Country report цифрлық медиалар картасы


Ц И Ф Р Л Ы Қ   М Е Д И А Л А Р   К А Р Т А С Ы         Қ А З А Қ С Т А Н



жүктеу 169,95 Kb.
Pdf просмотр
бет2/54
Дата13.02.2018
өлшемі169,95 Kb.
#9467
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   54

Ц И Ф Р Л Ы Қ   М Е Д И А Л А Р   К А Р Т А С Ы         Қ А З А Қ С Т А Н
4
«Цифрлық медиа картасы» 
жобасы туралы 
(«Mapping Digital Media»)
Кəсіби  журналистиканың  негізінде  жатқан  құндылықтар,  азаматтардың  шынайы  жəне  толық 
ақпаратқа  мұқтаждығы,  ондай  ақпараттың  демократиялық  қоғамның  қалыптасуы  үшін 
маңыздылығы, – міне, осылар медиа-кеңістіктің дамуы серпінін талдауға тырысатын əркім үшін 
бұлжымас бағдарлар болып саналады.
Кəсіби  стандарттар  жаңа  ақпараттық  технологиялар  тұрғысында  жетілдіріледі.  Оның  үстіне, 
журналистикада орын алып отырған өзгерістердің үлкен бөлігі жетекші ақпараттық нарықтардың 
ықпалымен қалыптасады.
Мақсаты  өзгерістердің  тереңде  жатқан  себептерін  зерттеп  білу  жəне  талдау  болып 
табылатын  «Цифрлық  медиа  картасының»  зерттемелік  жобасы  ғаламдық  тұрғыда:  медиа-
қоғамдастықтардың  көш  бастаушылары,  ғалымдар,  саясаткерлер,  жұртшылық  пен  кəсіби 
қоғамдастық  өкілдері,  əлемнің  əртүрлі  елдерінің  жоғары  оқу  орындарының  оқытушылары 
арасында байланыстар орнатуға септігін тигізеді. Цифрлау үдерісі баяу жүріп жатқан елдерде бұл 
жоба  нарық  ойыншыларын  жəне  басқа  да  мүдделі  тараптарды  осы  өзгерістердің  нəтижелеріне 
ықпал ету үшін соларға  атсалысуға үндеуге бағытталады. Сонымен қатар электрондық БАҚ-тар 
мəселесін талқылауды ілгерілету үшін, аталған зерттеудің ақпараттық негіз құруға да көмегі тиеді.
«Ашық  Қоғам  қоры»  медиа  бағдарламасының  зерттеу  тақырыбы – əлемнің  əртүрлі  елдерінде 
жаңа ақпараттық технологиялардың плюрализм құндылықтары тұрғысынан БАҚ-тарды дамытуға 
ықпал етуін, ашықтықты, қоғам алдында есептеме беруге тиістілікті, редакциялық тəуелсіздікті, 
сөз  бен  ақпарат  бостандығын,  журналистиканың  жоғары  кəсіби  стандарттарын  зерттеу                      
болған-ды.
«Цифрлық медиа картасы» жобасы төмендегі факторлардан туған ғаламдық тəуекелдіктер мен 
мүмкіндіктерге баға береді:


5
« А Ш Ы Қ   Қ О Ғ А М »   Қ О Р Ы Н Ы Ң   Е С Е П Т Е М Е С І           2 0 1 3
•  хабар таратудың аналог форматынан цифрлық форматқа көшу;
•  жаңа медиа-платформалардың жаңалықтар контентінің көздері ретінде өсуі;
•  хабарлар 
таратудың 
дəстүрлі 
түрлерінің 
телекоммуникациялар 
қызметтерімен 
 
ықпалдастырылуы.
«Цифрлық  медиа  картасы»  зерттеуі  дүние  жүзінің 60 елінде  жүргізілді.  Жобаның  негізгі 
мақсаты – жоғарыда аталған өзгерістердің мемлекеттің басты демократиялық қызметі – қоғамды 
ақпараттандыру мəселесіне қалай ықпал ететініне талдау жасау.
«Цифрлық  медиа  картасы»  жобасы  бойынша  сараптамалық  шолуды  елдердің  əрқайсысында 
зерттеуші жəне серіктес ұйымдар əзірлейді. Жиынтығында, бұл есептемелер электрондық БАҚ-
тардың  демократиялық  рөлдері  туралы  ақпараттың  маңызды  көзі  болып  табылады.  Елдердің 
есептемелеріне  қосымша  «Ашық  Қоғам  қорының»  Медиа  бағдарламасы  электрондық  БАҚ 
мəселелері  бойынша бірқатар зерттеулерге бастама көтерді. Бұл материалдар   «MDM Reference» 
топтамасында жарияланып жатыр.


Ц И Ф Р Л Ы Қ   М Е Д И А Л А Р   К А Р Т А С Ы         Қ А З А Қ С Т А Н
6
Цифрлық Медиалар Картасы: Қазақстан
Қысқаша шолу
Мұнайға жəне басқа да табиғи ресурстарға бай Қазақстан өзінің тəуелсіздігі жылдарында БАҚ 
пен ақпарат бостандығына қатысты алға көп ілгерілей қойған жоқ. Медиа-нарықты мемлекеттік 
бақылау  күшейіп  бара  жатыр,  ал  электрондық  БАҚ-тың  дамуы  жаңалықтар  таратудың  жəне 
қоғамдық  пікірталастар  өткізудің  жаңа  мүмкіндіктерін  ашып  отыр.  Сөйтіп,  бүгінгі  күні 
қазақстандық БАҚ-қа – электрондық БАҚ-тар нарығының пайда болуы жəне серпінді дамуымен 
қатар – мемлекеттің ақпаратты бақылауының күшеюі тəн.
Теледидар  жаңалықтардың  ең  танымал  көзі  бола  отырып,  аналог*  хабар  тарату  заманынан 
бері  қарай  үкіметтің  бақылауында  болып  келе  жатыр.  Бүгінгі  цифр  заманында  үкімет 
телекомпанияларға  бақылау  жасауды  айтарлықтай  күшейтті.  Бұл  көбінесе  жиіліктер  шоғырын 
бөлу  барысында  мемлекеттік  телеарналардың  артықшылықтарға  ие  болуы,  цифрлау  үдерісіне 
мемлекеттік бақылау орнатылуы жəне жерсерік арқылы хабар таратудың ұлттық желілерін құру 
үшін  бюджеттен  қаражат  бөлу  сияқты  іс-шаралардың  нəтижесінде  орын  алды.  Қазақстанда 
қоғамдық теледидар жоқ, оны құру қажеттігі туралы қандай да бір қоғамдық пікірсайыс өткізуге 
деген елеулі талпыныстар да болмады.
Цифрлық  хабар  таратуға  көшіу  барысында  маңызды  жəне  негізге  алынатын  құжаттар  да,  осы 
үдеріске  жауапты  иниституттар  да  ауысып  жатты.  Бастапқыда  осы  үдерісті  реттеген  Байланыс 
жəне  ақпарат  министрлігі  цифрлық  форматта  жерүсті  хабар  таратуға  көшуді  көздейтін, 2011-
2015  жылдарға  арналған  стратегиялық  жоспар  қабылдады.  Алайда  бұл  құжат 2012 жылы 
өзінің  өзектілігін  жоғалтты.  Бастапқы  тұжырымдама  айтарлықтай  өзгерістерге  ұшырады. 
Сөйтіп, цифрлаудың бірінші кезеңінің міндеті, цифрлық форматта жерүсті хабар таратуды іске 
қосудың орнына, цифрлық тəсілмен жерсеріктік хабар таратуды  енгізуге айналды. Жұртшылық  
электрондық  БАҚ-тардың  цифрлық  форматқа  көшірілетіні  жəне  оның  салдарлары  туралы 
хабардар етілмеді.
*  Аналог – хабар таратуға қатысты арнаулы термин. Ол – бастапқы нақты (бар) деректерге ұқсас ретінде қабылданатын, үздіксіз 
өзгеріп  тұратын  шамалармен  жұмыс  істеуге  арналған  формат.  Ал  цифрлық  форматта,  аналог  ТВ-ға  қарағанда,  анағұрлым  көп 
ақпарат беруге болады. – Аудармашының түсіндірмесі.


жүктеу 169,95 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   54




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау