Country report цифрлық медиалар картасы


 1 « А Ш Ы Қ   Қ О Ғ А М »   Қ О Р Ы Н Ы Ң   Е С Е П Т Е М Е С І           2 0 1 3



жүктеу 169,95 Kb.
Pdf просмотр
бет18/54
Дата13.02.2018
өлшемі169,95 Kb.
#9467
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   54

4 1
« А Ш Ы Қ   Қ О Ғ А М »   Қ О Р Ы Н Ы Ң   Е С Е П Т Е М Е С І           2 0 1 3
«Нұр Отан» партиясы – БАҚ иеленуші жалғыз саяси партия. Қоғамдық-саяси «Сайгез» ток-шоуына 
берген сұхбатында ел президентінің бұрынғы кеңесшісі Ермұхамет Ертісбаев соңғы парламенттік 
сайлау кезінде «Нұр Отан» партиясының бəсекеде артықшылығы болғанын мойындаған-ды: 
«Мен  президент  партиясының  ақпарат  өрісінде  жеткілікті  үлкен  басымдығы  болған 
фактісін  теріске  шығармаймын. [Сайлауалды  науқан]  басталғанда-ақ  «Нұр  Отан» 
партиясы мен басқа саяси партиялар арасындағы алшақтық өте үлкен болған. Айтпақшы, 
«Нұр  Отан» – елде  өз  медиа-холдингі  бар  жалғыз  партия:  оның  (медиа-холдингтің) 
құрамына телеарналар да, газеттер  мен журналдар да, интернет-сайттар да кіреді. 
Тең  мүмкіндіктер  тұрғысынан  алғанда,  барлықтарын  теңдей  жағдайларға  қалай  қою 
мүмкін екенін көз алдыма елестете алмаймын».
68
Коммерциялық  арналарға  қарағанда, «Қазақстан»  жəне  «Хабар»  мемлекеттік  арналары 
телекөрермендер  арасында  кеңінен  танылмай  отыр. 2010 жылдың  қаңтарынан  желтоқсанына 
дейін мемлекеттік «Қазақстан» телеарнасын қарайтындар ауқымының үлесі телекөрермендердің 
5 проценті ғана болған. Салыстыру үшін айтсақ, көш бастаушы коммерциялық, ішінара мемлекетке 
жататын «Бірінші арна «Еуразия» 30 проценттен артық көрермендерге ие. Жекеменшік телеарналар 
да жеткілікті дəрежеде жақсы шептер алып отыр: «КТК» мен «31-арна» көрермендері 15 процентке 
жуық ауқымды алып отырса, «НТК арнасы – 9 процентке, «Жетінші арна» 5 процентке ие.
2013  жылдың  басында,  білетініміздей,  теле-радио  хабарларын  тарату  нарығында  активтердің 
елеулі үлестерін иеленіп отырған Парламент Мəжілісінің депутаты Дариға Назарбаева ақпарат 
саясатын жүргізуге мемлекеттік тапсырыстың бөлінуіне қатысты үкіметтің атына сын айтқан-ды. 
Оның сөзі бойынша, 2012 жылы мемлекеттік бюджеттің қаражатынан БАҚ-тарға 25 миллиардтан 
астам  теңге  (шамамен 167 миллион  АҚШ  доллары)  бөлінген. «Нақты  жағдай  мемлекеттік, 
əсіресе электрондық БАҚ-тардың қазақстандық көрермендер арасында кең танылмай, таралмай 
отырғанын көрсетеді», – деді Назарбаева ханым.
69
2012 жылдың 18 қаңтарында қабылданған Қазақстан Республикасының № 545-IV «Теле-радио 
хабарларын  тарату  туралы»  Заңы  (ары  қарай – Теле-радиохабарларын  тарату  туралы»  Заң») 
2012 жылдың наурызында күшіне енді (егжей-тегжейлірек 7-тараудан оқи аласыздар).
70
 Аталған 
заң қоғамдық хабар таратуды дамытудың қосымша себебі бола алатын еді. Жұмыс топтарының 
мүшелерінің басында тұрған үкіметтік емес ұйымдардың (ҮЕҰ) жетекші құқық қорғаушылары бұл
 
68 «Елдің саяси өміріндегі БАҚ-тардың рөлі», 2012 жылғы сəуірдің 8-і, «Сайгез» ток-шоуы, http://www.youtube/com/watch?v=q_fChr-
oQGQ (қолжетімді күн: 2012 жылғы 28 желтоқсан).
69  А.Төлекбаева, «Қазақстандық  мемлекеттік  БАҚ-тарды  басқару  тəжірибесі  қайта  қарауды  қажет  етеді», – деп  санайды  депутат 
Назарбаева, Kaztag.kz, 2013 жылғы ақпанның 4-і, http://www.zonaks.net/articles/62596  (қолжетімді күн: 2013 жылғы ақпанның  5-і).
70  Қазақстан Республикасының 2012 жылғы қаңтардың 18-інде шыққан «Теле-радио хабарларын тарату туралы» № 545-IV Заңы, 
http://online/zakone/kz/Document/doc_id=31114820 (қолжетімді күн: 2012 жылғы маусымның 12-сі).


Ц И Ф Р Л Ы Қ   М Е Д И А Л А Р   К А Р Т А С Ы         Қ А З А Қ С Т А Н
4 2
мəселені əлденеше рет көтергенмен, үкімет бұны ерекше назарға алмастан қалдырды. Бұл Заңда 
қоғамдық  БАҚ-қа  арналған  баптар  жоқ.  Заңнамаға  тиісті  өзгертулер  енгізілмесе,  қалыптасқан 
жағдай сапалы түрде өзгермейді.
Ашық дереккөздерде жетекші телеарналарды бағдарламалармен толықтыруға қатысты қандай да 
бір ақпарат жоқ. Мемлекеттік екі: «Хабар» жəне «Қазақстан» арналарының тарататын хабарлары 
кестесіне жасалған талдау жаңалықтар контенті эфир уақытының 30 процентке жуығын алатынын 
көрсетті, дегенмен «Қазақстан» арнасының бұл үлесі біршама аз (6-диаграмманы қараңыз). 
6-диаграмма 
Жаңалықтар бағдарламаларының күнделікті хабар таратудағы үлесі 
(телебағдарламалардың жалпы санының %-тік көрсеткіші)
Дереккөз:  
Зерттеу  авторлары  есептеулерді  «Время»  газетінде  жарияланған  телебағдарламалардың  негізінде
 
жасаған.
Жаңалықтардың таратылуын жүйелі түрде бақылау деректерінің болмауы осы саладағы маңызды 
беталыстарды  қадағалап  отыруға  мүмкіндік  бермейді.  Олег  Кациев  мырзаның  пікірі  бойынша,  
соңғы бес-алты жыл ішінде жаңалықтар хабарларын тарату көлемі іс жүзінде бұрынғы деңгейінде  
қалып отыр, өйткені жаңалықтар өндірісі көп шығынды қажет етеді.
71
2.1.2. Цифрлау жəне жаңа мүмкіндіктер
Қазақстанда жерүсті хабар таратудың  цифрлық тəсілі əлі дамудың төменгі сатысында тұрғандықтан 
(цифрлық хабар таратуға көшу мерзімдері туралы 7.1.1-тармақтан егжей-тегжейлі біле аласыз), 
жұртшылыққа  əлі  қандай  да  бір  жаңа  қызметтер  ұсыныла  қойған  жоқ  (мысалы,  хабарлардың 
бағдарламалары, субтитрлер жəне т.б.). Дегенмен жуықта төрт жаңа телеарна хабарларын тарата 
бастады.  Сол  кездегі  байланыс  жəне  ақпарат  министрі  Асқар  Жұмағалиевтің  сөзі  бойынша, 
балаларға  арналған,  қазақ  тіліндегі  «Балапан»  арнасы  «жас  жеткіншектердің  бойында  жоғары 
адамгершілік құндылықтарды жəне туған еліне сүйіспеншілік рухын тəрбиелеуге бағытталған» 
хабарларын  таратуды 2010 жылдың  қыркүйегінде  бастады.
72
  Мəдениетке  жəне  білім  беруге 
71  Орталық  Азия  бойынша «Internews Network»  өкілдігінің  аймақтық  директоры  Олег  Кациевпен    сұхбат.  Алматы, 2011 жылғы 
шілденің 20-сы.
72  Казинформ, «Балаларға  арналған  алғашқы  «Балапан»  телеарнасы    біржылдығын  тойлайды», 2011 жылғы  қыркүйектің 26-сы,   
http://www.inform.kz/eng/article/2407810  (қолжетімді күн: 2012 жылғы қаңтардың 29-ы).


жүктеу 169,95 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   54




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау