Country report цифрлық медиалар картасы


 9 « А Ш Ы Қ   Қ О Ғ А М »   Қ О Р Ы Н Ы Ң   Е С Е П Т Е М Е С І           2 0 1 3



жүктеу 169,95 Kb.
Pdf просмотр
бет17/54
Дата13.02.2018
өлшемі169,95 Kb.
#9467
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   54

3 9
« А Ш Ы Қ   Қ О Ғ А М »   Қ О Р Ы Н Ы Ң   Е С Е П Т Е М Е С І           2 0 1 3
Азиядағы  бұқаралық  ақпарат  құралдарының 10-конференциясының  «Орталық  Азиядағы 
қоғамдық теледидардың болашағы» атты мағлұмдамасы жеткілікті кең анықтаманы алға тартты, 
бірақ онда іс жүзіне асыру бойынша ары қарай ешқандай нақты  ұсыныс жасалмады.
61
ЮНЕСКО-ның  «Азияда  тəуелсіз  жəне  плюралистік  ақпарат  құралдарын  дамытуға  атсалысу 
туралы»  Алматыда  қабылданған  мағлұмдамасына  жазылушы  ретінде  Қазақстан  азат,  тəуелсіз 
жəне плюралистік БАҚ-тарды дамыту туралы өздерінің міндеттемелерін ресми түрде жариялаған 
басқа  қатысушы  елдер  қатарында  болды.  Оның  тізбесіне  келесі: «Журналистика  тұрғысынан 
тəуелсіз, қазіргі уақытта мемлекет бақылауындағы хабар тарату құрылымдарын ауыстыра алатын 
үкіметтік емес хабар таратудың дамуын, сондай-ақ қауымдық радионың дамуын қуаттау» деген 
міндеттеме енгізілген.
62
Қабылданған  міндеттемелерге  қарамастан,  оларды  іс  жүзіне  асыруға  ешқандай  іс-əрекет 
жасалмады. Азаматтық қоғамның Қазақстанда қоғамдық БАҚ құру үлгісін қолдайтын көптеген 
өкілдері  өздері  берген  сұхбаттарында  үкімет  сондай  БАҚ  құруға  мүдделі  болмаса,  істің  ілгері 
баспайтынын мəлімдеген.
Орталық  Азиядағы «Internews Network»  өкілдігінің  Қазақстандағы  аймақтық  директоры  Олег 
Кациев қазіргі қалыптасып отырған саяси ахуал жағдайында қоғамдық хабар таратуды құрудың 
болашағына шүбəлі көзқарас танытады:
«Қазіргі  таңда  Қазақстанда  қоғамдық  БАҚ-тың  дамуы  мүмкін  емес,  өйткені  үкімет 
оған  мүдделілік  танытпай  отыр.  Осыдан 8-10 жыл  бұрын  осы  тақырып  бойынша 
бірнеше пікірталас өткен. Бір кездері оппозицияның кейбір көшбасшылары  бұл мəселеге 
мүдделілік  білдірген,  бірақ  олардың  айтқандары  естілмеген  күйінде  қалды.  Олардың 
ойынша,  алғашқы  кезеңде    ең  болмағанда  бір  қоғамдық  БАҚ  құру  маңызды  еді,  бірақ 
үкімет бұны талқылауға дайын болмады».
63
Бірқатар  сарапшылардың  пікірінше,  үкіметтің  саяси  ерік-жігерінің  жоқтығы – Қазақстанда 
қоғамдық хабар таратуды құру жолындағы басты кедергі.
Көрермендер  арасында    кең  танылуға  жетпегеніне  қарамастан,  мемлекеттік  БАҚ  телехабар 
таратуда  елеулі  үлес  алып  отыр.  Қазақстанда  тоғыз  республикалық  мемлекеттік  телеарна  бар, 
олардың  біреуі – шетелде  де  хабар  тарататын  жерсеріктік  телеарна.  Аймақтарда  мемлекеттік 
республикалық «Қазақстан» арнасының негізгі бағдарламаларына өздерінің аймақтық хабарларын 
61  ЕҚЫҰ,  БАҚ  бостандығы  мəселелері  жөніндегі  өкілінің  бюросы.  «Орталық  Азиядағы  қоғамдық  хабар  таратудың  болашағы 
жəне хабар таратудың цифрлық форматына көшу» мағлұмдамасы, Алматы, 2008 жылғы қазанның 16-17-сі.
62  ЮНЕСКО, «Азияда  тəуелсіз  жəне  плюралистік  ақпарат  құралдарын  дамытуға  атсалысу  туралы»  Бас  Конференция 1995 ж. 
28-сессияда  қабылдаған  Алматы  мағлұмдамасы,  Алматы  қ., http://www.unesco.kz//_fi les/38_alma-ata%20declaration%20ru.pdf 
(қолжетімді күн: 2012 жылғы желтоқсанның 29-ы).
63  Орталық  Азия  бойынша «Internews Network»  өкілдігінің  аймақтық  директоры  Олег  Кациевпен    сұхбат.  Алматы, 2011 жылғы 
шілденің 20-сы.


Ц И Ф Р Л Ы Қ   М Е Д И А Л А Р   К А Р Т А С Ы         Қ А З А Қ С Т А Н
4 0
аздап қосып тарататын (əдетте, күніне 1-2 сағаттан) 14 филиалы жұмыс істейді.  Сарапшылардың 
пікірі бойынша, мемлекеттік телеарналар, жалпы, қоғамның мүдделерін емес, меншік иелерінің, 
бұл  жағдайда – үкіметтің, – тар  мүдделерін  білдіретіндер  деп  қабылданады  (2.2.1-тармақты 
қараңыз).
Жекеменшік  те,  мемлекеттік  те  БАҚ-тар  құрамына    баспа  жəне  электрондық  БАҚ-тар  кіретін 
медиа холдингтерге біріктірілген.  Мемлекеттік медиа-конгломераттар төмендегі телеарналарды 
бақылауда ұстайды:
64
  Құрамына: «Хабар», Еларна» жəне «24.kz», «CaspioNet» (2012 жылдың қыркүйегінде атауын 
«Kazakh TV» деп өзгерткен) телеарналары жəне «Hit FM» радиостанциясы кіретін «Хабар» 
агенттігі. «Хабар»  арнасын  қабылдау  мүмкіндігіне  Қазақстан  халқының 98,3 проценті  ие 
болып отыр, «Еларна» арнасының тұтынушылар ауқымы – 85,7 процент. «Хабар» 2008 жылы 
мемлекет меншігіне өткенге дейін компанияның жеке тұлғалар иемденіп келген  50 процент 
үлесін мемлекет 100 млн. АҚШ долларына сатып алған-ды.
65
 Бұрынғы иелерінің аты-жөндері 
ешқашан  халыққа  жария  етілмегенмен, «Freedom House» ақпараты  бойынша  бұл  үлестер, 
«жалпы пікір бойынша», Дариға Назарбаева мен оның бұрынғы күйеуі Рахат Əлиевке тиесілі 
болған.
66
  Құрамына: «Қазақстан»  ұлттық  телеарнасы, «Мəдениет» (мəдениетке  арналған  хабарлар 
беретін), «Балапан» атты балалар телеарнасы жəне «Білім» ғылыми-көпшілік арнасы, сондай-
ақ «Қазақ радиосы», «Шалқар», «Астана»  радиостанциялары  кіретін «Қазақстан» теле-радио 
корпорациясы. «Қазақстан» телеарнасының əлеуетті көрермендер ауқымы ел халқының 87,5 
процентін құрайды.
67
 2011 жылдың қыркүйегінен бері қарай «Қазақстан» телеарнасы қазақ 
тілінде ғана хабар таратады.
«Нұр-Медиа» деп аталатын медиа-холдинг акцияларының 51 проценті – мемлекетке, ал 49 проценті 
«Нұр Отан» партиясына тиесілі. «Нұр Отан» партиясының бастамасымен құрылған холдингтің 
құрамына «Астана» телеарнасы, екі радиостанция («Радио NS» пен «Іскер толқын») жəне жалпы 
тиражы 440 мың көшірмесімен сегіз газет: «Страна и мир», «Дала мен қала», «Айқын», «Литер», 
«Нұр Астана», «Известия-Казахстан», «Түркістан», «Қазақстан теміржолы», сонымен қатар басқа 
журналдар мен веб-сайттар кіреді.
64  Қазақстанда БАҚ иелерінің аты-жөндерін ашық айтуды міндеттейтін заң нормалары жоқ.
65  М.Баюхамедова «Қазақстан мемлекеті БАҚ-қа бақылауды күшейтті», Соғыс пен бейбітшілікті зерттеу институты, 2008 жылғы 
сəуірдің 4-і, http://www.isn.ethz.ch/isn/Current-Affairs/Security-Watch-Archive/Detail/?lng=en&ots627=fce62fe0 528d-4884-9cdf-
283c282cf0b2&ots736=4888caa0-b3db-1461-98b9-e20e7b9c13d4&id=52059 (қолжетімді  күн: 2011 жылғы  қазан);  «Бүгін    аса  ірі 
ақпараттық мегахолдингке  15 жыл толып отыр», Zakon.kz, http://www.zakon.kz/187812-segodnja-krupnejjshemu-informacionnomu.
html (қолжетімді күн: 2011 жылғы қазанның 5-і).
66 B. Dave, Ұлттар  транзитте:  Қазақстан, Freedom House,  2007 ж.  337-бет. http://www.unhcr.org/refworld/pdfi d/4756ad587.pdf 
(қолжетімді күн: 2011 жылғы қазанның 8-і).
67 «Қазақстан»  теле-радио  корпорациясы, «Компания  туралы», http://www.kaztrk.kz/rus/corporation/o-korporacyi/ (қолжетімді  күн: 
2011 жылғы қазанның 5-і).


жүктеу 169,95 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   54




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау