4 3
« А Ш Ы Қ Қ О Ғ А М » Қ О Р Ы Н Ы Ң Е С Е П Т Е М Е С І 2 0 1 3
бағыт ұстаған «Мəдениет» арнасы хабар таратуды бір жылдан кейін, 2011 жылдың қыркүйегінде
қолға алды. Арна уақыттың 80%-ін – қазақ тілінде, ал 20%-ін шетел тілінде хабар беруге
арнайды.
73
«Білім» деп аталатын алғашқы қазақстандық ғылыми жəне білім беру арнасы мен
алғашқы жаңалық таратушы «24 KZ» арнасы 2012 жылдың қыркүйегінде іске қосылды. «Білім»
арнасы – екі министрліктің: Қазақстанның Мəдениет жəне ақпарат министрлігінің, Білім жəне
ғылым министрлігінің біріккен жобасы.
74
Сол кезде жуық арада мемлекеттік спорт арнасы іске
қосылатыны жария етілді.
75
2012 жылдың қарашасында мемлекеттік: «Қазақстан», «Хабар», «Ел
Арна», «Kazakh TV», «Білім», «Мəдениет», «Балапан», «24 KZ», «Астана» телеарналары, сондай-
ақ жекеменшік «КТК», «НТК», «Жетінші арна» мен «31-арна» кабельдік телехабарлар таратудың
(ағылш. – must-carry) міндетті пакетіне қосылды.
2011 жылдың қаңтарында «Қазтелерадио» АҚ-ы цифрлық форматта хабар тарататын жерсерік
платформасы – «OTAU-TV-ні» іске қосты.
76
«Қазтелерадио» АҚ-ы теле-радио дабылын бүкіл
ел бойынша тарататын құрылғыларға бақылау жасайды. Хабар тарату желісі дабылдарды 3500-
ден астам құрылғыға беретін 1214 станциядан тұрады.
77
«OTAU-TV» стратегиясы республиканың
шеткері аймақтарын телевизиялық дабылдармен қамтуға бағытталған. Жерсеріктік хабарларды
тарату ауқымын кеңейту мақсатында тұтынушыларға төмен тарифтік жоспарлар ұсынылады
(егжей-тегжейлірек білу үшін
7.1.1-тармақты қараңыз).
2012 жылдың қыркүйегінде «OTAU-TV» бірнеше радиостанцияның жəне 110 телевизиялық
арнаның дабылдарын стандартты жəне HD (high defi nition) форматтарында таратты. «OTAU-TV»
жерсеріктік тəрелкелерінің бірін сатып алған көрермендер үшін, ай сайынғы абоненттік ақыны
қоспағанда, негізгі пакет 39 арнаны (тоғызы – республикалық мемлекеттік, он үші – «Қазақстан»
телеарнасының аймақтық филиалдары, үш мемлекеттік радиостанция, он бір жекеменшік телеарна
жəне үш жекеменшік радиостанция) қамтиды. «OTAU-TV» ақпараты бойынша, бір жыл ішінде
оның абоненттерінің саны 100 мыңға жеткен, ал дабылдары ел халқының жартысын қамтиды
(белгіленген жоспарға сəйкес, 2014 жылы оның дабылы халықтың 95 процентіне қолжетімді
болады). Абоненттердің сексен проценті «Негізгі пакетке» жазылған, ал тұрмыс жағдайы төмен
төрт мың отбасы оған тегін қосылған.
78
73 Казинформ, «Мəдениет» – күніне 16 сағат хабар тарататын арна, 2011 жылғы 26 қыркүйек, http:// www.inform.kz/eng/article/2407802
(қолжетімді күн 2012 жылғы қаңтардың 29-ы).
74 Казинформ, «Қазақстандық ғылым жəне білім арнасы хабар таратуды 2012 жылы бастайды», 2011 жылғы қарашаның 3-і, http://
www.inform.kz/eng/article/2416700 (қолжетімді күн: 2012 жылғы қаңтардың 29-ы).
75 Казинформ, «Жақын уақыт ішінде Қазақстанда жаңа екі телеарна іске қосылады», 2011 жылғы сəуірдің 25-і, http:// inform.kz/eng/
article//2374298 (қолжетімді күн: 2012 жылғы ақпанның 8-і).
76 Kazworld, «Жаңа мəдениет жəне ақпарат министрі алғаш рет нəтижелерді жариялап, басты міндеттерді белгіледі», 2012 жылғы
ақпанның 3-і, http://kazworld.info/?p=19522. (қолжетімді күн: 2012 жылғы мамырдың 28-і).
77 DigiTAG (Digital Terrestrial
Television Action Group, қазақша – Жерүсті цифрлық теледидарының бастамашы тобы),
Жерүсті
цифрлық теледидардың бұрынғы КСРО республикаларындағы мəртебесі, http://www.digitag.org/MembersOnly/Reports/Post-Sovi-
et%20 Report%20Version 1.2.pdf, 33-бет (қолжетімді күн: 2012 жылғы наурыздың 10-ы).
78 «Қазтелерадио» АҚ-ы, OTAU-TV, «Жерсерік теледидарына жазылушылар саны 100000-ға жетті», http://kazteleredio.kz/
rus/2012/02/17/ количество-абонентов-национального, 17 февраля 2012 г. (қолжетімді күн: 2013 жылғы сəуірдің 17-сі).