Д. Б. Тойматаев Ғылым тарихы мен философиясы



жүктеу 1,06 Mb.
Pdf просмотр
бет9/92
Дата19.11.2018
өлшемі1,06 Mb.
#21356
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   92

21
арқылы  ғана  анықтайтын  пікірімен  келісуге  болмайды. Ғылыми  білімнің  ең
жетілген  формасы  теория  болып  табылады. Теория  деген  не? Теория - бұл
тəжірибенің, практиканың  немесе  бақылаудың  қорытындысы  деп  айтуға
болады.
Танымның  жалпы  ғылыми  əдістері. Жюль  Верннің  атақты «Капитан
Гранттың балалары» романының кейіпкерінің бірі географ Жак Паганель бірде
өзінің  серіктеріне  құс  жұмыртқасын  дайындаудың  жүзге  жақын  тəсілі
болатынын  айтқан  еді. Əрине, бір  ғана  нəтижеге  бірнеше, тіпті  жүздеген
тəсілдермен  жетуге  де  болады. Оның  ішіндегі  жақсысын  таңдау  кейде
экономикалық  тиімділігімен, кейде  техникалық  мүмкіндіктерімен, ал  кейде
міндетті  түрде  аз  уақытта  шешу  қажеттіліктерімен  байланысты  болады. Бұл
жағдайлардың  барлығында  мамандар  не  дайын, жинақталған  тəжірибеге
сүйенеді, не  болмаса, берілген  міндет  пен  оның  шешілу  шартына  неғұрлым
сəйкес əрекеттің тəсілін ойлап тапты.
Əр  түрлі  ғылымдардың  өздерінің  арнайы  міндеттерін  шешу  үшін
қолданылатын  сан  алуан  тəсілдерінен  өзге  ғылыми  білімінің  өзін  даярлайтын
жəне  құрылымын  реттейтін  барлық  ғылымдарға  ортақ  кейбір  ережелер  мен
жолдары бар. Олар жалпы ғылыми əдістерді құрайды.
Абстрактылықтан  нақтылыққа  көшу - ғылыми  теориялар  құрастырудың
логикалық  жалғастығын  реттейтін  жалпы  əдіс. Ғалымдар  көбіне  оның  барлық
бөлшектері мен мүмкіншіліктерін аңғармай, стихиялы түрде қолданылады. Бұл
əдісті философиялық талдау жəне пайымдау оның қолданысын неғұрлым дұрыс
түсінуге ықпал етеді.
Ғаламның  қалыптасуының  ең  маңызды  сəттерін  бөліп, тарихи
сипаттамасын  жоғарғы  деңгейде  ұйымдастыруға  жағдай  жасады. Бұдан
шығатын  қорытынды - зерттеудің  тарихи  жəне  логикалық  əдістерді,
неокантшыл  философтар  Риккерт  пен  Виндельбанд  жəне  шыншыл
рационализмнің  көсемі  Поппер  айтқандай, бірін - бірі  теріске  шығармайды,
керісінше бірін - бірі толықтырады.
Ғылыми  əдістердің  типологиясы. Əдіс - дегеніміз  белгілі  бір  мəселені
шешу үшін таңдап алынған жол, қолданылатын айла мен əрекеттер жиынтығы.
Ғылыми таным əдістерін қолданудың басты мақсаты - шынайы, ақиқат білімге
қол  жеткізу. Тағы  бір  көңіл  бөлетін  жəйт, зерттеуші  ғылыми  танымның
əдістерін  өз  қалауы  бойынша, қалай  болса  солай  белгілей  салмайды. Əдістер
зерттелмек  болып  отырған  объектіге  тəн  ерекшеліктер  мен  заңдылықтар
негізінде  таңдап  алынады. Бұл  тұрғыдан  алғанда  əдістер  объективті  сипатта
болады, сөйте тұра олар адамның рухани қызметінің нəтижесі болып табылады
жəне  де  ол  тек  адам  санасында  өмір  сүреді. Сондықтан  да  əдіс  объективтілік
пен субъективтіліктің диалектикалық бірлігін құрайды.
Ғылыми танымның əдістері өте көп əрі  сан салалы, себебі танып-білудің
объектісі  болып  табылатын  материалдық  жəне  рухани  дүниенің  өзі  көптүрлі,
сан  салалы. Дегенмен, ғылыми  танымның  барлык  əдістерін  шартты  түрде  үш
топқа бөлуге болады: 1) жалпылама диалектикалық əдіс. Ол болмыстың барлық
жақтарын зерттеуге жəне таным процесінің барлық кезеңдерінде қолданылады;
2) жалпы 
ғылыми 
əдістер. Олар 
ғылымның 
барлық 
саласында


