Ц И Ф Р Л Ы Қ М Е Д И А Л А Р К А Р Т А С Ы Қ А З А Қ С Т А Н
2 8
мемлекеттік басылымдар тираждарды көтеруді əдетке айналдырған. Іс жүзінде бұл жетістіктерге
оқырмандарды мəжбүрлеп жаздыру есебінен қол жеткізілген, ал ол басылымдардың нақты
тиражы мүлдем азғантай».
52
«TNS Central Asia» маркетингтік зерттеу компаниясының деректері бойынша, күн сайын шығатын
ең танымал басылым жарнамалық «Из рук в руки» болып саналады. Басқа күн сайынғы жетекші
басылымдардың қатарында: тираждары соңғы үш жылда көп өзгермеген екі республикалық
газетті (орыс тілінде шығатын «Казахстанская правда» жəне «қазақ тілінде шығатын «Егемен
Қазақстан»), «Вечерний Алматы» жəне «Нұр Отан» билеуші партиясының меншігіндегі
муниципалдық мемлекеттік «Известия-Казахстан» газеттерін атай аламыз. «Время» таблоидін
жəне сын бағытындағы қазақ тілінде шығатын «Жас Алаш» газетін қоса алғанда,
алдыңғы
10-дыққа кіретін бірнеше қоғамдық-саяси газет, сонымен қатар спорт,
ойын-сауық мазмұнындағы
газеттер бар. Ең кең тараған газеттердің 80 проценті – орыс тілінде, 20 проценті қазақ тілінде
жарық көреді.
Тираждардың санына қатысты біршама мағлұмат беру үшін, жарнамалық хабарландырулардың
күн сайынғы газеті «Из рук в руки» газетін мысалға келтірейік. Соңғы үш жылда оның рейтингі 5,79
процент пен 10,07 процент арлығында өзгеріп отырды (5-кестені қараңыз). Оның республикалық
тиражы 60 мың данаға жетті. Салыстыру үшін айтсақ, осы жылдарда, сол рейтингте 3,12
проценттен 6,34 процентке дейінгі аралықтағы көрсеткіштерге жетіп, екінші немесе үшінші
орын иеленген мемлекеттік «Казахстанская правда» газетінің тиражы 100 мың дана болған.
Тираждардың жарияланып отырған деректері «Из рук в руки» газетіне қарағанда, «Казахстанская
правданың» анағұрлым танымал екендігін көрсетеді, бірақ рейтингтер кері жағдайды дəлелдейді.
5-кесте
Күн сайын шығатын басылымдардың
алдыңғы 10-дығының рейтингі (%-пен), 2009-2011 жж.
2009
2010
2011
Атауы,
басылым тілі
Сипаты
Рей-
тинг
Атауы,
басылым
тілі
Сипаты
Рей-
тинг
Атауы,
басылым
тілі
Сипаты
Рей-
тинг
«Из рук в руки»
(орысша)
Хабарлан-
дырулар
6,41
«Из рук в
руки»
(орысша)
Хабарлан-
дырулар
5,79
«Из рук в
руки»
(орысша)
Хабарлан-
дырулар
10,07
«Казахстанская
правда»
(орысша)
Мемле-
кеттік
басылым
5,45
«Время»
(орысша)
Жаңалық
таблоиді
2,94
«Казах-
станская
правда»
(орысша)
Мемле-
кеттік
басылым
6,34
«Комсомольская
правда»
(орысша)
Ойын-сауық
басылымы,
таблоид
4,11
«Казах-
станская
правда»
(орысша)
Мемле-
кеттік
басылым
3,12
«Время»
(орысша)
Жаңалық
таблоиді
3,52
52 Бұл да сонда.