ерекшелігі көмектес септігі
болып табылады [9, 92].
Сөйтіп, түркі тілдерінде септік жалғауларын
грамматикалық
және
көлемдік
септіктер деп екіге
бөлуге болатын негіз: олардың білдіретін мағынасы, атқаратын қызметі, шығу, даму тарихымен бірге
септік тұлғаларының сөздерді бір-бірімен байланыстырып, сөз тіркесінің типін құрау мәнінің
ерекшелігінен де көрінеді. Э.В. Севортян түркі тілдерінде септіктерді бұлай г
рамматикалық
және
көлемдік
септіктерге бөлуді бір жағынан шартты санайды, сондықтан бұлай бөлуден бас тартуға да
болады деп есептейді. Бұл екі топқа бөлінетін септік жалғаулары кейде
барыс-бағыттық
болып
сәйкес келсе де, сонымен қатар әрі грамматикалық әрі көлемдік септік қатарында жүрсе де, өзіндік
ерекшеліктері бары байқалады. Бұл оларды грамматикалық және көлемдік септік деп екіге бөлудің
ғылыми негізі барын білдіреді деп тұжырымдайды [10, 45].
Грамматикалық
септіктерге
атау, ілік, табыс
септіктері жатқызылады.
Көлемдік
септіктерге:
барыс, жатыс, шығыс
септіктері жатқызылады. Егер грамматикалық
септіктер тек заттық мағынамен байланысты болып бір ғана қызмет атқарса, көлемдік септіктер екі
түрлі мәнде: заттық және адвербиалдық мәнде, екі түрлі қызмет атқарады; бірде зат есімнің
грамматикалық көрсеткіші болып, жанама объектіні білдірсе, бірде өзі жалғанған сөзге бағыттық,
мекендік, мезгілдік мағына қосып, пысықтауыш қызметін атқарып
үстеуге
де айналдырады, осындай
қызмет оларды
көлемдік
септіктер деп бөліп атауға негіз болады. С.Исаев септіктерді бұлайша бөлу
кейбір түркологтардың еңбектерінде орын алғанымен, қазақ тілі морфологиясы бойынша зерт-
теулерде жалғасын таппағандығын көрсетеді [9, 95-97].
Э.В. Севортян септік жүйесіндегі бұл ерекшеліктермен қатар, көне түркі, көне ұйғыр, көне және
жаңа өзбек ұйғыр тілдерінде
көлемдік
септік тұлғаларының есімдік сөз табында
грамматикалық
септік тұлғаларының үстіне жалғанатынын көрсете келе, осы аталған тілдер үшін
грамматикалық
септік тұлғаларының қалыптасуы – алғашқы, ал
көлемдік
септіктердің одан кейінгі құбылыс екендігін
айтады [10, 50.].
Бұны қазақ тіліндегі өзіндік үлкен ерекшелігі бар көмектес септігінің қалыптасу жолы арқылы
түсінуге болады. Басқа түркі тілдерінде көмектес септігінің мағынасы көбіне септеулік шылау
арқылы беріледі. Қазақ тіліндегі көмектес септік тұлғасы:
Достарыңызбен бөлісу: |