22
пайдаланылғанымен, таным  процесінің  барлық  кезеңінде  қолданыла  бермейді;
3) жекеше  əдістер. Олар  нақты  құбылыстарды  бір  ғылымның  шеңберінде
зерттеуге  қолданылады. Мəселен, математикалық  индукция  əдісі -
математикада, қоспалардың 
ыстыққа 
төзімділігін 
анықтау 
əдісі -
металлургияда, радиоактивті  бөліну  əдісі - ғарышты  зерттеулерде
пайдаланылады.
Материалистік  диалектика  бүкіл  əлемді, дүниені  біртұтас  қарастырып,
табиғаттың, қоғамның, адам  ақыл  ойының  дамуындағы  ең  жалпыламалық
заңдылықтарды зерттейтін бірден-бір ғылым болғандықтан, ғылыми танымның
ең жалпылама əдісі рөлін атқарады.
Ғылыми  танымның  жалпы  əдістері  мен  түрлерін  қарастыру  үшін
танымның  эмпириялық  жəне  теориялық  деңгейлерін  ажыратқан  дұрыс, себебі
əр  деңгейдің  өзіндік  ерекшеліктері  мен  əдістері  бар. Эмпириялық  деңгейде
таным  объектісінің  қасиеттері  мен  қырлары  сезімдік  қабілет  тұрғысынан
қабылданады. Əрине, ғылым  мен  техниканың  дамуына  байланысты  адамның
сезімдік  танымының  көк  жиегін  əлдеқайда  кеңейтетін  аспаптар, құралдар,
компьютерлер іске қосылып жатқанын айта кеткен артық емес.
Теориялық  деңгейде  таным  объектісінің  маңызды  байланыстары  мен
заңдылықтары  тəжірибе  негізінде  алынған  біліммен  қоса  абстрактілі  ойлау
нəтижесінде тұжырымдалады.
Ғылыми  танымның  эмпириялық  деңгейінде  кең  колданылатын  ең
қарапайым əдіс - бақылау деп аталады. Оның мəні - зерттеу объектісін белгілі
бір  мерзім  аралығында  нысаналы  ұйымдасқан  түрде  жүйелі  бақылай  отырып,
ондағы  өзгерістерді  қадағалау. Мысалы, бидайдың  бір  сортының  өсіп-өну
ерекшелігін зерттеу мақсатында көктемгі егістен күздегі  жиын-терімге  дейінгі
аралықта дəн топырақтан көктеп өсіп шыққаннан бастап, астықты орып алғанға
дейінгі  өзгерістері  есепке  алынып  отырады. Сол  негізде  тиісті  ғылыми
қорытындылар  жасалады. Келесі  əдіс - эксперимент - ғылыми  тəжірибе  деп
аталады. Оның ерекшелігі - зерттеліп жатқан объектіге адамның, зерттеушінің
тікелей  əсер  етіп, ондағы  процестерге  араласуы. Зерттеуші  объектіні  əр  түрлі
кездейсоқ  жағдайлардан  оқшаулап  алып, бөліп  қарауы  мүмкін. Қажет  болған
жағдайда экспериментті əлденеше рет қайталауға да болады.
Осы заманғы кең пайдаланылатын əдістердің бірі - модельдеу. Модельдеу
дегеніміз - эксперименттің  бір  түрі, бірақ  мұнда  объектінің  өзі  емес, оның
орнын  басатын  модель  зерттеледі. Модель (латын  тілінен  аударғанда «үлгі»
деген ұғымды білдіреді) - зерттелетін объектімен ұқсастық қатынаста болатын,
таным  процесінде  оның  орнына  пайдаланылатын, нақты  өмір  сүретін  немесе
ойша алынатын жүйе, құбылыс.
Жұртшылыққа  ежелден  белгілі  модельдерден  географиялық  картаны,
глобусты, химиядағы құрылыстық формулаларды, т.б. атауға болады.
Осы  заманда  адам  миының  кейбір  əрекеттері  электронды  есептеу
машиналарында  модельденеді. Модельдерді  материалдық (физикалық) жəне
идеалдық (логикалық, ойша  алынған) деп  екі  түрге  бөледі. Материалдық
модель  зерттелетін  объектпен  физикалық  жағынан  ұқсас  болады, көбінесе
түпнұсқа  жасалған  материалдан (мысалы, ағаш, темір, т.б.) құрастырылады.


жүктеу 1,06 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   92




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау