Д. Б. Тойматаев Ғылым тарихы мен философиясы



жүктеу 1,06 Mb.
Pdf просмотр
бет10/92
Дата19.11.2018
өлшемі1,06 Mb.
#21356
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   92

23
Идеалдық  модельдер  ой  шеңберінде  құрылып, түрлі  белгілер  арқылы
бейнеленеді. Мəселен, атомның  планетарлық  моделі, математикалық  белгілер
мен формулалар, сызбалар мен кестелер, т.б.
Ғылыми  таным  процесінде  анализ (талдау, саралау) жəне  синтез
(қиыстыру, біріктіру) əдістері  үлкен  рөл  атқарады. Зерттелуге  тиіс  объектіні
ойша  түрлі  құрамдас  бөліктер  мен  жақтарға  бөліп  қарастыруды, сол  негізде
оның түрлі қасиеттерін, ішкі байланыстарын анықтау əдісін анализ деп атайды.
Мəселен, адам  ағашты  зерттеп  білуі  оның  тамырын, діңін, бұтақтары  мен
жапырақтарын, түрін, сыр  сипатын, т.б. ойша  жіктеп  қарайды. Байқап
отырғанымыздай, процесі  анализбен  шектелмейді. Объектінің  əр  құрамдас
бөлігін  жіктеп қарап, зерттеп алғаннан  кейін бастапқы тұтастыққа  қайта  көшу
керек. Бұл  синтез  əдісі  арқылы  іске асырылады. Анализ  жəне синтез  адамның
күнделікті практикалық іс-əрекеті негізінде өмірге келген əдістері.
Фактілерді  анализ  жасап  талдағаннан  соң  теориялық  синтезге  көшу
индукциялық  əдіс  арқылы  жүзеге  асырылады. Жекелеген  тұжырымдар
негізінде жалпы қорытынды жасауды индукция əдісі деп атайды. Бұған кереғар
əдісті, яғни нəтижеден кері қарай жүріп жеке-жеке тұжырымға келуді дедукция
дейді.
Жоғарыда  айтылғандай, адам  сезім  органдарының  көмегімен  заттың
сыртқы  қасиеттері  мен  ерекшеліктерін  қабылдап, біле  алады, ал  оның  ішкі
мəнін, даму  заңдылықтарын  тек  абстрактілі  ойлау  арқылы  игеруге  болады.
Сонда абстракциялау дегеніміз зерттеуге жататын заттың, объектінің маңызды
бір  жағын, қырын  ойша  бөліп  алып  қарастыру. Ғылымға  тəн  негізгі
түсініктердің, категориялардын  бəрі  де  осы  абстракциялық  ойлау  əдісінің
нəтижесінде  қалыптасқанын  айта  кеткен  жөн. Абстракциялауды  заттың,
объектінің  ішкі  табиғатына  үңілу  жолындағы  аралық  бір  сəт, кезең  деп  қарау
керек.
Осындай  жекелеген  абстракциялаудан  əрі  қарай  ой  жүйесі  енді  нақты
затқа  бағыт  алып  қозғалуға  тиіс, сонда  ғана  таным  процесі  нəтижелі  болмақ.
Ғылымда  бұл  əдіс  абстрактіліктен  нақтылыққа  қарай  өрлеу  деп  аталады.
Зерттеліп  отырған  объектіні  жан-жақты  даму  үстінде  қарастыру  үшін  тарихи
жəне логикалық əдістер қолданылады.
Тарихи  əдіс  мəні  объектінің  пайда  болу, қалыптасу  жəне  даму  жолын
тарихи тұрғыдан барлық бұрылыстары мен кездейсоқтықтарын ескере отырып,
даму кезеңдерін хроникалық ретпен зерттеп шығуға келіп саяды.
Логикалық  əдіс  тарихи  процестің  басты  мазмұнын, өзегін  қамтиды. Ол
объектінің  даму  жолындағы  елеулі, мəнді  кезеңдерді, негізгі  зандылықтарды
көрсетеді. Сондықтан  тарихи  жəне  логикалык  əдістер  өте  байланыста  болып,
бірін-бірі  толықтырып  отырады. Мəселен, адамзат  тарихы  дүниедегі  барлык
халықтардың  даму  жолын, олардың  ұлттық, табиғи, т.б. ерекшеліктерін
қамтиды. Дегенмен, олардың  бəрінің  дамуында  ортақ  мəнді  жақтар  мен
зияндылықтар бар екені сөзсіз.
Осы  заманғы  ғылыми  танымда  жүйелік-құрылымдық  əдіс  кең
қолданылады. Бұл əдіс зерттелетін объектіні өте күрделі, өзіне тəн құрылымы,
құрамындағы  элементтердің  жүйелі  байланысы  бар  құбылыс  ретінде


