Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Филологические науки», №4(62) 2017 г.
26
Халық өзінің өткен дәуіріндегі наным-сенімін, түйсік-түсінігін, ой-қиялын, тыныс-тіршілігін, өмірін,
дүниетанымын, сана-сезімін аз сөзбен тұрақты тіркестер арқылы білдіруі қызығушылық туындатады.
Қазіргі тұрақты тіркестердің еркін тіркес түріндегі бастапқы мотивтері салт-дәстүр, әдет-ғұрып,
наным-сенім, өнермен бірге көмескіленіп кеткен. Солардың мағыналарын тіл білімінің
этнолингвистика саласы арқылы ұлттық мәдени негіздерге, салт-дәстүрлерге, әдет-ғұрыптарға сүйене
отырып, тұрақты тіркес болып қалыптасуын ашып көрсету біздің басты мақсатымыз болмақ.
Халық ұрпақтан-ұрпаққа қоғамдық және әлеуметтік тәжірибесін, рухани байлығын аға ұрпақ
өзінен кейінгілерге мұра ретінде қалдырып отырады, сонысымен қоғамның материалдық және рухани
мәдениетін жасайды. Осылайша сабақтастық жалғасып жаңа буын адамзат баласының басынан
өткерген тарихынан ең таңдаулыларды өз бойына сіңіреді және ең озық үлгілерін дамыта беруге,
қоғамның рухани құндылығының сан тіршілігін жаңа жағдайда байыта түсуге мүмкіндіктер туады
[5]. Өз халқының әдет-салтын, мінез байлықтарын, салт-дәстүрлерін дәріптеуде, эстетикалық
талғамын арттыруда және психологиясын байытуда зерттеу нәтижелерінің әсері мен әлеуметтік
маңызы айрықша [6].
Қалай дегенде де қазақ тіліндегі этномәдени бірліктерді лингвистикалық тұрғыдан зерттеудің,
әдеби тілдің қалыптасу тарихы, тіл тарихы – тарихи фонетика, тарихи грамматика, тарихи синтаксис,
тарихи лексикология салаларының қалыптасуын және дамуын анықтаудың тіл біліміндегі
этнолингвистика саласы үшін де маңызы зор екені аян [7].
Біздің мақаламызда қазақ халқының әралуан салт-дәстүр, әдет-ғұрып, тыныс-тіршілігі,
дүниетаным-көзқарасына қатысты әралуан халық ауыз әдебиеті жанрлары мен көркем әдеби
шығармалардағы этномәдени бірліктер кең ауқымда қарыстырылып, өз бағасын алатын сияқты [8].
Қазақ халқындағы әралуан әдет-ғұрыптар, қыз баланы тұрмысқа беруге, ұл баланы үйлендіруге
қатысты салттар, қыз айттыру, құда түсу, ұрын бару, атастыру сияқты әралуан салттарға қатысты
халық ауыз әдебиетіндегі қалыптасқан сөз үлгілері, қаламгерлер шығармашылығындағы көркем
әдеби туындылардағы осы салт-дәстүр көріністерінің сипатталу, суреттелу жайы қарастырылған [9].
Солар арқылы және қазіргі этнолингвистикадағы соңғы теориялық, әдістемелік жетістіктерді пайда-
лана отырып, этнолингвистикалық сабақтастық мәселелерінің тілдік қатпарлары анықталған [10].
Мақаламыздың ғылыми нәтижелері салалық, мәселен қазақ тілінің тарихы, тарихи
лексикологиясы мәселелерімен тығыз байланыста қаралған [11]. Зерттеу жұмысы сол талаптардың
толық орындалуына және осындай жұмыстарға қойылатын қазіргі заман сұраныстары мен
талаптарының ескерілуіне байланысты тиянақты түрде, саналы деңгейде орындалды [12].
Қазақ халқының тарихи даму ерекшеліктерін өз бойында сақтап отырған осындай сөз
маржандарын құрылымдық, танымдық жағынан терең зерттеу қазақ дүниетанымындағы, мәдениеті
мен болмысындағы, рухани әлеміндегі, тіліндегі түрлі өзгерістердің табиғатын зерделеу, тарихи даму
жолымен байланыста қарастыру барысында жасалған түйіндеулер мен тың тұжырымдарға
жетелейтін қорытынды ойлар жинақталған деп ойлаймыз.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1
Назарбаев Н.Ә. Тарих толқынында. – Алматы: «Атамұра», 1999. – 58 б.
2 Өмірзақ Т., Сансызбай Ә. Қазақ тілі. 3 деңгей. – Астана: «Келешек-Пресс», 2006. – 224 б.
3 Манкеева Ж.А. Қазақ тіліндегі этномәдени атаулардың танымдық негіздері. – Алматы: “Жібек жолы”
баспа үйі, 2008. – 356 б.
4 Верещагин Е.М., Костомаров В.Г. Язык и культура: Лингвострановедения в преподавании русского языка
как иностранного. – М.: Русский язык, 2000. – 262 с.
5 Керимбаев Е.А. Этнокультурные основы номинации и функционирования казахских собственных имен:
автореф. дисс. докт. филол. наук: 10.02.06. – Алматы, 2002. – 61 с.
6 Кайдаров А.Т., Керимбаев Е.А. Этнолингвистические аспекты казахской ономастики//Известия АН
КазССР. Серия филологическая, 2002, №3. – Б.67-71.
7 Мәдиева Г.Б., Иманбердиева С.Қ. Ономастика: зерттеу мәселелері. – Алматы, 2005. – 240 б.
8 Жанузаков Т. Очерк казахской ономастики. – Алма-Ата: Наука, 2002. – 176 с.
10 Әлімбек Г. Сөз мағынасы және ақпарат. Оқу құралы. – Алматы: Атлас баспасы, 2001, 2006. – 168 б.
9 Исанова А. Қазақ тілі. Оқу құралы. – Алматы: «Қазақ университеті», 2009. – 221 б.
10. Скала К. Социальная компетенция. Ключевые квалификации// WWW.uni-protokolle.de/Forum/25, 2003 (на
нем.яз.) 20.09.2017.
11 Hutmacher Walo. Key competencies for Europe // Reportof the Symposium Berne, Switzerland 27-30 March,
1996.Council for Cultural Co-operation (CDCC) a Secondary Education for Europe. Strasburg, 1997.
12 Бисенбаева М.К. Этномәдени деректер – антропоөзекті бағыт арнасында // Абай ат. ҚазҰПУ
Хабаршысы «Филология ғылымдары» сериясы. – 2016. – №2 (56). – Б.38-42.
Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Филология ғылымдары» сериясы №4(62) 2017 ж.
27
Г.А. Абдикеримова
1
, Н.Ш. Базарбекова
2
, И.А. Есболаева
3
1,2,3
Южно-Казахстанский государственный университет им. М.Ауэзова,
г. Шымкент, Казахстан
Достарыңызбен бөлісу: |