасуғы тәрбиелейді. «Көкеңе қолыңды беріп амандас»,
«Ағаңның қолын ал», «Атаңа екі қолыңды бер» деп үйретеді. Ондай кезде үлкендер яғни
аталар, әжелер «Ой азамат болыпты ғой!», «Таудай бол!» деп баланың қолын алып, сәлем
беруге ынталандыратын сөздер айтып ынтасын тудырады. Баланы жастайынан осындай
инабаттылыққа баулу, ол есейгенде сыпайы, әрі жеке тұлға болып қалыптасуына негіз болады.
Қазіргі таңда баланы тәрбиелеуде ата — ананыңда, тәрбиеші — ұстаздың да
атқаратын ролі зор. Жас күнінде бала қандай тәрбие алса сол ізбен алға қарай
өседі. Тәрбие кезінде отбасының, балабақшаның да алатын орны бар.
203
Ата – ана баласына өз отбасын қадір тұтудан бастап, туған — туыс, Отан,
Қазақстан деген ұғымдарды терең түсінгені, құрметтеп қарауға тәрбиелеу керек екенін
ұғындыру.
Ата — ана жауапкершілігі бәрінен биік болмақ. Сондықтан ата — ана басты
талапты өздеріне қойғандары жөн. баланың тәрбие алуына қоғамнан өз орнын
табуына жағдай жасауына әрбір ата – ана педагогикалық әдіс — тәсілдерге сүйенгені
дұрыс.
Мектепке дейінгі балалық шақ - жеке тұлғаның дамып, қалыптасуындағы ерекше кезең.
Бұл кезеңде бала айналасындағы ересек адамдарға тәуелді. Мысалы, ата-анасына, балабақша
тәрбиешісіне, т.б. Осы жаста дұрыс көрсетілмеген күтім, берілмеген тәрбие келешекте үлкен
проблемаларға соқтырады.
«Білім туралы заң» мен мектепке дейінгі білім беру мекемесінің типтік ережесіне сәйкес,
баланың толыққанды дамуын қамтамасыз ету үшін балабақша алдында тұрған негізгі
міндеттің бірі-отбасымен қарым- қатынасқа түсу. Бала қалыпты даму үшін балабақша мен
отбасында теңдей жағдай жасалуы керек. Отбасының тәрбиелік қызметі-баласына мейірімді
ана және әке болуда ғана емес, отбасы «қоғаммен байланысы бойынша өсіп келе жатқан
ұрпақтардың әлеуметтенуін, қоғамның жаңа мүшелерін дайындауды қамтамасыз етеді».
Бақшамызда баланы еңбексүйгіштікке баулуда ата-аналармен бірлестікте біраз шаруалар
атқарылды. Баланы өзіне өзі қызмет етуге үйрету, үй шаруашылығында еңбекке баулу сияқты
шаралар екі жақты ынтымақтастықта жүргізіледі. Сондай-ақ ол өзінің педагогикалық
шығармаларында ата-ананың да білім деңгейін көтеру керектігі, оларды балабақша өміріне
араластыру қажеттілігі жайлы да атап көрсеткен. Себебі баланы қалай тәрбиелеу керектігін
білмейтін ата-аналар кездеседі ғой. [6]
Отбасы және мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдары- баланы әлеуметтендірудің
маңызды екі институты. Бала тұлғасы, оның қызығушылығы, дамуы, тұлғалық әлеуетін ашу
педагог пен отбасы арасындағы қатынас стратегиясының орталығы болып табылады.
Ынтымақтастықтың негізгі бағыттары:
Серіктестік пен ынтымақтастық негізінде отбасы мен мектепке дейінгі білім беру
ұйымдарында балаларға қойылатын біркелкі талаптармен бірыңғай білім беру кеңістігін
қамтамасыз ету.
Баланың отбасы мен мектепке дейінгі ұйымдарда психикалық –физикалық
денсаулығын
қамтамасыз ету;
Баланың жеке дамуы үшін білім беру траекториясын құруда баланың бейімділігі мен
отбасы қажеттілігінің есепке алу.
Баланы мектепке даярлауды қамтамасыз ету;
Отбасы жағдайында жеке тұлғаны қалыптастыру, дамыту мен тәрбиелеу мәселелері
бойынша тәжірибе алмасуды қамтамасыз ету;
Балалармен бірлескен шығармашылық іс- әрекет түрлеріне қатысу;
Ата-аналардың педагогикалық және психологиялық сауаттылығын мектепке дейінгі
ұйымдармен өзара тығыз іс-әрекет негізінде арттыру және ата-аналарды оқыту үшін берілген
бағдарламаны меңгеру негізінде көтеру.
Мектепке дейінгі мекемелердегі оқу – тәрбие жұмысы ең алдымен, ата-аналармен
жұмысты сауатты және дүрыс ұйымдастырудан басталады. Балалар мекемесіндегі тәрбие
жоспарында басты көңіл ата-анамен жүргізілетін түрі мен тәрбиелік маңызына бөлінуі тиіс.
Балалар – біздің болашағымыз, үмітіміз. «Егер біздің балаларымыз шын мәнісіндегі білімді
адамдар болғысы келсе, олар өз беттерімен шұғылдану арқылы білім алуға тиіс»,- деген орыс
жазушысы Н.Г. Чернышевский, тәрбие мәселесінде ата-аналардың рөліне ерекше мән берген.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің тәрбие тұжырымдамасында
«Баланың танымдық және психологиялық мүмкіндіктерін жетілдіріп, адамның күнделікті
өмірінде білім алудың қаншалықты маңызды екеніне көзін жеткізу қажет. Өйткені балабақша
жасындағы балалар әсершіл және ұғымтал келеді»,- деген нұсқау мәселенің қоғам талабынан