Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Филологические науки», №4(62) 2017 г.
68
мині мен медицинадағы тамыр терминдерінің жасалуына, яғни салааралық омонимдердің туындауына
осы ұғымдардың жалпыхалықтық тілдегі атаулары негіз болған. Жалпы қолданыста тамыр деп «өсім-
діктің су мен қоректік заттарды жеткізіп тұратын мүшесін» және қан жүретін жолды» айтады [7, 30].
Шындығында да терминдер
жалпықолданыстағы сөздермен, тіпті, диалектілермен де омонимдік
қатар құрай алады. Сонымен бірге терминдер өз ішінде белгілі бір ғылым саласы шеңберіндегі тер-
миндермен де әр салаға жататын терминдермен де омонимдік қатар құрай береді. Омоним-термин-
дердің пайда болуының бірнеше жолдары бар. Оның ең бірінішсі – уәж. Мына бір мысалдарға назар
аударайық, ДАБЫЛ І. Әскери бөлімшенің (бөлімнің, құрамның) белгіленген мерзімде толық жауын-
герлік дайындықта болуы және алдын ала жоспарланған шепке (орын, жер) орналасуы үшін дерілетін
шартты (ракета, сирена, горн арқылы) белгі. ІІ. Жергілікті жердегі халықты әуе қаупінен, атом,
химиялық қарулардың қаупінен немесе т.б. сақтандыру хабары. ІІІ. Саусақпен қағып ойнайтын
музыкалық аспап деген ұғымдарды білдіреді. САҚИНА І. Сәндік үшін
саусаққа салынатын, таза
металдан жасалған жүзік. ІІ. Құс аяғына салатын мыс, қаңылтыр т.б. жасалған дөңгелек шеңбер және
т.б. АЙЫРМА І. Бір саннан екінші санды алғанда қалган қалдық; ІІ. Қойдың, сиырдың бақайында
болатын сарып ауруы. Бұл келтірілген мысалдардың алдыңғысында үш мағынаны да ортақтастырып
тұрған уәж – қандайда бір дыбыс шығару. Яғни, аспап атауының мағынасы басқа терминдердің жаса-
луына арқау болып тұр. Келесі мысалда сақина сөзінің тұтас алғандағы мағынасы
омонимдік қатар
құрауға негіз болаған. Үшінші мысалдағы омонимдік қатар құруға негіз болып тұрған уәж сөздің
жалпы қолданысындағы мағынасы – «өзгешелік,
ерекшелік, айырмашылық, парық» деген мағына-
лары. Омоним-терминдердің басым бөлігі сөз мағынасының метафоралануы арқылы пайда болған.
Термин қорымыздағы енді бір терминдер шет тілдерден дайын күйінде омонимдік қатар болып
енген: БЛОК І. Шеңберінде арқан асуға арналган ойық белдеуі бар доңгалақ механизм. ІІ. Үйдің
іргетасы мен қабырғасын қалауга арналып, дұрыс геометриялық пішінге келтірілген жасанды тас.
ІІІ. Шахта алаңының белгілі бір шегіндегі қазу жұмыстары жүргізілетін бөлік. IV.
Саяси-әлеуметтік
топтардың өзара келісімі, одағы. V. Топталган жиын. VІ. Құжаттардың таңдап алынған біртұтас бөлігі.
ВИРУС І. Өте ұсақ, тек қана электрондық микроскоп арқылы ғана көрінетін, көптеген жұқпалы ауру-
лардың қоздырғыштары. ІІ. Торшасы жоқ, өзіне тән геномы бар, тірі торшада ғана өсіп көбейе алатын
өте ұсақ автономды генетикалық құрылымдар, ең қарапайым тіршілік иелері. ІІІ. Басқа бағдарламалар
мен файлдарға өз көшірмесін автоматты түрде кірістіре отырып, файлдарды қасақана бүлдіру
мақсатында жазылган компьютерлік шағын бағдарлама (1-2 Кб немесе макрос). ВОЛЬТА І. Нота жа-
зуында музыкалық шығарманың шағын бөлімінің аяқ жағы әртүрлі болып қайталануын көрсететін бел-
гі (жақша, сан, цифр). ІІ. Жеңіл жібек сияқты жұмсақ мақтадан жасалған мата. ГАЗ І. Заттың атомдары
мен молекулалары бір-бірімен әлсіз байланысқандықтан, кез келген бағытта еркін қозғалатын және
өзіне берілген көлемге толық жайылып орналасатын агрегаттың күйі. ІІ. Үлпілдек, селдір,
жасанды
жібек мата. ГАЗЕЛЬ І. Қос тұяқтылар тобындағы қуысмүйізділер туысына, бөкен тұқымдасына жата-
тын әсем тұлғалы, жүйрік жануардың бір түрі. ІІ. Ұйқасы аяғында болатын екі жолды өлең және т.б.
Терминқорымызда ешқандай уәжсіз жай ғана дыбыстардың кездейсоқ қатар келуі арқылы
омонимдік қатар түзетін терминдер де бар: БИТ І. Адам мен сүтқоректілердің қанын немесе өсімдік
жапырақтарының шырынын сорып тіршілік ететін ұсақ жәндіктер отряды. ІІ. Компьютер жадының
көлемі мен аппарат санын өлшеуге арналган ең кішкене бірлік және т.б.
Қорыта келгенде, қазақ терминологиялық қорында омоним-терминдер бар екендігін мойындауға
болады. Омоним-терминдер өз ішінде жүйеаралық және саларалық деген үлкен топқа бөлінеді.
Сонымен бірге, бұл терминдердің омонимдік қатар құруына арқау болып тұрған бірнеше себептер бар.
Олар: терминдену үрдерісінде ұғымға атау беруде уәжді, яғни семантикалық байланысты басты назарға
алуы; екінші, шеттілдерден енген терминдер омонимдік қатармен тілімізге дайын күйінде енуі; үшінші,
ешқандай уәжсіз жай ғана дыбыстардың кездейсоқ қатар келуі арқылы омонимдік қатар түзуі.
Омоним-терминдер жалпықолданыстағы сөздермен де, тіпті, диалектілермен де омонимдік қатар
құрай алады. Бұның барлығы терминқорымыздағы омоним-терминдерді арнайы зерттеу нысанына
алуға жетелейді.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1 Қайдаров Ә.Т. Ғылым тілі және әдеби тіл статусы // Терминдер және олардың аудармалары. – Алматы:
Ғылым, 2010. – 341 б.
2 Айтбайұлы Ө. Ғылым тілі // Қазақ тілі: Энциклопедия. – 1998. – 430 б.
3 Даниленко В.П. Русская терминология. Опыт лингвистического описания. – М.: Наука, 1997. – 245 с.
4 Суперанская А.В. Литературный язык и терминологическая лексика // Проблемы разработки и