Қаралды: Бекітемін:
ӘБ жетекшісі: Ибраева Қ.Е. Оқу ісінің меңгерушісі: Жахметова С.Ж.
Қолы:__________ Қолы:___________
«____»______________2013ж. «_____»____________2013ж.
Мектепішілік қазақ тілі апталығы
Тақырыбы: «Қазақ тілі-қазынам»
Ашық сабақ тақырыбы:
Мектебі: №50 ЖББОМ
Сыныбы: 6 «А»
Пән аты: қазақ тілі
Өткізетін пән мұғалімі:
Ратаева Раушан Төлеуханқызы
ҚАРАҒАНДЫ
Сыныбы 6А Күні:23.10.2013ж.
Сабақтың тақырыбы:Кітап дүкенінде
Сабақтың мақсаты: оқушының коммуникативтік қабілеттерін дамыту.
Міндеттері:
Дамытушылық: ойын арқылы оқушылардың есте сақтау қабілетін, қисынды ойлау қабілетін, тілін, ауызекі сөйлеу дағдысын дамыту.
Білімділік: өз білім деңгейінде сөйлетіп, тілдесім әрекетіне жетелеу.
Тәрбиелік: қазақ тіліне деген қызығушылығын арттыру, үлкенді сыйлау, үлкендермен қарым-қатынас, сыпайылық әрекеттерін сіңіру, сауаттылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ.
Сабақтың әдісі: сұрақ- жауап, топтық жұмыс
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі:(оқушылармен амандасу, түгендеу, сабаққа назарын қарату.
2.Тіл дамыту кезеңі: Бүгін кім кезекші?
Бүгін күн нешесі?
Аптаның қай күні?
Жылдың қай мезгілі?
(Күз, қыс, көктем, жаз) айларын ата.
Бүгін ауа райы қандай?
Сабақта кім жоқ?
ІІ. Үй жұмысын тексеру.
Фонетикаға шолу. (оқушыларға әріптер таратылады. Сол әріптерге сөз ойлап жазады).
«Домино» ойыны арқылы үйге берілген сөздіктерді тексеру.
Қатемен жұмыс. Диктант бойынша жіберген қателермен жұмыс.
ІІІ.Жаңа сабақ. Сөздікпен жұмыс.
а)сөздікті тақтаға жазу
ә)сөздікті мұғалім оқу
б)оқушылар дауыстап, әр сөзді дұрыс қайталау керек.
в)сөздіктегі сөздермен сөз тіркестерін құрау.
Даңғыл-проспект
Мейірімді- добрый
Қажетті-нужные
Тауып береді-найдет
Жылдам –быстро
Өлеңдер жинағы-сборник стихотворение
Қара сөздер- проза
Сөз тіркестері: мейірімді сатушы, қажетті кітаптар, жылдам оқу, Абайдың қара сөздері, өлеңдер жинағын әкелді жылдам тауып береді.
Мәтінді оқы.
Кітап дүкені
Бұқар-Жырау даңғылының бойында Ермеков атындағы «Атамұра» кітап дүкені бар. Дүкеннің іші шағын, бірақ одан іздеген кітапбыңыздың бәрін табуға болады. Бұнда балалар әдебиетінен бастап әлем әдебиетіне дейін кітаптар толып тұр. Сондай – ақ,оқулықтар, көрнекілік құралдары сияқты тағы басқаларының бәрі бар. Сатушылары да мейірімді жақсы адамдар. Үнемі, қажетті кітабынды жылдам тауып береді.
Мен өткен жексенбіде Абай Құнанбаевтың өлеңдер жинағы мен қара сөздерін сатып алдым. Бұл кітап дүкені маған ұнайды.
Мәтін бойынша сұраққа жауап бер.
1.Бұқар-жырау даңғылында не бар?
2.Дүкен қандай?
3.Дүкенде не бар?
4.Дүкен сатушылары қандай?
5.Сен не сатып алдың?
1 топ. Кітап сөзін тәуелде.
2 топ. Кітап сөзін септе.
3 топ. Кесте бойынша сөйлем құра.
Кім?
...
|
Нені?
кітапты
|
Қашан?
...
|
Не істеді?
...
|
Қайдан?
Кітаптан
|
Кімге?
...
|
Не?
...
|
Не істедім?
...
|
кітапты жыртпа көп оқы таза ұста
сыйлыққа кітап бер әдеби кітапты оқы
Мақалды есте ұста!
Кітап-алтын сандық.
Книга –золотой клад.
Сабақты бекіту. Сұраққа-жауап.
1топ. Соңғы рет қандай кітап оқыдың?
2топ. Кітапханаға қашан бардың? Қандай кітап алдың?
3топ. Мектептегі кітапхана қай қабатта орналасқан? Досыңа кітап сыйладың ба?
Үйге тапсырма: сөздікті жаттау, мәтінді әңгімелеу.
Бағалау.
Достарыңызбен бөлісу: |