Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Филологические науки», №4(62) 2017 г.
228
кепілі; ұлттық тілге тән белгілер; қазақ тілінің әлеуметтік мүмкіндіктері; жалпыхалықтық тілдің ең
жоғарғы формасы – әдеби тіл; әдеби тілдің қайнар көздері; әдеби тілдің қалыптасуы мен дамуындағы
сөз зергерлерінің рөлі; қоғам дамуындағы тілдің қызметі, тіл мен қоғам дамуының өзара әсері; қазақ
тілінің мемлекеттік мәртебесін бекітетін құжаттар; мемлекеттік тілдің қызмет етуінің алғышарттары,
сыртқы және ішкі факторлар; мемлекеттік тілдің қоғамдық қызметі; мемлекеттік тілдің өз қызметін
толық атқаруының шарттары; тіл мәдениетін арттырудың мәні [198] туралы лингвистикалық-
танымдық білім қоры кеңейеді. «Әдеби тілдің стильдік тармақтары және олардың айырым белгілері
мен нормалары» деп аталатын үшінші бөлімде «қазақ әдеби тілінің белгілері; әдеби тілдің стильдік
тармақтары; кітаби тілдің ерекшеліктері, ауызша және жазбаша түрлері; кітаби тіл мен сөйлеу тілінің
ортақ белгілері» жайындағы білім жаңа сөздерді меңгертудің лингвистикалық маңызды алғышарты
ретінде аса маңызды. Бөлім бойынша жаңа сөздердің қамтылуына тоқталар болсақ, ресми ісқағаздар
стиліне қатысты атаулар кездеседі. Кітаби тілдің ауызша және жазбаша нормаларымен байланысты
ұсынылған 76-тапсырмадағы сөздер қатары жаңа сөздер болып табылады. Тапсырма бойынша «емле
ережелерін пайдалана отырып, берілген сөздердің неге бірге жазылатынын түсіндіру» керек [3].
Ұсынылған сөздер:
өнержай, мұражай, ілеспехат, отбасы, өнертану, абайтану, қоғамтану,
мүйізтұмсық, мұзойнақ, микроаудан, Елбасы
. Дұрыс жазылу ережесін сақтай отырып, оқушылар
сөздің мағынасына назар аударады. Бұл олардың жаңа атауларға деген қызығушылығын тудырады.
«Әдеби тіл нормалары» (8 сағат) деп аталатын төртінші бөлімдегі тілдік жүйе, тілдік норма, дағды,
босаң норма, қатаң норма ұғымдарына арналған тақырыпшалар оқушылардың норма туралы білімге
қол жеткізуге мүмкіндік береді. Одан кейінгі «Тілдік норма және жаңа қолданыстар» тақырыбы
оқушылардың жаңа сөздердің нормалануы мен қалыптануына қатысты нақты анықтама береді.
Неологизмдердің орнына жаңа қолданыстар деген термин қолданылған; жаңа сөздердің нормалану
үдерісіне сипаттама берілген. Алайда дәлелдеу үшін алынған тілдік фактілердің тілдің қазіргі
сипатымен сәйкес келмейтіндігі байқалады, атап айтқанда нормадан ауытқу мәселелері талданған;
жаңа қолданыстар ретінде ұсынылған тілдік фактілер (
оқырман, көрермен, ғарыш, ғарышкер, ғарыш
айлағы
) өткен ғасырдың жетпісінші жылдарындағы тіл практикасындағы жаңа сөз болып табылады,
1988 жылғы орфографиялық сөздікке енгізілгендіктен, мысалы,
оқырман, көрермен
сөздері қазіргі
кезеңде неологизмдер болып саналмайды. Оқушыға меңгерту үшін кейінгі өзекті жаңа сөздер тілдік
факті ретінде көрсетілу керек еді деп есептейміз; жаңа қолданыстарды түсіндіруде бұл оқулықта
негізінен окказионал сөздерге мән берген (
төбелесермен, атарман, аларман, ішермен
деген сөздер
талданған); сондай-ақ тілдік норма мен жаңа сөздердің байланысын түсіндіруде негізгі ұғым-
категория ретінде «нормалану» және «қалыптану» туралы ақпарат берілмеген, жас кезеңіндегі
оқушылардың қабылдауы мен танымдық деңгейінің ерекшеліктерін ескерсек, бұл ұғымдар
тақырыптың мәнін ашады. Қазіргі тілімізде «қазақыландыру» үрдісінің жүріп жатқандығы, жаңа
сөздердің пайда болуының терминқормен байланысы туралы ақпарат тыс қалған. Жаңа сөздерді
меңгертуге бағытталған 6 тапсырма берілген: 100-тапсырма бойынша
оқушы
мен
оқырман
атауының
мағыналық айырмашылықтарын көрсету керек. Мұндағы жаңа сөз ретінде алынған тілдік фактілер
туралы жоғарыда айттық. Ал 101-тапсырмада қамтылған жаңа сөздердің көлемі біршама көбірек:
ғарыш, ғарышкер, ғарыш айлағы, құжат, төлқұжат, елтаңба, әнұран, ғаламдастыру, оралман,
Достарыңызбен бөлісу: |