Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Филология ғылымдары» сериясы №4(62) 2017 ж.
227
қарым-қатынас құралы бола отырып, үздіксіз қозғалыста болады. Қоғамның дамуы лексикалық
инновациялардың пайда болуына және тілдің өзгеруіне әкелетін қоғамдық қатынастар мен
өзгерістерді анықтайтын сан мыңдаған лексикалық бірліктерден көрініс табады. Бұл үдеріс – тек
қазақ тілінде ғана емес, сонымен қатар барлық тілдерде орын алатын құбылыс. Тіл дамуының
заманауи сатысы лексикадағы өзгерістер жылдамдығының қарқындылығымен сипатталады.
Орта білім беру жүйесінде қазақ тілін оқытудың әдіснамасы мен әдістемесі лексикология (тілдік
бірлік ретіндегі лексикалық жүйені зерттейді) және лексикография (сөздіктер түзудің барлық
аспектілерін қарастырады) салаларының теориясы мен практикасына тікелей байланысты.
Лексикологияның барлық ұғымдары мектеп бағдарламаларында былайша сипатталады:
а) ұғымның анықтамасы; ә) қызметі; б) сөздіктегі көрінісі.
Осындай байланыста қазақ тілі пәні бойынша лексикалық негізгі бірлік – сөз туралы мағлұмат
беріледі; бұл мағлұматта лексикалық мағына, сөз атайтын ұғым мен түсініктің ерекшелігі, полисемия
және бір мағыналылық, тура және ауыспалы мағына, сөз мағыналарының өзара байланысы,
лексикадағы жүйелі қатынастар – синоним, антоним және омоним, көнерген сөздер мен
неологизмдер, лексиканың толығу көздері туралы мағлұмат және басқа мәліметтер беріледі.
Зерттеуді жүзеге асыру барысында қазақ мектептеріне арналған «Қазақ тілі» оқулықтарының
материалдарына толық талдау жасалды. Соның нәтижесінде нақты фактілер анықталды.
Мәселен, 10-сыныпқа арналған «Қазақ тілі: сөз мәдениеті» оқулығы (авт.: Н.Уәли, Ө.Қыдырбаев)
«сөз мәдениетін жеке адам мәдениетінің аса мәнді құрамдас бөлігі» ретінде жан-жақты әрі біртұтас-
тықта меңгертуге бағытталған білім мазмұнын қамтиды. «10-11-сыныптарда оқытылатын сөз мәде-
ниеті және шешендік тілдің жоғарыда айтылған қызметтерін тереңдеп оқытуға бағытталған. Мұнда
адамдардың өзара түсінісуі белгілі бір жағдаяттарда, нақтылы тіл бірліктерінің қызмет етуі нәти-
жесінде толыққанды ақпараттар жүйесі арқылы жүзеге асатынын, адамның тіл байлығы және жан-
дүниесі, мінез-құлқы сөйлеу барысында, тілдік қарым-қатынас үстінде көрінетіндігі зерделенеді» [2].
Сонымен қатар пәннің типтік оқу бағдарламасында «пәнді оқытудың басты мақсаты – ұлттық және
әлемдік құндылықтарды салыстыра түйін жасай алатын, Қазақстан Республикасы халықтары мен
әлемдік қоғамдастықтың мәдениетін игерген, қоғамда қолдануын талап етілетін тілдердің коммуни-
кативтік құзыреттіліктерін игерген Тұлғаның даралануы мен әлеуметтенуіне мүмкіндік жасайтын
тілдің лексика-фразеологиялық, грамматика-стилистикалық, мәдени-этикалық және шешендік
нормаларын меңгерту, жоғары деңгейде күрделендірілген түрлі жанрдағы мәтінді салыстыру, талдау,
ойқорыту әрекеттерін жетілдіру, мәтін түрлеріне сай тілдік бірліктерді қолдана алу біліктілігін
арттыру» [198], – деп көрсетілген. «Тіл – жалпыадамзаттық құндылық» деп аталатын бірінші бөлімде
мыңдаған жылдық тарихы бар тіл адамзаттың ең бағалы құндылығы ретінде танытылып, «әрбір тіл –
бізді қоршаған ортаның, ақиқат өмірдің өзінше қайталамасы; әрбір халық өзінің тілі арқылы дүниені,
ақиқатты өзінше таниды; тілдік ұжым өзінің танып-білген нәрсесіне ғана ат қояды, оған деген сезім
күйін білдіреді; сондықтан ұлылы-кішілі тілдердің бәрінде өзді-өзіне тән логикалық, эстетикалық
танымның, жаңалықтың белгілері мен іздері жатады» деп көрсетіледі. Бұл ретте тілдің қарым-
қатынас үшін қажеттелігін ғана емес, оның ұлтқа тән рухани мәдениетті «жасаушы, сақтаушы және
сабақтастырушы қызметін» де ескерудің маңыздылығына назар аударылады. Әлемдегі «саламатты
тілдердің» ерекшелігі нақтыланып, қазақ тіліне де осы сипаттың тән екендігі дәйектелген. Бұл
оқушылардың өз ана тіліне деген мақтаныш сезімін арттыруға ықпал етеді. Негізгі тақырып аясында
ұсынылған А.Байтұрсынов пен Б.Момышұлының тіл туралы тұжырымдары (1, 2-тапсырмалар)
оқушылардың өз ұлтының тіліне деген жоғары деңгейдегі қатынасын қалыптастыруға септігін
тигізеді. «Қазақ тілі қандай тіл?» (10 сағат) деп аталатын екінші бөлімде «қазақ тілі – түпкі түрін
сақтаған байырғы тіл» ретінде, «қазақ тілі – жазба мәдениеті бар тіл» ретінде, қазақ тілі – кемел тіл»
ретінде, «қазақ тілі – қазақ халқының ұлттық тілі» ретінде, «қазақ тілі – Қазақстан Республикасының
мемлекеттік тілі» ретінде талданады. Осымен байланысты оқушылардың жаңа сөздерді меңгертуде
маңызды деп танылатын мынадай бағыт бойынша білімдері жетілдіріледі:
-
қазақ тілінің түркі тілдер жүйесіндегі орны туралы;
-
ескі қазақ жазба тілінің қалыптасуы мен оның қазақ қоғамы үшін маңызы;
-
ескі жазба тілдің әлеуметтік мәні жайында, жазу-сызуды демократияландырудағы
А.Байтұрсынұлының реформасы;
-
тұңғыш қазақ әліпбиі, тілдің заңдастырылған жазу нормалары туралы;
-
тіл кемелдігін айқындайтын межелер.
Сондай-ақ сөз байлығы – тіл дамуының басты белгісі; қазақ тілі – ұлт тұтастығын нығайтудың
|