Д. Б. Тойматаев Ғылым тарихы мен философиясы



жүктеу 1,06 Mb.
Pdf просмотр
бет74/92
Дата19.11.2018
өлшемі1,06 Mb.
#21356
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   92

162
Позитивтік  құқық  көзқарасы  тұрғысынан  қарағанда, барлық  құқық
жөніндегі  шындық  позитивтік  құқықта  берілген, яғни  əрекеттегі  құқықтың
барлық  билікті  мойындайтын  көздері (заңдар, заңға  сəйкес  актілер,
санкцияланған  əдеттегі  құқық, соттық  прецеденттер, т.б.), заңдық  күшке  ие
ресми  анықтаулары, жалпы  айтқанда, барлығы  заңға  негізделген  заң  болып
табылады.
Құқықты  осылай  ұғыну, құқықты  жалпы, позитивтік  құқыққа  теңейтін,
құқық  пен  заңды  барабар, бір  деп  қарастыру  юридикалық  догматикаға,
юридикалық  позитивизмнің  əртүрлі  варианттарына  жəне  легизмге (лат. lех -
заң) тəн. Мұнда, демек, құқық  жөніндегі  шындық  заң  шығарушының  ерігіне,
позитивтік  құқықтың  ресми-биліктік  анықтаушысының  пікірі  мен  бағытына
тəуелді. Əлбетте, мұндай бағыт бедел мен биліктік пікірді терістейтін, құқықты
ақиқатты, теориялық, философиялық  зерделейтін  парасаттық  ойдың  табиғаты
мен талабына сай емес.
Позитивтік  құқық  туралы  ойлағанда, позитивтік  құқық  пен  позитивтік
түсініктің шеңберіне сыймайтын көптеген сұрақтар мен мəселелер туындайды.
Құқықты  позитивтендіру  дегеніміз  не? Заң, құқық, заң  шығарушының
ерігіне тікелей  байланысты ма? Құқық  дегеніміз не, оның  табиғаты, мəні  неге
байланысты? Құқық  пен  өзге  əлеуметтік  нормалардың  ара  салмағы  неде?
Əдептілік, моральдық  немесе  діни  нормалар  емес, атап  айтқанда  құқық
нормалары  мəжбүрлеу  мүмкіндігіне  неліктен  ие? Құқық  əділетті  ме, оның
құндылығы неде? Құқықтың үстемдігі, оның алғышарты, құқықтық заңға келу
жолдары қандай?
Осы  сұрақтардың  негізгі  мəні  теориялық  тұжырымдалған  түрде  құқық
пен заңның ажыратылуы мен байланысы, арақатынасы мəселесі түрінде болып
келіп, кез  келген  бірізділікті  құқықтық  теорияның  арқауы  жəне  құқық
философиясының  пəндік құрылымын анықтайды. Бұрынғы жəне қазіргі құқық
туралы  философиялық  ілімдер  құқық  пен  заңды  ажырату  нұсқауларын  өзінде
сақтап, философиялық-құқықтық көзқарастың бағытын айқындайды.
Құқық  философиясы  пəніне  адамдардың  қоғамдық  өмірінің  іргелі
институты - мемлекетті  дəстүрлі  философиялық  зерттеу  мəселесі, мемлекет
болмысын  философиялық зерттеу  мəселесі, мемлекет  философиясы  тақырыбы
да кіреді.
Сөйтіп, құқық философиясының пəні деп құқықтың заңнан ажыратылуы
мен қатынасын айтамыз.
Ғылымдар жүйесіндегі құқық философиясы
Қазіргі  таңда  құқық  жалпы  ғылым  ретінде  екі  мағынада  ұғынылады.
Еуропаның  азаматтық  құқық дəстүрінде  ол жеке  сот шешімдерінің  жиынтығы
ретінде  танылады, ал  қауымдық  құқықтық  дəстүрге  бай  Англия  мен  АҚШ
сияқты елдерде юридикалық философия санатында түсіндіріледі.
Құқық  философиясының  ұзақ  жəне  бай  тарихы  болғанымен, «құқық
философиясы» термині кеше ғана XVIII ғасырдың аяғында пайда болды. Оған


163
дейін, ежелден  бастап  философиялық-құқықтық  саладағы  мəселе  алғашқыда
жалпы тақырыптың жеке үзінділері мен аспектілері түрінде, кейін табиғи құқық
жөніндегі  ілім  ретінде  қарастырылды (философия, юриспруденция, саяси
ғылымдар, теология  шеңберінде). Мəселен, Кант  құқық  философиясын  құқық
туралы метафизикалық ілім деп зерттеді.
Алғашқыда «құқық  философиясы» термині  юридикалық  ғылымда  пайда
болды. Оны  құқықтың  тарихи  мектебінің  ізашарларының  бірі  немесе  заңгері
Г. Гуго ғылымға енгізді. Гуго «құқық философиясы»  терминін «құқық туралы
ілімнің  философиялық  бөлігінің» қысқаша  атауы «позитивтік  құқық
философиясы» деп  қолданды. Гугоның  пайымдауынша, юриспруденция  үш
бөлімнен  құралуы  керек: юридикалық  догматика, құқық  философиясы
(позитивтік  құқық  философиясы) жəне  құқық  тарихы. Əрекеттегі (позитивтік)
құқықпен  шұғылданатын  жəне «юридикалық  кəсіп» болып  табылатын
юридикалық догматика үшін Гугоның пікірінше эмпирикалық білім жеткілікті.
Ал  құқық  философиясы  жəне  құқық  тарихы  соған  сəйкес «құқықты  ғылыми
танудың  парасаттық  негізін» жəне «ғалымдық, либералдық  юриспруденцияны
(элеганттық юриспруденцияны)» құрайды.
Сонда  құқық  тарихын, құқықты  заң  шығарушылар  жасамайтынын,
керісінше, кұқық тарихы өзінше қалыптасатынын көрсетпек болды (бұл идеяны
кейін  К.Р. Савиньи, Г. Пухта  жəне  т.б. құқық  тарихы  мектебінің  өкілдері
колдап, дамытты).
Гуго  біршама  Канттың  ықпалында  болғанымен, шын  мəнінде  құқық
туралы  Канттық  метафизикалық  ілімнің  негізгі  идеяларымен  келіспеді. Оның
түсінігінше  позитивтік  құқық  философиясы  жəне  құқықтың  тарихилығы
антирационалистік, позитивистік  сипатта  болды  жəне  парасаттық  құқықтың
табиғи  құқықтық  идеяларына  қарсы  бағытталды. Гугоның  құқықтың
тарихилығы қағидасы тарихтың да, құқықтың да парасаттылығын терістеді.
«Құқық философиясы» терминінің кең көлемде тарауына жəне осы күнге
дейін  маңызын  жоғалтпауына 1820 жылы  жарық  көрген  Гегельдің «Құқық
философиясы» кітабының ықпалы зор болды.
Гегельдің бұл шығармасының алғашқы аталуы былай еді: «Табиғи құқық
жəне  очерктердегі  мемлекет  туралы  ғылым. Құқық  философиясының
негіздері». Осы «табиғи  құқық» деген  атау  философиялық-құқықтық  зерттеу
мен қарастырудың түрі мен жанры ретінде (ескі дəстүр бойынша) қазіргі таңға
дейін сақталып келді.
Гегельдің  пікірінше, құқық  философиясы  Гуго  ойлағандай  юридикалық
емес, философиялық пəн. Сонда юридикалық ғылымды (Гегель оны позитивтік
құқық  туралы  ғылым  немесе  құқық  туралы  позитивтік  ғылым  деп  атайды) ол
тарихи  ғылым  деп  сипаттайды. Осындай  сипаттаманың  мəнін  Гегель  былай
түсіндіреді: «Позитивтік  құқықта  не  нəрсе  заңды  болса, ол  құқықты  танудың
қайнар  көзі  болады, немесе  өздігінше  айтсақ, дұрыс (əділ) болғандық; сөйтіп
құқық  туралы  позитивтік  ғылым  дегеніміз  беделді  принцип  санайтын  тарихи
ғылым. Басқасының  бəрі - пайымның  ісі  жəне  сыртқы  тəртіпке  тиесілі,
салыстыру, бірізділіктілік, кейінгі колдану жəне т.б.».
Юридикалық  ғылымды  Гегель «пайымдық  ғылым» ретінде  бағалайды.


жүктеу 1,06 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   92




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау