Ц И Ф Р Л Ы Қ М Е Д И А Л А Р К А Р Т А С Ы Қ А З А Қ С Т А Н
5 4
(мысалы, Президент Əкімшілігінің басшысы Кəрім Мəсімов, парламент депутаты Мұрат Əбенов),
қоғамдық қайраткерлердің (тележурналист Ержан Сүлейменов), шоу-бизнес жұлдыздарының
(тележүргізуші жəне əнші Динара Сəтжан) аккаунттары, сондай-ақ үкіметтік мекемелер мен
сауда-саттық ұйымдарының аккаунттары бар.
Twitter-дегі соңғы үрдістердің бірі – саясаткерлерді немесе мемлекеттік органдарды келемеждейтін
жалған аккаунттардың пайда болуы. Олардың арасында Мəсімов мырзаның, президент
Назарбаевтың жəне басқаларының жалған аккаунттары бар.
103
Tengrinews-тің хабарламасы
бойынша, Қазақстан Республикасы Ішкі Істер министрлігінің Жол полициясы комитеті Twitter-
дегі өзінің жалған аккаунтын жабуға жəне жоюға қол жеткізген.
104
Шетелдік əлеуметтік желілердің Казнет пайдаланушыларының арасында кең танылып, таралғаны
айқын байқалады, сонымен қатар қазақстандық онлайн-платформаларды пайдаланушылар
ауқымы да артып келеді. Қазақстандық əлеуметтік желілердің арасында бүгінгі күні көш бастап
отырған – ол Kiwi.kz. бейнехостингі. Екінші бір танымал платформа – Yvision.kz – əлеуметтік желі
блогингі қызметтерін біріктіреді. 2011 жылдың алғашқы үш айында ғана пайдаланушыларының
саны 26 процент артып, оның 100-ден төмен тұрған орыннан Alexa.com тізіміндегі алдыңғы
20-ның тобынан орын тебуіне мүмкіндік туғызды.
105
2011 жылы сайт 21 000 тіркелген бірегей
пайдаланушысы бар, ал оның 18000-19000-ы белсенді пайдаланушылар екені туралы хабарлады.
106
2012 жылы Yvision.kz Alexa.com рейтингінде 46-орынға төмендеп кетті, бəлкім, бұл сайттың
коммерциялық контентпен толығып кетуінен туған шығар.
Тізімдегі басқа екі – əлеуметтік желі On.kz жəне əлеуметтік «Мой нур» (Moi Nur) желісі
бар ақпараттық интернет-портал Nur.kz барлық орыстілді жəне қазақтілді контенті бар
пайдаланушылық аккаунттарға ықпалдастырылған. Рейтингтерде жоғарғы орындар иелене
қоймаған басқа да қазақтілді платформалар: Abai.kz интернет-басылымы жəне жаңа əлеуметтік
желі – Kerekinfo.kz пайда болды.
3.1.3. Əлеуметтік желілер арқылы жаңалықтар тарату
Хабарлар тұтыну үшін əлеуметтік желілерді пайдалану немесе дербес байланыстарды пайдалану
арасындағы арақатынастар туралы айқын статистика жоқ. Алайда сарапшылар жаңалықтармен
алмасу жəне оларды талқылау үшін əлеуметтік желілер мен блогтарды пайдалану үрдісінің артып
келе жатқанын көрсетіп отыр. Бұл арақатынас шамамен 70 процентке тиісінше 30 процентті
103 И.Глушенко, «Қазақстандық Твиттердің жалғандықтары». htpp://yvision.kz/post/129041 (қолжетімді күн: 2012 жылғы
қазанның 31-і).
104 Л.Буран, «Жол полициясы комитеті Twitter-дегі @zholpolice аккаунтын жауып тастауға қол жеткізді»,Tengrinews.kz, 2011
жылғы қарашаның 7-сі, http://tengrinews.kz/kazakhstan_news/komitet-dorojnoy-politsii-kazakhstana-dobilsya-blokirovki-akkaunta-
zholpolice-203286/ (қолжетімді күн: 2012 жылғы қазанның 31-і).
105 Alexa.com, http://www.alexa.com/siteinfo/yvision.kz, (қолжетімді күн: 2011 жылғы наурыздың 31-і).
106 Yvision.kz
негізін салушы Самсон Безмятежныймен электрондық пошта арқылы сұхбат, 2012 жылғы қаңтардың 13-і.
5 5
« А Ш Ы Қ Қ О Ғ А М » Қ О Р Ы Н Ы Ң Е С Е П Т Е М Е С І 2 0 1 3
құрайды.
107
Қазақстанда танымал басқа шетелдік əлеуметтік желілерден өзге, Yvision.kz өзекті
оқиғаларды талқылауға арналған жетекші қазақстандық платформа болып табылады.
Сонымен қатар қазақстандық жаңалықтар БАҚ-тарының əлеуметтік желілерді пайдалануының
артып отырғаны – айқын факт. Кейде бұл əлеуметтік желілердің сілтемелерін бас бетке
орналастырумен шектеледі. «InterNews Kazakhstan-ның» блогтардағы постылар топтамасы
түрінде жарияланған ресми емес зерттеуінің деректері бойынша, көптеген журналистер мен БАҚ-
тар əлеуметтік желілерді ақпарат алмасу жəне тарату немесе кəсіби онлайн-қоғамдастықтарда
əріптестер арасындағы нетуоркинг* үшін пайдаланады.
108
Жергілікті басылымдардың тілшілері əлеуметтік желілер мен блогтарды жаңалықтардың көзі
ретінде пайдаланады. Сөйтіп, енді БАҚ-тар материалдарын блогерлерден бұрын жариялауға
ұмтылады. Журналистердің блогтардағы белсенділігі айтарлықтай артты: басылымдар
өздерінің баспа нұсқаларында блогтардан алынған материалдар мен түсіндірмелерді ықыласпен
пайдаланатын болды. Зерттеуде жергілікті блогерлердің журналистерден үйренетіні, олардың
жаңалықтар материалдарын дайындау шеберліктерін арттырып отырғаны айтылады.
Tengrinews, Guljan.org, жəне Ktk.kz жəне басқа да жетекші сайттар əлеуметтік желілерді өздерінің
жаңалықтар контентін алға ілгерілету үшін пайдаланады. Алайда бұл барлық БАҚ-тарға тəн емес,
өйткені баспа басылымдарының барлығында интернет-нұсқалар жоқ.
Билік органдарын сынағаны үшін орынсыз шабуылдарға тап болып жататын «Голос республики»
газеті, «Взгляд» апталығы жəне «Stan.TV» онлайн-телеарнасы секілді жаңалықтар БАҚ-
тары, керісінше, интернет пен əлеуметтік желілерді белсенді түрде пайдаланады. «Stan.tv»
телеарнасының бейнематериалдары орналастырылған «Республика» порталы бір жыл бойы
жабылып қалуы себепті қазақстандық интернет пайдаланушыларға қолжетімді болмады. Газет
өзінің материалдарын əлеуметтік желілерде, оның ішінде Facebook пен Livejournal-да жəне
Twitter-де жариялап жүрді. Жоғарыда аталған БАҚ-тың үшеуіне де соттың шешімімен 2012 жылғы
желтоқсанда таратылуға тыйым салынды. Соған қарамастан, «Голос республики» газеті əлі күнге
дейін əлеуметтік желілерде жəне өзінің шетелде тіркелген веб-сайтында кеңінен таралып отыр.
3.2. Онлайн-белсенділік
3.2.1. Онлайн-платформалар азаматтық белсенділікті таныту құралы ретінде
Дау жоқ, интернеттің назарды əлеуметтік-саяси мəселелерге аударту жəне мемлекеттің əлеуметтік
саясатына ықпал ету құралы ретінде пайдаланылатынын көрсететін мысалдар бар. Азаматтық
107 «ТВ-обмен» жобасының менеджері Ольга Каплинамен сұхбат, InterNews Kazakhstan, 2011 жылғы қаңтардың 14-і.
*
Нетуоркинг – достар мен таныстардың көмегімен өмірдегі күрделі міндеттерді жылдам жəне тиімді шешуге бағытталған
əлеуметтік жəне кəсіби қызмет. – Аудармашының түсіндірмесі.
108 InterNews Kazakhstan, «Қазақстандық интернет-БАҚ-тар əлеуметтік желілерде», 2009 жылғы желтоқсанның 14-і, htpp/www.in-
ternews.kz/newsitem/14-12-2009/9945 (қолжетімді күн: 2012 жылғы қарашаның 1-і).
Достарыңызбен бөлісу: |