а
, добы+
на,
добы
+н
т.б.) себебі тарихи-
семантикалық тұрғыдан түсіндіріліп келеді. Септік жалғауларының тіл иесі үшін үйлесімді, әуезді
болуының себебі оның қазақ тілінің табиғаты бойынша емлеге түсірілгені екендігін тіл жанашыры
А.Байтұрсынұлының мұраларын қайта-қайта зерделеп қарағанда, көз жеткізуге боатыны айқын.
А.Байтұрсынұлының септік жалғауларына қатысты айтқаны да осы қазақ тілінің табиғатына сай
емлеге үйлестіру болатын. «Қазақтың тілі өзгерген тіл деп айтуға жол жоқ болса, емлесін де қисық
деп айтуға жол жоқ: қазақта тілінің табиғатына хилаф келетін емле жоқ» деп, сөзге
барыс
және
жатыс, шығыс
септіктерінің жалғану ерекшелігі туралы төмендегіше тұжырымдайды:
біріншіден,
«... ... я болмаса «малдай», «малда» деп жазған соң, «малыдай», «малыда» деп жазсақ
болмай ма деген сықылды... Сөздің ұшығы бірде дауысты дыбысқа тіркеледі, бірінде дауыссыз
дыбысқа тіркеледі. Дауысты, дауыссыз дыбыстың ауанына қарай сөздің ұшығы да өзгереді. Қазақ бұл
екі орнын да айырады. Тілдің табиғатынан қарағанда, қазақтың солай істеуі дұрыс: «мал» – «малдай»
дегенде
«н»
жоқ; «малды» – «малындай» дегенде неге
«н»
қосылады? Әрине, «малы» деген сөздің
аяғы дауысты дыбыс болғандықтан қосылып тұр. «Малы» дегеннен шыққан ұшықтарды «мал»
дегеннен шыққан ұшықтармен бірдей істеу керек десек, тіл табиғатына дұрыс келе ме? Сондай-ақ
«бала», «ана», «ата», «мал», «нан», «ат» деген сөздердің бәріне де «-лар» бірдей болу керек деген
емес. Қазақта жазу-сызу болмаған соң, жалғыз-ақ табиғаттың законына ерген, сондықтан тілі
азбаған» дей келе, көптік жалғауының -
лар/-дар
нұсқаларының қолданысын салыстырады: «малдар»
мен «маллар». «Малдар» дегенде тілде кідіріс жоқ, тек жеңіл өте шығады, «маллар» дегенде, «тертеге
оралған шыбыртқыдай тілімізді қайтып алуымыз қиын», өйткені қос дауыссыз тіл таңдайдың алдына
тіреліп, ауыз қуысын бітеп тастайды. «Қамаудағы дыбыс пен ашықтағы дыбыс екеуі бірдей
болмайды. Ашықтағы дыбыс ашық, көркем шығады,қамаудағы дыбыс ажарсыз шығады» [5, 91-94], –
деп, тіл әуезділігі дыбыстың артикуляциясы мен акустикасында екеніне назар аудартады;
екіншіден,
қазақ тілінің табиғаты бойынша тәуелді септеудің үшінші жағына барыс және шығыс
септіктерінің жалғануы туралы дәлелдерінде А.Байтұрсынұлы: «Табиғатына қарамай, жолға түсіру
керек болса: «атасына» демей, «атасыға» деп жазу керек, «атасынан» демей, «атасындан» деп жазу
керек. «Атасыға» деп жазған таталарды көрмеген соң біз де «атасынан» деп жазып жүрміз. ...
Татарлар неге «атасыға», «атасыдан», «атасыдай» деп жазбай, «атасына», «атасындан», «атасындай»
деп жазады? Атасыға-атасыдан-атасыдай деп жазса, түсінбес пе? Әрине, түсінеді, бірақ солай
жазбайды. Олай жазса, татарша болмайды. Қазақ та солай:-ның,-ны,-лар,-лық,-лы орынсыз жерде
келсе, ол сөз қазақша болмайды; жөнге тілдің өзі табиғаты тартуынша әрқайсысын өз орнына қойған»
[5, 94-95], – деп, тәуелді септеудегі барыс септігінің қалай жалғануы керектігін көрсеткен.
1)
атасы-атасыға-атасы+
Достарыңызбен бөлісу: |