Bulletin «Филология ғылымдары» сериясы


ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУ БАРЫСЫНДАҒЫ КЕШЕНДІ ҚАДАМДАР



жүктеу 6,12 Mb.
Pdf просмотр
бет263/361
Дата05.11.2022
өлшемі6,12 Mb.
#38524
1   ...   259   260   261   262   263   264   265   266   ...   361
file20200121044531 (1)

 
ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУ БАРЫСЫНДАҒЫ КЕШЕНДІ ҚАДАМДАР 
 
Аңдатпа
 
Тіл арқылы студенттер білім негіздерінен хабардар бола алады, қарым-қатынасқа түседі, коммуникативтік 
құзіреттілігі артады. Кез-келген оқыту технологиясы іс-әрекеттің, оқыту үдерісінің белсенділігін арттырып, 
жеке тұлғаның жетілуіне, дамуына бағытталады. Жоғары оқу орындарында білім алушылардың тілдік 
құзыреттілігін дамыту тәсілдері жетілдіріліп келеді. Егер мәтін арқылы тілдік тұлғалардың байланысы 
оқытылып, тілдік қатынастардың барлық түрі үйретілсе, өздік жұмыстар арқылы білім алушы өзінің 
шығармашылдық келбетін дамытады. Сөйлесім, оқылым, жазылым, тыңдалым әрекеттері арқылы жұмыс 
түрлерін түрлендіріп отыру оқытушының біліктілігін талап етеді.
Қазақ тілін қатысымдық әдіс бойынша оқытуда дұрыс ұйымдастырылған кешенді жұмыс түрлері студент-
тердің ауызекі сөйлеу тілін дамытуға, ой-өрісі мен дүниетанымын жетілдіруге, алған теориялық білімдерін іс 
жүзінде пайдалана білуге қызығушылығын арттырады. Сөйлесім әрекеттері де, жазылым әрекеттері де тыңда-
лым әрекеттерінің негізінде қалыптасады. Ал тыңдалым әрекеті оқылым әрекетімен тікелей байланысты. Тіл 


Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Филология ғылымдары» сериясы №4(62) 2017 ж. 
235
үйренуші күнделікті өмірде түрлі ақпаратты тыңдау арқылы алады. Ақпаратты оқылым арқылы қабылдайды. 
Алған ақпараттарын басқаға жеткізу арқылы сөйлеу әрекетін және жазылым әрекетін қалыптастырады. 
 
Түйін сөздер: 
қатысымдық әдіс, кешенді қадам, дағды, вербалдық қарым-қатынас, оқу-танымдық әрекет, 
қатысымдық ойындар, интегративті бөлік, тілдік құрылымдар 
 
Қазақ тілінің мемлекеттік мәртебесіне байланысты оның қоғамдық-әлеуметтік қызметі мен қолда-
нылу аясы өрістей бермек. Қазақстан Республикасының қай ғылым саласында болсын мемлекеттік 
тілге деген сұранысы күн сайын күшейіп келеді. Тілді білу тек қарым-қатынас құралын меңгеру ғана 
емес, ол ең алдымен, өзі өмір сүріп отырған мемлекетке деген, оның өзіндік заңнамалары мен талап-
тарына деген құрмет болып та саналады. Оны барынша еркін меңгеруге өзге тілді болашақ маман-
дардың да мүдделілілігінің арта түсуі заңды. Мұндай мәселенің туындауы үздіксіз білім берудің 
барлық сатысындағы мемлекеттік тілді оқытудың сапасын арттырудың жолдарын қарастыруды қажет 
етуде. Сондықтан да соңғы жылдары бұл бағыттағы ізденістер ауқымы да кеңейе түсуде. 
Жоғары оқу орындарында қазақ тілін жалпы білім беру пәні ретінде қатысымдық әдіс бойынша 
оқытуда кешенді қадамдардың: сөйлесім, оқылым, жазылым, тыңдалымдардың алар орны ерекше. 
Себебі, қатысымдық әдіс – сөйлеуге оқытудың құралы, ал сөйлеу – қарым-қатынас құралы. 
Сөйлеу барысында адамның мінезі мен тілдік қоры байқалады. Сондықтан тіл үйренушінің ең 
бірінші, сол сөйлейтін тілінде біршама сөздік қоры болуы керек. Сонымен қатар, тіл үйренушінің 
сөйлеу мәдениетіне де ерекше мән берген дұрыс. 
Әдеби тілдің ауызша түрлеріне тән нормаларын игеру, тілдік амал-тәсілдерді айтылатын ойдың 
мақсатына сай орнымен қолдана білу, сөйлеуде мәдениеттілік, әдептілік танытуды сөйлеу мәдениеті 
дейді. Сөз мәдениетіең алдымен мінез-құлық мәдениетіне әсер етеді. Осы орайда ғалым 
Ф.Оразбаеваның «Сөз мәдениеті орыс. Культура речи – әдеби тілдің ауызша түрлеріне тән 
нормаларын игеру, тілдік амал-тәсілдерді айтылытын ойдың мақсатына сай орнымен қолдана білі, 
сөйлеуде мәдениеттілік, әдептілік таныту» деген пікірін еске алу орынды болар еді [1, 377]. 
Қазақ тілін орыс бөлімдерінде окытудың басты мақсаты 

білімді, білікті, айтар ойы мен дәлелін 
дұрыс әрі шебер жеткізе білетін, мемлекеттік тілді меңгерген, мәдениетті жастарды даярлау. «Орыс 
тіліндегі мектептерде қазақ тілін оқыту әдістемесі» атты оқулықтарында Н.Оралбаева мен 
К.Жақсылықова «Қазақ тілін ұлт мектептерінде оқытудың негізгі мақсаты – тілді үйрету, яғни 
оқушыларға қазақша дұрыс сөйлеу, сауатты жазу дағдысын қалыптастыру, грамматикалық формалар 
мен сөйлем құрылысын меңгерту» деп атап көрсеткен [2, 53]. 
Сөйлеу үшін студент тілдік көрсеткіштер мен сөйлесімде жұмсалатын қатысымдық тұлғалардың 
тіркесу заңдылықтарын білуі, тілдік құралдарды қолданудың амал-тәсілдерін меңгеруі қажет.
Білім алушыларға қазақ тілінің байлығын, оның өзіндік көркемдігі мен ерекшеліктерін, сөз 
өрнегін, көпшілік арасында, қоғамдық ортада айтайын деген ойын, айқын жеткізе білу тәсілдерін 
үйрету қазіргі заман талабы болып отыр. Студенттер қарым-қатынасты ауызша немесе жазбаша түрде 
жүзеге асырады. Ауызша қарым-қатынаста сөйлеуші сөйлеу әрекеттерінің түрі ретінде сөйлесім мен 
тыңдалымды меңгеруі керек. Ал жазбаша қарым-қатынаста жазылым мен оқылымды меңгеріп
жүзеге асыруы тиіс. Сөйлесім әрекеттері барысында тыңдалым, оқылым, жазылым, айтылым 
әрекеттері қоса қалыптасады. Жалпы тіл үйренуде оқу-танымдық әрекеттер қалыптасады да, оның 
барысында тіл үйренуші тілді үйренеді, сол тіл арқылы басқалармен қарым-қатынас жасайды. Тілдік 
әрекеттердің нәтижесі ретінде диалогтар, әңгіме, мәтіндер, ауызша, жазбаша сөйлесім тапсырмалары 
жүзеге асады. Сөйлесім әрекеттеріне дағды мен шеберліктер арқылы қол жеткізуге болады. Сол 
себепті де студенттердің қазақ тілін меңгеруін сөйлесім, оқылым, тыңдалым, жазылым әрекеттерінсіз 
қалыптастыру мүмкін емес.
Сөйлесім – адамдардың ұжымдық тобына тән басты құбылыс. Себебі сөйлесім болу үшін бірнеше 
адамның пікір алысуы қажет. Ол тек бір адамға қатысты болмай, екі адамға не адамдар тобына 
байланысты болады да, әлеуеттік сипат алады. Ал осының сыртында сөйлесім – ойдың сыртқа 
шыққан көрінісі [3, 90]. Сөйлесімнің мақсаты – ауызша түрде өз ойын жеткізу. Сөйлесім барысында 
тіл үйренуші дыбыстарды таза, қатесіз айтуға жаттығады, жаңа сөздердің мағынасын түсініп, өз 
сөзінде қолдана білуге және грамматикалық ережелерді орынды қолдана білуге дағдыланады.
Сөйлесімнің түрлері суреттеу, әңгімелеу, пікір айту, дәлелдеу, анықтау, түсіндіру, шешім іздеу 
және шешім қабылдау, пікір таластыру сияқты бірнеше түрге бөлінеді. Студенттер осыларды меңгеру 
арқылы сөйлеу шеберлігінің деңгейін көрсетеді. Сонымен қоса, студенттердің сөйлеу деңгейінің 
көтерілуіне қатысымдық ойындардың, жобалар жасау мен презентациялардың әсер етер орны да 
ерекше. Өйткені студент өзіне берілген тапсырмаларды орындау үшін көп ізденеді және өзі 


Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Филологические науки», №4(62) 2017 г. 
236
дайындаған жұмыстарды қорғап шығу үшін бар ынтасын салады. Қазақ тілі сабақтарындағы сөйлесім 
әрекеттерін іске асыру барысында сөздер мен сөз тіркестерімен танысу, ойтүрткі сұрақтарға жауап 
беру арқылы студенттер өз ойын айтуға, түсіндіруге тырысады да, сөйлеуге жаттығады.
Сөйлесім әрекеті монолог және диалог деп те бөлінеді. 
Біз сабақ барысында сөйлесімнің көбіне диалог түрін көп қолданамыз. Өйткені тіл үйренушілердің 
бір-бірімен пікір алысуы, сұрақ-жауап арқылы тілдесуіқызықты болады. 
Диалог – екі немесе бірнеше адамның өзара тіл қатысуы, пікір алысуы [1, 114]. Диалогтің 
ерекшелігі: көбінде ауызекі тілге негізделеді, айтылатын ой-пікір қысқа болады. Сонымен қатар 
сөйлесімнің монолог түрін де пайдаланып, тіл үйренушінің тілін дамытуға болатыны белгілі жайт.

жүктеу 6,12 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   259   260   261   262   263   264   265   266   ...   361




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау