Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Филологические науки», №4(62) 2017 г.
62
Қазір ұсалған күдіктіден тергеу орындары жауап алуда
(Алматы ақшамы).
Айқындық модалдылығын білдіретін аналитикалық форманттар:
-п, -іп, -ып отыр, жүр, жатыр,
тұр: Сіркіреп жауын жауып тұр
(Б.Мұха);
Есік түрулі тұр. Үй ортасында, үлкен қазанда ірімшік
қайнап жатыр
(М.Әуезов).
Айқын емістік модальдылығын білдіретін аналитикалық форманттар: -
ған(дай)‚ -ген(дей) бол:
Қашан жанары тұлдыр мұнардан басқа ештеңе ажырата алмай адасып қалғанда барып‚
құлағымның түбінен осындай бір талықсы үн шыққандай болды
(Ә.Кекілбаев).
-са‚ -се керек (еді):
Бұл ауылда біздің үй бір қыс болған деседі. Ол жылы мен төрт-бес жаста
болсам керек
(С.Мұқанов).
-ған‚ -ген тәрізді (сияқты‚ секілді‚ білем‚ шығар‚ болар‚ көрінеді)
:
Бұл енді Жексен қыстауы
емес‚ осы мына ауылдың мекені болғанға ұқсайды
(М.Әуезов).
-мақ‚ -мек көрінеді (керек):
Жоқ‚ онша ұқсас болмасқа керек
(Ғ.Мүсірепов);
Мезгілсіз жүрген
жігіт өз жүрісін өз аулынан жасырмақ көрінеді
(М.Әуезов).
-у
мүмкін (кәдік‚ тиісті‚ лазым‚ рас‚ ықтимал):
Бұлар шын ауқым қылса‚ мектептің салынып
қалуы да мүмкін
(Б.Майлин).
-атын‚ -йтын‚ -йтін сияқты (секілді‚ сияқтанушы еді‚ көрінеді
,
бар):
Қаза тапқан жанның үйіне
қара хабарды бұл елдің әдеті бойынша қала мэрінің өзі жеткізіп‚ өзі көңіл айтатын көрінеді
(Х.Есенжанов).
Синтаксистік құрылымдар: сөйленімде
қыстырма сөздер
ретінде қолданылатын модаль сөздер де
айқындықты/айқын еместік мағынаны білдірудің арнайы құралы болып табылады:
Мүмкін‚ тіпті
бастамаспыз да
(Ғ.Мүсірепов);
Зады‚ сізге түсіндіріп жатудың да қажеті болмас
(Ғ.Сланов);
Кім
біледі‚ елге қарай жол түскелі тұрған шығар
(Ә.Кекілбаев).
Анығында, Бөжейдің осы бір тобықты
емес, тіпті бір өңір, бұл атырапқа талайдан болмаған ас делінді
(М.Әуезов).
Сөйлеуші өзінің немесе әңгімелесуші сөзінің ақиқаттығына күмәні болғанда
қайдам
лексемасы да
қолданылады:
– Өзін [мұғалімдіктен] шығарып тастауға болмас па екен?. – Қайдам... Тұрған
аулынан арыз түсіп бірдеме болмаса
(Б.Майлин).
Айқындық мағына атаулы сөйлемдер арқылы білдіріледі:
Түн. Жатақхана. Ағаш төсегінің
үстінде Пушкиннің «Алтын балық туралы ертегісін» бір оқып шығып, түсінбеген сөздерін жеке
қағазға алып Сұлтанмахмұт отыр. Басқа шәкірттер шырт ұйқыда
(Д.Әбілев).
Айқындық/айқын еместік модальдылығы алдағы тақырыптарда арнайы қарастырылатын
анықтық/танықтық категориясымен де тығыз байланысты. Бұл категорияны қазақ тілінде кейде
белгілілік/белгісіздік деп те атайды.
Қалаулық модальдығы. Қалаулық модальдығының өзегі (ядросы) грамматикалық қалау рай
тұлғасы болып табылады. Өйткені қалау рай тұлғасы осы грамматикалық мағынаны білдіретін
әмбебап абстракты мағынаға айналған, сол себепті райдың парадигмалық қатарынан орын алған.
-ғы‚ -гі кел
тұлғасы:
– Мынау енді үш күннен кейін жүрейік деп еді, мен ертерек барып қаланы
көргім келді
(Ғ.Мүсірепов);
Достарыңызбен бөлісу: