Тексерілді: Калиниченко Л.С
Пәні: Сауат ашу
Күні: 07.12.2015
Мұғалім: Қайролла М.М
Сабақтың тақырыбы: Ч дыбысы мен әріпі
Сабақтың мақсаты: оқушыларға ч дыбысының сөйлеу тілінде айтылуын, ч дыбысы кездесетін сөздерді оқи алу, жаза білуін, сөздік қорларына жаңа дыбысты сөздерді енгізу.
Сабақтың түрі: жаңа материалды түсіндіру сабағы.
Сабақтың әдістері: дамыта оқыту технологиясының әдіс-тәсілдері.
Сабақтың көрнекілігі: слайд-шоу, дүкен көрмесі ( чупа-чупс кәмпиттері, чипсы, чак-чак тағамы, чебуреки тағамы, т.б.), чемпиондардың суреттері.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
А) Жұмысқа қажетті қалыпты сыртқы жағдайларды қамтамасыз ету;
Ә) Психологиялық дайындық.
Мейірімді жүрекпен,
Ақ пейілді тілекпен,
Амандасып алайық,
Бір жадырап қалайық!
Бесігінде бақыттың,
Ән – жырымен уақыттың,
Қанатындай арманның,
Шыршасындай орманның,
Өсіп келе жатырмын!
ІІ. Жаңа материалды игеруге дайындау.
Балалар, өткен сабақта біздер қандай дыбыспен танысып едік?
Э дыбысы.
Э дыбысы қандай дыбыс?
Э жіңішке дауысты дыбыс.
Э дыбысына байланысты қандай өлеңдер жаттадық?
Еңбек етсең өскенде,
Электрик боламыз.
Электрдің сырына,
Жарайсыңдар. Осы сөздердің ішінен электр сөзін тақтаға жазып, дыбыстық талдау жасайық.
Э – жіңішке дауысты дыбыс.
Л – үнді дауыссыз дыбыс.
Е – жіңішке дауысты дыбыс.
К – қатаң дауыссыз дыбыс.
Т – қатаң дауыссыз дыбыс.
Р – үнді дауыссыз дыбыс.
Жақсы, енді «Кім шапшаң?» ойынын ойнап жіберейік. Өтілген дыбыстарға байланысты сөздерді шапшаң оқып шығайық.
Шора, сазан, арша, Әсел, гүл, Қазақстан, Астана, Ақтөбе, футбол, цифр, борщ, экран, орман, инелік, Гауһар, фото.
Жарадыңдар, балалар. Балалар, бүгінгі біздің сабағымызда сендермен бірге сендердің сүйікті мультфильмдеріңнің кейіпкерлері болады. Олар сендерге әртүрлі тапсырмалар ұсынады.
ІІІ. Жаңа материалды түсіндіру.
Барлығымыз тақтаға назар аударайық. Суретте нені көріп тұрсыңдар?
- Чемодандар, сөмкелер.
Ия, балалар, қыздар дүкенге келіп, чемодан сатып алғалы жүр. ЧЕМОДАН сөзін барлығымыз бірге айтайық.
ЧЕ – МО – ДАН
Сөз қандай дыбыстан басталып тұр?
Ч дыбысы.
Балалар, ч дыбысы қатаң дауыссыз дыбыс. Ч дыбысы орыс тілінен енген сөздерде көптеп кездеседі. Сонымен, чемодан деген не? Оны қайда пайдаланады?
Чемоданға киімдерімізді саламыз. Алысқа жол жүруге жиналғанда мамаларымыз заттарды чемоданға салады.
Төменде берілген сөздерді қатыстырып, сөйлемдер құрайықшы, балалар:
Сара Сәуле дүкен сөмкелер чемодандар барды алды сатып көп
Сара мен Сәуле дүкенге барды. Дүкенде сөмкелер мен чемодандар көп. Қыздар өздеріне ұнаған чемоданды сатып алды.
Балалар, қазір біздер «Дүкенде» ойынын ойнаймыз. Мұнда қарай қойыңдаршы? Сендер не көріп отырсыңдар?
Чипсы, чупа-чупс, чак-чак, чебуреки, кетчуп «Чили», чеснок, чечел ірімшігі.
Мен дүкенші боламын, сендер сатып алушысыңдар. Менен өздеріңе ұнаған затты сатып алу үшін сұрақтарға жауап бересіңдер. Әрбір дұрыс жауапқа сатып алған заттың чегін беремін.
Сұрақтар:
Дыбыстар нешеге бөлінеді?
Жуан дауысты дыбыстарды ата.
Буын қандай дыбыс арқылы жасалады?
Сенің есімің қандай әріптен басталады?
А дыбысына сөз ойла.
Болашақта сен кім боласың?
Сергіту сәті.
Біз чемпион боламыз,
Бір, екі, үш, бір, екі, үш.
Торғай боп та ұшамыз,
Чик-чирик, чик-чирик.
Би билеп те аламыз,
Ча-ча-ча, ча-ча-ча.
Орнымызды табамыз,
Қолға қалам аламыз.
Дәптермен жұмыс.
Бас әріп элементтері: оңға және солға қарай иілген қармақша, оңға қарай иілген қармақша. Ч Ч
Кіші әріп элементтері: солдан оңға қарай бағытталған қармақша, оңға иілген қармақша. ч ч
Оқулықпен жұмыс.
Оқулықтағы суретке қарай қояйық. Суреттегі кімдер?
Екі бала. Далада қыс мезгілі. Балалар коньки теуіп жүр.
Дұрыс айтасыңдар. Өлеңнің тақырыбы қалай аталады?
«Болашақ чемпиондар».
Балалар, чемпиондар деген кімдер?
Үлкен чемпионаттарға қатысып, жеңімпаз болған адамды чемпион дейді.
Дұрыс-ақ. Балалар, суреттердегі мына адамдар жазда Лондон қаласында өткен олимпиададан чемпион атағын иемденген қазақстандық аға – апаларың. Сендер оларды танисыңдар ма? (Экранда Лондон – 2012 олимпиадасының чемпиондарының суреттері көрсетіледі.)
Танимыз. Лондон олимпиадасында алтын алған қазақстандық спортшылар: Ольга Рыпакова, Александр Винокуров, Серік Сәпиев, Зүльфия Чиншанло, Майя Манеза, Илья Ильин, Светлана Подобедова.
Мына өлеңдегі балалар да осы аға – апаларыңдай чемпион болғысы келеді ме екен, өлеңді оқиық.
IV. Сабаққа қорытынды жасау.
Сонымен, балалар, бүгін біз қандай дыбыспен таныстық?
Ч дыбысымен таныстық.
Ч дыбысына байланысты қандай сөздермен таныстық?
Чемодан, чемпион, чемпионат, чек, чех, чуваш.
Тексерілді: Калиниченко Л.С
Пәні: Сауат ашу
Күні: 08.12.2015
Мұғалім: Қайролла М.М
Сабақтың тақырыбы: ь белгісі ( жіңішкелік белгісі )
Сабақтың мақсаты: ь дыбысын таныту, меңгерту, ь дыбысы бар сөздерді буынға бөлдіріп үйрету, ь дыбысының жіңішкелік белгісі екенін меңгерту. ь дыбысы бар сөздерді буынға бөліп жаза алуға, сөз ішінде жіңішкелік белгіні дұрыс пайдалануға дағдыландыру. Оқушылардың логикалық ойлауын дамыту
Сабақтың түрі: жаңа
Әдісі: түсіндіру, жұмбақ жасыру, көрнекілік
Көрнекілігі: ь белгісі кездесетін заттар суреттері
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру
- Оқушылармен амандасу
- Сабаққа зейіндерін аудару
- Партада дұрыс отыруларына көңіл бөлу
II. Өткенді пысықтау
- Өткен сабақта қандай дыбыспен таныстық?
- Ч дыбысы сөздің қай жерінде кездеседі?
- Ч дыбысы бар қандай сөздерді білеміз?
III. Жаңа сабақ
Мақсаты: жаңа ь дыбысын таныстыру, оның орыс тілінен енген дыбыс екенін айтып өту
1) мағынаны тану
- ь – жіңішкелік белгісі деп аталады. Ол сөздің ортасында және соңында кездеседі. ь дыбысы бар сөз жіңішке айтылып айтылады. ь дыбысы орыс тілінен енген дыбыстардың бірі.
2) жұмбақ жасыру
- Темір аяқты,
Ағаш таяқты (циркуль)
3) ь дыбысы кездесетін сөздермен таныстыру
Мақсаты: ь дыбысы кездесетін сөздердің айтылу ерекшелігін меңгерту
- лагерь, рояль, альбом, циркуль, фильм, рельс, коньки, компьютер
- Сөздердің мағыналарын түсіндіру
Лагерь – балалардың демалыс орны
рояль – музыкалық аспап
альбом – сурет салатын арнайы дәптер, фото сақталатын арнайы жабдық
циркуль – өлшеуіш құрал
фильм – кино
рельс – пойыз жолы
коньки – сырғанақ жабдығы
компьютер – техника
- ь дыбысы ортада айтылып тұрған сөзді тапқызу
- ь дыбысы аяғында кездесетін сөздерді тапқызу
- осы сөздерді буынға бөлдіру
- 1 буынды сөзді тапқызу
- 2 буынды сөзді тапқызу
- 3 буынды сөзді тапқызу
4) Суретпен жұмыс
Мақсаты: сөздік қорларын байыту, ойлау кеңістіктерін кеңейту
Сурет бойынша әңгіме құрастыру: Лагерь суреті беріледі. Осы суретке байланысты мәтін құрату
- мәтінде неше сөйлем бар екенін анықтату
5) Оқулықпен жұмыс
Мақсаты: Өлең жаттату арқылы есте сақтау қабілеттерін дамыту
- «Лагерь жыры» өлеңін оқу
- Өлең не туралы екенін түсіндіру
- Өлеңді жаттату
Сергіту сәті
6) Дәптермен жұмыс
- ь әрпінің жазылу түрін көрсету
- Ауада жазу
- Тақтаға жазу
- ь әрпіне берілген сөздерді жаздыру
- диктант жаздыру
ь, лагерь, альбом, фильм, коньки, циркуль, компьютер. Балалар жазда лагерьге барды. Оқушылар лагерьде қызықты ойындар ойнады.
IV. Сабақты қорытындылау
- Біз бүгін қандай дыбыспен таныстық?
- Оның жазылу түрін кім көрсетеді?
- ь дыбысы сөздің қай жерінде кездеседі?
- Дидактикалық ойын: «Жоғалған буындар»
..... – бом, ла -....., ро -.....,..... – ки
Тексерілді: Калиниченко Л.С
Пәні: Сауат ашу
Күні: 09.12.2015
Мұғалім: Қайролла М.М
Сабақтың тақырыбы: ъ белгісі ( айырма белгісі )
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды ъ белгісімен таныстыру, оның дыбысталмайтынын түсіндіру, ъ белгісі бар сөздерді дұрыс оқуға және жазуға, есте сақтауға, дыбыстық талдау жасауға үйрету. Оқушылардың ойлау, есте сақтау, сауатты сөйлеу, мәнерлеп оқу қабілеттерін дамыту, сөздік қорларын молайту. Тазалыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ - жауап, талдау, «Ой қозғау», «Миға шабуыл» «Кім жылдам?»
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, сөздер және әріптер жазылған таратпалар.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру.
Амандасу
Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
Психологиялық дайындық
Мейірімді жүрекпен,
Ақ пейілді тілекпен,
Амандасып алайық,
Бір жадырап қалайық!
Бесігінде бақыттың,
Ән – жырымен уақыттың,
Қанатындай арманның,
Шыршасындай орманның,
Өсіп келе жатырмын!
ІІ Өткен әріпті еске түсіру:
1. ь белгісі бар сөздерді оқу:
Лагерь, альбом, фильм, рояль, циркуль, рельс,
2. «Лагерь жыры» өлеңді мәнерлеп оқу
3. Сұрақ - жауап алысу
ІІІ. Жаңа сабақ.
1. Кіріспе
- Балалар, біздің «Әріптер қаламызда» бір есік ашылмай қалыпты. Сол есікті ашу үшін тапсырмаларды орындауымыз керек. Егер тапсырмаларды дұрыс орындасақ, есік ашылып ең соңғы әріппен танысамыз.
а) Қалып қойған әріптерді тап:
лагер..., ал... бом, фил... м
ә) Сөздерге сөйлем құрастыру
2. Жаңа әріп ъ (айырма белгісі)- әріп, дыбысы жоқ. Біздер көреміз, жазамыз, бірақ дыбысталмайды.
а). Оның баспа және жазба түрін көрсету.
ә). Көрнекіліктер арқылы ъ белгісі бар сөздермен таныстыру
б). Сөздерді оқу ( разъезд, подъезд)
в). Сөздерге дыбыстық талдау жасау:
подъ - езд - 2 буыннан тұрады. 7 әріп, 6 дыбыс бар. 2 дауысты дыбыс - о, е, 4 дауыссыз - п, д, з, д дыбыс бар, ъ - айырма белгісі.
разъ - езд - 2 буыннан тұрады. 7 әріп, 6 дыбыс бар. 2 дауысты дыбыс - а, е, 4 дауыссыз - р, з, з, д дыбыс бар, ъ - айырма белгісі.
3. Сергіту сәті
Тербеледі ағаштар
Алдымынан жел ееседі
Кіп кішкентай ағашқа
Су құйғанда өседі.
ІҮ. Жаңа сабақты меңгерту.
1. Оқулықпен жұмыс:
а). ъ белгісі бар сөздерді оқу.
ә). «Біздің үй» мәтінін оқып беру, оқушыларға оқыту.
б). «Миға шабуыл» сұрақ - жауап алысу.
в). «Ой қозғау» Біздің үй қандай?
2. Дәптермен жұмыс:
а). Үлгі бойынша ъ белгінің әріп таңбасын жазу (ауада, дәптерге)
ә). Көшіріп жазу
Ү. Қорыту.
- Балалар бүгін біз қай әріппен таныстық?
- Қай мәтінді оқып үйрендік?
- Неше қабатты үйде тұрамыз?
Ойын «Кім жылдам?» Көрсетілген сөздерді кім жылдам оқыса жұлдызша беріледі. Көп жұлдызша жинаған оқушы үйдің төртінші қабатына жылдам шығады.( хабар, аю, кофе, вагон,...)
Тексерілді: Калиниченко Л.С
Пәні: Сауат ашу
Күні: 10.12.2015
Мұғалім: Қайролла М.М
Сабақтың тақырыбы: Қайталау. (Х һ В Ф Ё дыбыстары мен әріптерін қайталау)
Сабақтың мақсаты: Бұрынғы өткен сабақтан алған мәліметтерді тереңдету, ойда қалғандарды нақтылау, білімдегі олқылықтарды жою.
Сабақтың түрі: қайталау
Әдісі: сұрақ-жауап, коментарий, ойын технологиясы, т.б
Көрнекілігі: кеспе әріптер, сөздер, суреттер т.б
Сабақтың мазмұны:
І .Ұйымдастыру:
Амандасу
Оқушылардың сабаққа зейінін аудару.
Психологиялық дайындық
Мейірімді жүрекпен,
Ақ пейілді тілекпен,
Амандасып алайық,
Бір жадырап қалайық!
Бесігінде бақыттың,
Ән – жырымен уақыттың,
Қанатындай арманның,
Шыршасындай орманның,
Өсіп келе жатырмын!
ІІ. Өткен сабақты еске түсіріп, пысықтау.
Разъезд, подъезд, съезд сөздерін тақтаға жазу
Дыбыстық талдау жасау
Р-дауыссыз
А-дауысты
З-дауыссыз
Ъ-таңба
Е-дауысты
З-дауыссыз
Д-дауыссыз
Буынға бөлу
Разъезд, подъезд, съезд.
ІІІ. Білімді тексеру.
1.Қазақстан Республикасының Мемлекеттік ән ұранымен таныстыру. Авторларын білу.
2.Бір шумағын жаттату.
ІҮ. Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау
Бұрынғы өткен сабақтан алған мәліметтерді тереңдету, ойда қалғандарды нақтылау, білімдегі олқылықтарды жою.
Сабақтың түрі: қайталау
Ү. Қайталау
1. Жұмабақтар шешу арқылы әріптерді және дыбыстарды еске түсіру
Әсетте жоқ, Көлде бар, Жазуда бар, Маусымда бар,
Әселде бар. Сайда жоқ. Сызуда жоқ. Мамырда жоқ.
Әкетте жоқ, Төлде бар, Жылуда бар, Қауырсында бар,
Әкелде бар. Тайда жоқ. Қызуда жоқ. Қамырда жоқ.
(Л) (Ө) (Ж) (С)
2. Л,Ө,Ж,С, дыбыстары қандай дыбыстар?
3. Қазанда бар, Шкафта бар, Алмада жоқ, Шайнекте бар,
Қақпақта жоқ. Түймеде жоқ. Қиярда бар. Құманда жоқ.
Өзенде бар, Жирафта бар, Пайда да жоқ, Әйнекте бар,
Батпақта жоқ. Күймеде жоқ. Зиянда бар. Тұманда жоқ.
(З) (Ф) (Я) (Й)
4. Сұрақ-жауап
З, Ф, Я, Й қандай дыбыстар?
Й қандай дыбыстан кейін жазылады?
Я дыбысы қандай екі дыбыстың орнына дыбысталады?
5. Жаңылтпаш айту.
Ақ лағым семіз,
Ала лағым сегіз .
Ала лағым да семіз,
Ақ пағым да семіз.
Сергіту сәті
Тербеледі ағаштар
Алдымынан жел ееседі
Кіп кішкентай ағашқа
Су құйғанда өседі.
6) Дәптермен жұмыс: Лл Өө Жж Зз сс Фф Яя и әріптерін дұрыс жаз.Ландыш, өрік ,жидек, қаз,сағат, ферма, тақия, айна.
Сабақты қортындылау:
Біз бүгінгі сабақта не істедік?
Тексерілді: Калиниченко Л.С
Пәні: Сауат ашу
Күні: 10.12.2015
Мұғалім: Қайролла М.М
Сабақтың тақырыбы: Қайталау (Э, Щ, Ч, Ц және Ь Ъ белгілерін қайталау)
Сабақтың мақсаты: Бұрынғы өткен сабақтан алған мәліметтерді тереңдету, ойда қалғандарды нақтылау, білімдегі олқылықтарды жою.
Сабақтың түрі: қайталау
Әдісі: сұрақ-жауап, коментарий, ойын технологиясы, т.б
Көрнекілігі: кеспе әріптер, сөздер, суреттер т.б
Сабақтың мазмұны:
І. Ұйымдастыру:
Амандасу
Оқушылардың сабаққа зейінін аудару.
Психологиялық дайындық
Мейірімді жүрекпен,
Ақ пейілді тілекпен,
Амандасып алайық,
Бір жадырап қалайық!
Бесігінде бақыттың,
Ән – жырымен уақыттың,
Қанатындай арманның,
Шыршасындай орманның,
Өсіп келе жатырмын!
ІІ. Өткен сабақты еске түсіріп, пысықтау.
Өтілген тақырыптар мәтіндер бойынша сұрақтар қойып «Кім жылдам » ойыны арқылы білімдерін пысықтау.
ІІІ. Білімді тексеру.
ИУ әріптерінің орынына қай әріп жазылады?
Ю Айдаһар, қаһарман сөздерінің жазылуына мән беріңдер. Сөздік диктант алу Ою, қою, дәріхана, асхана, шахмат, Нұрхат, жиһаз, трамвай, футбол, монтер,шахтер.
ІҮ. Мақсат қою
Бүгін , біз, сендермен өтілген дыбыстар бойынша алған білімдеріңді тексеру ретінде қайталау сабағын өткіземіз.
Ү. Қайталау
1. Жұмбақтар шешу арқылы әріптерді және дыбыстарды еске түсіру. Э, Е, Ф, В, һ Х, Ю дыбыстарына жұмбақтар айту.
2. Жаңылтпаш айту.
Торта қойдым,
Орта қойдым
Орта қойдым
Жорта қойдым
Сергіту сәті
Тербеледі ағаштар
Алдымынан жел ееседі
Кіп кішкентай ағашқа
Су құйғанда өседі.
3. Тапқырларға тапсырма
Қанша қойым бар?
Былтыр болды жалқы қойым,
Егіз қозы тапты оным
Биыл және өзі туды
Тағы екі қозы туды
Қос қозысы былтыр туған,
Бір-бір қозы биыл туған
Сонда бәрі неше деші?
Жүйріктерің есептеші? (жетеу)
Сабақты қортындылау:
Біз бүгінгі сабақта не істедік?
Тексерілді: Калиниченко Л.С
Пәні: Сауат ашу
Күні: 11.12.2015
Мұғалім: Қайролла М.М
Сабақтың тақырыбы: Салыстыру (а-ә о-ө ы-і ұ-ү)
Сабақтың мақсаты: Мағынасы өзгерген сөздерді салыстыра отырып, түсіну. Сөздердің жуан жіңішкелігіне байланысты оқушылардың дұрыс оқу дағдысын қалыптастыру. Танымдылық қабілетін дамыту.
Сабақтың түрі:бекіту
Әдісі: сұрақ-жауап, коментарий, ойын технологиясы, т.б
Көрнекілігі: кеспе әріптер, сөздер, суреттер т.б
Сабақтың мазмұны:
І. Ұйымдастыру:
Амандасу
Оқушылардың сабаққа зейінін аудару.
Психологиялық дайындық
Мейірімді жүрекпен,
Ақ пейілді тілекпен,
Амандасып алайық,
Бір жадырап қалайық!
Бесігінде бақыттың,
Ән – жырымен уақыттың,
Қанатындай арманның,
Шыршасындай орманның,
Өсіп келе жатырмын!
ІІ. Өткен сабақты еске түсіріп, пысықтау, қайталау
-Орыс тілінен енген әріптерді ата. (в,ф,ё,э,щ,ц,ч)
-Хат ,айдаһар сөзіне дыбыстық талдау жасау
Сөздердің жуан, жіңішке айтылуы
А-Ә
Сан-сән ары-әрі ап-әл
Бары-бәрі татты-тәтті ар-әр
О-Ө
Бол-бөл тол-төл ор-өр
жон-жөн тос-төс оң-өң
тор-төр от-өт он-өн
Ы-І
Ыстық-істік жық-жік ыс-іс
Қиық-киік сыз-сіз тыс-тіс
Ұ-Ү
Тұр-түр сұр-сүр ұн-үн
Тұз-түз ұру-үру ұш-үш
Тұс-түс бұр-бүр ұю-үю
Сергіту сәті
Тербеледі ағаштар
Алдымынан жел ееседі
Кіп кішкентай ағашқа
Су құйғанда өседі.
Мазмұны неге өзгеріп кетті?
-Сөйлем құрату: Бірінші сыныпта он бес парта бар.Көшеде жүру ережелерін есіңе сақта. Қажымұқан- әлем чемпионаты.Он алтыншы желтоқсан Тәуелсіздік күні
-Үлестірме қағазбен жұмыс: Сөздерді буынға бөл. Бала,шала,сурет,кілем, ұлан, дәптер кітап, қыс, баға.
-Дәптермен жұмыс:
Жазу дәптерінен өзіндік жұмыстарды орындау
ІІІ. Сабақты қортындылау: Оқығанымыз бойынша не білдік?
Біз бүгінгі сабақта не істедік?
Тексерілді: Калиниченко Л.С
Пәні: Сауат ашу
Күні: 12.12.2015
Мұғалім: Қайролла М.М
Сабақтың тақырыбы: Салыстыру (к-г қ-ғ п-б)
Сабақтың мақсаты: Мағынасы өзгерген сөздерді салыстыра орырып, түсіну. Сөздердің жуан жіңішкелігіне байланысты оқушылардың дұрыс оқу дағдысын қалыптастыру. Танымдылық қабілетін дамыту.
Сабақтың түрі:Бекіту
Әдісі: сұрақ-жауап, коментарий, ойын технологиясы, т.б
Көрнекілігі: кеспе әріптер, сөздер, суреттер т.б
Сабақтың мазмұны:
І. Ұйымдастыру:
Амандасу
Оқушылардың сабаққа зейінін аудару.
Психологиялық дайындық
Мейірімді жүрекпен,
Ақ пейілді тілекпен,
Амандасып алайық,
Бір жадырап қалайық!
Бесігінде бақыттың,
Ән – жырымен уақыттың,
Қанатындай арманның,
Шыршасындай орманның,
Өсіп келе жатырмын!
ІІ .Өткен сабақты еске түсіріп, пысықтау, қайталау.
Өтілген тақырыптарды пысықтау.
ІІІ. Бекіту
К-Г қ-ғ П-Б
Елек-елегі оқ-оғы бап-бабы
Шелек-шелегі жоқ-жоғы доп-добы
Бесік-бесігі суық-суығы шап-шабу
Осы сөздердегі к неге г-ге , қ-ғ-ға, п б-ға айналып кетті Себебі оларға дауысты і,ы дыбысы жалғанды.Ол сөздер тәуелдік жалғауының ІІІ жағы болып кетті.(Оның шелегі)
Сөйлем құрату: Біздің үйде шелек бар. Кішкентай балаларды бесікке салады. Қару жарақтың оғы болады. Қазіргі уақытта ауа райы суық. Қазақстанның көптеген бабы бар. Біз балалармен бірге доп ойнаймыз. Жазда менің әкем шөп шапты.
Үлестірме қағазбен жұмыс:
Балаларға берілген үлестірме қағаздар таратып берем, ол қағаздарда дыбыстық талдау, дыбыс туралы, тасымал, сөз, сөйлем туралы сұрақтар мен талдаулар болады.
Сергіту сәті
Тербеледі ағаштар
Алдымынан жел ееседі
Кіп кішкентай ағашқа
Су құйғанда өседі.
Сөздерді буынға бөл.
Еле-гі шө-бі, ше-ле-гі, жо-ғы, су-ығ-ы, до-бы, ша-бу, ба-бы бе-сі-гі.
Дәптермен жұмыс: өзіндік жұмыстарды орындау.
ІҮ. Сабақты қортындылау: Оқығанымыз бойынша не білдік?
Біз бүгінгі сабақта не істедік?
Тексерілді: Калиниченко Л.С
Пәні: Сауат ашу
Күні: 12.12.2015
Мұғалім: Қайролла М.М
Сабақтың тақырыбы: Алфавит
Сабақтың мақсаты: Алфавит туралы түсінік беру. Көркем,әдемі жазуға баулу. Есте сақтау қабілетін сақтау.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Әдісі: сұрақ-жауап, коментарий, ойын технологиясы, т.б
Көрнекілігі: кеспе әріптер, сөздер, суреттер т.б
Сабақтың мазмұны:
І. Ұйымдастыру:
Амандасу
Оқушылардың сабаққа зейінін аудару.
Психологиялық дайындық
Мейірімді жүрекпен,
Ақ пейілді тілекпен,
Амандасып алайық,
Бір жадырап қалайық!
Бесігінде бақыттың,
Ән – жырымен уақыттың,
Қанатындай арманның,
Шыршасындай орманның,
Өсіп келе жатырмын!
ІІ. Өткен сабақты еске түсіріп, пысықтау, қайталау
Салыстырып оқыту.
ІІІ. Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау.
Алфавит туралы түсінік беру. Көркем,әдемі жазуға баулу. Есте сақтау қабілетін сақтау.
ІҮ. Жаңа сабақ:
а) Алфавит туралы түсінік беру.
Әліпби немесе Алфавит (гр. ἀλφάβητος – жазу нұсқасы) — Тілде оның құрылмасын жазу үшін пайдаланылатын белгілі бір тәртіп бойынша орналасқан таңбалар жиынтығы;
Есептеу жүйесінде пайдаланылатын барлық символдар жиынтығы;
Есептегіш техникада — берілген жиында өзгермейтін болып қабылданған, берілген тілде кез келген хабарды құрастыруға болатын символдардың (әріп, цифржәне басқа шартты таңбалар) жиынтығы.
Алфавит ақпаратты кодтау үшін пайдаланылатын таңбалардың шектеулі жиынтығы. Қазіргі заманғы ақпараттық жүйелерде пайдаланылатын алфавитмысалдары ретінде мыналарды атап өтуге болады:
ә) Әр әріпті дұрыс дыбыстау. 42-әріпті өз орнымен дыбыстап айту.
б) Хормен оқытып жаттықтыру
в) Ретімен айтып, жаттату.
г) Берілген сөздерді алфавит ретімен айту.
А ә б в г ғ д ж з е е и й қ к л м н ң о ө п р с т у ұ ү ш щ х һ ц ф ы і ъ э ь ю я
ғ) Әр дыбысқа жеке-жеке сөз ойлату.
Достарыңызбен бөлісу: |