Ц И Ф Р Л Ы Қ М Е Д И А Л А Р К А Р Т А С Ы Қ А З А Қ С Т А Н
3 6
1. 3.2. Телевизиялық жаңалықтар бағдарламалары
Телеарналардың рейтингтері сияқты, жаңалықтар бағдарламаларының рейтингтері де
салыстырмалы түрде орнықты. «Новости», «Новости. Специальный выпуск» жəне «Время»
бағдарламаларымен «Бірінші арна «Еуразия» рейтингтің ең жоғарғы орындарын тұрақты иеленген.
Жаңалықтар тарататын көш бастаушы бағдарламалар, – «31-арна» мен «КТК» арнасындағы қазақ
тілінде шығатын жаңалықтарға арналған екі бағдарламаны қоспағанда, – көбінесе орыс тілінде
жүреді. Жаңалықтар топтамасы таңертең, күндіз жəне кешкісін шығады, алайда аса танымал
жаңалық бағдарламалары, сөз жоқ, кешкі уақыттарда да беріледі.
Қазақстан Үкіметі қазақ тілінде хабар таратуды алға ілгерілету бойынша біршама шаралар
қабылдады. Олардың ішіндегі алғашқы қадам, коммерциялық арналарды да қосқанда, –
барлық
арналардың хабар берілетін уақыттың 50 процентін қазақ тілінде жүргізуі болды. Қазақтілді
жаңа арналар іске қосылды, сонымен қатар өздері өндіретін бағдарламаларды кеңінен тарату
іске асырылып жатыр. Қазақ тіліндегі бағдарламалардың кейбіреулері кең танылып жүрген
шоулардың қатарына жатады, алайда рейтингтерде орыстілді бағдарламалар басым болып, көш
бастауды жалғастырып келеді.
9-кесте
Тұтынушыларды қамту ауқымының үлесі бойынша
жаңалықтардың жетекші бағдарламалары, 2010-2011 жж.
2010 жылғы маусымның
7-сінен 13-іне дейін
2011 жылғы маусымның
6-ынан 12-сіне дейін
Бағдарлама
Арна
ОКР,
%
Бағдарлама
Арна
ОКР,
%
«Время»
«Бірінші арна
«Еуразия»
8,00
«КТК жаңалықтары.
Қорытынды хабар»
«КТК»
7,28
«КТК жаңалықтары.
Қорытынды хабар»
«КТК»
4,20
«Время»
«Бірінші арна
«Еуразия»
6,85
«Жаңалықтар» (қаз.)
«КТК»
1,08
«Информбюро» (қаз.)
«31-арна»/
«СТС»
3,05
«Бүгін»
«СТВ»/
«Рахат»
0,84
«Жаңалықтар» (қаз.)
«КТК»
1,67
«Новости 7»
«Жетінші арна»
0,72
«Новости 7»
«Жетінші арна»
1,35
Ескерту.
ОКР – орташа күн сайынғы рейтинг.
Дереккөз:
Ұлттық Медиа қауымдастығы, «Телебағдарламалар рейтингтеріне шолу»,
http://www.nma.kz/?p=2023, 2010 (қолжетімді күн: 2013 жылғы сəуірдің 17-сі),
http://www.nma.kz/?p=4694, 2011 (қолжетімді күн: 2012 жылғы қазанның 29-ы).
3 7
« А Ш Ы Қ Қ О Ғ А М » Қ О Р Ы Н Ы Ң Е С Е П Т Е М Е С І 2 0 1 3
1.3.3. Электрондық БАҚ-тардың жаңалықтар контентіне ықпалы
Бүгінгі таңда цифрлауға көшудің электрондық БАҚ-тарға қалай ықпал еткені турасында қандай
да бір қорытынды жасауға əлі ертерек. Соңғы жылдар ішінде интернеттеудің айтарлықтай өсуі
байқалса да, осы бағыттағы зерттеулердің жоқтығы себепті нəтиже бұрынғыша анық емес күйінде
қалып отыр. Цифрлаудың жаңалықтар бағдарламаларының қалыптасқан стилі мен сапасын
түбегейлі өзгерткенін көрсететін нақты дəлелдер жоқ. Бүгінде жаңалықтар контентіне хабар
алушылардың (аудитория) қалау-ниеттері, технологиялардың дамуы, БАҚ нарығындағы жаңа
бизнес-үлгілердің іске асуы емес,
көбінесе не мемлекет, не өзіндік цензураның басымдыққа ие
іс-тəжірибесі көбірек ықпал етеді.
1.4. Қорытынды
Дəстүрлі БАҚ-тар онлайн-платформаларды баяу игереді. Олар ұсынатын мультимедиа қызметтері,
Батыстың жетекші басылымдарымен салыстырғанда, озық болып есептелмейді. Дегенмен
интернет пайдаланушылардың саны жедел артып келеді; дəстүрлі БАҚ-тарды қайталайтын
нұсқаларға жатпайтын жаңалықтар ресурстары кең таралып жатыр.
Дəстүрлі БАҚ-тардың сайттарынан айырмашылығы – интернет-басылымдар билік тарапынан
немесе олармен біріккен бизнес-құрылымдар тарапынан қатаң бақылауға ұшырамайды.
Мемлекеттің көтеріңкі бақылауы мен жаңалықтар контентін жауып тастау əрекеттеріне
қарамастан, интернет, қызу пікірсайыстардан өзге, əртүрлі көзқарастарға да кеңінен жол береді.
Билік органдарының бақылауындағы БАҚ-тардан айырмашылығы – интернет, сөз жоқ, балама
ақпараттар көзі болып табылады. Ақпаратты мемлекеттік бақылау жəне БАҚ иеленушілері
белгілейтін редакциялық саясаттың жаңалықтарды беру сапасына ықпал ететін шешуші
факторлар болатыны даусыз. Мемлекет бұрынғыдай теледидарды бақылауда ұстауды жалғастырып
келе жатса да, ол, өз кезегінде, азаматтардың жетекші ақпарат көзі болып отыр.