Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Филологические науки», №4(62) 2017 г.
66
семантикалық құралдарының тұтас жүйесі деген қорытынды шығаруға болады.
«Терминологиялық бірліктер жалпы ұлттық тілдің бірлігі бола тұра арнаулы тілдің кішігірім
жүйесінің мүшесі ретінде де көрініс табады. Осымен байланысты термин-сөздер арнаулы тілдік
бірлік ретінде танылып, арнаулы және кәсіби ұғымды атау нәтижесінде тілдік жүйенің басқа тілдік
бірліктерінің ерекше қызметке ие бола бастайды. Бұл ретте ең маңызды мәселе терминологиялық
бірліктердің аталмыш сипаттарға ие болуы тек белгілі бір терминологиялық жүйе шеңберінде ғана
жүзеге асатындығында болып отыр» [5, 58]. Қазақ тіл білімінде ғылым тілін
арнаулы тіл
деп аталуы
да тектен тек емес. Мақаламызда
арнаулы тілді
белгілі бір ұлттық тілдің құрамындағы қосымша тіл
ретінде қараймыз. Сол себептен де олардың құрамындағы омонимдерге жеке тоқталамыз.
Ғалымдар терминдерде омоним болмауы қажет деп көрсетеді. М.Қожаева «Аударматану термин-
дерінің когнитивтік-семантикалық құрылымы» атты диссертациялық жұмысының авторефератында
«1) басқа тілге аудару; 2) басқа тілден алу (кірме сөз); 3) тұрпат межесінің өзгеруі немесе айқын-
далуы; 4) мазмұн межесінің өзгеруі немесе айқындалуы; 5) көп мағыналылық; 6) омонимия;
7) синонимия; 8) антонимияларды» терминдер мен терминологиялық жүйелерді жалпы лексика мен
лексикалық жүйелерден ажырататын аспектілер деп көрсетеді [6, 20]. Дегенмен де қазақ
терминологиялық қорында омоним терминдерінің кездесіп қалатынын да жоққа шығара алмайды.
Омонимдер – айтылуы бірдей, мағыналық жақындығы жоқ сөздер. Омонимдердің пайда болу себебі
әр түрлі: 1) көп мағыналы сөздердің арасындағы семантикалық байланыс үзілуі арқылы жасалады;
2) сөздердің тарихи дыбыстық өзгерістерге ұшырауы арқылы; 3) кірме сөздер мен төл сөздердің
дыбысталуы жағынан сәйкес келуі арқылы жасалады. Мысалы: сәйкестік І – бір-біріне сай үйлестік,
ұқсастық; сәйкестік ІІ – аударма жайындағы ғылымның ең негізгі категорияларының бірі.
Аудармадағы абсолютті сәйкестік бастапқы және аударма мәтіндерінің формалды, мағыналық және
ақпараттық құрамдас бөліктерінің сәйкес келуі арқылы сипатталады, алайда іс жүзінде оған қол
жеткізу мүмкін емес деуге болады. Сәйкестік категориясы аудармада «сөзбе-сөздік аударма – еркін
аударма» оппозициясында көрінеді. Сондай-ақ, сәйкестік деп бастапқы мәтін бірлігін аудару
нұсқаларының бірін айтады; түпнұсқа І – алғашқы негіз, бастапқы; түпнұсқа ІІ – аудармадағы
бастапқы мәтін, аударма осы мәтіннен жасалады; бейімдеу І – жуықтау, жақындау, икемдеу; бейімдеу
ІІ – 1. Рецепторға бірдей әсер ету мақсатында сипатталған жағдаятты өзгерту нәтижесінде
сәйкестіктерге қол жеткізу амалы. 2. Мәтіннің түрлі өңделуі; 3. Қажетті дәрежеде дайын емес
оқырмандар үшін мәтіннің әзірленуі; қабылдау І – адам миында болатын түсіну, сезіну процесі;
қабылдау ІІ – аудару барысында бастапқы тілде оқу немесе тыңдау іс-әрекетінің бастамасын
білдіреді; нақтылау І – дәлдей түсу, анықтау, айқындау; нақтылау ІІ – бастапқы тіл бірлігіне
қарағанда аударылған бірлік мағынасының нақты болуына байланысты аударма амалдарының бірі.
Сонымен бірге, аударматану терминдік бірліктерінің материалы негізінде салааралық терминдер-
омонимдер түрлері де анық байқалады. Мысалы, транслят – транслят (аударматану – радио,
теледидар); селектор – селектор (аударматану – байланыс жүйесі) және т.б.» [6, 21-22] деп омоним-
терминдердің терминологиялық қорымыздан анық байқалатындығын мойындайды. Шындығында да,
терминқорымыздан омоним-терминдерді көптеп санап алуға болады.
Мысалы, өріс физикада «еркіндік дәрежесі шексіз көп физикалық жүйе; материяның негізгі түрі»,
лингвистикада «мағына ортақтығына негізделген, білдіретін құбылстарының ұғымдық, заттық және
қызметтік ұқсастығы бар тіл бірліктерінің жиынтығы».
Агглютинация лингвистикада «түбір сөзге, көбіне соңынан жалғанатын қосымшалар арқылы
пайда болатын тілдік құбылыс негізіндегі жалғамалы тілге тән ерекшелік», медицинада «майда
элементтердің түйірленіп желімденуі» және т.б. Ш.Құрманбайұлы омоним-терминдер жайында
«Қазақ терминологиясы: зерттеулер, оқулық, сөздік, библиография» атты еңбегінің «Терминдену
тәсілінің түрлері» атты тараушасында сөз етеді.
Ғалым «Көп жағдайда жалпы қолданыстағы сөздің терминденуіне терминделуші ұғым тілде
бұрыннан бар ұғымның қандайда бір терминделуші ұғым мен тілде бұрыннан бар ұғымның қандайда
бір ұқасастықтары себеп болады» дей келе, терминологияда омонимдік қатар құрай алатын
Достарыңызбен бөлісу: |