24
қарастырады. Дүниедегі заттар, құбылыстар мен процестер, олардың қасиеттері
мен байланыстары туралы ғылыми білім сан алуан түрде бейнеленеді.
Солардың ішіңдегі ең елеулісі - теория. Ғылыми теория зерттеліп отырған
объектінің  ішкі, қажетті  жақтары  мен  байланыстарын, оның  өмір  сүру  жəне
даму зандылықтарын бейнелейді. Ғылыми теория мынадай міндеттер атқарады:
1) түсіндіру -объектінің болмысын, мəн-мағынасын, даму зандылықтарын
ашу;
2) болжау - теория зерттеу объектісінің ішкі табиғатын ашу арқылы оның
болашақтағы даму бағытын көрсете алады;
3) методологиялық  міндет - əрбір  теория  ғылымның  сол  саласының
дамуына жол ашады, танымның ілгерілеуіне негіз болады;
4) практикалық  міндет  ғылыми  теорияны  жасау  түпкі  мақсат  емес, ол
тəжірибеде  қолданылуға  тиіс, қоғамдық  дамуға, ғылым  мен  техниканың
жетілдірілуіне  пайда  келтіруі  қажет. Ғылыми  теорияның  құрылымына
заттардың, құбылыстардың қасиеттері  туралы пікір алмасу, ой жүгірту (пікір),
түсінік (ең жалпы əрі маңызды қасиеттер мен байланыстарды білдіретін ұғым),
тексеруден  өтіп, жинақталған  фактілер, сондай-ақ  идеялар  мен  заңдылықтар
кіреді. Теорияның қалыптасуы - ұзаққа созылатын, күрделі, қайшылыққа толы
процесс. Теория - ғылыми танымның ең жоғарғы нəтижесі.
Ғылыми  теорияның  қалыптасу  барысында  гипотезаның  маңызы  зор.
Гипотеза - ғылыми тұрғыдан дəйектелген болжамға негізделген теория. Əрине,
кез  келген  болжам  гипотеза  бола  алмайды. Бұл  үшін, біріншіден, ол  болжам
ғылымның  сол  саласындағы  осы  уақытқа  дейін  белгілі  ғылыми  жетістіктерге
қайшы  келмей, керісінше, соларды  əрі  қарай  өркендету  керек; екіншіден, ол
болжамның  ықтималдығы  тиянақталған  болуға  тиіс. Гипотеза  практикадан
тексеруден өткен жағдайда немесе ақиқаттығы əбден дəлелденген мəселелерден
туындап тұрған болса, ол ғылыми теорияға айналады.
Гносеология.  Гносеология  немесе  таным  теориясы - қоршаған  дүниені,
субъект  пен  объект  арасындағы  байланысты, шындықты, ақиқатты  дұрыс  əрі
айқын тануды мақсат ететін философияның бөлімі.
Таным  теориясы  адамның  əлемге  деген  танымдық  көзқарасын, оның
орнын жəне жалпылық негіздерін насихаттайды.
Таным 
теориясы 
философияның 
өзіндік 
бір 
бөлімі 
ретінде
қарастырылыуымен бірге, теориялық - танымдық көзқарас əрқашанда басқа да
философиялық  көзқарастармен  қатар, яғни  тұрмыс  табиғаты, этикалық  жəне
эстетикалық бөлімдерді қарастырды.
Таным теориясы тарихы, негізінен, білім дегеніміз не? (Платонның «Тет-
а-тэт» сұхбатында) деген  сұрақтан  бастау  алған, «таным  теориясы» атты
терминнің өзі кеш пайда болады.
Философия тарихында, танымдық теорияның негізгі мəселесі ең маңызды
орын  алды. Таным  теориясында  философияның  негізгі  бағыттары  Махизм,
Кантшылдық.
Танымды  зерттеудің  арнайы - ғылыми  əдістерінің (математикалық
логика, семиотика, ақпарат  теориясы, психология  жəне  т.б.) қарқынды  дамуы,
кейбір  позитивистердің  жəне  позитивті  ойлаушылардың  пікірінше, таным


жүктеу 1,06 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   92




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау