Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Филология ғылымдары» сериясы №4(62) 2017 ж.
59
О.С. Ахманованың лингвистикалық сөздігінде (1966) модальдылыққа мынадай анықтама берілген:
“Модалдылық дегеніміз, біріншіден, сөйлеушінің өзі хабарлап отырған
айтылым мазмұнына деген
көзқарасын; екіншіден, сол айтылым мазмұнының ақиқат болмысқа қатынасын (хабарланып отырған
оқиғаның, істің т.б. жүзеге асуын) көрсететін ұғымдық категория. Ол рай формалары, модаль сөздер,
интонация т.б. формалар түріндегі әр алуан грамматикалық және лексикалық құралдар арқылы
жеткізіледі. Модальдылық мынадай түрлерде көрініс табады: сөйлем модальдылығы, болжалдық
модальдылығы, айтылым мазмұнының шамалап жеткізілуі, етістік арқылы берілетін модальдылық,
ирреалды модальдылық, айтылым
мазмұнының шындықтан тыс, іске аспайтындығын білдіретін
модальдылық, теріске шығару арқылы білдірілетін модальдылық, мазмұны болмысқа, ақиқат
шындыққа қайшы келетін айтылым” [1, 238].
«Модальдылық – сөйлем мазмұнындағы объективтік байланыстарды (объективтік модальдылық)
және сөйлеуші көзқарасы тұрғысынан осы сөйлемнің мазмұнының айқындылық дәрежесін
(субъективтік модальдылық) білдіретін тілдік категория» [2, 267].
О.С. Москальская мен Ю.С. Степанов сияқты ғалымдар модальдылық
категориясының бойынан
тек сөйлеушінің коммуникативтік құрылымын анықтап қоймай, оның коммуникативтік акт барысын-
дағы әртүрлі элементтеріне деген бағалауыш сипатын білдіретінін айқындады. Мәселен, адресант пен
адресат, қарым-қатынас актісінің орны мен өту уақыты, сондықтан да модальдылық пен прагматика
арасындағы тығыз байланысты қатынасты зерттеу – прагмалингвистика үшін өте маңызды.
Қазіргі тіл білімінде модальдылықты зерттеуде бірнеше бағыт қалыптасқан. Олар – формалдық-
грамматикалық (В.В. Виноградов, В.З. Панфилов), функционалды-семантикалық (Ю.Д. Апресян),
мәтін түзуші (В.В. Калимов) және коммуникативтік-прагматикалық (И.П. Распопов) бағыттар. Соңғы
бағыт бойынша модальдылық сөйлеу мақсаты мен коммуникативтік перспективамен қатар сөйлем
құрылымына енгізілетін коммуникативтік категория ретінде қарастырылады.
Модальдылық мәселесі туралы анық та нақты тұжырымдама академик В.В. Виноградовтың
еңбегінде байқалады. Оның мына тезисі зерттеушілер арасында кеңінен танымал деуге болады:
“Әрбір сөйлем өз бойына мәнді конструктивті (құрылымдық) белгі ретінде модальды мағынаны, яғни
ақиқатқа деген қатынасты білдіретін мазмұнды жинақтайды. Белгілі бір формадағы айтылымды
білдірудегі кез келген тиянақты ой, сезім немесе ойды жеткізу талабы (ішкі ізденіс) сөйлемнің
интонациялық жүйесінде немесе жинақтала келіп модальдылық категориясын танытатын
синтаксистік мағыналар жиынтығы арқылы көрініс табады [3, 55-56].
Тіл білімінде модальдылықтың субъективті және объективті түрлері қарастырылады. Объективтік
модальдылық ретінде айтылымның ақиқатқа тікелей қатыстылығы, яғни ойда, сөйлемде танылған
болмыстың уақытқа қатыстылығы немесе мүмкін болуы, міндетті түрде болуы, болуын қалау немесе
болуын міндетті түрде талап ету сипаты анықталады. Объективті
модальдылық онтологиялық
қатыстылық сәйкестік критерий ретінде танылады.
Субъективті модальдылық дегеніміз – автордың айтылған ой мазмұнындағы заттар мен
құбылыстарға деген өзіндік көзқарасы. Мәтін құрылымында субъективті модальдылық әртүрлі
иллокутивті актідегі – өтініш, болжау, сұрау, талап ету, бұйыру т.б. авторлық және иллокутивтік
мазмұндық ой, сөйленім түрінде көрініс табады.
А.М. Пешковский модальдылық категориясын сөйлеушінің субъективті көзқарасын білдіретін
категория деп анықтаса [4, 88 ], М.М. Молчанова субъективтік модальдылықты айқындауда бағалау
категориясының өте маңызды екендігін атап айтады [5, 127].
Қазақ тіл білімінде модальдылық категориясы Е.Жанпейсов [6], А.Н. Нұрмұханова [7], О.Төлегенов
[8], Қ.Мамаділов [9], С.Құлманов [10] сияқты зерттеушілердің еңбектерінде арнайы зерттелді.
«Модальдылық категориясының статусын ғалымдар төмендегіше таниды: 1) синтаксистік; 2) лек-
сика-грамматикалық; 3) грамматикалық; 4) семантика-грамматикалық; 5) ұғымдық; 6) семантикалық;
7) логика-грамматикалық; 8)
функционалды-семантикалық; 9) коммуникативті-семантикалық;
10) коммуникативті-синтаксистік; 11) коммуникативті-грамматикалық; 12) мәтін түзуші категория;
13) ойлау (сознание) категориясы; 14) сөйлемнің бірнеше
категорияларының жиынтығы; 15) деңгей
аралық; 16) прагматикалық» [2].
Модальдылық категориясының табиғатын толық ашуға тілдік категорияларды сипаттауда
семантикалық принципке негізделетін және олардың берілу құралдарының әр деңгейлілігін
көрсететін функционалды-семантикалық әдіс арқылы қол жеткізуге болады.
Модальдылық категориясы функционалды-семантикалық өріс ретінде қарастырылғанда оның